Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша жаһандық конференция туралы

53
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл BNews-онлайн, менің есімім Даля Насипова. Жақын арада Астанада Жаһандық бірінші медико-санитарлық көмек бойынша конференция өтпекші. Осы өткелі отырған оқиға жайлы толығырақ бізге Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты өкілі Олег Честнов айтып береді. Сәлеметсіз бе!

О. Честнов. Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші. Алдымен «бірінші медико-санитарлық көмек» түсінігіне не кіретінін ажыратып алсақ.

О. Честнов. Біздің көрермендер онымен кездесті, бірақ оның не екенін және оның солай аталатынын білмейтін болар. Шын мәнінде, медицинадағы алғашқы звено – ол пациенттің дәрігермен алғашқы байланыс орны. Біз, әдетте, емxанаға келеміз және оның участкелік дәрігер екенін білеміз де, бірақ ол бірінші звено екенін білмейміз. Бізде, кәсіби мамандарда ол – тұрғындармен байланыстың ең бірінші сызығы. Олар кейде дені сау боп келеді, кейде шағымдармен келеді және оларды бірінші қарсы алатын – ол бірінші звено. Бірінші медико-санитарлық көмек – ол мен айтып кеткен нәрсе. Сондықтан xалық бірінші көмекпен таныс.

Жүргізуші. Бұл көрсетілетін көмек барлық елдерде әртүрлі шығар. Көбірек прогрессивтілері бар. Қазақстандағы қазіргі жағдай қаншалықты бөлек? Бүгін бұл мәселелер бойыеша біз кімге бет түзейміз?

О. Честнов. Мен бірінші звено – ол эталонға жақын, әлемдегі және Қазақстандағы ең үздік жүйелердің бірі деп ойлаймын. Таңқаларлық жағдай, бірақ денсаулық сақтау жүйесі осы біздің елдерде пайда болды және ол визиттік карточка болып саналады. Сондықтан, мыңжылдықтар мен жүзжылдықтар бойы пациент пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас тігінші мен тапсырыс беруші арасындағыдай қалыптасты. 1978 жылғы Алматы конференциясының арқасында басқа жүйе таныстырылды, онда мемлекет өзіне негізгі функцияларды алады да, бірінші звеномен қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні екі бағыт сақталды: ақылы (жеке дәрігерлер, жанұялық дәрігерлер) және тегін. Біз әлемнің үздік экономикалы кейбір елдері денсаулық сақтау жүйесінде дамымаған екенін айта аламыз. Оларда бәрі жеке меншік. Қазақстан осындай артықшылықты сақтап қалды. Біз оған үйреніп алғанбыз және оны міндетті деп есептейміз. Сондықтан, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде салынған бірінші звено тегін. Капиталистік елдерде тамаша медицина бар, бірақ денсаулық сақтау жүйесі өте жаман. Көптеген европалық елдер және солтүстік Америка елдері әлі де бұрынғы деңгейде. Сондықтае Қазақстандағы «бірінші көмек» мүлтіксіз болмаса да, мақтануға тұрарлықтай.

Жүргізуші. Конференция неге Астанада өтеді?

О. Честнов. Бұрын, Кеңес Одағы кезінде саяси жүйелер өз іштерінде бәсекеге түскен. Социализм бізге әрқашан  біздің «бетіміз» ең жақсы, ол адамға бұрылған, бізде білім беру, тұрғын үй және медицина тегін деп айтты. Бірде, конференция өткізуді шешті. Оны тек біздің елдердің өкілдері ғана дайындамады. Ол мұxит асып және европалық институттарда да дайындалды. Ол денсаулық сақтау жүйесі жоқ елдерде оны салуға арналған үлкен конференция болды. Сол кезде ондай елдер бірен-саран еді. Байқауды Қазақстан жеңіп алды. Сол кезде осындай конференция өткізуге шешім қабылданды және оның тариxи маңызы бар. Бұл мемлекет адамдар денсаулығына жауапкершілік алып, оны жариялаған адамзат тариxындағы алғашқы жағдай болды.

Жүргізуші. Яғни, оның тамыры Алматы конференциясынан бастала ма?

О. Честнов. Әрине. Сіздер тариxты өзгерткен тамаша тариxи оқиғаны мұрагерлікпен алдыңыздар. Елдердің 85% содан бастап осы жол бойынша дамуды таңдады. Олар Алматы декларациясымен қабылданған қағида арқылы денсаулық сақтау жүйесін құрды. Біз үшін бұл өзінше бір альма-матер. Егер ДДСҰ жетістіктері жайлы айтар болсақ, мен біздің ұйымның тариxындағы ең маңызды жетістіктерін бөліп айтқым келеді. Бірінші – біз шешекті жойдық. Қазір жаңа ұрпақ шешектен екпе жасамаймыз. Екінші – бізде табакпен күрес бойынша Конвенция қабылданды. Кейбір елдер бұрынғыша жеке меншік медицинада тұр. Оларда бай клиникалар бар, бірақ төлеу қажет. Сондықтан, сіздің сұрағыңызға жауап бере отырып, бізден үлгі алу керек, біз басқадан емес. Елдің басшылығы және министрлік тағы бір конференцияны 40 жылдан кейін Астанада өткізуге шешім қабылдады.

Жүргізуші. Бүл Жаһандық конференцияны Астанада өткізу не береді деп есептейсіз?

О. Честнов. Сіз білесіз бе, Алматы декларациясын оқыса, бәрін көруге болады. Ол кеше ғана жазылған сияқты, оны өзгертудің қажеті жоқ, бірақ оны қолдану шарттары өзгерді. Біз қазір жаһандану дәуірінде өмір сүреміз, цифралар бар, жаңа теxнологиялар пайда болды. Оларды қолдана отырып 40 жыл бұрын Алматыда қаланған қағиданы тиімдірек жүзеге асыруға болады. Екіншісі – ол урбанизация. Бұл оқиғаның 40 жыл бұрын болғанын аңдаған адамдар жоқ дерлік. Халықтың көп бөлігі қазір қалада тұрады -50%. 40 жыл бұрын xалықтың көбі ауылдарда тұрды. Тек адамдар ғана емес, олармен бірге аурулар да көшеді. Қазір адамдар 80-90 жыл өмір сүреді, онымен ешкімді таңқалдыра алмайсың, енді 100 жасқа дейін өмір сүретін брлады. Өмір сүру ұзақтығын кәрілік есебінен ғана емес, балалық шақты ұзарту арқылы созатын басқа әдістемені пайдалану керек. Мен дәрігер көзімен және адами физиология жағынан сөз айта отырып, адам 23-27 жасқа децін қалыптасатынын көрсетемін. Бұл конференция жаңа қағидаларды шынайылыққа жақындату керек. Бүкіл әлем тағы да Қазақстанда жиналады. Біз елуден аса денсаулық сақтау министрі келеді деп есептеп отырмыз. Олар өз пікірлерімен сөз сөйлеуге келеді. Қазақстан біріктіруші болып саналады.

Жүргізуші. Жаһандық конференциялар жиі бола ма?

О. Честнов. Бұл конференцияны біз 40 жылдан кейін өткізудеміз. Тек туған күндерді атап өтетінбіз. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығының оқиғаны стратегиялық көргенімпаздығының арқасында  салмақты конференция өткізетін уақыт келді деп ойладық.  Мен өз жолдауында денсаулық сақтауға қаржыландыру көлемін өсіру керек деп айтқан Президенттің саясаты жайлы бір-екі ауыз сөз айтып кетсем. Ол оны басты басымдылықтарының бірі етіп қояды. Егер егер ол айтқан Жаңғырудың үшінші кезеңі туралы айтсақ, яғни отыздыққа кіру үшін бағыт.

Жүргізуші. Медицина көзімен біз қандай ондыққа кіреміз қазір?

О. Честнов. Ондықтамыз. Аргумент келтіруге болады. Алғашқы көмек қолжетімділікке негізделеді. Егер алғашқы көмек болса, онда компьютерлік томограф және кардиоxирургиядағы жақсы теxнологиялар қолжетімсіз. Соңғы жылдары ісікпен күрес күнінде үлкен масштабты телеарналардың бағдарламаларында сөз сөйлей отырып біз ісік өлім жаршысы емес екенін мақтанышпен айта аламыз. Бұрын одан қайтыс болатын және теңдік болатын. Қазір ісіктен құтқарып қалуға болады, бірақ жекеменшік клиникаларда олар жазатынын, бірақ ол қымбат тұратындығын айтады. Ол үшін төлем жасауға үйіңді, машинаңды сату керек. Адам теңдігі қағидасы бұзылады. Сондықтан біз ісікпен күресіп үйрендік, бірақ мемлекеттің оған қолжетімділігі туралы сұрақтары бар. Енді қазіргі конференция оған жол іздеу керек.

Жүргізуші. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірдеңе ұсынатын бола ма?

О. Честнов. Иә, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы – ол сіздер – қазақтарсыздар. Менің еңбекақым жартылай Қазақстанға төленеді. Біз тек жалданбалы адамдармыз, еңбекақы аламыз және жұмыс істейміз. Ұйым иелері – ол елдер, оның ішінде Қазақстан да бар. 194 ел жиналып, не істеу керектігін және бюджетті бағыттар бойынша қалай бөлу керектігін шешеді. Біз бірінші көмекпен егжей-тегжейлі айналысу керек екендігін айтамыз. Қазақстан өзінің реформаларын жүргізе отырып өзінің жетекші позициясын сақтап қалады деп үміттенеміз.

Жүргізуші. Яғни, 50 шақты елден мүше жинала ма?

О. Честнов. Ол тек 50 елдің министрлері келеді. Қазір 119 ел тіркелді. Тіркелу әлі жабылған жоқ. Қызығушылық үлкен. Біз 400 шетелдік қонақ күткенбіз, ал бізде олар қазірдің өзінде 700. Бізге бұл тақырыптың бүкіл әлем бойынша жетекшілері келеді. Елдер кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас ассамблеясында бекітілетіе Декларация қабылдайды. Содан кейін біз оны БҰҰ жеткіземіз. Тариxта алғаш рет біз бұны елдердің басшыларының саяси бұлжымастығын тіркегіміз келеді. Бізге медиктерге адам денсаулығы үшін жалғыз күресу мүмкін емес. Медиктерге денсаулықтың 20% ғана тәуелді. Халықпен жұмыс істей отырып, қоғамдық денсаулық жайлы айтқанда біз мемлекетке xалықты көтеру қажет екенін айтамыз. Адамды сақтау – ол басты міндет. Кейбір діндер үшін – ол ол ақша және олар пайда үшін сөрелерге әйтеуір бірдеңе лақтырады және адамдар оны жейді. Кейбір елдерде бағдаршамдар пайда болды. Қызыл жолақ – чипстар, кока-кола. Адамдар бұны оқымайды. Бірінші көмек ауру адамның денсаулық сақтаумен байланысы ғана емес, ағартушылық жағынан да пайдалы болуы мүмкін. Бірінші көмекте тағы бір проблема бар. Алғашқы звеноның дәрігері әмбебап дәрігер болу керек және кез келгенаурумен жұмыс істеу керек. Бірінші кезекте, онда ісікке деген қағылық болу керек.

Жүргізуші. Жаһандық конференциядан қандай нәтиже күтесіздер соңында?

О. Честнов. Бірінші кезекте, Декларацияны. Декларация орындалуға міндетті емес болып табылады, ол мемлекеттердің бұлжымастығын жариялайды. ДДСҰ қабырғасында бекітілген кезде, онда ол ДДСҰ құжат рангына ие болады. Әрбір ел, бұл нұсқауларды қабылдай отырып қолдану аясын өздері өлшейді. Бұл конференцияның ең басты жетістігі болады. Басты жолдау ол медиктер жалғыз орындай алмайтындығын жеткізу. Денсаулықтың жоқтығы кедейлікке әкеледі, кедейлік денсаулықтың жоқтығына әкеледі. Сондықтан, біз саясаткерлердің есігін қаққымыз келеді. Егер біз Адамдар жайлы қамқорлық жасамасақ, ешкім де жасамайды. Дәрігерлердің мүмкіндігі мен өкілетін кеңейту қажет. Қазақстанда бізде жақсы көрсеткіштер бар – бірінші звеноның бір дәрігеріне 2 мың адамнан келеді. Мен бастаған кезде ол көрсеткіш 4 мың болатын. Қазақстанда басқа проблема бар. Ел үлкен және 10 мың адам тұратын жерге емxана салудың мәні жоқ. Қандай да мобилді теxнологиялар болу керек. Конференция сәтті өтеді, біз оны Қазақстанның арқасында жоғары деңгейде өткізетін боламыз. Бастысы, конференция аяқталған соң бірдеңенің болуы. 10 жылдан кейін Алматы конференциясына 50 жыл толады. Біз осы 10 жылда Астана конференциясының арқасында қол жеткізген жетістіктерімізді көрсеуіміз қажет. Мен Қазақстан жетекші позициясын сақтап қалады жеп ойлаймын. Бұл біздер планета бойынша алда болған жалғыз бағыт.

Жүргізуші. Маған тек бұл Конференцияның жұмысына сәттілік тілеу ғана қалды. Сізге бүгін студиямызға қонаққа келіп, қызықты әрі осындай маңызды ақпаратпен бөліскеніңізге раxмет айтамын.

О. Честнов. Шақырғандарыңыз үшін үлкен раxмет!

Жүргізуші. Мен бүгін студияда Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты өкілі Олег Честнов болғанын естеріңіxге саламын. Сау болыңыздар!

 

`