Базалық зейнетақы азаматтардың еңбек қызметінің ұзақтығына тәуелді болады

Базалық зейнетақы азаматтардың еңбек қызметінің ұзақтығына тәуелді болады

30 шілде, 18:34 2184 Астана
Базалық зейнетақы азаматтардың еңбек қызметінің ұзақтығына тәуелді болады

Еңбек өтілі 10 жылдан көп немесе өтілі болмаған азаматтарға базалық зейнетақы бұрынғыдай ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде төленетін болады.

 

Шілденің басынан бастап базалық зейнетақы төлеу меxанизмі өзгерді. Енді қазақстандық зейнеткерлер зейнетақы төлемдерін қалай алатындығы жөнінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басқарма басшысы Дәулетханова Жадыра Дәулетханқызы айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

– Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы жаңа өзгерістер туралы айтып берсеңіз?

– Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында 2018 жылғы 1 шілдеден базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа 1,8 есе ұлғаяды деп атап өтті.

Осылайша, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап оның мөлшері әрбір алушыға зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін есепке ала отырып жеке белгіленетін болады.

Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі мынадай:

Базалық зейнетақы азаматтардың еңбек қызметінің ұзақтығына тәуелді болады. Бұл ретте, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақтаған өтілі жасына байланысты зейнетақы (ынтымақты зейнетақы) тағайындау үшін есептелінген өтілін растайтын құжаттардың негізінде, ал осы күннен кейін еңбек қызметі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезеңдері негізінде есепке алынады.

Еңбек өтілі 10 жылдан көп немесе өтілі болмаған азаматтарға базалық зейнетақы бұрынғыдай ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде төленетін болады, яғни ол бүгінгі базалық зейнетақының мөлшеріне – 15 274 теңгеге тең. Ал 10 жылдан кейін әрбір жыл үшін базалық зейнетақы 2% ұлғаяды. Мысалы үшін, 20 жыл өтілі болса ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74% мөлшерінде, 30 жыл – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94% мөлшерінде, 33 жыл және одан көп болса ең төмен күнкөріс деңгейінің 100% (28 284 теңгені) алады.

Басқаша сөзбен айтқанда, базалық зейнетақының мөлшері жеке алушыға зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 54%-нан
(15 274 теңге) 100%-на (28 281 теңге) дейін төленеді.

– Базалық зейнетақы бойынша өзгерістер кімге қатысты болады, соны нақтылап берсеңіз?

– Аталған өзгерістер барлық зейнеткерлерге: қазіргі және келешекте зейнетке шығатындарға да қатысты болады. Барлық қазіргі зейнеткерлерге 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізіледі. Жаңадан зейнетке шығатын азаматтарға базалық зейнетақының мөлшері жаңа әдістеме бойынша белгіленетін болады.

– Базалық зейнетақыны тағайындау кезінде зейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне тек қана еңбек қызметінің кезеңдері есепке алынама? Нақтылап берсеңіз?

– Зейнетақы жүйесіндегі қатысу өтіліне:

Біріншіден, ынтымақты зейнетақыны тағайындау үшін есептелінген 1998 жылғы 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі. Бәріңе мәлім болғандай, оның ішіне жоғары оқу орындарында оқыған уақыты, әскери қызметін өткерген уақыты, кәсіпкерлік қызметтері және тағы басқа да қызметтер кіреді.

Екіншіден, міндетті зейнетақы жарналарын (1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі) жүзеге асырған кезеңдері, сондай-ақ салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатын жекелеген қожалық субъектілері міндетті зейнетақы жарналарын аударған мерзімдері мен мөлшерлеріндегі ерекшеліктері ескере отырып, есепке алынатын болады.

Бұдан басқа, оның ішіне әлеуметтік-маңызды кезеңдері кіретін болады, олар: баланы 3 жасқа толғанға дейін (жалпы жиынтығы 12 жыл шегінде) және 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен кезеңі, әлуетті құрылымдар қызметкерлерінің жұбайларының жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұрған кезеңі, Қазақстан Республикасы дипламатиялық қызметтерінің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi жұбайларының шетелде тұрған кезеңi, басқа адамның көмегіне мұқтаж 1-топтағы мүгедекке, 2-топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыты.

– Базалық зейнетақының мөлшері оның әдістемесі өзгерткен кезде қандай болады?

– Біздің есептеріміз бойынша 44,1 % алушылар үшін базалық зейнетақының мөлшері 2 есе өседі, 44,5% алушылар үшін базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74-нан 100%-на дейін өсетін болады.

Қандай жағдай болса да, базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың бүгінгі күні алып отырған мөлшерінен төмен болмайды.

– Егер де азаматтарда базалық зейнетақының мөлшері туралы сұрақтары туындаса, қайда баруға болады?

– Әрине азаматтарымызда сұрақтары болатын болса, олар "Бірыңғай контакт орталығы 1414" немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының тұрақты тұратын жері бойынша бөлімшелеріне жүгінуге болады. Сонымен қатар, сол жерде олар базалық зейнетақыны есептеу кезінде нақтыланған зейнетақы жүйесіндегі қатысу өтілі туралы толық мәліметтері бар анықтаманы алуға болады.

Бұдан басқа, электрондық цифрлық қолтаңба немесе зейнеткердің ұялы телефон нөмері деректер қорында болған жағдайда ақпаратты "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға болады.

– Еліміз бойынша, қанша адам ең жоғары және ең төменгі зейнетақы алады?

– Жаңа әдістеме бойынша базалық зейнетақы төлеміндегі өзгерістер барлық зейнеткерлерге: қазіргі және келешекте зейнетке шығатындарға да қатысты болды. Барлық қазіргі зейнеткерлерге 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілді. Жаңадан зейнетке шығатын азаматтарға базалық зейнетақының мөлшері жаңа әдістеме бойынша белгіленетін болады.

Біздің есептеріміз бойынша 44,1 % алушылар үшін базалық зейнетақының мөлшері 2 есе өседі, 44,5% алушылар үшін базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74-тен 100%-ға дейін өсетін болады.

Қандай жағдай болса да, базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың бүгінгі күні алып отырған мөлшерінен төмен болмайды.

– Мұндай зейнеткерлер саны қай аймақтарда көп тіркелген?

– Республика бойынша зейнеткерлердің саны 2,1 млн. адамнан астам. Осылайша, 2018 жылғы шілдеден бастап барлық зейнеткерлерге автоматты түрде біржолғы базалық зейнетақыны қайта есептеу жүзеге асырылды.

– Азаматтар өз зейнетақы мөлшері туралы қалай біле алады?

– Әрине, азаматтарымызда сұрақтары болатын болса, олар "Бірыңғай контакт орталығы 1414" немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының тұрақты тұратын жері бойынша бөлімшелеріне жүгінуге болатыны туралы жоғарыда атап өттік.  Сонымен қатар, сол жерде олар базалық зейнетақыны есептеу кезінде нақтыланған зейнетақы жүйесіндегі қатысу өтілі туралы толық мәліметтері бар анықтаманы алуға болатыны туралы тағы бір айтып өтейін.

– Осы жүйедегі өзгерістерге қатысты зейнеткерлердің өзі қалай қарайды?

– 2014 жылғы 18 маусымда  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен зейнетақы төлемдерінің барабарлығын қамтамасыз етуге бағытталған "Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы" (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді.

Концептуальдық жаңалықтың бірі болып зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты, жалпы азаматтардың белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде (ерлер үшін 63, әйелдер үшін 58/63) ғана базалық зейнетақыны тағайындау тәртібін өзгерту болып табылды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мен еңбек өтіліне байланысты тағайындалатын болды.

Сонымен бірге, өтіліне ынтымақты жүйеде (1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтілі) жинақталған өтілі, сондай-ақ зейнетақы жарналары (зейнетақы жарналар төлеуінің нақты өтілі) төленген кезеңдер қосылады.

Нәтижесінде базалық зейнетақының орташа мөлшері 1,8 есеге (немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен 87% дейін) артты.

Аталған шаралар:

-        Еңбек өтілі көп, бірақ төмен (немесе ең аз) зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер проблемасын шешуге;

-        Оның мөлшерлерін анықтауға бірыңғай тәсіл белгілеуге;

-        Зейнетақы жүйесіне қатысуды және еңбек қатынастарын заңдастыруды ынталандыруға мүмкіндік береді.

Осындай тәсіл әлеуметтік әділдік қағидаттарына сәйкес келеді, өйткені бұл зейнеткерлердің материалдық жағдайын жақсартуға ғана мүмкіндік береді, сонымен қатар азаматтардың еңбекке ынтасын күшейтуге және еңбек қатынастарын заңдастыруға бағытталған.

– Қазақстанда зейнетақы жасының ақырындап өсуі байқалады? Осы 2018 жылы қанша әйел адам зейнетке шығады деген болжам бар?

– Әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру 2018 жылдан бастап 2027 жыл аралығындағы кезеңде 10 жыл ішінде 6 ай аралығында жыл сайын жүзеге асырылады.

Мысалы, 1960 жылғы 10 қаңтарда дүниеге келген әйел 2018 жылғы 10 шілдеде зейнеткерлікке шыға алады, яғни 58,5 жасқа толғанда. Егер әйел  1960 жылғы 1 шілдеде дүниеге келсе, оның зейнеткерлік жасы 59 жасты құрайды, себебі ол 58,5 жасқа толған уақытта (2019 жылғы 1 қаңтарда) заңнамамен жалпы белгіленген  59 зейнеткерлік жас деп көзделген.

Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының ақпараттық жүйесіне олардың саны 60 733 адамдарды құрайды.

– Әйелдер үшін ерте зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі сақталды:

  1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" ҚРЗ сәйкес 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және ең жоғары радиациялық қауiптi аймақтарда тұрған 45 жастағы әйелдер;
  2. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер;
  3. зейнетақы аннуитеті иеленуі жағдайында зейнетақы жинақтарының жеткілікті болу кезінде 50,5-55 жастағы адамдар.

Әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру зейнеткерлiк жасы алдындағы әйелдерді жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға бағытталған шаралар кешенді шаралар қабылданды. 

– Ауыр физикалық жұмыспен айналысатын әйелдер үшін, зейнетке ерте шығудың қандай құқықтық тетіктері қарастырылған?

– 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жинақтарының көбеюін қамтамасыз ету  мақсатында зиянды (ерекше зиянды) өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына жұмыс берушілердің қаражаты есебінен  5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) енгізілген.

Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесін жаңғырудың екінші кезеңінің басты Концептуальдық өзгерістерінің бірі – қызметкерлер табысынан 5% мөлшерінде жұмыс беруші жарналары есебінен қалыптасатын қолданыстағы жинақтаушы жүйесінің 2020 жылдан бастап жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын толықтыру болып табылады.

Жаңғыртудың негізгі себептерінің бірі – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілінің азаюына байланысты ынтымақты зейнетақы мөлшерлерінің  тиісінше азаюы, сондай-ақ зейнетақы төлем көздерін одан әрі әртараптандыру қажеттігінен және ынтымақты зейнетақы жүйесін "аяқтау" болып табылады.

Осыған байланысты, жаңа шартты-жинақтаушы компонент енгізіледі.

Шартты-жинақтаушы компонент қатысушылары болып пайдасына жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшы табысының 5% мөлшерінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін жұмысшылар табылады

– Зейнетақының келесі өсуі қай кезде болады деп болжануда?

– Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 4-бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген мөлшерде жүзеге асырылады.

– Сұхбатыңызға үлкен рахмет!!!

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова азаматтық-құқықтық шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мәселеcін түсіндіргені туралы осыған дейін хабарлаған едік. Вице-министр айтып өткендей, барлық зейнетақы жарналары азаматтардың табыстарынан ғана төленеді.

`

Серіктестер жаңалықтары