Электрондық еңбек биржасы туралы

364
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл Bnews-онлайн, менің есімім Даля Насипова.  Біздің бүгінгі шығарылымымыз электронды еңбек биржасына арналады. Осы жайлы толығырақ, ол не үшін құрылды және ол қалай жұмыс істейтіні жайлы бүгін бізге «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті Ербол Оспанов айтып береді. Сәлеметсіз бе!

Е. Оспанов. Қайырлы күн!

Жүргізуші. Ербол, Электронды еңбек биржасы қашан және қандай мақсатпен құрылғаны жайлы айтып беріңізші.

Е. Оспанов. «Электронды еңбек биржасы» порталы 2018 жылы 1 қаңтарда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында іске қосылды. 2018 жылдың соңында біз бірнеше аймақтарда пилотты іске қостық.

Жүргізуші. Электронды биржа деген не?

Е. Оспанов. Электронды еңбек биржасы – ол жұмыс берушілерге өзіне жұмыскер іздеуге және іздеушілерге лайықты жұмыс табуға және еңбек шарттарын жақсартуға арналған өзінше бір экожүйе.

Жүргізуші. Демек, ол жерде вакансиялар табуға болады ғой?

Е. Оспанов. Барлық жұмыс берушілер өзіне қажетті жұмысшыны табуына және кез келген Қазақстан Республикасының азаматы Enbek.kz порталына жүгініп, өзіне лайықты жұмыс табуына болады.

Жүргізуші. Жұмыспен қамту орталықтары мен электронды еңбек биржасы арасында әріптестік қалай жүзеге асырылады?

Е. Оспанов. Бұл екі бөліктен тұратын бірыңғай экожүйе. Бірінші бөлігі – ол портал, екінші бөлігі – ол Жұмыспен қамту орталықтарының жүйесі болып табылатын Еңбек министрлігінің «Еңбек нарығы» деп аталатын ақпараттық жүйесі. Сәйкесінше, жұмыс іздеу туралы өтінішпен Жұмыспен қамту орталығына жүгінген кез келген азаматтың түйіндемесі автоматты түрде Электронды еңбек нарығы порталына түседі. Ниеті бар жұмыс беруші оны жұмысқа алуына болады.

Жүргізуші. Қандай мамандықтар көбірек қажеттілікке ие?

Е. Оспанов. Бүгінгі күні талдау қажеттілікке ие мамандықтардың екі тобын көрсетеді. Бірінші – төмен квалификациялы және жоғары білімді талап етпейтіндер, екіншісі – жоғары квалификациясы барлар. Егер жоғары квалификациялы мамандықтарды алса, ол бірінші кезекте, медициналық жұмыскерлер, IT сфера қызметкерлер, электронды коммерция қызметкерлері, мектепке дейінгі білім тәрбиешілері, мұғалімдер. Онымен қоса, біз өз жұмысымыздың аясында талдау жасаймыз. Жұмыс іздеушілер тарапынан ұсыныс болып, бірақ жұмыс берушілер тарапынан сұраныс болмауы мүмкін. Ол көбінесе құқық саласы және қаржы саласында.

Жүргізуші. Жыл басынан бастап электронды еңбек биржасының арқасында қанша адам жұмысқа орналасты?

Е. Оспанов. Жыл басынан бері Электронды еңбек биржасы арқылы 360 мың шамасында адам жұмысқа орналысты.

Жүргізуші. Бүгін жұмыссыздық бойынша жағдай қалай? Қанша адам жұмыс қажет етеді?

Е. Оспанов. Статистика бүгін еліміз бойынша жұмыссыздық деңгейі  4,8% екенін көрсетеді. Бұл шамамен 400 адам. Сонымен бірге. Бүгін Электронды еңбек биржасы порталында жұмыссыздар ретінде шамамен 200 адам тіркелген. Тіркелмеген бірақ жұмыс іздеп жүрген тұлғалар да бар.

Жүргізуші. Бұл жүйе жұмыс берушілер мен іздеушілерге арналған алаңнан басқа қандай функция атқарады?

Е. Оспанов. Иә, оның бірнеше функциясы бар. Негізгілердің бірі – ол қайта даярлау. Ол түлектер немесе мектептің жоғары сынып оқушылары қандай мамандықты таңдауды білмейді, оларға арналған Электронды еңбек биржасы порталында арнайы тест әзірленген. Ол жерде оған қандай мамандық жақын екенін сілтей алады. Одан басқа, порталда мамандықтар бойынша, экономика секторлары бойынша орташа еңбекақы, статистика, аналитика жүргізіледі.

Жүргізуші. Тестілеуде қандай сұрақтар бар? Адамға не жақын екенін қалай білуге болады?

Е. Оспанов. Әлемде бірнеше ондаған тесттер бар. Біз, әрине, біздің шарттарымызға келетін халықаралық тәжірибені қолдандық. Ол тест күн сайын дамуда. Бірінші қарағанда сұрақтар қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйе адамға келетін мамандықты анықтайтын ақпаратты шығарып алуға құрылған. Ол біршама күрделі тесттер және олар тегін. Ол қызметті көптеген адамдар қолданды.

Жүргізуші. Электронды еңбек биржасының жүйесі Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына қалай да әсер ете ме? Оны енгізгеннен кейін не өзгерді?

Е. Оспанов. Бүгінгі күні Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуге жүгінген адамдар саны азайды. Біріншіден, адам Электронды еңбек биржасына жүгіне алады. Одан басқа, Жұмыспен қамту орталықтарында әрбір ниет білдіруші өзіне қажетті жұмысты іздей алатын өз-өзіне қызмет көрсету зоналарын құрдық. Ол Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне ауыртпалықты азайтты.

Жүргізуші. Яғни, цифрландыру толыққанды жүріп жатыр деген сөз. Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын жетілдіру мақсатында осыған ұқсас қандай да бір инструменттерді ендіру жоспарланып отыр ма?

Е. Оспанов. Иә. Биылғы жылы e-Gov порталы арқылы баламалы көз ретінде сервисті іске қостық. Адам e-Gov  арқылы жұмыс іздеу үшін өз құжаттарын бере алады. Ол мәліметтер Жұмыспен қамту орталықтары мен Электронды еңбек биржасына келіп түседі. Демек, біз көздерді кеңейтіп жатырмыз. Бұдан басқа, бүгінгі күні Электронды еңбек биржасы порталына бес интернет алаң біріктірілген. Ол азаматтарды жұмыспен қамтуға жұмыс істейтін ресурстар. Одан басқа шамамен 50 жеке агенттік және 5 БАҚ біріктірілген. Біз көздерді кеңейтудеміз. Бізде мәліметтерді өзара алмастыру толықтай жүріп жатыр.

Жүргізуші. Ол процес еңбек ақы деңгейіне қалай әсер етеді? Егер адам, мысалы Электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасса?

Е. Оспанов. Әрбір жұмыс беруші қызметкер іздегенде белгілі бір талаптарды қояды. Содан кейін еңбекақы бойынша талаптарды көрсетеді. Жұмыс іздеуші де жұмыс іздеген кезде өзі қалаған еңбекақы көлемін көрсетеді. Сәйкесінше, жүйе қажетті еңбекақы көлемін таңдауға мүмкіндік береді. Әдетте, еңбекақы көлеміне әңгімелесу әсер етеді. Бізде онлайн-сұқбаттасу, жазып сөйлесу және телефонмен сөйлесу ұйымдастырылған. Егер жұмыс іздеуші жұмыс берушінің талаптарына сай келсе, жұмыс беруші оған қандай еңбекақы тағайындайтыны жайлы шешім қабылдайды.

Жүргізуші. Орташа есеппен алғанда сайтта бос орындар көп бола ма?

Е. Оспанов. Бүгінгі күні өзекті бос орындар еліміз бо      йынша шамамен 40 мыңдай. Ал түйіндемелер шамамен 100 мың. Күнделікті бізде ол мәліметтер өндірісте қолданылады. Біз бұл мәліметтерді Электронды еңбек нарығын дамыту үшін қолданамыз. Осы талдау арқылы біз себептерді іздейміз, одан кейін барып белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізу үшін және оны жетілдіру үшін қажетті шараларды қолданамыз.

Жүргізуші. Қазір бізде жұмыссыздық деңгейі 4%. Егер былтырғы жылмен салыстырғанда, жұмыссыздар саны өсті ме әлде кеміді ме?

Е. Оспанов. Төмендеу тенденциясы байқалады. 2017 жылы шамамен  5% болды. Оған қоса, бізде жастардың жұмыссыздығы төмендеуде. Былтырғы жылы ол шамамен 4,2% болса, бүгінгі күні ол көрсеткіш 3,7%. Ол да Электронды еңбек биржасының жұмысы. Жастар компьютерлік жағынан сауатты, оларға порталға кіріп, жұмыс іздеу ыңғайлырақ. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бізде жастарды жұмыспен қамтудың белгілі бір бағыты бар. Сәйкесінше, жастар жағы жүгінуде және жұмысқа тұруда.

Жүргізуші. Сонымен қатар Жастар тәжірибесі бағдарламасы болды. Ол әлі күнге дейін қолданыста ма?

Е. Оспанов. Иә. ЖОО бітіргеннен кейін өте көп жастар жүгінеді. Алты ай тәжірибеден кейін көп жағдайда, жұмыс беруші ол кадрларды өздеріне алады.

Жүргізуші. Мен қателеспесем, қандай да шарттары бар?

Е. Оспанов. 6 ай бойы еңбекақы мемлекеттен төленеді. Ол Бағдарлама аясында бекітілген белгілі бір ең төменгі еңбекақы деңгейі. Бүгінде жаңа университет бітірген түлектердің жұмыс табуы проблема, себебі жұмыс беруші білім мен жұмыс өтілін талап етеді. Жастар тәжірибесі түлектерге тәжірибе, дағды жинауға және ары қарай жұмысқа тұруға көмектеседі.

Жүргізуші. Жақын болашаққа жастармен және жұмысқа тұрмаған азаматтармен жұмыста тағы жаңа бағыттарды енгізу жоспарлануда ма?

Е. Оспанов. Біз қазанның соңында ондай механизмді іске қостық, ол жұмысқа тұрғызу жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы жүзеге асырылады. Жеке бизнес жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызуға ат салысуда. Мемлекет бекіткен белгілі бір тарифтер бар және әрбір жұмысқа тұрғызылған тұлға үшін жеке жұмыспен қамту агенттіктері мемлекеттен компенсация алады. Ол Электронды еңбек биржасы порталында хабарландыру жарияланады және ниет білдіруші жеке жұмыспен қамту агенттіктері тіркеліп, қатыса алады.

Жүргізуші. Бүгін бізбен Электронды еңбек биржасы жайлы және жалпы Қазақстандағы жұмыссыздық жайлы ақпаратпен бөліскеніңізге үлкен рахмет. Мен сіздерге бүгін қонақта болған «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті Ербол Оспанов екендігін естеріңізге сала кетіңіз. Сау болыңыздар!

 

`