Қазақстандық коммунистер латын қарпінің қазақ тіліне оралуын қуана қарсы алады

Қазақстандық коммунистер латын қарпінің қазақ тіліне оралуын қуана қарсы алады

13 қыркүйек, 12:35 7525 Астана
Қазақстандық коммунистер латын қарпінің қазақ тіліне оралуын қуана қарсы алады

Біздің жаһандану мен ақпараттық технологиялар жедел дамып жатқан ғасырымызда тілді жаңғырту мәселесі еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялар деңгейі, мемлекеттің инвестицияларға тартымдылығы мен ашықтығы, адам капиталының дамуы сияқты стратегиялық мәселелермен тікелей байланысты. Мәжіліс депутаты, ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков осындай пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Вnews.kz

Біздің ойымызша, латын қарпіне көшу арқылы мемлекетіміз әлемнің көптеген елдеріне ашығырақ және жақынырақ болады, өйткені қазіргі заманда мемлекеттердің 75%-дан астамы латын графикасын қолданады.

Қазіргі таңда әлемде 6 түркі мемлекеті бар. Қазақстан латын қарпін қолданатын бесінші мемлекет болады. Қазақстанның Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан мен Түрменістан сияқты Орта Азия және Каспий теңізі аумағының мемлекеттерімен одан әрі жақындасуы мен қарым-қатынастарының күшеюі, бұл – интеграция мен көршілес қарым-қатынастардың күшеюі болып табылады.

Менің ойымша, латын қарпіне көшудің барлық алғы шарттары бар. Бізде 100% жаппай сауаттылық, күнделікті өмірде ұялы телефонды, интернетті қолдану барысында әрбір қазақстандық дерлік іс жүзінде латынша жазады және оқиды .

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарыққа шыққан бойда біз еліміздің аймақтарына сапар шегіп, өңір тұрғындарымен көптеген кездесулер өткізіп, қазақстандықтардың аталған бағдарламаға қызығушылық танытқандықтарын және  бірінші кезекте мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшу мәселесіне қолдау білдіріп отырғандықтарын көрдік.  

Отандастарымыздың басым көпшілігі Елбасына қолдау білдіруде және латын қаріпне көшу үрдісін қажет деп есептейді. 

Күні кеше ғана парламенттік тыңдауда жаңа қазақ әліпбиімен танысып, біз – коммунистер, партияластармен бірлесе оның басымдылықтары мен мүмкіндіктерін талқылап, ұсынылған латын қарпінің  нұсқасын толық қолдау туралы шешімге келдік.

Коммунистік халық партиясы өз жұмысында жастарға, әсіресе ауылды елді-мекендердегі жастарға ерекше көңіл бөледі.

Жалпы, біз барлық күш-жігерімізбен қазақ тілінің латын қарпіне көшуін қолдап, оның іске асырылуын қамтамасыз етуіміз қажет. Әрине, бұл жерде ең негізгісі барлық қоғамды жұмылдыру болып табылады. Латын қарпіне көшу арқылы барлық тың мүмкіндіктерге қол жеткізетінімізді халыққа түсіндіруіміз керек. Бұл біздің орталықта және жергілікті жерлердегі ортақ міндетіміз,

Сондықтан, мен – Қазақстан коммунистері атынан барлық ел азаматтарын жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі талқылауларға белсенді қатысуға шақырамын.