Гүлнәр Ситпаева: Ботаникалық бақты шөл далада да салуға болады

22 Августа, 2017, 10:33 17038
 Гүлнәр Ситпаева: Ботаникалық бақты шөл далада да салуға болады | Мнения | BNews.kz

85 жыл бұрын ҚазКСРО астанасында Алматы ботаникалық бағы құрылған болатын. Алғашқы өсімдіктерді отырғызу 1933-ші жылдың көктемінде басталды. Әлеуметтік және экономикалық қиындықтарға қарамастан, ботаникалық бақ қызметкерлердің ерен еңбегінің арқасында басына түскен барлық қиындықтарды жеңе алды, деп хабарлайды Вnews.kz ҚР БҒМ Ғылым комитетіне сілтеме жасап.

Негізі қаланғаннан бергі бір ғасырлық уақыт аралығында зерттеулердің бағыттар өзгеріп отырды, алайда институттың басты бағыты Қазақстанның өсімдік әлемін сақтап қалу, өндіру және тиімді пайдалану болып табылады.

Ботаника және фито жерсіндіру институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы Гүлнәр Ситпаева Алматы ботаникалық бағының тарихы, зертханаларында жасалып жатқан сынақтары және өсімдіктердің топтамалық қоры туралы айтып берді.

Гүлнәр Тоқбергенқызы ботаникалық бақтың құрылу тарихы туралы

Ботаникалық бақтың топтамалық қоры және фаунасы

 

Өсімдіктердің топтамалық қоры қалай толықтырылады?

«Бірінші кезекте түрлі экспедициялардың арқасында сирек кездесетін эндемикалық, емдік өсімдіктердің топтамасы, Қазақстан табиғи флорасының дәнді өсімдіктер тектік қорының қорғалатын топтамасы толықтырылады. Сонымен қатар толықтырулар түрлі шет елдік спарлардың нәтижесінде де жүзеге асырылады. Біз симпозиумдарға, конференцияларға қатысамыз, басқа да ботаникалық бақстарға барып отырамыз, сол сапарларымыздан міндетті түрде өзіміздің ботаникалық баққа жаңа өсімдіктер алып келіп отырамыз. Биылғы жылы Белорусиядан біз өз жылыжайымызға шамамен 50 жаңа өсімдік алып келдік. Олардың 30-ы цитрустік өсімдіктердің жаға түрлері. Қазіргі таңда біз цитрустік өсімдіктерді көбейтпекпіз. Бұл ретте олардың әр түрлі сұрыптарына баса назар аудармақшымыз. Сонымен қатар табиғатта қызғалдақтың және әсем гүлді өсімдіктің көптеген түрлері бар. Олардың ең көп түрлері Қазақстан мен Орта Азия аумағында өседі. Ол өсімдік түрлерін біз өзіміздің бақтағы альпылық дөңес – табиғи флораның әсем гүлдейтін өсімдіктер топтамасның бойына отырғызамыз. Сонымен бірге біз жаңа топтамалық бөлім құрдық, онда біз Қазақстан табиғи флорасының әсем гүлдейтін, жуа тамырлы өсімдіктерін отырғызамыз. Бұл сапарларымыздың нәтижесінде біз түрлі табиғи популяциялардың ішінен генетикалық материал ретінде қызықғушылық тудыратын анағұрлым құнды материалдар іріктеп, жинап аламыз. Міне, біздің ботаникалық бақ осындай қорғау, толықтыру және өсіріп шығару жұмыстарын атқарады», - Г. Ситпаева баяндады.

Институттың ғылыми-зерттеу қызметі.

Г.Ситпаева шет елдік ботаникалық бақтармен серіктестік туралы

 

Гүлнәр Тоқбергенова Астанадағы ботаникалық бақтың құрылуы туралы

«Ботаникалық бақтарды құру үшін, әрине, көп уақыт қажет. Бірінші кезеңде ботаникалық бақтың жаратылыстану-ғылыми негіздемесін әзірлеу керек. Мысалы, біз 4 жыл бұрын Астана қаласында ботаникалық бақ құрудың негіздемесін жасадық. Елордамызға Қазақстанның солтүстіктегі жағдайына бейімделген өсімдіктерді сынауға арналған жасыл полигон болатын ботаникалық бақ қажет. Екінші кезеңде техникалық-экономикалық негіздеме жасалады. Содан кейін ғана ботаникалық бақтың құрылысы басталып, әр аймақтардан жеткізілген өсімдіктер топтамасымен толықтыру басталады. Бірінші кезекте Астаналық ботаникалық бақтың толықтырылуы Қазақстанның ботаникалық бақтарында біздің мамандармен өсірілген өсімдіктер жиынтықтарымен жүзеге асырылады. Ботаникалық бақты кез-келген жерде, тіпті шөл далада да құруға болады. Бақ құру үшін табиғи-климаттық шарттар маңызды емес. Ең бастысы, өсімдіктер сұрыпталымын дұрыс таңдап, табиғи флорадан өсімдік жиынтығын дұрыс алып, сондай-ақ сол бақтың жерсінуіне жұмылдырылатын интродуценттерді дұрыс таңдау қажет. Ол үшін институттың алдыңғы қатарлы мамандарымен өсімдіктердің ғылыми негіздері мен жерсіну методологиялары құрылған. Біздің институт  және біздің ғалымдар Қазақстандағы жерсіну теориясының негізін қалаушылар болып табылады», - Гүлнәр Ситпаева айтты.

Ботаникалық бақтағы ең көне өсімдіктің тарихы

Ботаникалық бақтың негізі қаланар кезде оның аумағында он жылдық пирамидальды теректер өсіп тұрған. Демек, қазір олардың жасы 100 жылға жеткен. Бақтағы ашық жерде өсетін, «тірі қазба байлығы» деп аталып кеткен ең көне өсімдік – гинкго билоба. Бұл жер бетіндегі ең көне жұрнақтың бірі. Кезінде, осыдан бірнеше миллион жылдар бұрын бұл өсімдік Қазақстан аумағында өскен. Сонан соң климат өзгеріп, бірнеше рет мұз қатулар болған. Сондықтан бұл өсімдік қазіргі заманғы Қазақстан аумағынан жойылып кеткен. Ол Шығыс Азия мен Жапония аумақтарында өмеді. Алайда 1953-ші жылы бұл өсімдік бізде – ботаникалық бақ топтамасында пайда болды. 

Ботаникалық бақтағы күлкілі оқиғалар

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13925

Похожие новости