Еуропалық реконструкция және даму банкінің кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы

23
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бірнеше жыл бойы Еуропалық қайта құру және даму банкі қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Отандық бизнестің ірі инвестордан қандай қолдау алатыны жайлы бүгін бізге Еуропалық қайта құру және даму банкінің аналитигі Айымгүл Төлегенова айтып береді. Сәлеметсіз бе!

А. Төлегенова. Сәлеметсіз бе, Даля!

Жүргізуші. Қазақстанда Еуропалық қайта құру және даму банкі қашаннан жұмыс істейтіні жайлы айтып бересіз бе?

 А. Төлегенова. Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанда 1992 жылдан бастап қызмет етеді. Егер шағын және орта бизнес субъектілері, кәсіпкерлерді қолдау бойынша айналысатын топ жайында айтар болсақ, онда ол 2001 жылдан бастап.

Жүргізуші. Қазір қазақстандық кәсіпкер қандай нақты қолдау ала алады?

А. Төлегенова. Егер бағдарламалар бойынша жекелеп айтсақ, онда қазіргі уақытта бізде 4 бағдарлама жұмыс істейді. Бұл жергілікті консультанттардан кеңестер тарту бойынша бағдарлама.  Халықаралық салалық сарапшыларды тарту арқылы кеңес алу бар, «Бизнестегі әйелдер» деген белсенді бағдарлама бар, сонымен қатар жеке донорлардың қатысуымен бағдарлама бар. Мен бастаушы кәсіпкерлерге арналған бағдарламаның координаторы бодып табыламын.

Жүргізуші. Бастаушы бизнесмендерге арналған бағдарлама  жайында толығырақ айтып бересіз бе?

А. Төлегенова. Бастаушы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама тек келесі аймақтарда - Батыс Қазақстан облысы мен Астана қаласында ғана жұмыс істейді. Демек, Орал қаласы мен Астана қаласында. Бағдарламаны ерікті әлеуметтік инвестициялар аясында  «Shell Kazakhstan» компаниясы қаржыландырады. Барлық 4 бағдарламаны консультанттарды тартуға бөлінетін гранттар біріктіреді. Біз консультанттарды тартуға кеткен шығындардың 50%-дан 75%-на дейін қайтарамыз. Яғни, біз қайтарымсыз негізде гранттар бөліп қана қоймай, сондай-ақ консультанттар таңдауға да көмектесе аламыз. Бізде жергілікті және Таяу шетелден (Ресей, Белорусь және Украина) өте үлкен консультанттар базасы бар. Сонымен бірге, біз кәсіпкерлерге теxникалық тапсырма құруға көмектесеміз, ол жұмыс көлемі, шарты, жұмыс кестесі, баға қалыптасу жайлы ақпарат кіретін жоба жайлы паспорт десе де болады. Біз жоба сәтті өтуі үшін мониторинг жасаймыз және бір жыл өткен соң жобаның тиімділігін бағалаймыз. Жоба аяқталғаннан кейін біз бұл ақшаны грант түрінде қайтарамыз.

Жүргізуші. Яғни, гранттар тек бизнесті дамытуға ма?

А. Төлегенова. Иә, дұрыс айтасыз.

Жүргізуші. Бағдарлама неліктен тек Батыс Қазақстан облысы мен Астанада жүзеге асырылады? Од немен негізделген?

А. Төлегенова. Егер осы бастаушы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама жайлы айтсақ, себебі бағдарлама доноры  «Shell Kazakhstan» болғандықтан. Батыс Қазақстан облысында олардың бірнеше нысандары бар және штаб-пәтері Астана қаласында. Негізінде бұл бағдарлама басқаларынан немен ерекшеленеді? Ол бастаушы кәсіпкерлерге арналатындығымен және біздің жаңашылдыққа көп көңіл бөлетіндігімізбен. Егер, мысалы нарықта ол өнім немесе қызмет жоқ болса және кәсіпкер оны нарыққа әкелсе, онда ол жаңашылдық болып саналады. Бұл өнімді көбі естуі мүмкін, бірақ ешкім оны Қазақстанға әкелмеген. Консалтингтің мәні ол осы өнімді немесе қызметті әкелгенде жатыр және оған осы өнімді жылжыту керек немесе стратегия құру қажет. Ол осы өніммен ары бару үшін оған маркетингтік зерттеу жүргізу қажет. Ол үшін бұл қалай жасалатынын білетін және жалпы тиімділігін қалай бағалауды білетін сыртқы консультант жалдау қажет. Сондай-ақ, өнім аккредитациядан өткен болуы үшін сапа менеджменті стандарттары енгізілуі мүмкін. Оның бәрі консалтинг. Біз кәсіпкерлерді олар бизнестеріне қандай да бір құндылық қоса алатын немесе бір міндетті шешетін консультанттарды қолдануға ынталандырамыз.

Жүргізуші. Барлығы қанша грант бөлінген?

А. Төлегенова. Егер бастаушы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама жайлы айтар болсақ, біз 2013 жылдан бастап 43 кәсіпкерге қолдау білдірдік. Ол үшін 266 мың евро бөлінді. Егер жеке кейстер туралы айтсақ, мысалы қазір жоба соңғы аяқталу кезеңінде. Ол біршама дәстүрлі бизнес -ол дәріxаналар, бірақ Астананың бәсекелес нарығына шығуға ұйғарған. Олар бірегей әдіспен виртуалды-дәріxаналық сөрелер орнатуды шешті. Ол заманауи дәріxаналық өнімдер бойынша жолсерік сияқты құрылғы. Мысалы клиент келді де, оны қан қысымын өлшейтін құрылғы немесе бір медикамент қызықтырады. Фармацевтті мазаламау үшін немесе оның болғанын күтпеу үшін ол барып осы өнімді таңдап, нұсқаулығын оқып, ол өнімнің бар-жоғын біле алады. Осылайша фармацевтте басқа клиенттерге қызмет көрсетуге уақыт пайда болады, ал клиент медикамент жайлы толық ақпарат ала алады. Ол үшін кәсіпкер-әйел консультант тартты. Егер жобаның құны 7 млн теңгеден аз болса, біз 3 млн теңгеден көбін жаба аламыз.

Жүргізуші. Сіздерге қолдау алу үшін кәсіпкерлер жиі жүгіне ме?

А. Төлегенова. Егер тағы бастаушы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама жайлы айтсақ, биылғы жылы бізге 5 кәсіпкер жүгінді. Бұл жерде немесе кәсіпкер өзі келеді, немесе консультант өзі гранттық бағдарлама барын айтып кәсіпкерді әкеледі. Кейде кәсіпкер консультантты өзі тауып, оған бір тапсырманы енгізу қажет болатын жағдайлар болады. Егер мысалы, онда қаржылық қиындықтар болса, онда гранттық бағдарлама ол үшін өте жақсы мүмкіндік болып табылады.

Жүргізуші. Бизнесті дамытуға алуға болатын гранттың ең үлкен соммасы қандай?

А. Төлегенова. Біздің үлесіміз 10 мың евроға дейін.  50%-дан 75%-ға дейін ол гранттық сомманы пайдалана алады.

Жүргізуші. Басыңқы бағыттар бар ма?

А. Төлегенова. Бастаушы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама аясында негізгі фокус ол жаңашылдық болып есептеледі. Егер талаптарға келсек, компания тіркелген болуы керек және нарықта 2 жылдан көп жұмыс істеуі қажет.

Жүргізуші. Еуропалық қайта құру және даму банкі тағы қандай жобаларды жүзеге асырады?

А. Төлегенова.  2001 жылдан бастап біз кәсіпкерлерді қолдау бағытында әртүрлі құралдарды ұсынамыз. Ол тек гранттық бағдарламалар ғана емес, сондай-ақ тренингтер. Ол кәсіпкерлерге кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыратын тренингтер. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында біз биыл 3 тренинг өткіздік, олардың аясында кәсіпкерлер өздерінің бизнес-идеяларын шоғырландырды. Содан кейін, олар кәсіпкерлік дағдыларын қайрады. Тренинг финалында олар қаржы институттарына барып ақша ала алатын бизнес-жоспарларын алады.

Жүргізуші. Яғни, бизнесті басынан бастау үшін консультативті қолдаудың бір түрі ме?

А. Төлегенова. Дұрыс айтасыз. Сонымен қатар, бізде консультанттарға арналған тренингтер бар. Бастаушы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама аясында кәсіпкерлер үшін жақсы мүмкіндік бар – олар Shell LiveWIRE жаһандық бағдарламасына қатыса алады, ол «Top Ten Innovators» деп аталады. Олар осы байқауға қатысып, бизнесті дамытуға 20 АҚШ долларына дейін ала алады және Лондонға Жаһандық кәсіпкерлік апталығына бара алады. Бұл байқауға бағдарламаның қатысушысы ретінде бүкіл әлемнен кез келген қатыса алады. Бұл тек біздің нарықта ғана емес, xалықаралық деңгейде танымал болу үшін тамаша мүмкіндік.

Жүргізуші. Біздің елімізден қатысушылар болды ма?

А. Төлегенова. Қатысты, бірақ әзірге ешкім ұтып көрген жоқ. Қатысушылар қаншалықты көп болса, Top Ten тізіміне ену мүмкіндігі соншалықты жоғары болады.

Жүргізуші. Сіз әйелдер кәсіпкерлігі бағдарламасы бар деп айттыңыз. Сол жайында толығырақ айтасыз ба?

А. Төлегенова. «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы кәсіпкер-әйелдерге арналған. Бұл компанияда басшылық лауазымын алатын кәсіпкерлер. Біз бұл бағдарламамен шығындардың 60% жабамыз. Бағдарлама Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Оны біршама әйелдер қолданады. Сонымен бірге, біз әйелдер бизнесін жылжытумен байланысты мемлекеттік және мемлекеттік емес қауымдастықтармен белсене жұмыс істейміз.  Бұл бағдарлама аясында тәлімгерлік бойынша бағдарлама бар. Өз ісін шыр көбелек айналдырып алып, басқа бастаушы кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға көмектесетін бизнесмен-әйелдер бар. Біз олардың арасындағы оператор боп саналамыз.

Жүргізуші. Еуропалық қайта құру және даму банкі кәсіпкерлікті дамытуға жылына қанша қаражат бөледі?

А. Төлегенова. Егер бастаушы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама жайында айтсақ, 2013 жылдан бастап бір миллион евроға жуық бөлінді.

Жүргізуші. Бүгін Еуропалық қайта құру және даму банкі көрсететін қолдау шаралары туралы айтып бергеніңізге раxмет. Мен бүгін бізде қонақта Еуропалық қайта құру және даму банкінің аналитигі Айымгүл Төлегенова болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

 

`