Бизнестегі жауапкершілікті күшейту

188
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл BNews-онлайн. Бүгін біз бизнестің жауапкершілігін күшейту туралы сөйлесеміз. BNews порталының студиясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Ербол Өстеміров. Сәлеметсіз бе, Ербол!

Е. Өстеміров. Қайырлы күн!

Жүргізуші. Бүгінгі күні «бизнестің жауапкершілігі» деген түсінікке не кіретінін айтып бересіз бе?

Е. Өстеміров. Ең бірінші, Палатаның жұмыс істеген бес жылы ішінде ҚР Үкіметімен, басқа да мемлекеттік органдармен дұрыс және құрылымды диалог қалыптасқанын айта кеткен жөн. Жалпы, Үкімет бизнеске арналған жақсы шарттар жасауға ат салысады. Егер жалпы айтар болсақ. Рұқсаттардың саны осы бес жылда 80%-ға қысқарды. Бұрын рұқсат-лицензиялардың саны 1115 болса, қазір олардың саны 316. Бизнеске деген талаптар саны да қысқарды, олар шамамен 30 500 болса, қазіргі уақытта 58%-ға қысқарып, 13 мың талап қалды. Егер, мысалы, 2013 жылы 183 мың шамасында тексеру тіркелсе, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 81 мың тексеріс тіркелді. Жалпы, мемлекет бизнеске арналған жағдайды жүйелі түрде және жоспарлы түрде жақсартады. Онымен бірге, трагедиялық оқиғалар кәсіпкерлердің барлығы Заң талаптарын сақтамайтынын айтады. Біз, бизнес қауымдастықты шоғырландыратын және олардың біріктірілген позициясын бейнелейтін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы адал бизнесті қорғаймыз және бизнестің жауапкершілігінің күшейгенін қалаймыз.

Жүргізуші. Кәсіпкерлер оған қаншалықты жақсы қарайды?

Е. Өстеміров. Егер салалар бойынша айтар болсақ, жалпы, Кемерово қаласында «Зимняя вишня» СО өрт қауіпсіздігі бойынша қайғылы оқиға болды. Егер Қазақстанды алсақ, адамдар көп жиналатын жерлер ол ірі сауда орталықтары. Мысалы, «Mega Silk Way» сауда орталығы өз жалдаушыларын адал сақтандырады. Ол сауда орталығында осы орталыққа қызмет көрсететін өздерінің өрт бөлімшесі бар. Ол орталықта қауіпсіздік қамтамасыз етілген. Егер улану жайлы айтар болсақ, әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көптеген әдістері бар. Ондай жүйелердің бірі – ол ХАССП жүйесі. Ол адам өмірі мен адам денсаулығына қауіпсіз болу үшін өнімді алып келуден бастап, шығару кезінен бастап қадағаланады. Көптеген компаниялар ақырындап осы жүйені енгізуде. Олардың жауапкершілігі басқаларына қарағанда жоғары деп айтуға болады және олар халық алдындағы жауапкершіліктерін түсінеді, себебі бизнесмендер олар да адамдарға арналған тауарлар мен өнімдерді сататын қоғамның өкілдері.  Олар тауарлар, жұмыстар мен қызметтер адамдар үшін қауіпсіз болуына, олар сапалы болуына бағытталуы керек.

Жүргізуші. Оны бәрі бірдей сақтай бермейді. Басқалары өрт қауіпсіздігі саласында да, тамақтандыру саласында да осы жолмен жүруі үшін не істеу қажет?

Е. Өстеміров. Қалған кәсіпкерлер құқық бұзушылар деп айтуға болмайды. Бізде олар сақтандыру керек деп заңмен бекітілмеген. Ол, кәсіпкерлер өздеріне қосымша міндеттер алады дегенді білдіреді. Ол олардың сауда орталықтарында жүретін адамдар үшін жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қосымша механизмдерді енгізеді. Жалпы, егер өрт қауіпсіздігі жайлы айтар болсақ, біз құзіретті мемлекеттік органдармен бірге Жол картасын әзірледік. Олар Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша үш мыңнан аса нысанға тексеріс жүргізді. Талдау кезінде құрылыс кезінде де, жобалы-cметалы құжаттама дайындау кезінде де көптеген проблемалар болғаны анықталды. Талаптарды жеңілдету кезінде өрт қауіпсіздігі органдары нысандарды қабылдау кезінде қатысатын, кейін оларды алып тастады. Құрылыс кезінде де, жобалы-cметалы құжаттама дайындау кезінде де мемлекеттік органдардан аттестациядан өткен маман қатысуы қажет. Осылайша, құрылыс кезінде өрт нормаларын сақтауды қамтамасыз етуге болады. Тұрғын үйлерде жеке баспалдақ және жеке лифттік холл болу керек деген мысалдар болған. Біз Ішкі істер министрлігімен бірігіп өткізген жиналыста үйлер салынып қойған және ол құқық бұзушылықтарды жөндеу мүмкін емес болған мысалдар болды. Оның барлығын бастапқы кезеңде қамтамасыз ету жеңілірек.

Жүргізуші. Сіз қазір лифттік шаруашылықты атап кеттіңіз. Қайғылы жағдайға әкеп соғатын, әсіресе, аймақтарда оқиғалар жиі кездеседі. Осы жағдайлар бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

Е. Өстеміров. Лифттер – ол жеке тақырып.  Өз уақытында лифттерге қызмет көрсету бойынша жұмыстарды лицензиялау қызметтердің лицензияланатын түрлерінен шығарылып тастады. Лифттерге қызмет көрсетуге оларға қалай қызмет көрсету жайлы ештеңе білмейтін адамдар жауап беретін жағдай туындады. Ол аймақтармен қатар, Астана үшін де, Алматы үшін де өзекті проблема. Біз Астана қаласының әкімдігімен, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесе пилоттық жүйеде лайықты меморандум жасадық және пилоттық режимде лифттерге қызмет көрсететін барлық компаниялар кіретін ерікті өзін өзі реттеуші ұйым құрылды. Ол өзін өзі реттеуші ұйым лифт орнатумен айналысатын ұйымдарға талаптар жазады және ары қарай ол лифттерге лайықты білімдері бар жұмысшылармен қызмет көрсетіледі. Егер Астана бойынша айтар болсақ. шамамен 1 100 лифтке зерттеу жүргізілді. Жалпы, бұл жағдай бақылауға алынды және анықталған құқық бұзушылықтар жөнделуде. Қазір біз Астананың тәжірибесі басқа аймақтарға да таралғанын ұсынып жатырмыз.

Жүргізуші. Кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы өзара байланысты дамыту үшін қандай жағдай жасалуда?

Е. Өстеміров. Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде бизнестің мүддесі, мемлекеттің мүддесі және тұтынушылардың мүддесі алуан түрлі деп есептейміз. Бизнес өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттің мүддесін және тұтынушылардың мүддесін ұмытпауы қажет. Өнімдер мен қызметтер қауіпсіз болуы керек. Біз тұтынушылардың құқығын қорғау қадай жүзеге асырылатынына талдау жасаған кезде шамамен 100 шақты тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдары барын және олардың тек 55-і ғана жұмыс істейтіні анықталды. Жалпы, Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау институты дамымаған және лайықты деңгейде жүзеге асырылмайды. Осыған байланысты, біз Үкіметке институционалды негіз құру керек деген ұсыныс тастадық. Мемлекет басшысы ағымдағы жылы өзінің Жолдауында осы жайында айтты. Жұмыс қазір жүріп жатыр және біз келесі жылы бұл бағытта оң өзгерістер болады деп үміттенеміз.

Жүргізуші. Қазір адал кәсіпкерлерді ынталандыру шаралары қарастырылған ба?

Е. Өстеміров. Заң бойынша ешқандай артықшылық жоқ. Бірақ жалпы, арнайы премиялар бар, мысалы ең жоғарғы сапаны қамтамасыз ететін «Алтын сапа», «Қазақстанның ең үздік тауары». Жыл сайын Мемлекет басшысының қатысуымен «Атамекен» ҰКП «Менің Атамекенім» деген жоба ұйымдастырады. Бұл науқан адамдар көмектескілері келетін кәсіпкерлерді білсін деген мақсатқа бағытталған.

Жүргізуші. Десек те олар ешқандай салықтық жеңілдіктер алмай ма?

Е. Өстеміров. Жоқ. Біз ол Қазақстанда меценаттық дамуы үшін қажет деп есептейміз. Мысалы, басқа елдермен салыстырғанда, бізде меценаттық институты ондай таралмаған.

Жүргізуші. Бизнестің жауапкершілігін күшейту үшін «Атамекен» палатасының алдында қандай негізгі міндеттер тұр?

Е. Өстеміров. Біз әрқашан адал бизнесті қолдаймыз деп жариялайтынбыз. Ал мысалы, қайсы бизнес адал, қайсысы адал емесін анықтау қиын. Жалпы, біз Бірыңғай кәсіпкерлердің бизнес-реестрін құруды ұсындық. Қазір бізде 330 аса бизнес-реестр бар. Мемлекеттік органдардың базалары арасындағы кейбір мәліметтер қайталанады. Бізде бірыңғай кәсіпкерлер портреті жоқ. Біз Ұлттық палата базасында осы реестрді құруды ұсындық. Ол барлық мемлекеттік органдардың мәліметтер базасымен біріктіріледі. Біз басқа елдердің тәжірибесін зерттедік. Мысалы, Ресейде «СПАРК» деген жүйе бар. Заң бойынша олар бірыңғай интегратор болып есептеледі. Олар бізге келіп, осы бағдарламаның таныстырылымын өткізген болатын. Онда төлемдік тәртіп индексі, лайықты абайлаушылық индексі, сенімділік индексі сияқты индекстер енгізілген. Ол кәсіпкерлерге, мысалы мен, қандай да бір компаниямен келісімшарт жасасқым келген кезде, жүйеге кіремін және ол маған компанияның портретін беретінімен тиімді. Ал мемлекетке ол тексеру жүргізу жағынан жақсы. Мемлекеттік органдардың тәуекелді басқару жүйесі құқық бұзушылыққа жол бере ме, жоқ па қарайды және өзінің мемлекеттік бақылау мен мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастырып алады. Ал тұтынушы сапалы және қауіпсіз тауар алатын болады. Жүйе қай фирма бір күндік екенін көрсетеді. Бизнесмендер арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібі жаңа деңгейге көтеріледі және мемлекет тарапынан да қарым-қатынас лайықты деңгейге шығады.

Жүргізуші. Кәсіпкерлердің өзі бұндай жүйенің енуіне қалай қарайды?

Е. Өстеміров. Адам кәсіпкерлер 100% мақұлдады. Ал адал деп айту қиын кәсіпкерлер үшін өздерінің сұр схемаларын көрсету тиімді емес. Мен бұл жүйені керек деп санаймын. Бизнес тәртіпке келеді. Бизнесмендер адал болуға тырысады.

Жүргізуші. Ең бастысы, соңында тұтынушылар үшін үлкен плюс болмақ қой.

Е. Өстеміров. Әрине. Адал бизнес қауіпсіз, сапалы өнім өндіруге бағытталады. Тұтынушы мен мемлекет тек ұтатын болады.

Жүргізуші. Осындай ақпаратпен бөліскеніңізге үлкен рахмет сізге. Мен осы жаңашылдықтардың бәрі және жаңа технологияларды қолдану Қазақстанда бизнестің жауапкершілігінің және саналығының деңгейінің жоғарылауына алып келеді деп үміттенемін.

Е. Өстеміров. Рахмет!

Жүргізуші. Мен сіздерге бүгін бізде қонақта  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Ербол Өстеміров болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

 

`