Астана процесі Қазақстанның дипломатиялық жетістігі болуы мүмкін -саясаткер

20 Января, 2017, 16:49 7788
Астана процесі Қазақстанның дипломатиялық жетістігі болуы мүмкін -саясаткер | Мнения | BNews.kz

Алдағы уақытта өтетін Астана процесі бірқатар маңызды өлшемді қамтиды және Қазақстанның дипломатиялық жетістігі болуы мүмкін. Бұл туралы Әзірбайжан жаңалықтары ХАА бас директоры, саяси сарапшы Гюльнара Мамедзаде мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Саясаткердің айтуынша, ең алдымен, РФ Президенті Владимир Путин келіссөздердің «жаңа алаңда» жалғасуына көп мән берді: Сириядағы дау-жанжал секілді макроөңірлік проблеманың алғаш рет АҚШ-тың қатысуынсыз талқылануын ескерсек, қазіргі жағдайда «жаңа алаң»  түсінігінің мағынасы кең екені түсінікті.

Мамедзаде Астана процесі Ресей, Түркия және Иран секілді өңірлік державалардың басым қатысуымен өтетінін атап айтты.

«Алдыңғы қатардағы орындар бос емес.Өйткені, өткен жылы Путин, Ердоған және Руханидің ымыраға келуі тегін емес еді.  Қазақстанға келер болсақ, бұл елдің және оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразияда өзіндік  нығайту және бітімгерлік миссиясы бар. Бұдан басқа, Қазақстан биыл БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелерінің қатарына кірген. Сирияға қатысты нәтижелер осы елдің де дипломатиялық жетістігі саналатын болады», - деді саясаткер.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13930

Похожие новости