Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау

29
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл BNews-онлайн, менің есімім Даля Насипова. Және біз бүгін Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау жайлы сөйлесетін боламыз. Біздің студиямызда Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко. Сәлеметсіз бе!

О. Савеленко. Қайырлы күн!

Жүргізуші. Олег, бүгінгі күні қолданыста бар құқықтық қорғау шаралары жайлы айтып кетесіз бе?

О. Савеленко. 2013 жылы Ұлттық кәсіпкер палатасы құрылғаннан бері кәсіпкерлерді құқықтық қорғау жүйесін құра бастадық. Бұл, ең алдымен, Кәсәпкерлерді құқықтық қорғау департаменті, Қоғамдық мониторинг департаменті және аймақтық палаталардағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімдерінің вертикалды құрылған ұйымдасқан құрылымы. Орталық аппаратта кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша кеңестер жүйесі қалыптасқан, прокуратура органдарымен, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен басқа мемлекеттік органдармен өзара байланыс орнатылған. Құқықтық қорғаудың қалыптасқан жүйесі Қазақстандағы кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқығын қорғауды тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жүргізуші. Құқықтық қорғау жағынан елімізде кәсіпкерлер жиі кездесетін қандай проблемалар бар?

О. Савеленко. Кәсіпкерлердің проблемалары әртүрлі болуы мүмкін. Жеміс-жидекті сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлерде проблемалары рұқсат беру жүйесімен, тексерістермен, жер бөлігін жалға алумен байланысты. Өндірістік кәсіпорындардың проблемалары сертификациямен, басқа өндірістік сұрақтармен байланысты. Біз бизнестің барлық сферасы бойынша құқықтарды бәрі жерде қорғауға тырысамыз. Бізге әртүрлі бизнес сферасынан адамдар жүгінеді. Біздің қазақстандық кәсіпкерлердің әріптестері шетелдік кәсіпкерлер де жиі жүгінеді. Сондай-ақ, біздің қазақстандық кәсіпкерлер Ресей Федерациясында, Өзбекстанда, Қытайда, Моңғолияда мүдделерін қорғау өтінішімен жүгінеді. Біздің департаменттің алдында, құқықтық қорғау жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет – ол әрбір кәсіпкерге қатысты проблемаларды шешуге дұрыс әдісті қамтамасыз ету және проблемалардың жүйелігіе анықтау, болашақта бизнесте ондай проблемадардың пайда болуын алдын алу үшін шаралар қабылдау.

Жүргізуші. Сіздерге қаншалықты жиі жүгінеді?

О. Савеленко. Күн сайын. Жылына 5-тен 7 мыңға дейін құқықтық қорғау жүйесіне шағымдар келіп түседі. Бізде еліміздің әрбір ауданына дейін өзара байланыс орнатылған. Әрбір ауданда біздің филиалдар бар және біз ол жерден де шағымдар қабылдаймыз. Біз шағымдарды қағаз бетінде де, электронды түрде де, телефон арқылы да қабылдаймыз. Біз бизнеспен жұмысқа қашан да ашықпыз, бұл біздің негізгі функциямыз.

Жүргізуші. Жүгінулер қайдан көбірек келіп түседі, ауылдық жерлерден бе, әлде үлкен қалалардан ба?

О. Савеленко. Ауылдық жерлерден көп немесе аз түседі деп айту қиын, біркелкі түседі. Бірақ, жүгінулердің спецификасы бізде алуантүрлі. Бизнес көбіне бір біріне шағымданады. Бұл квазимемлекеттік сектормен ара қатынас, монополисттермен ара байланыс, күрделі келісімшарттық қатынас және кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде туындайтын басқа да сұрақтар. Елімізде мемлекеттік реттеу тіпті барлық дерлік сфераларда лайықты деңгейде тұрғандықтан қазір біз бизнес қауымдастығы ішіндегі өзара байланысты жетілдіру бойынша сұрақтарды белсенді түрде көтерудеміз. Бұл тіпті барлық кәсіпкерлер Ұлттық палатаның мүшесі болғандықтан Ұлттық палатаның өзі мүдделер қақтығысында жүрген ең күрделі істер категориясы. Заң бойынша біз жүгінген кәсіпкерге кеңестік-құқықтық көмек көрсетуіміз қажет. Егер кәсіпкер мемлекеттік органмен дауда жүрсе, біз оның мүддесін мемлекеттік органдарда қорғаймыз, кәсіпкердің құқығына белсенді ара түсеміз, Қазақстан Республикасының соттарында оның мүддесін қорғаймыз. Егер біз корпоративтік дау-дамайлар жайлы айтсақ, ол жер күрделірек. Екі жақта да Ұлттық палата мүшелері болып есептелетін кәсіпкерлер болған кезде бізде мүдделер қақтығысы туындайды. Бұл дау-дамайды шешу үшін, біз оны кеңестік-құқықтық көмекдеп атаймыз, кәсіпкер өзінің кәсіпкерлік қызметінде жіберген қателігі үшін дау-дамайды реттеу үшін қабылдауға қажетті қадамдарға құқығы барын айтамыз. Егер дау-дамайды реттеуге көмегіміз тиер болса, онда біз жиынға жинап, екі кәсіпкерді отырғызып, бәрін анықтауға күшіміз бар. Кейде бизнес бір-бірін түсінбей қалып, даулы конфликттер туындайтын жағдайлар болып тұрады. Егер келіссөздік процестер болмай жатса, онда сотқа жүгіну қажет, сот арқылы келісімшарт жасауға, жұмысты істеуге, қарызды төлеуге мәжбүрлеу туралы шешім шығарылады. Ең қиын істер категориясына қарыз кәсіпорын банкрот болған немесе оның активтері болмаса. Ары қарай не істеу керектігін сұрап бизнес бізге жүгінеді. Ол көбіне құрылыс секторында жиі кездеседі, онда мердігер ұйымдар жұмысты атқарып ол жұмыс үшін төлемді күте алмайды, себебі компанияның салушы-компаниясы оңалуға немесе банкротқа ұшырайды. Бұл жерде күрделі істер категориясы, егер компания жетекшісі автивтерін шығарып, қасақана банкротқа ұшырағаны дәлелденсе, банкрот арқылы ақша өндіріс алудың құқықтық меxанизмі бар. Бұл процедура заңда жазылған және оны пайдаланатындар аз, десек те ол мүмкін.

Жүргізуші. Ол үлкен еңбекті талап ететін процедура ма?

О. Савеленко. Оның өзіндік спецификасы бар, ол жұмысты жүзеге асыруға болатые бағытты білу қажет. Біздің міндетіміз – осы бағытты беріп, кәсіпкерге қалай қозғалуды айтып жіберу. Кәсіпкер кішкене қате жіберіп қойса болды адал емес жеткізушілер реестріне кіріп кетіп жататын мемлекеттік сатып алулар бойынша сұрақтар өте көп. Бізге жақында өзінің тендер құнынан кепілді 3% төлемін қайтара алмай жүрген кәсіпкер шағымданды. Бізге еліміз бойынша күнделікті оншақты осындай сұрақтар келіп түседі. Тек біздің департаментте күнделікті адамдар келеді және біз әрқашан ашықпыз. Әр күн сайын бізде әртүрлі аймақтардан әртүрлі сұрақтар бойынша кәсіпкерлер келеді. Сұрақтардың 80-90% аймақтарда сол жерде шешу қажет, біз біздің аймақтардағы заңгерлерімізді қосамыз және олар нақты бір нысанға барып, бизнесті ары қарай қорғау әдістері туралы шешім қабылдайды. Әрбір жүгінудің өзіндік ерекшеліктері барын атап кеткен жөн. Салық мәселелері бойынша, кеден мәселелері бойынша, жер мәселелері бойынша дауласатын жүгіну топтары бар, бірақ әрбір жүгінудің өзінің ерекшелігі бар және кәсіпкермен сөйлескен кезде оны қаншалықты тереңнен шешу керектігін және таза күйінде шешу қаншалықты мүмкін екендігін түсінесің. Біз адамдарға қателерден болашақта жасамауға болатынын, бизнес бойынша әріптесті егжей-тегжейлі таңдау керектігін түсіндіреміз.

Жүргізуші. Маған «Атамекен Байланыс» деген сервис жайлы белгілі. Ол қандай сервис екендігін және оның артықшылықтары жайлы айтып бере аласыз ба?

О. Савеленко. Ол біздің кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде өздерін қарапайым қолдаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өнімдеріміздің бірі. Онда өзін өзі оқыту және өз бетінше зерттеу элементтері бар. Жүгінулердің 20-22% - ол бизнестің бір-біріне деген жүгінулері. Біз талдау жасап бастаған кезде, кәсіпкерлер өз араларында жасаған келісімшарттары қарапайым қолдауға ие емес екенін көрдік. Келісімшарт не үшін қажет? Келісімшарт тараптар тауар жеткізу жайлы келісімді жазған кезде өз міндеттерін орындамау себептерінен болатын ықтимал салдарлар жайлы білу үшін қажет. Егер мен тауар жеткізу керек болсам, мен оны сапалы және санды болу қажет. Оны келісімшартта көрсетіп жазу қажет. Жеткізу келісімшарты – ол күрделі келісімшарттардың бірі. Жалпы, кәсіпкерлік қызметтегі келісімшарттар жазбаша рәсімделуі тиіс. Заңдарда көрсетілген ең төменгі талаптар бар, ол – кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезіндегі негізгі құқықтар мен міндеттер. Егер ерекше белгілер керек болса, Заңнамада шаблондар жоқ. Бұл заңды тәжірибе деп аталады. Егер заңды тәжірибеге енсек, онда нұсқалар өте көп. Негізгі шағымдар – өнімдердің жеткізілмеуі бойынша, атқарылған жұмыстар және жеткізілген тауарлар үшін төлем жасамау. Бұл жағдайда дұрыс жасалған келісімшарт міндеттемелер орындалатынына кепілдеме береді және егер ол дұрыс орындалмаған жағдайда  кепілдемені қамтамасыз ету меxанизмі жұмыс істейді. Біз әріптестермен бірге жасаған жүйе өз бетінше заң сферасынан xабары жоқ кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді. Біз оны кәсіпкерлер өздері оқуы үшін, әріптестер арасында дау-дамайлар аз болуы үшін жасадық.

Жүргізуші. Демек, «Атамекен Байланыс» - өзінше бір қолдануға боларлық құжаттар базасы ма?

О. Савеленко. Ол жай ғана құжаттар базасы емес, ол конструктор. Нұсқаулық бойынша ойыншық құрастыруға болатын Легоны елестетіп көріңізші. Солай сияқты біздің де келісімшарттар конструкторы ауқымды вариациялар көлемінен тұрады. Біріншіден, вариациялар кәсіпкерлер бойынша келеді, екіншіден вариация салықтық режім бойынша, орындалмаған міндеттемелер үшін жауапкершілік деңгейі бойынша келеді. Бірнеше күндік келіссөз жүргізсе де мен қай уақытта тауар жеткізуім керектігін қарастырмай қалуымыз мүмкін. Оның барлығы реттелуі қажет. Біз оның барлығын кішкене шрифттермен 5 парақ қылып күрделендірмедік. Біз шағын және орта бизнес бағыттар бойынша өзара байланысатын ең кең таралған сфераларды бөлуге тырыстық. Бұл жүйе келісімшарттар мұрағатын жасауға көмектеседі. Әрбір келісімшарттың өзіндік ерекшелігі бар және ол белгілі бір заңдық тәжірибеден туындады.

Жүргізуші. Яғни, қателер мен қайта көру әдістері арқылы ма?

О. Савеленко.  Қателер мен қайта көру әдістері арқылы сауаттырақ келісімшарттар жасалады. Кез келген құқықтық қатынасты 10-12 бетке егжей-тегжейлі таратып жазуға болады, бірақ оның қажеті жоқ. Негізгі позицияларды көрсетсе жетеді. Мысалы кез келген еңбек келісімшартын алуға болады, еңбек келісімшартының негізгі позициялары Заңнамамен бекітілген және оны ешкім де бұза алмайды.Еңбек келісімшартында Еңбек заңнамасына қарама-қайшы болмайтын позицияларды қосуға болады. Осы келісімшартта реттелмейтін құқықтық байланыстар қолданыстағы Заңнамамен реттеледі. Жұмыс істейтін юристтер осы тұжырымдаманы қолданады. Шын мәнінде, xабарсыз кәсіпкер бұл тұжырымдаманы оқыса, ол оған ештеңе түсіндірмейді. Егер біз келісімшартта кәсіпкер орындамағандығы үшін жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейтінін көрсетсе, онда адамдар жауапкершілікті түсіне бастайды. Сондықтан келісімшарттарда адамдар есептеп және түсінулері үшін Заңда қарастырылмаған негізгі позицияларды көрсетіп жазу керек. Бұл жерде біз кәсіпкерлерге ұсынған келісімшарттар конструкторы бұл мәселелерді жақсы ашады.

Жүргізуші. Бұл сервиске қалай қол жеткізуге болатынын білсе бола ма? Кәсіпкер қайда жүгінуі қажет?

О. Савеленко. Бізде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында сілтемеміз бар. http://contract.atameken.kz сайтына кіруге болады. Ол жерде тіркеуден өту қажет және сіздің кәсіпкерлік қызметіңізге байланысты тақырып бойынша келісімшартты құрастырумен еркін түрде айналасуға болады. Барлығы қолжетімді, тек тәжірибе қажет. Басқа нұсқаулар жоқ.

Жүргізуші. Бұл сервисті қолданған кәсіпкерлер көп пе?

О. Савеленко. Ол сервисті тек кәсіпкерлер ғана пайдала алмайды. Ол тәжірибеден өтіп жүрген заңгерге де маңызды. Бұрын тек келісімшарттар жинағы болатын және келісімшарт құру үшін позицияларды қолмен толықтыру керек еді. Бұл конструктор оны автоматты режімде жасауға мүмкіндік береді, реквизиттерді және келісімшарттардың негізгі шарттарын енгізсе жеткілікті. Тәжірибе көрсетеді, бірақ біз жиі қолданылатын 100 құжатты алуға тырыстық. Біз олардың көлемін қайта қарастыруға дайынбыз. Егер белгілі бір спецификада заңнама өзгеретін болса, біз де бұл келісімшарттар конструкторына өзгерістер енгізетін боламыз. Кәсіпкерлер егер ЖШС туралы заң өзгерсе, базалық шарттар түзелетініне сенімді болулары керек. Демек, бұл бизнес отыратын келісімшарттарға сенімді болуға мүмкіндік беретін динамикалық конструктор. Ол заңдық қызметке бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Жүргізуші. Олег, бүгін студиямызға келіп, кәсіпкерлерді құқықтық қорғау жайында толық айтып бергеніңіз үшін үлкен раxмет. Бүгін біздің студиямызда қонақта болған Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко. Сау болыңыздар!

 

`