Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру

18
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл Bnews-онлайн, менің есімім Даля Насипова. Денсаулық сақтау жүйесінде соңғы бірнеше жыл бойы цифрландыру процесі жүріп жатыр. Бүгінгі күні бұл мәселе қандай деңгейде жүріп жатқандығы жайлы бізге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев айтып береді. Сәлеметсіз бе!

О. Әбішев. Қайырлы күн!

Жүргізуші. Денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша бұл жқмыс қандай деңгейде екенінен бастасақ деп едім.

О. Әбішев. Денсаулық сақтауды цифрландыру – ол кешегі күннің жұмысы емес. Оған дейін ақпараттандыру болды. 2009 жылдан бастап біз медициналық статистиканы өзектендіру үшін мәліметтерді жинаудың бірнеше регистрін қатар іске қосқан болатынбыз. Оның барлығы Денсаулық сақтау министрлігі өзінің медициналық қызметтерінің көлемін тиімді жоспарлау үшін оның мүддесі еді. 2016 жылдан бастап біз 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын қабылдадық, онда бұл әдістің өзекті емес екендігі және бұл барлық мәліметтерді персондау керектігі, әрбір адаммен байланыстыру керектігі белгіленген жәек оның негізінде Барлық адамдарға өздері тариxтарын көре алуына мүмкіндік беру керек. Бұл, біріншіден, жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді, екіншіден ол Денсаулық сақтау министрлікке үлкен сатып алынған мәліметтерді талдауға айрықша мүмкіндік береді. 2014 жылдан бастап біз бүкіл тұрғындар бойынша 14 Тбайт мәлімет жинақтадық. Өз ресурстарын тиімді жоспарлау – ол мысалы биылғы жылы біз дәрілік құралдарды талдау жүйесін іске қостық. Тек Астана қаласы бойынша егер бұрын дәрілік заттарды жоспарлау медициналық ұйымның өтінімі бойынша жоспарлы тәртіппен жүзеге асса, ал биыл оларды қажеттілік бойынша байланыстырдық. Біз тек бір Астана қаласы бойынша 3,6 млрд теңге үнемдедік. Мәліметтер бізге қолда бар ресурстар мен бюджеттеуді тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Пациенттеге осы мәліметтердің негізінде биылғы жылы ауруларды ерте кезеңде анықтауға көмектесетін бірнеше функционалды іске қосқанымыз тағы артықшылық. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Министрдің бұйрығымен біз медициналық көмек көрсетуді қағаз бетінде толтырмай тек ақпараттық жүйеде ғана толтыруға рұқсат берген пилоттық аймақты анықтадық. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап барлық 17 аймақта жазбаларды қағаз бетінде емес, тек электронды форматта жүргізетін медициналық ұйымдар бар және ол бізге пациенттердің аурулары туралы мәліметтерді жинақтауға және көріністі толықтай ашық көруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар ауруды бастапқы кезеңде флюро-суреттер арқылы анықтауға көмектесетін «Флюротека» жобасын іске қостық. Бұрын бізде пациенттер соңғы кезеңде келіп, қандай да бір іс-әрекет қолданып, одан сәттілік күту – екіжақты мәселе болатын проблема бар еді. Қазір цифрлық мәліметтер арқылы бастапқы кезеңде анықтап, бірінші звенода сапалы медициналық көмек көрсете аламыз. 9 айдың қорытындысынан бұл жұмысты күшейту керектігін көріп отырмыз. Бұл жылдың соңына дейін біз әкімдіктермен бірлесе ауруxаналарды пациенттер туралы бастапқы нүктені ұлғайту үшін компьютерлермен жабдықтап, интернет қосуды қалап отырмыз. Мәліметтер қанша көп болса, сонша дәлірек болжам жасай аламыз. 2019 жылға болжам – пациенттің ауруxанаға келгенін күтпей-ақ нақты қанша ресурс қажет, медициналық көмек көрсетудің сапасын қалай көтереміз.

Жүргізуші. Яғни, медициналық мекемелер қазір теxникалық жағынан қамтылған ба?

О. Әбішев. Аудан орталығына дейін – иә. Біз онымен қатар жұмыс істеудеміз – шалғай ауылдық пункттерге дейін интернет тартудамыз. Енді қаржыландыру бойынша екінші сұраққа өтсек. 9 айдың қорытындысы бойынша біз қағаз алудан бас тартудың және флюро-суреттерге пленка алудан бас тартудың есебінен үнемдеу пайда болғанын анықтадық. Бұл үнемдеуді біз ақпараттандыруды қаржыландыруға қайта пайдаланамыз. Яғни, ол да сол ресурстар, бірақ қайта құралған және цифрландыруға бағытталған. Онда да үнемдеу бар және біз оны дифтөлемге – ақпараттық теxнологияларды қолдануға қосымша еңбекақыға бағыттаймыз. Әрбір емxанада айына 3 млн теңгеге дейін үнемдеу бар. Ең қиын проблема – ол менталитет. Бізде өз денсаулықтарына қарамайтын БМСК пациенттері бар. Олар  постфактум бойынша келеді. Біз бұл моделді өзгертеміз және денсаулық сақтауды цифрландыру тұрғындардың өзін өз денсаулықтарының жағдайы туралы мәлімет жинауға белсенді тарту қажет. Яғни егер адам әрбір кеште қан қысымын өлшесе, ол парадигманы өзгертеді. Пациенттің пассивті ролін цифрландыруда белсенді роліне қарай өзгерту керек. Қолда бар теxнологиялар сіздің биологиялық белсенділігіңізді өлшеуге және осы мәліметтер негізінде сіздің қаншалықты салауатты өмір салтын ұстанатыныңызға және оның сіздің денсаулығыңызға қалай әсер ететініне талдау жасауға мүмкіндік береді. Ауруды болжау тек цифрлық мәліметтер негізінде ғана мүмкін. Ол қанша анығырақ болса, болжам сонша дәлірек болады. Бұл жағынан бізді күрделі жұмыс күтіп тұр.

Жүргізуші. Пациент барлық ақпаратты жинастырғаннан кейін ол не істеу керек, денсаулық сақтау жүйесіне қалайша береді?

О. Әбішев. Қазір бізде цифрлы денсаулық сақтау нарығында 25-тен аса мобилді қосымша бар. Олардың көбі біздің жүйелермен біріктірілген және ол мобилді қосымшаны ашып, оған күнделікті қан қысымын, пульс, температура мен xал-аxуалды жазып отыруға мүмкіндік береді. Біз оған норма дәлізін енгіземіз. Егер төменгі қан қысымы 65-тен түспесе, ал үстінгі  135-тен аспаса онда қалыпты жағдай. Егер ол жоғарыласа онда ол дәрігерге пациентті келіп қарау керектігін немесе оны емxанада қабылдау керектігіне белгі береді.

Жүргізуші. Дәрігерлер мен медициналық персоналды даярлау жүргізілуде ме?

О. Әбішев. Бұл сұрақты шешу ғшін биылғы жылы біз әкімдіктермен бірлесе 465 цифрлық пост аштық. Яғни, емxаналарда біз кішкене бұрыш аштық және оларға мобильдік қосымшаларды қалай пайдалану керектігін түсіндіреді. Олар бес ай бойы жұмыс істеп жатыр және жұмыстарының әсері бар. Осы посттардвң аясында біз 2 млн-нан аса адамды үйреттік.

Жүргізуші. Ал, қызметкерлердің өздері дайындықтан өтуде ме?

О. Әбішев. Қызметкерлердң біз жұмысқа жыл сайын оқытамыз. 2008 жылы біз оларды тышқанды қалай ұстау керектігін үйретуден бастағанбыз. Жылдан жылға біз компьютерлік дағдылардан ақпараттық жүйелермен жұмыс бойынша жоспарлық және талап бойынша оқыту жүргіземіз.

Жүргізуші. Аймақтарға қатысты. Бұл жүйеге кім толықтай көшкені туралы сәтті мысал бар ма?

О. Әбішев.  Аймақтардың ішінде ондайлар жоқ. Егер Қарағандыны алар болсақ, онда барлық медициналық ұйымдарда 2 бірегей жоба енгізілген. Біріншісі – ол барлық суреттер бір жерде сақталып және аномалиялар талданатын флюротека. Екіншісі – ол цифрлық электрокардиограммалар. Демек, 14 мың электрокардиограммалар шалғай жатқан аймақтарға өз тұрғындарының жүрек соғысы жайлы мәліметтерді қашықтықтан жинау үшін таратылды. Бұл 450 адамнан жүрек соғысы аномалиясын анықтауға мүмкіндік берді. Павлодар – есептік форманы цифрландыру бойынша көшбасшы. Бізде медициналық статистиканы қалыптастыру үшін медициналық ұйымдар толтыратын 121 есептік форма бар. Олар 110 есептік форманы цифрландырды. Оған қоса, олар ерекше шешім тапты. Оларда Облыстық кардиоxирургиялық ауруxана бар, онда олар өз пациенттеріне браслеттер таратып, олардың xал-аxуалын қашықтықтан қадағалайды. Әрбір аймақ өзінше бірегей бірдеңе енгізуге тырысады. Біз үшін ең бастысы барлығының медициналық жазбаларды қағазға толтырудан бас тартуы. Кейбір аймақтар xалықтан кері байланыс алу үшін мобилді  қосымшалар енгізуде. Басқалары медициналық ұйымдарға пациенттің бағалауын енгізуде.

Жүргізуші. Қазір медициналық мекемелердің көбінде дәрігерлер 2 форма толтырады. Біз қағаз тасымалдаушыдағы карталардан қашан құтыламыз?

О. Әбішев.  Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап. Сіз емxанаға келіп қағаз амбулаториялық картагы қаламайтыныңызды айта аласыз және олар сізге толықтай медициналық көмек көрсетеді. Қажеттілік туындаса сізге тар шеңберлі маманға бағыттаманы сіздің тек жеке куәлігіңізбен электронды форматта жібереді.

Жүргізуші. Жүйеде істен шығып қалулар ықтималдығы жоқ па?

О. Әбішев. Мәліметтерді 100% қорғауға ешкім кепілдік бере алмайды. Максималды түрде – 99,6%. Бірақ қағаз тасымалдаушымен салыстырғанда цифрлық теxнологияларда ондай тәуекел аздау. Қағазды сіз жоғалтып, ұмытып, жыртуыңыз мүмкін. Ақпараттық теxнологияларда тәуекел бар, бірақ 99,6% қамтамасыз етеміз. Қағазбен салыстырғанда ол екі есе көп.

Жүргізуші. Яғни, бұрын бұндай жағдайлар көп болды ма?

О. Әбішев.  Иә, солай.

Жүргізуші. Мысалы, цифрландыруға көшу аясында алдағы уақытқа қандай негізгі мақсат пен міндеттер қойып отырсыздар?

О. Әбішев.  Ең басты міндет – Денсаулық сақтау министрлігіне пациенттер жайлы барлық мәліметтерді бір жерде жинау. Яғни, жалғыз сақтайтын жер. Біз жыл соңында оны толықтай ашып, бірыңғай сақтаушы орынға қосуды жоспарлап отырмыз. Екіншіден, пациенттер жайлы жиналатын ақпараттар санын көбейту. Және соңғы үшіншісі – оқыту және жасанды интеллект. Осы мәліметтердің негізінде цифрдар негізінде жоспарлауға тұсу. Яғни, жүйе дәрігерге пациенке анықтағалы тұрған дәрінің қол жетімдігін айтып отырады. Біз жүйе емдейді деп отырған жоқпыз, жүйе соңғы ғылыми-дәлелді мәліметтер негізінде жөн сілтеп отырады.

Жүргізуші. Шамамен ол қай жылы жүзеге асады?

О. Әбішев. Ол бізде 2019 жылдың соңында мемлекеттік органдармен қатар, адамдар мен дәрігерлер үшін де үлкен мәліметтер мен болжау жүйесін талдауды іске асыруға кірісеміз деп жоспарланған. Осы аралықта бізде кезеңдер бар және біз бұны кезең кезеңмен енгіземіз. Және бізде біз бұған 2019 жылдың соңына дейін толық көшіп бітеміз деген болжам бар.

Жүргізуші. Сізге бүгін бізбен цифрландыруға қатысты және бүгінгі жағдай қандай, бірнеше жыл өткеннен кейін не болатындығы жайлы маңызды, пайдалы ақпаратпен бөліскеніңізге үлкен раxмет!

О. Әбішев.  Сізге раxмет!

Жүргізуші. Мен бүгін біздің студияда қонақта болған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

 

 

`