Халықаралық балалар күні

379
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. 20 қарашада бүкіл әлем Біріккен Ұлттар Ұйымы негіздеген «Балалар күні» мерекесін атап өтеді. Оның мәні  мен бүгін еліміздің кішкене азаматтары қандай қиындықтармен жолығып жүргендігі жайлы бізге бүгін Қазақстандағы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының төраға орынбасары Вероника Ващенко айтып береді. Сәлеметсіз бе, Вероника!

В. Ващенко. Қайырлы күн!

Жүргізуші. «Балалар күні» деген не және оның тарихы жайлы біраз айтып бересіз бе? Оны неге тойлай бастады және неліктен?

В. Ващенко. Әлемде 2 млрд.-тан астам бала өмір сүреді.  5 млн.-нан астамы Қазақстанда тұрып жатыр. Бүкіләлемдік бала күні 1989 жылдан бастап тойлана басталды. Осы 20 қарашада БҰҰ Бала құқығы туралы конвенциясына қол қойылған болатын. Содан бері жыл сайын жер жүзінде ұйымдар мен адамдар балалар құқығын қорғау проблемаларына көңіл аудару үшін және осы проблемаларды шешуге күш біріктіру үшін Бүкіләлемдік бала күнін тойлайды.

Жүргізуші. Әлемде және бізде Қазақстанда бұл күн қалайша тойланады?

В. Ващенко. Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ балалар қоры әлемнің 190 елінде, оның ішінде 1994 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істеп келеді. Әлемде өткізілетін іс-шаралар алуан түрлі. Заңнамаға әсер ететін шешім қабылдайтын адамдармен шаралардан бастап балалар мен жастар өздері ұйымдастыратын флешмобтар мен шараларға дейін. Нақты Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласында 17 қарашада барлығын шақыратын ТЕДЕКС алғашқы жастар бағдарламасын өткіземіз. Біз қазір жастар жолығатын қиындықтар, қандай мүмкіндіктер бар және болашақтары қандай деген мәселелерді көтеретін көптеген қызықты спикерлерді күтіп отырмыз. 18 қарашада Астанада біздің ЮНИСЕФ-тің еркін ерікті елшісі және белгілі шахматтан әлем чемпионы Динара Садуақасова балаларға арналған блиц-турнир өткізетін болады. Барлық балаларды қатысуға шақырамыз. Сонымен бірге. 20 қарашада Алматыда біз белгілі танымал адамдармен, блогерлермен, журналисттермен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату тақырыбында кездесу өткіземіз. Өкінішке орай, бұл тақырып біздің елімізде әлі де өзектілігін жоғалтпай тұр және осылайша біз оған көңіл аударып, оны шешу үшін бірігіп барлығын жасауға тырысамыз.

Жүргізуші. Сонда да Қазақстанға бүгін қандай проблемалар өзекті? Біздің кішкене азаматтар қандай проблемаларға жиі ұшырайды?

В. Ващенко. Мен айтып кеткендей ЮНИСЕФ Қазақстанда 1994 жылдан бастап істейді. Біз осы проблемаларды шешу үшін Қазақстанның Үкіметімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Мысалы, денсаулық сақтау саласында жақсы прогрес бар. Мысалы, балалар өлімі тіпті екі есеге азайды. Материалдан балаға ВИЧ жұғуы тіпті нөлге жеткізілді. Балалар мүддесінде сот жүйесін реформалау бойынша және заңмен байланыста балалармен жұмыс бойынша өте жақсы прогрес бар. Дегенмен, өкінішке орай, кез келген елдегі сияқты ары қарай жұмысты  талап ететін бірқатар мәселелер қалып отыр. Мысалы, балаға деген қатал қатынас, ЮНИСЕФ мәліметі бойынша біз Адам құқығы бойынша құзіретті органмен бірлесе зерттеу жүргіздік және біздің зерттеу ата-аналардың 75% балаларына қатысты қол жұмсау әдістерін қолданады екен. Мен де анамын, менің де балам бар және мен кейде баламен арада орын алған дау-дамайдан шығу өте қиын екенін білемін. Сонда да, ғылыми зерттеулердің мәліметтері балалар үшін және олар өзін ұйымдастыруы үшін позитивті ата-аналық біршама жақсы әсер беретінін көрсетті. Тағы бір мысал – емшекпен емізу бар. Емшекпен емізілетін балалар санының позитивті өсіміне қарамастан, өкінішке орай, Қазақстанда 6 айға дейінгі жастағы балақандардың жартысынан азы ғана тек емшекпен емізіледі. Мен емшекпен емізу бала денсаулығы үшін өте маңызды екенін ата-аналарына ескерткім келеді. Ол олардың тек иммунитеті ғана емес, ол тек тамақ емес, сонымен бірге балаға дені сау және бақытты болып өсуге көмектесетін анасымен байланыс та.

Жүргізуші. Сіз себеп не деп ойлайсыз? Жартысынан көбі емшекпен емізбейді? Ол немен байланысты?

В. Ващенко. Мен жас ата-аналарға ақпараттық-ағарту қызметін жүргізу өте маңызды деп ойлаймын. Қазір бізде дәстүрлі БАҚ басқа, интернет және әлеуметтік желілер бар және ата-аналар кейде сындарлы ақпаратты пайдалана бермейді. Өте көп дебаттар туындайды. Кейде жас аналар өзінің сыртқы келбетіне алаңдайды. Мен бала үшін және оның денсаулығы үшін, сәтті дамуы үшін емшек сүті ең маңызды. Сондықтан, біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе және басқа да әріптестерімізбен бірге жас аналарды алғашқы алты айында баланы неліктен емшекпен емізу маңызды екендігі жайлы ақпаратты көбірек табуға шақырамыз.

Жүргізуші. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау туралы сұраққа. Қазір жағдай қалай?

В. Ващенко. Әртүрлі классификация бар. Біз қатыгездікпен қарау деген ол тек қол жұмсау ғана емес, сондай-ақ, психологиялық әсер ету де. Біз көбіне, өкінішке орай, орын алуы мүмкін шекті жағдайлар жайлы айтамыз, бірақ ата-аналар балаға деген психологиялық қысым да терең із қалдыратынына көңіл бөлуді сұраймыз. Қол жұмсаудан басқа, біз баламен қалай сөйлесу қажет, оған қиын жағдайлардан қалай шығуды үйрету, балаға өмірде дамыған және табысты болуы үшін психологиялық тұрғыда қалай көмектесу керектігі жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.

Жүргізуші. Ата-аналардың өзіне көмек қажет болатын жағдайлар көп болады. Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде?

В. Ващенко. Біздің міндет – көбіне балалар мен жастар, дегенмен ЮНИСЕФ қолдайтын реформалар аясында біз серіктестерімізбен бірге, алдымен мемлекетпен бірге ата-аналарға да көмектесуге тырысамыз. Ол жеңіл сұрақ емес, өкінішке орай, тәжірибеде ондай өзгерістер қысқа уақыт ішінде туындай қоймайды. Халықтың көп бөлігінің түсінігі қалыптасуы үшін жылдар өту қажет және тәжірибе қажет.  Сонда ғана біздің зерттеулер психологиялық және қол жұмсау арқылы қатыгездікпен қарауды сезетін балалар деңгейінің төмендегенін көрсетеді.

Жүргізуші. ЮНИСЕФ Қазақстанда тағы қандай бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр?

В. Ващенко. Қазақстанда инновациялық портфолио өте үлкен. Аймақтар деңгейінде бағдарламалар өте көп. Қазақстан жаһандық деңгейде де, аймақтық деңгейде де қызықты бағдарламалар жиынтығымен ерекшеленеді. Жақында біз Алғашқы санитарлық көмек бойынша жаһандық конференция аясында халықаралық хакатон өткіздік. Бізге Астанаға денсаулық сақтау сферасында технологиялық шешімдер іздеп жүрген жастары бар әлемнің көптеген елдерінен 35 топ келді. ЮНИСЕФ Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесе төтенше жағдайлар кезінде көмектесу үшін дрондар технологиясын қолдануды бастайды.

Жүргізуші. Ал қазір қолымызда не бар? Қазақстанда қай аймақтарда балалар жағымсыз өмір шарты жағдайында көбірек өмір сүруде?

В. Ващенко. Егер төтенше жағдайлар туралы айтсақ, біршама жақсы даярланған. Профилактика әрқашан да қажет. Балалар базалық ережелерді өте жиі біліп жатады, бірақ тәжірибе қажет. Іс-шараларды жиірек өткізу қажет.

Жүргізуші. Сөз соңында жоспарларыңыз туралы, бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қорының алдында тұрған негізгі мақсаттары туралы білгіміз келеді.

В. Ващенко. Біз болашаққа үлкен үмітпен қараймыз. Біздің ұлттық серіктестерімізбен кең жұмыс шеңбері бар. Мысалы, денсаулық сақтау сферасында біз қазір патронаждық жүйенің әмбебап моделін енгізуді жалғастырып жатырмыз. Осы күндері Халықаралық тәжірибе алмасу туры өтіп жатыр. Біз біздің жүйе қалай жұмыс істейтінін көрсету үшін, олар өз білімдерімен алмаса алу үшін Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және басқа жа елдерден мамандар алып келдік. Біз сонымен бірге, жастар мен жасөспірімдер бағытында да жұмыс істейміз. Жақында ғана Астанаға Премьер-Министрмен кездескен атқарушы директор келіп кетті және олар ЮНИСЕФ-тің жаңа бастамасы – «Шексіз мүмкіндіктер буыны» туралы сөйлесті. Біз келер жылы және одан кейінгі жылдары біз жастар мен жасөспірімдерге, оның ішінде оларға болашақта жұмыс табуға және табысты болуға көмектесетін дағдылар мен білім алуға бағытталған бағдарламамызды іске қосамыз деп үміттенеміз.

Жүргізуші. Демек, балаларға ғана емес, жастарға да көмек көрсетесіздер. Қай жас аралығында?

В. Ващенко. Әлемде 10-24  жас аралығында 1,8 млрд жас бар. Біздің пікіріміз бойынша бұл өте маңызды кезең. Жасөспірімдерде екінші декадада идеялар өте көп болады. Олардың өздерінің идеялары бар, сол сияқты шешуге болатын жолығатын проблемалары да бар. Десек те қоғам жастарға қолдау білдіруі қажет. Жастар – ол нағыз және оларға білім мен дағдыға ие болуларына қаншалықты көмектесе аламыз, олардың табысты, бәсекеге қабылетті болуы соншалықты байланысты.

Жүргізуші. Вероника, бүгін біздің студиямыздың қонағы болғаныңызға рахмет. Сіздер жүргізіп жатқан жұмыстардың бәрі ағымдағы жағдайға әсер етеді және біздің балалар бақытты болады деп үміттенеміз.

В. Ващенко. Рахмет!

Жүргізуші. Бүгін қонақта Қазақстандағы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының төраға орынбасары Вероника Ващенко болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

`