«BNEWS.KZ» АА материалдарын қолдану шарттары туралы ақпарат

«BNEWS.KZ» АА материалдарын қолдану шарттары туралы ақпарат

 

1. «BNews.kz» АА материалдарын қолдану үшін Пайдаланушы жазбаша немесе электрондық нұсқадағы хат арқылы Меншік иесі ретінде – «BNews.kz АА редакциясын» БАҚ, интернет-сайт немесе өзге ұйым атауын, заңды/жеке тұлға аты-жөнін көрсету арқылы ескертуге міндетті.

2.Интернет желісінде «BNews.kz» ақпараттық агенттігі сайтында жарық көрген мәтіндік, фото, кескіндемелік, ақпараттық-кескіндемелік, видео, аудио және өзге материалдарды толықтай немесе бөлшектеп қолдану кезінде Пайдаланушы www.bnews.kz сайтына төте сілтеме көрсетуге міндетті. Төте сілтеме мәтіннің, видео, аудиоролик, фото, кескіндеменің басында, Материалдың бірінші азат жолында (лид) қолданылатын негізгі қаріптен кем емес көлемде орналастырылуы қажет.

3. «BNews.kz» АА баспасөз-студиясында өткен оnline-конференция Материалдарын (стенограмма, фото, видео) толықтай немесе бөлшектеп қолдану кезінде BNews.kz дереккөзіне төте сілтеме міндетті түрде көрсетілуі керек.

4. «Bnews.kz» АА Материалдарын баспасөзде, электрондық БАҚ-тарда, хабарламаларда толықтай немесе бөлшектеп қолдану, қайта басу, жариялау, телевизия мен радиоэфир және бұқараға жариялаудың басқа да жолдары арқылы хабар тарату кезінде «BNews.kz» АА-ға сілтеме көрсету немесе айту міндетті.

5. «BNews.kz» АА Материалдарын қолдану кезінде Материалдың атауын өзгертуге тыйым салынады, тек Материалдың жалпы мазмұнын бұрмалаусыз редакциялауға рұқсат етіледі.

6. Меншік иесі ретінде үшінші тұлғалар көрсетілген Материалдарды есептемегенде, «BNews.kz» АА сайтында жарияланған барлық Материалдар құқығы «BNews.kz» АА Редакциясының меншігінде, құрылтайшысы «Қазконтент» АҚ.

7. «BNews.kz» АА Материалдарын қолдану шарттары бұзылған жағдайда ақпараттық агенттік Редакциясы даулы жағдайды заңнамалық негізде шешуге құқылы.