Су ішкенде абай болайық: фильтрден шыққанның бәрі сапалы емес

Су ішкенде абай болайық: фильтрден шыққанның бәрі сапалы емес

29 қыркүйек, 17:06 12733 Астана
Су ішкенде абай болайық: фильтрден шыққанның бәрі сапалы емес

Судың адам ағзасына пайдасы туралы айтпаса да түсінікті. Ғалымдар күнделікті су ішу мөлшерін де бекітіп берді. Тек қандай су ішу керек екенін көпшілігіміз білмейміз. Қазір елімізде тазартылған су деген жарнамамен кез келген дүкеннен ауыз суын сатып аламыз. Оның құрамына да мән бермейміз. Үйдегі хлор суды ішпесек болды деген уәжбен «фильтрленген» су тұтынамыз. Тіпті жұмыс орындарында қызметкерлер, мектептерде оқушылар да сол суды ішіп жүр.

Сапалы ауыз суы

Енді мәселенің мәніне көшсек, біз күнделікті ішетін суымыздың ағзамызға пайдасынан бөлек, қаншалықты таза, құнарлы, минералдарға бай екенін білуіміз керек. Тек біліп қана қоймай қадағалағанымыз жөн. Asia Waters компаниясының ғылым директоры, ҚР минералды ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі Пятов Евгений Александрович сапалы ауыз суы түрлі дерттің алдын орап, адам өмірін 5-6 жылға ұзартуға септігін тигізетіндігін түсіндірді.

«Адам сапалы ауыз суды қабылдау арқылы өз ағзасында пайда болуы мүмкін түрлі созылмалы аурулардың алдын алады және өмірін 5-6 жылға ұзартып, белсенді қарттыққа жете алады. Халықтың өмір жасының орташа ұзақтығы бойынша Қазақстан әлем рейтінгінде (70,5 жас)  152-орынды иеленіп отыр. Дүниежүзі бойынша ең ұзақ өмір сүретін адамдар – жапондықтар (84 жас). Себебі бұл мемлекетте физиологиялық толыққанды суды пайдалану мәдениеті тұрақты қалыптасқан. Ал егер қазақстандықтар күнделікті сапалы суды пайдаланып бастаса, онда елімізде орташа өмір ұзақтығы 77-80 жасқа дейін ұзармақ», - дейді ғалым.

Фото: Forbes Қазақстан

Адам тәулігіне қанша мөлшерде су ішу керек?

2012 жылы ДДСҰ әлемнің барлық елдеріне тәулігіне кем дегенде 450-700 мл табиғи минералды суды ішуге кеңес берді. Ескерте кетейік, минералды су ішу керек.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасайтын ұсыныстар мемлекеттік стандарттар емес. Бұл ұсыныстар ДДСҰ көптеген жыл бойы жүргізген зерттеулер мен бақылауларды негізге ала отырып жасалатын қорытындылар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сапалы ауыз суды адам ағзасының жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік беретін биологиялық белсенді макро-, микроэлементтердің мекен ету ортасы ретінде қарастыруда. 2012 жылы ДДСҰ әлемнің барлық еліне тәулігіне кем дегенде 450-700 мл табиғи минералды суды ішуге кеңес берді. Тәулігіне қажетті мөлшерде су ішу арқылы, адам өзіне керекті микро-, макроэлементтерді азық-түліктерден емес, судан алады. Себебі, ағзаға бұндай жолмен түскен пайдалы элементтер (кальций, магний, фтор, йод, калий, натрий т.б.) тез сіңіріліп, нәтижесі де тез байқалады», - дейді Евгений Пятов.

Фильтрленген судың зияны бар ма?

Қалалық үйлерде орталықтандырылған кранның суын ішетін адам кемде-кем. Көпшілік дүкендерде тұрған су фильтрінен тасып, үйге су фильтрлейтін қондырғы қойғызып немесе баклашкалармен әкеліп, сапалы су ішіп жүрміз деп есептейді. Айлайда ғалымдар басқаша дабыл қағып отыр. Оған дәлелі де бар.

«Алайда ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап суды жаппай фильтрлеу жүйелері іске қосылды. Бұндай әдіс суды тұзсыздандырып, маңызды, пайдалы минералдар мен микро-макроэлементтерінен айырады (егер судың құрамында олар тұзсыздандырмас бұрын болған болса). Егер өндірістік тілмен айтар болсақ, онда бұл кері осмос деп аталады. Осы процесстен кейін су дистиллятқа айналады. Ал осының барлығы ауыз судың сапасы қандай болуы керектігі туралы білмегендіктен пайда болды», – деп түсіндірді сарапшы.

Әлеуметтік желілерде судың құрамындағы РРМ деңгейін арнайы құрылғылармен өлшеп, бутилденген судың қаншалықты таза екенін көрсететін әртүрлі видео көбейіп кетті. Ал бұл құрылғылардың су құрамындағы минералдар мен тұздардың мөлшерін көрсететінін білмейді де. Егер де бұл құрылғымен минералды емдік-асханалық суын РРМ-мен өлшейтін болса, РРМ көрсеткіші максималды деңгейге жетеді. Себебі бұл судың құрамында минералдар өте көп мөлшерде болады. РРМ құрылғысы судың зияндылығы немесе пайдалылығын емес, тек құрамындағы тұздар мен минералдар мөлшерін есептейді. Ал тазартылған, яғни фильтрдан өткен, дистилденген су бұл құрылғыда мінсіз таза болып көрінеді. Қысқаша айтқанда, олар – тұзсындандырылған судың жарнамасы.

Қандай ауру деңгейі өседі?

Төменминералданған суы бар өлкелерде мынадай аурулардың деңгейінің өсімі көрсетілуде:

  • жүрек-қан тамыры
  • тістотық
  • зат алмасуының бұзылуы
  • бірқатар аурудың жүйесі.

Фотоколлаж: автор

Судың жасанды минералдануы жасанды өндіруге мүмкін емес табиғи минералды суларда ион түрінде, диссоциацияланбаған молекулалар, газдар және коллоидты бөлшектер түрінде кездесетін пайдалы заттарды адам ағзасынан жояды.

Минералсыз сулар қанды араластырып, сүйектен минералдарды шайып шығарады. Ол жасушалардың өмір сүруіне жағдай жасайтын табиғи құрылым мен оттегіден айырылған. Бұның барлығы аурулардың алғышарттары болып саналатын сулы-тұзды және сілтілі-қышқылды тепе-теңдікті жәймен бұзады.

Бутильденген сулардың сыныптамасы

Қазіргі  таңда Қазақстанда барлық бутилденген суды ауыз суға және емдік ауыз суға бөлетін мемлекеттік стандарт қызмет етеді.

Ауыз су – адамның денсаулығына және оның ұрпақтарына еш жағымсыз әсерін бермейтін өмір бойы, күнделікті, шексіз ішуіне арналған су.

Емдік-ауыз су – емдік мақсатта, шектеулі мөлшерде дәрігердің тағайындауымен пайдаланылатын су. Ғылыми курортология орталықтарынан міндетті түрде «бальнеологиялық қорытынды» алуы керек. Бұндай су қатты минералдануымен ерекшеленеді (1 г/дм3 (1 литр)).

Қазақстанда емдік-асханалық сулар Боржоми, Набеглави, Ессентуки импорттық маркаларымен белгілі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Сары-Ағаш» курорттық аумағынан бірнеше өндірушілер Қазақстандық емдік суларының бірқатар сериясын шығарады. Ал Солтүстік Қазақстанның қорықтық өлкесінде жер асты қойнауының табиғи минералды сулар алынатын аумағынан «Kulager» емдік-асханалық суы өндіріледі. Оның құрамында аса айқындалған емдік қасиетті белсенді йод бар.

Күнделікті пайдалануға арналған ауыз суларға келетін болсақ, біздің елімізде дүкен сөрелерінде «асханалық», «тазартылған», «бұлақ суы» және «табиғи минералды» ауыз суларын кездестіре аласыздар.

Пайдалы ауыз суды қалай ажыратып, қайсысын таңдау керек?

Егер заттаңбада жәй ғана «Ауыз су» деп жазылып тұрса, онда бұл алғашқы химиялық құрамы сақталып, микробиологиялық өңдеуден өткен су. Алайда бұндай су ультракүлгін сәуледен, пайдалы да, зиянды бактериялар жойылатын өңдеуінен өтеді.

«Асханалық су» - бұл суды жасанды жолмен минералдандырады, яғни өндіріс кезінде денсаулық сақтау органдарымен рұқсат етілген тұздар қосады. Бұндай су Еуропада кеңінен таралған, себебі Еуропа елдерінде төмен минералданған су көздері көптеп кездеседі. Сонымен қоса, жасанды минералданудан кейін су табиғилығын жоғалтады.

Ал егер заттаңбада «Бұлақ суы» деген жазу болса, бұл су бұлақ көзінен алынады. Әлемде бұндай бутилденген сулар өте сирек кездеседі, себебі бұлақ суы тек бұлақ көзінен алынып қана қоймай, сол бұлақ көзі орналасқан жерде құйылуы да қажет. Егер оны өндіріс аумағына алып барып, сол жерден құйылым процесін жүзеге асырса, онда ол қарапайым ауыз суына айналады.

«Тазартылған су» – бұндай су толық тазартудан өткен, яғни кері осмостан өткен су. Ал судан барлық заттар жойылған кезде, онда ешқандай өмір болмайды. Қарапайым тілмен айтқанда ол дистиллятқа айналады. Тазартылған су жерасты қойнауынан да, орталық сумен қамтамасыз ету жүйесінен де, яғни құбырдан да алынады. Ондай тазартылған сулардан максималды түрде сақтаныңыздар. Иә, ондай суларға тыйым салынбаған, алайда толыққанды суды ішкен дұрыс.

«Табиғи минералды су» – табиғи қайнар көздерінен алынған (ұңғымалар), құрамында табиғи минералдары бар, бастапқы құрамы, қасиеті және микрофлорасы сақталған су. Табиғи минералды ауыз суы жоғары минералды болмауы керек (0,2 ден 1 г/дм3 дейін). Табиғи минералды ауыз сулары әлемде үлкен құндылыққа ие. Оларды шексіз ішуге болады, олар өте пайдалы, себебі адам организмін минералдармен байытады. Сонымен қоса бұндай су құрамындағы минералдар ағзаға оңай сіңіріледі. Қазақстан шекарасында табиғи минералды сулар негізінен Perrier, Vittel, Эвиан, San Pelegrino т.б. сияқты импортты маркалармен танымал.  Қазақстандық табиғи минералды сулардың ішіндегі ең танымал, әрі кеңінен таралған түрі бұл – TURAN.

Фото: автор

Еліміздегі уәкілетті органның шарасы

«Қазақстандағы жұқпалы емес аурулардың (ЖЕА) кесірінен мезгілалды қаза көрсеткіші ДДСҰ Еуразия мемлекеттері арасында жоғарғы деңгейде тұр. 2012 жылы 39-дан 60 жас аралығындағы 100 мың халыққа саны 648,31 құрады.

Мемлекеттің дамуы үшін бұл жағдай әлеуметтік-экономикалық әсер беріп, денсаулық сақтау жүйесінің бекітіліп, саны өсіп келе жатқан жұқпалы емес аурулардың алдын-алу міндетіне әкеп соқты.  

Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Қоғам денсаулығын сақтау қызметін жасау» 2015-2019 жылдарға жол картасы бағдарламасын жасақтап, бекітті. Жол картасы халық арасында салауатты өмір салтын қолдау, дұрыс тамақтану, оның ішінде су өмір ұзақтығын 5-6 жасқа ұзарта алатын тіршілік көзі болғандықтан суды дұрыс ішуге байланысты шараларды қарастырды.

Қазіргі таңда ДДСҰ-ның Еуразия аумағында жұқпалы емес аурулар өлім, мүгедектік пен түрлі ауруға шалдығудың басты себебіне айналып отыр. ЖЕА 4 дәрежесіне жүрек-қан тамыры, қатерлі ісік, өкпенің созылмалы аурулары мен диабет аурулары кіреді», - дейді дәрігер, ҚР ДСМ қоғам денсаулығын сақтау комитетінің санитарлы-гигиеналық қадағалау басқармасының басшысы Рақымжанова Марал Тілеулесқызы.

Қазақстанда артық салмақты адамдар саны көбеюде

«Ерлердің 60,5% мен әйелдердің 57,1% дененің артық массасы болса, ерлердің 21,6% мен әйелдердің 25% май басу ауруына шалдыққан. 2010-2030 жж.. аралығында ересектер арасында май басу факторы бойынша 2020 жылы ерлердің 45% мен әйелдердің 29% май басу ауруынан қиындық көрсе, ал 2030 жылы ерлердің 74% мен әйелдердің 26% ауыратын болады», - дейді Марал Рақымжанова.

Алматы қаласындағы әр 16-тұрғын, СҚО-ның әрбір 21-тұрғыны, ШҚО-ның әрбір 22-тұрғыны несеп-қуық тастары ауруына шалдыққан.

Осыған байланысты осы жылдың сәуір айында құрылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғам денсаулығын сақтау комитеті су өндірушілерімен серіктестік нәтижесінде халықты, әсіресе мектеп оқушыларын тамақтану негіздері, суды дұрыс пайдалану және толыққанды суды ішу тақырыбында білім беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.

Ішетін судың мөлшері мен сапасы маңызды рөл атқарады

Сондықтан ішетін суымыздың сапасына – құрамындағы қажетті тұз бен минералдарға мән берейік. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана халқымыздың қағидасын ұстанып, дұрыс тамақтанып, сапалы су ішейік. 

`

Серіктестер жаңалықтары