Цифрландыру мен еңбек нарығы өзара тығыз байланысты  – Бауыржан Тұрлыбеков

Цифрландыру мен еңбек нарығы өзара тығыз байланысты  – Бауыржан Тұрлыбеков

18 мамыр, 17:56 4090 Астана
Цифрландыру мен еңбек нарығы өзара тығыз байланысты  – Бауыржан Тұрлыбеков

АЭФ-2018  ұйымдастыру комитетінің мүшесі Бауыржан Тұрлыбеков Елбасы атап өткен дамудың бес мегатрендіне тоқталып өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Елбасы атап өткен дамудың бес мегатренді - Дүние жүзінде дәл қазір болып жатқан ең маңызды алып өзгерістер. Ең біріншісі -  цифрлық революция. Қазір дүние жүзінде цифрлық "жарыс", яғни, цифрлық қару-жарақ жарысы болып жатыр. Ең алдымен ол екінші мегатрендпен – роботтандыру және компьютерлендірумен байланысты, бірнеше жыл сайын бірнеше жүздеген мамандықтардың жоғалуына себеп болады. Бізге де оған дайын болу керек. Бүгін таңертең спикерлер айтқандай, біз оқушыларды келешекте бір мамандыққа дайындайды екенбіз. Біздің білім жүйеміз де солай құрастырылған.  Болашақта түрлі мамандықтар бар,  түрлі салалар бар. Кішкентай баланы тәрбиелегенде оған сен өскенде кім болғың келеді деген сұрақ дұрыс емес. Өйткені ол кішкентай баланың да, сол жанұяның да көзқарасының шектелуіне себеп болуы мүмкін. Біз кеңес үкіметі кезінде өскен балалар болған соң ғарышкер болуды армандайтынбыз.Сондықтан оқушыларды бір мамандыққа емес, әр түрлі қабілеттіліктерге дайындау керек.  Бұл нарық жүйесінің еңбек нарығына әсері. Цифрландыру мен еңбек нарығы екеуі тығыз байланысты. 2007-2009 жылдары цифрландырумен байланысты нәрселер, қаржылық технологиялар, криптовалюталар пайда болған. Қазір 1500-ден астам криптовалюта, блокчйен технологиялары бар. Блокчейн крипотвалютаға қарағанда ауқымды ұғым. Блокчейнде мысалы, криптовалютаны да жасауға болады.  Блокчейн бойынша кен өндіруге болады. Мысалы, кен өндіріп жатқан кезде оның датчиктері бойынша көрсеткіштерді зауытқа береді де, зауытта шешімдер қабылданады, сол кен жүктеліп жатқан машина қай жерге апаратынын, мыс болсын, алтын болсын, сол кендердің қай жерге апарылатынын бөліп отырады екен. Блокчейн технологиясы - осы жүйелердің әрі қарай бір-бірімен жалғасып, бір-бірімен байланысуы.

Криптоақша бойынша әр ақшаның өз аты болады. Мысалы, мына мың теңге - мың криптовалюта - бүгін тамақтану үшін қаржыланған ақша болып есептеледі. Мына мың теңге мысалы, ай сайын отыз мың болса, күн сайын мың теңге балабақша үшін. Ол ақшаның өз әрі аты болады, сондықтан бюджеттегі қаражат әлеуметтік маңызы бар нәрселерге жұмсалады, яғни ол ақша жоғалып кетпейді деген сөз. Келесі мегатренд - урбанизация. Яғни, жаңа қала – "ақылды" қалалардың болуы. Дүние жүзінде 10 млрд астам адам болса, алдағы 12 жылда оның 7 млрд қалаларда тұратын болады. Оларды тамақтандыру, инфрақұрылым сынды мәселелер ортаға шығады. Ең бастысы, әрине азық-түлікпен қамтамасыз ету. Ол үшін азық-түлік өндірісі 60 пайызға өсу керек. Бұл экономикаға да, біздің табиғатымызға да ауыр жүк, мұны да ойластыру керек. Жаңа қалалардың жаңа форматы бар, ол туралы да көп сөз болды. Мысалы, Қытай тек мегасити, мегаполистермен ғана дамуда. Дүние жүзінде 50 шақты сондай үлкен қала бар. Халқының саны Қазақстандағы жалпы тұрғындар санымен бірдей мегаполистер бар. Солардың  20 шақтысы Қытайда, Қытай экономикасы осыларға сүйеніп дамып жатыр.

Қалалармен де байланысты мегатренд -  жаңа энергия қуаты революциясы. Кеше Елбасы атап өткендей, соңғы бес жылда күн сәулесінің энергиясын пайдаланатын панельдердің бағасы екі есе арзандаған. 30 жыл бұрын ол 76 доллар болған, бүгінде сол панельдің бір бөлігі бірнеше цент тұрады. Дәстүрлі энергияда өзгерістер болып жатыр. Бүгін мамандар да сөз етті, олардың айтуынша, бұл салада заңнамаларды ойластыру керек. Заңнамаларға мысалы, әр үйді салғанда, кем дегенде 5 пайызы күн сәулесін пайдалануы керек, немесе басқа да баламалы энергия көздерін қолдануға байланысты өзгерістер енгізу керек деген пікірлерін білдірді.

Тағы бір мегатренд – ұзақ өмір сүру. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның өзінде соңғы жылдары адамның орташа күтілетін өмір сүру ұзақтығы 72,8 жас болды. Президент ол жайында айтып өтті. Бұл орташа дүниежүзілік деңгейден жоғары, дүние жүзінде ол - 71 жас. Әрине дамыған мемлекеттерде, мысалы, Жапония, Еуропада 87-90 жасқа дейін жетеді. Ал дамып келе жатқан мемлекеттерде 50-60 жас та болуы мүмкін. Сондықтан орташа алғанда, дүние жүзінде 71 жасты құрап отыр. Бұл түрлі салаларға әсер етеді, оның ішінде зейнетақы денсаулық сақтау жүйелері бар, яғни ол экономиканың бір саласына айналып кетті, мысалы, денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерге себеп болды. 

`

Серіктестер жаңалықтары