"Кәсіпкерлердің жеке кабинеті" сервисі туралы

362
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл BNews-онлайн, менің есімім Даля Насипова. Заманауи технологиялар бір орнында тұрмайды, бүгінде интернет бизнес субъектісі үшін табылмас көмекшіге айналған. «Жеке кабинет» сервисін қолдану арқылы кәсіпкер қандай көмек ала алатындығы жайды бүгін бізге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Аспена Досмағанова айтып береді. Сәлеметсіз бе!

А. Досмағанова. Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші. Бұл сервис жайында айтып беріңізші, өтініш. Ол қашан және қандай мақсатпен іске қосылды және кәсіпкер қандай көмек ала алады?

А. Досмағанова. Сервистің ресми түрде қосылғанына 3 аптадай болды. Сервис «Кәсіпкердің жеке кабинеті» деп аталады. Бұл кәсіпкерлерге арналған алуан түрлі тегін өнімдердің сөресі. Негізінен қазір ол шағын микробизнеске бағытталған өнімдерден тұрады. Біз 5 жылдық мерзім бойы Атамекен ірі бизнеспен келіссөздер көпірін қалыптастырып алғанын түсінеміз. Орта бизнеспен біз қазір саны 150  жуық біздің қауымдастықтар арқылы жұмыс істейміз. Шағын микробизнес бізде біршама көзге ілінбей қалды және сондықтан біз қазір кәсіпкерліктің осы сегментіне сервистер әзірлеуге бағытталдық. https://cabinet.atameken.kz сайтында жеке кабинетке тіркеле отырып сіз бүгін Атамекен ұсынатын барлық өнімдердің қолданушысы боласыз. Ол алты негізгі өнімдер. Мысалы, Алматы және Астана қаласында біз бизнесті құтқару қызметі бойынша пилотты жобаларды іске қостық. Ол мобильдік телефоннан 1432 қысқа номері бойынша жедел қоңыраулар. Сіз қоңырау шаласыз, бірінші байланыста call-центрдың операторы қоңырауды қабылдайды. Негізінен бұл егер сізге тексеріспен келсе және сіз оның заңды ма, заңсыз ба білмесеңіз, соған бағытталған. Яғни, сіз шынымен ол лауазымды тұлға тексеріспен сізге келуге және шынымен сол уақытта келуге құзіретті ме екенінен хабарсыз болсаңыз. Егер консультация оператор деңгейінде көрсетілмесе, онда біз салалық сарапшыға қосамыз. Бұл салық салу, кедендік заңнама, жер департаменттерінің сарапшылары. Егер көмек шұғыл керек болған жағдайларға бізде мобильді көшпелі топ, жеке автомобиль мен қызметкерлер бар. Біз мерекелі және демалыс күндерінсіз кешкі онға дейінгі кез келген уақытта шығуға дайынбыз.

Жүргізуші. Өте қызық. Ол кәсіпкерлерге арналған жедел жәрдем іспеттес.

А. Досмағанова. «Бизнесті құтқару қызметі» - ол біздің алғашқы сервис. Осы жеке кабинетте ол үшін жеке сайт бар https://komek.atameken.kz. Егер сңз операторға қоңырау шала алмасаңыз, онда сіз қоңырауға мобильді номеріңізді қалдырып тапсырыс бере аласыз және 27 секундтан кейін сізге оператор қайта қоңырау шалады. Ол алғашқы сервистердің бірі, ол өте сұранысқа ие.  Алматыда кәсіпкерлер бұл сервисті белсенді қабылдап қолданады. Бізге аптасына 10 шақты қоңырау келіп түседі және 3-4 шығу бар. Біз әзірге қазір танылу кезеңі өтіп жатыр деп есептейміз. Біздің екінші сервисіміз де «Жеке кабинет» аясында – ол шағын микробизнеске арнайы бағытталған «100 тегін құжат». Біздің кәсіпкерліктің осы сегменті ерекше қорғалмағанын түсінеміз және кейде қарбаласта, табыс табу кезінде өздерін сауатты заңды құжаттармен қорғауды ұмытып кетеді. Біз бизнестің ең басында немесе оның белсенді кезеңінде қандай құжаттар қажет екендігіне мониторинг жасадық. Ол жалға алу, сатып алу-сату келісімшарттары, сенімхат, қабылдау-өткізу актілері, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынасты реттейтін құжаттар. Еңбек келісімшарттары әрқашан жасала бермейді және біз бұл жағынан қорғалмағанбыз, осыған байланысты даулар көп болады. Қазір онда 100-ге жуық құжаттар бар. Кәсіпкерліктің субъектілерінен кері байланыс алғаннан кейін басқа құжаттар да қосылуы мүмкін. Біз қолданыстағы заңнама негізінде  сервисті толтыруға дайынбыз. Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған.  Біздің үшінші сервис – ол «Digital ЦОП». Ол қазір белсенді қолданыста. Біз оны «Жеке кабинетке» жинақтадық. Мұнда заңдық, салықтық, кедендік консультациялар, маркетингтік қызмет көрсету бойынша консультациялар, сайтты қалай құру бойынша, өнімді қалай жылжыту бойынша кеңестер. Барлық консультациялар тегін. Сіз тек call-центрге 1432ге хабарласасыз және онда осы консультацияларға арналған жеке цифрлар бар. Бухгалтерлік консультациялар көрсетілетіні де өте ыңғайлы. Қызметтер бойынша барлығы 61 ішкі қызмет бар. Сонымен бірге, «Digital ЦОП» аясында сіз көптеген бағыттар бойынша оқудан өте аласыз. Қазір «Бастау» бағдарламасы бойынша оқу белсенді өтіп жатыр. Онда кәсіпкер бір ай уақыт бойы оқиды. Содан кейін, онда бизнесті бастау, біліктілікті көтеру бойынша қысқа уақыттық курстардан өте аласыз. «Атамекен» тарапынан барлық оқу процесі қамтамасыз етіледі. Оқу аяқталғаннан кейін сәйкесінше сертификат беріледі. Біздің кәсіпкерлердің арасында танымал қолданысқа ие келесі сервис – «Сенімділікті тексеру». Біз қандай да бір азаматтық-құқықтық қатынасқа түскенде, қандай да бір тауар сатып алғанда, қандай да бір қызмет немесе жұмыс көрсеткен кезде, ол әріптестің қаншалықты сенімді екенін білмейміз. Мүмкін ол адал емес жеткізушілер тізімінде болар, мүмкін оның салықтық қарыздары бар шығар, мүмкін оның лицензиясы жоқ шығар, мүмкін оның әкімшіліктік айыппұлдары бар шығар. Бизнес ол жайында білмейді. Біз контрагенттермен қатынасқа түсеміз және осы мәліметтер базасына қол жеткізе алмаймыз. «Атамекен» осы сервиске «Кәсіпкердің жеке кабинеті» арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сіз атауын тересіз және барлық ақпарат шығады.

Жүргізуші. Бұл жұмыс біткен бе немесе ол жұмыс келіп түсуіне байланысты жасала ма?

А. Досмағанова. Жоқ, ол бүгін  қызметін жүргізіп жатқан және қарыздары бар белсенді өзекті кәсіпкерлердің қалыптасқан базасы. Мен кейде банкрот болу немесе жойылу процесі жіберілген кезде әрқашан хабардар болмайтындықтарын ескерте кеткім келеді. Кейде банкрот болу немесе жойылу процесі бірнеше жылға созылып кетеді. Онда контрагент қаншалықты сенімді екенін білмейсің және ол сіз үшін тәуекел зонасына кіретінін білмейсің. Осы жағынан сервис ешқандай да көмек бере алмайды. Ол сұраныс беру датасындағы факттан тұрады. Егер компания жойылған болса, онда сәйкес ақпаратты береді, егер банкрот болу туралы шешім қабылданса, онда сондай ақпарат болады. Ол ақпарат бас прокуратурадан, жоғары соттан, статистика органдарынан тартылады.  Салық комитетінің барлық статистикалық өзекті мәліметтері осы базамен қосылған.

Жүргізуші. Өте қызықты. Тағы қандай сервистер бар?

А. Досмағанова. Бұл негізгі сервистер. Бұл іске қосылған және бизнеске ұсынылған сервистер.  «Атамекен» жұмысының кезеңінде біздің 17  аймақтық палата осындай сервистер сөресін ұсынды. Біз кері байланыс алғаннан кейін, біздің «жеке кабинет» кәсіпкерлер тіркелгеннен кейін толғаннан соң, біз түзетіп оны толтырғымыз келеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратының алаңында бұқаралық тамақтандыру, сервис және қызметтер сферасының кәсіпкерлерімен кездесулер өткізілген болатын. «Жеке кабинетке» сервистерді қосуға ұсыныстар болды. Мысалы, жақын арада біз несиелік агрегаторды қосамыз. Ол сен өз бизнесіңді жоспарлап, сенде белгілі бір бизнес планың болса, бірақ ол бизнесті дамытуға сенің лайықты қаржыландыруың болмаған жағдайда. Ол жағдайда сіз «Жеке кабинеттің» бірыңғай терезесі арқылы «Атамекен» ҰКП өтініш бересіз, банк қаржыландыру үшін қажетті мөлшерлеме мен ең төменгі критерийлерді орнатасыз және біз бірыңғай терезе арқылы тормен біздің барлық инвесторларға жібереміз. Мысалы, біз 150 қауымдастықтың басын қосамыз және әрине, онда сіздің жобаңызға қызығушылық тудыратын ірі компаниялар бар. Сонымен бірге, біз микронесиелік ұйымдарға, микроқаржылық ұйымдарға және бізде лайықты келісім бар екінші деңгейлі барлық банктерге жібереміз. Бір банктің сайтына кірудің қажеті жоқ, сіз бір терезе арқылы кіресіз, тіркелесіз, өзіңіз жайлы мәліметтерді толтырасыз және біз таратып, қолжетімді қаржыландыру көздерін іздейміз. Одан кейін банктер сізбен хабарласады және сіздің бизнеске өз шарттарын егжей-тегжейлі ұсынады.

Жүргізуші. Қазір адамдар жиі қолданатын сұранысқа ие сервистің қызметтері қандай? Осы уақыт аралығында «Жеке кабинетті» қанша адам қолданды?

А. Досмағанова. «Жеке кабинеттің» істеп тұрғанына үш апта болды. Біз оны белсенді таратып жатырмыз. Тоғыз мыңға жуық кәсіпкер қызығушылық тудырды, олар сайтқа кіріп, толтырмалар мен жалпы тетіктерді қарап көрді. «Сенімділікті тексеру» сервисі – кәсіпкерлер арасында қызығушылық тудырған көшбасшы сервис. Содан кейін, әрине, «100 тегін құжат» - шағын микробизнес қолданады және өздеріне заңдық базаны жүктеуде. Біз күн сайын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңындамыз. Қазір біз бизнестің қызығушылығын тудыру үшін аймақтық палаталарды қосудамыз.  Біз «Жеке кабинетімізді» бизнестің субъектілерінің көп санын жүктеп қана қойғымыз келмейді, тіркелгендер ол сервистерді қолданса дейміз. Онда сіздер ол сервистерді жетілдіру бойынша ұсыныс, тілектеріңізді білдіруге болатын тетікше бар. Біз көңіл бөлінбей қалған бизнес сегментімен кері байланысты орнатқымыз келеді.

Жүргізуші. Қазір болашаққа қандай жоспарлар тұр?

А. Досмағанова. «Несиелік агрегатор» және қарашаның аяғында біз жаңа «Мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай терезесі» сервисін іске қосамыз. Қазір сіз әртүрлі алаңдарда тіркелесіз және ол ыңғайлы емес. Біз «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро», ҚР Қаржы министрлігімен лайықты келіссөздер жүргізіп жатырмыз. «Жеке кабинет» арқылы тіркеуден өткен кезде квазисектордың мемлекеттік сатып алуларының барлық порталдарында да тіркелуден өтеді деген келісімге қол жеткізілді. Яғни ол бірыңғай терезе. Сіз мемлекеттік сатып алулар қозғалысын және барлық ақпаратты білетін боласыз. «Атамекен» тарапынан біз талдау жұмыстарын жүргіземіз және өтінім түскен жағдайда мемлекеттік сатып алу қолданыстағы заңнама нормаларын бұзумен өткізіліп жатқандығын мемлекеттік органдарға хабарлайтын боламыз. Мысалы, белгілі бір категория бойынша, белгілі бір тауар бойынша тендер бойынша баға бір бөлек, ал бір көз арқылы сатып алу кезінде баға басқа болғандығы туралы ақпараттар жүктеп отырамыз. Демек, бұл жерге біздің салалық сарапшылар ат салысады және олар Заңнама нормаларының бұзылуын талдайды. Ол мемлекеттік сатып алулар және квазисектордағы сатып алулар сферасында құқық бұзушылық болса, кәсіпкерлердің құқығын қорғауға арналған құрал сияқты. Сонымен бірге, біз «Жеке кабинет» сөресінде кәсіпкерлерге өте қызықты «Аймақтық карта» сервисін ұсынғымыз келеді. Атынан оның кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша және белгілі бір аймақтың кәсіпкерлеріне арналған суреттерді көрсететінін түсінуге болады. Біз ең төменгі деңгейге дейін, тіпті шағын және микробизнес кәсіпкеріне сол үйде тағы бір бизнес ашу рентабельді ме, жоқ па деген ақпарат қажет деңгейге дейін барамыз. Біз көппәтерлі тұрғын үйлер бойынша тұрғындардың орташа табысын көрсететін боламыз. «Аймақтық картаны» аша отырып, бизнес ауданның қаржылық мүмкіндіктерін білетін болады және қысқа уақыттық және ұзақ уақыттық перспективаларын жоспарлайды. Кейде әкімшіліктер ұсынған ақпараттар өзектілігін жойған болады. Біз нүктелік скрининг жасаймыз, қараймыз және картаға енгізетін боламыз. Осы жағынан ол пайдалы болады. Жаңалықтарды қараңыздар, ол сервис жақын арада «Жеке кабинетте» пайда болады.

Жүргізуші. Аспена, сізге бүгін студиямызға келіп, осындай маңызды ақпаратпен бөліскеніңізге үлкен рахмет айтамын. Мен кәсіпкерлер «Жеке кабинетті» белсенді пайдалана бастайды деген сенімдемін. Мен сіздерге бүгін студиямыздың қонағы  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Аспена Досмағанова болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

 

`