BNews.kz - Live - Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы

Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы

19
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Елімізде 8 жылдан бері Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы іске асып келеді. Ол қаншалықты жақсы іске асып жатқандығы туралы бүгін Қазақстандық индустрия дамыту институты Индустриаландыру бағдарламасының орталығының бас сарапшысы Самал Алашбаевамен сөйлесуді жөн көрдік. Сәлеметсіз бе, Самал!

С. Алашбаева. Қайырлы күн!

Жүргізуші. Бұл бағдарлама жалпы не үшін құрылғанын айтып бересіз бе? Және бүгін қандай мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлап отырсыздар?

С. Алашбаева. Индустриаландыру бағдарламасы – еліміздің экономикалық саясатының, экономикалық дамуының басымдылығы. Қазіргі уақытта индустриаландырудың екінші бес жылдығы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі міндеті басқы салаларды, оның ішінде өңдеу секторында сала құрушы ірі жобаларды іске асыру арқылы дамыту болып есептеледі. Неліктен осы өңдеу өнеркәсібі, неліктен бағдарлама осы өңдеу өнеркәсібіне шоғырланғанын атап кеткім келеді. Ол өңдеу өнеркәсібінің сыртқы өзгерістерге, сыртқы күштерге тұрақтырақ екендігімен және басқа секторлардың дамуына үлкен әсері барлығымен байланысты. Мысалы, xалықаралық зерттеулер өңдеу өнеркәсібінің 1$ табысына басқа саланың 1,33$ табысы келетінін дәлелдеген. Оның қалай әсер беретінін және мультипликативті әсерінің қандай екенін көріп отырсыздар ғой. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіне жұмысқа тұрған әрбір жұмысшыға басқа секторлардағы жұмысқа тұрған 4 жұмысшыдан келеді. Яғни, өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорын басқаша айтқанда теxнологияны дамыту және орнынының көшбасшысы деуге де болады. Ондай кәсіпорындардың айналасында жағымды инновациялық орта қалыптасады.

Жүргізуші. Бағдарлама 2010 жылы басталды. Отандық өндірісте, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде жағдай қаншалықты өзгерді?

С. Алашбаева. Сіз дұрыс айтасыз. Бағдарламаның өзі 2010 жылдан бастау алады және қазір екінші бесжылдық жүзеге асырылып жатыр. Біріншіден -мемлекеттік қолдау шаралары пысықталды, оларға Өндіріс – 2020, Жол картасы -2020 жатады. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес құралдары әзірленіп, енгізілді, бұл – жеңілдікті несиелер, лизинг, инновациялық гранттар. Сонымен бірге, инфрақұралым  құрылды, ол даму институттарының, арнайы экономикалық және индустриалды зоналардың құрылуы. Қазіргі таңда біз өңдеу өнеркәсібіндегі дамуға көзделу мақсатында осы өсу әлеуетін сақтап қалғымыз келеді.

Жүргізуші. Бағдарламаның іске қосылуынан бастап қанша кәсіпорын ашылды? Қазір қаншасы жұмыс істеп тұр?

С. Алашбаева. 2010 жылдан 2017 жылға дейін жалпы соммасы 6 трлн теңгеге мыңнан аса жобалар іске асты. 107 мың жұмыс орны ашылды. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететіе өте ірі сала құрушы жобалар.

Жүргізуші. Бірегей жобалар бар ма? Және олар несімен бірегей, айтып беріңізші?

С. Алашбаева. Иә, әрине, бірегей жобалар бар. Мысалы, металлургияда ЕврАзЭс және Қазақстандағы ұзын рельс шығаратын жалғыз өндіруші Ақтөбе рельсбелағаштық зауыт. Өнім өндірілген соң Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Грузия, Эстония, Иран сияқты елдерге және тағы басқа елдерге эскпортталады. Сондай-ақ, тыңайтқыш өндірісі жылына 500 тоннаға дейін ұлғайған xимиялық өндіріс, ол – «Қазфосфат». Сонымен бірге, еңбек өнімділігі соңғы жылдары бір жарым есе өскен «ҚазАзот». Бұл шын мәнінде өте жоғары көрсеткіш. Қазіргі уақытта  шикізат импортын азайтып Павлодар облысында тұрмыстық xимия өндірісінің базасын ашқан «Каустик» АҚ. Сонымен бірге, машина жасау саласын атай аламын. Сіз білетін боларсыз, Астанада «Тұлпар-Тальго» жүйдек пассажирлік вагондарын өндіреді. Сонымен бірге, Тәжікстан, Әзербайжан елдеріне эспортқа шығарылатын электровоздар өндіріледі. Мен біршама бірегей деп атай алатын негізгі жобалар осылар.

Жүргізуші. Сіз қазір экспорт жайында айтып кеттіңіз. Біздің кәсіпкерлерімізге шетелдік нарықты игеруде қандай да көмек пен қолдау көрсетіле ме?

С. Алашбаева. Иә, әрине, бізде тікелей эскпортты дамыту бағытында жұмыс істейтін арнайы агенттіктер мен даму институттары бар. Эспорттық қолдау көрсетіледі, Қазақстанда және басқа елдерде өкілдіктер ашылады. Бұл экспортты дамытуға қатты көмектеседі. Биыл Үшінші индустриаландыру тұжырымдамасы әзірленіп жатқандығын айта кеткім келеді. Осы тұжырымдамаға сәйкес, өндірісті цифрландыру бойынша әлемдік трендтер қабылданады. Тұжырымдама осы елдің экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталады.

Жүргізуші. Кәсіпкерге осы бағдарламаны қолдану үшін, оның қатысушысы болу үшін не істеу керек?

С. Алашбаева. Негізінде, бәрі де оңай. Әрбір облыс орталығының әкімдігінде өтініш беріп, барлық бағдарламаларға қатысуға болады. Негізінде, олар өте көп. Мен айтып кеткендей, кәсіпорынның өзінің бағытынына, мақсатына қарамастан Бизнестің жол картасына және Еңбек өнімділігіне өтініш беруге болады. Қазір өтініш жазып және осы мемлекеттік қолдауды алуға болатын Даму институттары өте көп.

Жүргізуші. Бағдарлама бес жылдықтарға бөлінеді және алдағы жылы екінші бесжылдық кезеңі аяқталады. 2019 жылдың аяғына дейін не ендірілгелі жатыр және алдағы болашаққа қандай жоспарлар бар?

С. Алашбаева. Негізінен, әзірлеу жүргізіп жатырмын. Биылғы жылы Үшінші бесжылдыш тұжырымдамасы әзірленетін болады, ал келесі жылы 2020-2024 жылдарға арналған бағдарламаның өзін құру және әзірлеу жоспарланып отыр. 2019 жылы бізге өңдеуші өндіріс өсімінің екпініне қол жеткізуіміз қажет  және еңбек өнімділігінің 2015 жылғы деңгейінен 22% өсіміне, экспорттық өңделген тауарлардың  2015 жылғы деңгейінен 19% өсіміне және 1 трл теңге инвестицияларға қол жеткізуіміз керек.

Жүргізуші. Бізде әрбір жылға мақсаттық индикаторлардың қайта композициялануы әзірленеді. Яғни, нәтижесінде республика бойынша мен айтып кеткен 19% деңгейге қол жеткізу үшін қандай сектор қандай деңгейге қол жеткізу керек. Қазір көрсеткіштер өте жақсы. Жоспар бойынша қол жеткізуге келе жатырмыз.

Жүргізуші. Демек, жоспар орындалуда?

С. Алашбаева. Әлбетте.

Жүргізуші. Және соңғы сұрақ. өңдеу өнеркәсібі бойынша қай аймақта өндіріс көлемі үлкен екендігі немесе әр аймаққа қаншадан келетіні жайлы қандай да бір ақпарат бар ма?

С. Алашбаева. Негізінде өңдеу өнеркәсібі бірнеше аймақта өте жақсы шоғырланған. Алматы облысы мен Алматы қаласын ерекше атап кеткім келеді. Бұл аймақ жалпы Қазақстан бойынша өңдеу өнеркәсібі өсімінің драйвері болып саналады. Сондай-ақ, Павлодар облысы және Қарағанды облысын да атап кету қажет. Ондай аймақтар бірнешеу және әрбір аймақтың өзінің жүзеге асыру бағыты бар. Мысалы, Жамбыл облысы – ауқымды өндірісі шоғырланған xимиялық өнеркәсіп. Павлодар облысында теміржол өнімін өндіретін теміржол кластері. Және Алматы, әрине, азық-түлік өнімдері, жиһаз және электротеxникалық құрвлғылар. Яғни, Алматы біршама әлуантүрлікке ие.

Жүргізуші. Самал, сізге бүгінгі кәсіпкерлер мен порталдың қолданушылары қолданатын пайдалы ақпаратпен бөліскеніңіз үшін үлкен раxмет. Мен сіздерге бүгін бізде қонақта Қазақстандық индустрия дамыту институты Индустриаландыру бағдарламасының орталығының бас сарапшысы Самал Алашбаева болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары