Бюджеттің төртінші деңгейін енгізу

13
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында осы жылдың басынан бастап ауылдар мен аудандық маңызы бар қалаларда бюджеттің төртінші деңгейі енгізілген болатын. Бұл жаңашылдықтың неге алып келгендігі жайлы бүгін біз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Аймақтарды талдау және бағалау департаментінің директоры Анар Байтүкеновамен сөйлесетін боламыз. Сәлеметсіз бе, Анар!

А. Байтүкенова. Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші. Алдымен Бюджеттің төртінші деңгейі» деген не екенін анықтап алсақ.

А. Байтүкенова. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың алғышарты ретінде 2013 жылы Мемлекет басшысы Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын қабылдаған болатын. Оған барлық жалпымен мойындалған муниципалдық өзін-өзі басқару және муниципалды демократияның  құндылықтары кіреді және Қазақстандағы өзін-өзі басқаруды дамытудың алдағы кезеңдерін анықтайды. Бізде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту 2 кезеңнен өтеді. Бірінші кезең 2015 жылға дейін болды, ол кезде біз жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзіретін, жергілікті қауымдастық жиындарының қызметін, әкімдерді баңдау тәртібін заң жүзінде анықтап алдық. Екінші кезеңде 2015 жылдан бастап біз ауылдвқ округтардың қаржылық еркіндігін кеңейттік. Біз оларға салықты бердік, бюджет енгіздік, коммуналды меншікті басқару институтын енгіздік, салықтың 6 түрін бердік. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бізде тұрғындар саны 2 мың және одан асатын 1 062 ауылдық округке бюджет енгіздік. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет пен коммуналдық меншікті енгізіледі.

Жүргізуші. Демек, бұл елді-мекендерде әкімдер салықты өздері жинайды және ол салық базасынан қаражатты өздерң бөле ме?

А. Байтүкенова. Дұрыс айтасыз. Оларда өз қызметтерін жүзеге асыруға болатын салықтар тізімі бар.

Жүргізуші. Бүгінгі күні қандай нәтижелер жайлы айтуға болады және не өзгерді?

А. Байтүкенова. Бірінші – тұрғындардың тартылуы. Яғни, ауылдың қарапайым тұрғынында ауылдың болашағына, бюджетін қалыптастыру процесіне саналы түрде араласуы, жауапкершілігінің жоғарылауы. Екінші – біз әрбір ауылға қанша салық түсетінін көре бастаймыз. Яғнм, біз әр ауылдың әлеуетін көре аламыз. Егер бұрын салықтар ауданның бюджетіне түссе, қазір әр ауыл қанша және салықтың қай түрін алатынын көруге болады.

Жүргізуші. Қойылған міндеттерді орындау ауыл әкімдерінің қолынан келе ме?

А. Байтүкенова. Қолдарынан келіп жатыр, әрине қиындықтар кездеседі. Ауыл әкімдері үшін бюджетті қалыптастыру – жаңашылдық. Бірақ, барлық әкімдер жеткілікті жақсы жұмыс тәжірибесі бар, білікті. Бізде әкімдерді таңдау аудандық маслиxат арқылы жүзеге асады. Биыл бюджетті енгізудің алғашқы жылы болғандықтан, қиындықтар, күмән, кемшіліктер болды, бірақ біз әкімдіктермен ұдайы байланыстамыз және сұрақтарды пайда болуына қарай шешуге тырысамыз.

Жүргізуші. Бюджеттің төртінші деңгейін енгізумен байланысты ауыл әкімдері қандай проблемаларға жиі ұшырайды?

А. Байтүкенова. Жиі кездесетін проблемалар штаттық адам санына қатысты. Бюджетті енгізбестен бұрын біз жан-жақты талдау жасап, көптеген әкімдер өздеріне тиісті емес, атап айтқанда, мысалы коммуналдық меншікке өткізу, нысандарды балансқа алу бойынша аудан деңгейінде шешім қабылдау сияқты функциялармен айналысатындықтары анықталды. Сонымен бірге, ешкім оларға буxгалтер болғысы келмейтіні жайлы сұрақтар көтереді, себебі буxгалтердің жұмысы өте жауапты  және басқа қызметкерлер үйлеріне 18:00 кету мүмкіндігіне ие болса, буxгалтер мемлекеттік сатып алулар мәселесімен де, бюждетті жоспарлау және болжау мәселелерімен де, салықтармен де айналысады. Бұл жерде мәселе әрине қайта бөлу функциясында тұр. Егер бірқатар аймақтарда бір мәселелер проблемалы болса, екінші басқа аймақтарда ол мәселелер көтерілмейді немесе баяғыда шешімін тапқан. Яғни, әрбір ауылдық округтың өзіндік проблемалары бар.

Жүргізуші. Ауылдарға салық түсімдері есебінен алынатын қаражат жеткілікті ме?

А. Байтүкенова. Бүгінгі күні бюджет енгізілген 1062 ауылдық округтың 2% немесе 59 ауылдық округ қана өзін өзі қамтиды. Яғни,  өз табыстары шығындарын жаба алады. Қалған ауылдық округтар аудандық бюджеттен субвенция алады. Бұндай жағдай тек ауылдық округтар деңгейінде ғана емес екенін атап кеткім келеді. Мысалы,  Ақмола облысындағы барлық 17 аудан субвенциялы, ал Қарағанды облысында 9 ауданның 8 облыстық бюджеттен субвенция алады. Үкімет орталықтан тәуелділікті азайту бойынша жоспарлы жұмыс істеуде. Қазір салық түрлерінің бірқатарын республика деңгейінен облысқа, облыс деңгейінен ауданға және т.с.с. беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Жүргізуші. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жүйесінде болашақта қандай өзгерістер күтілуде?

А. Байтүкенова. Жақын арада біз құзіреттері мен функцияларды кеңейту мәселелерін қарастырып жатырмыз. Яғни, қосымша салық түрлерін беру мүмкіндігі қарастырылуда. Сәйкесінше, аудандық бюджеттерден ауылдық деңгейге қандай шығындар түрлерін, қандай қосымша функциялар түрлерін беру мүмкіндігі талданады және қарастырылады. Сондай-ақ, біз әкімдерді тікелей сайлауды енгізу мәселесін қарастырамыз, себебі қоғам бұған дайын. Біз бұл мәселені Үкімет деңгейінде қоғаммен, мемлекеттік емес ұйымдармен талқылайтын боламыз. Бұл жергілікті өзін-өзі басқаруды ары қарай дамытудың бір кезеңі.

Жүргізуші. Қазір қоғам бюджетпен және басқа мәселелермен байланысты сұрақтарда қаншалықты белсенді?

А. Байтүкенова. Бізде жергілікті өзін-өзі басқарудың барлық сұрақтарында, бюджетті жоспарлау процесінде де, коммуналдық меншікті басқару процесінде де xалықтың араласуы қарастырылған. Мысалы, бізде бюджет жергілікті қауымдастық бекіткен ауылдың даму жоспарының негізінде қалыптасады. Бюджеттің жобасының өзі жергілікті қауымдастықпен талқылуы тиіс. Коммуналдық меншікті басқару да солай. Мен жоғарыда айтып кеткендей, аудан бюджетінен ауыл деңгейіне бір нысандарды коммуналдық меншік балансына алу үшін өткізу жағдайлары болады. Бұл мәселе жергілікті қауымдастықпен келісу бойынша ғана берілетін нысандар тізімі ретінде заңмен анықталған. Яғни, егер жергілікті қоғам қарсы болса, онда өткізу жүзеге асырылмайды.

Жүргізуші. Таяу уақыттан бері әкімдер әкімшіліктік айыппұлдар сала алады. Оларға бұл құзірет не үшін берілді және ол немен байланысты?

А. Байтүкенова. Біріншіден, бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың табыс көзі. Екіншіден, елді-мекендердегі тұрғындардың санасын өзгерту және тәртіп. Егер елді-мекендердің жағдайы, санитарлық нормаларды бұзу үшін жинақты алсақ, ол әкім үшін құқық бұзушылықтардың алдын-алу болып саналады. Мемлекет қоқысты жинау мен шығаруға біршама қаражат бөледі. Ауылдық округтың әкімі xалыққа ең жақын адам ретінде әкім жүзеге асыратын барлық шығындар жергілікті тұрғындардың салықтары есебінен екенін түсіндіруі қажет. Бұл шығындарды басқа тиімді шараларға жіберген дұрыс емес пе, мысалы – балалар алаңының құрылысына немесе жол салуға. Біз ақырындап жауапты қоғамды қалыптастыруға бара жатырмыз.

Жүргізуші. Бұл әкімдер өз жағдайларын қасақана пайдалануға әкеп соқпай ма?

А. Байтүкенова.  Бұл әкімнің салық жинаудағы қызығушылығы мен белсенділігін арттырады. Егер бізде 9 айға табыстардың түсу жоспары 16,6 млрд теңге болса, бүгінгі күні асып орындау 20% құрады. Әкімдер қасақана билікті пайдалана алмайды, себебі олар айыппұл сала алатын белгілі бір стандарттар мен нормалар бар.

Жүргізуші. Сізге бүгін біздің студиямызға келіп, осындай қызықты ақпаратпен бөліскеніңізге үлкен раxмет! Мен сіздерге бүгін бюджеттің төртінші деңгейін енгізу мәселесін талқылағанымызды және қонақта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Аймақтарды талдау және бағалау департаментінің директоры Анар Байтүкенова болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

 

`