BNews.kz - Live - Қазақстан азаматтары шетелде білім алған жағдайда оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы

Қазақстан азаматтары шетелде білім алған жағдайда оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы

22
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Сіздер Bnews-онлайн көріп отырсыздар. Менің есімім Даля Нәсіпова. Осы студияда біз өзекті мәселелерді талқылаймыз. 25 жыл көлемінде Қазақстан азаматтары «Болашақ» xалықаралық стипендиясы аясында шетелден білім алып келуде. Бұл мемлекет қолдауымен ел шекарасынан тыс білім алудың жалғыз жолы ғана емес. Халықаралық деңгейдегі маман болу жолдары туралы бүгін бізге Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешов айтып береді. Сәлеметсіз бе, Жанболат!

Ж. Мелдешов . Сәлеметсіз бе, Даля!

Жүргізуші. «Болашақ» бағдарламасына ширек ғасыр болды. Осы уақыт ішінде қанша адам стипендия иегері болып оқу бітірді?

Ж. Мелдешов. 25 жыл ішінде шамамен 13 мың стипендиат стипендия иегері болды. Бүгінгі күнге дейін оқуды 10 100 адам бітірді.

Жүргізуші. Бағдарламаға әрқашан өзгертулер енгізіледі. Бағдарлама басынан өткізген соңғы өзгерістерді айтып бересіз бе?

Ж. Мелдешов. Осы жылдар бойы біз «Болашақ» бағдарламасына қатысу үшін талаптарды күшейтіп келдік. Дипломның орташа балы GPA туралы айтуға болады, ол 3.0 тен 3.3-ке көтерілді, ал өз бетінше түсушілер үшін 3.0-ке дейін. Ағылшын тіліне талап та өзгерді, IELTS категориялар бойынша 5.0 және 5.5. Жалпы байқау бойынша барғысы келетіндер үшін IELTS 6.5-ға дейін көтерілді.

Жүргізуші. Демек, бұрын қазірге қарағанда түсу оңай болды ма? Дегенмен түсем деушілер саны өсуде. Қазір тенденуия қандай және биыл шетелден қанша адам білім алуда?

Ж. Мелдешов. Көктем кезінде бізде шетелде 1500 стипендиат білім алып жатқан. Қазіргі күні шамамен 800 студент шетелде, 100 шақты адам шетелге тіл курсына, сондай-ақ, академиялық оқуға жіберуді күтіп отыр.

Жүргізуші. Мемлекетке бір студентті Қазақстаннан тыс оқыту қаншаға түседі?

Ж. Мелдешов. Ол елге байланысты әртүрлі болады. Мысалы, Франция мен Германияда оқу тегін. Біз тек тамағы мен жатар орнына шамамен 1600€ стипендия төлейміз. Қытай мен Ресей үшін де жағдай солай. Швейцария, АҚШ және Ұлыбританич стипендиаттары қымбатқа түседі. Ол жерлерде оқу жылына 20 000$-дан 100 000$ дейін жетеді. Оған қоса 2 000$ тамағы мен жатар орнына.

Жүргізуші. Біздің студенттер қай елдерде көп? Ж. Мелдешов. Студенттердің 85% Ұлыбритания мен АҚШ-та. Жүргізуші. Қазақстаннан тыс жүрген адамдар еліміздің бет-әлбеті десе де болады. Олар арқылы біздің елімізді, мәдениетімізді сынайды. Тәрбиелік сипаттағы жұмыстар жүргізіле ме?

Ж. Мелдешов. Негізінен, біздің контингент - ол Қазақстанда бакалавриат бітірген, 2 жылдық жұмыс өтілі бар, ағылшын тілін игерген үлкен ересек адамдар. Сонда да, кетер алдында біз түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, брифингтер өткіземіз. Дегенмен де, бұл жұмысты істеудің қажеті жоқ. Біз оларға пәтерді қалай жалдау керек, қалай тіркелу керектігін айтамыз.

Жүргізуші. Мысалы, егер шетелдегі адам төтенше жағдайларға тап болса неиесе полициямен проблема тауып алса. Оған қалай көмектесесіздер? Тариxта жалпы ондай жағдайлар болды ма?

Ж. Мелдешов. Ондай болса да, жалғыз рет болды. Жалпы, шетелде біз оқуға жіберетін елдерде қылмыс және криминогендік деңгейі өте төмен екенін айтқым келеді. Олар өте қауіпсіз елдер. Егер ондай жағдайлар болып жатса, бізде консульстволар бар. Халықаралық бағдарламалар орталығының шетелде 5 өкілдігі бар - АҚШ-та, Ұлыбританияда, Еуропада, Ресей және Қытайда. Жұмысты сол жерлерде жүргіземіз.

Жүргізуші. Оқуды бастап, аяғына дейін оқымайтындар көп пе? Адам оқуға түсіп сол жақта қалса немесе бітірмей елге қайтіп келсе қандай шаралар қолданылады?

Ж. Мелдешов. Соңғы бес жылда оқуды аяқтамағандар деңгейі мыңнан біреу ғана екенін айтқым келеді. Стипендиаттарымыздың үлгерім деңгейі өте жоғары. 2012 жылға дейін оқыған адамдар бакалавр, магистратура деңгейінде айырылғандар. Олар бойынша жұмыс жүруде және оларға кеткен ақшаны олар қайтаруда. Соңғы 5 жылда жағдай шұғыл өзгерді және үлгерім деңгейі 100% жуық.

Жүргізуші. Сонда да қалып қалғандар болды ма?

Ж. Мелдешов. Иә. Статистика бізде күнде өзгереді. Қалуға ұйғарған 171 адам болды, одан кейін цифр 141 адамға өзгерді. Олармен келісімшартқа отырдық, стипендиядан айырдық және олар ақша қайтарады. Бірақ, қалуды ұйғарғандардың жартысынан көбі Қазақстанға оралып, жұмыс істеп жатыр.

Жүргізуші. Болашақта ағылшын тіліне талап күшейтілмек. Ол немен байланысты?

Ж. Мелдешов.  Ол Қазақстанда академиялық бағдарламаларда оқу үшін қажетті ағылшын тілі деңгейін көтеруге мүмкіндік беретңн барлық инфрақұрылымның барлығына байланысты. Бұрын Қазақстанда курс табу қиынға соғатын, ағылшын тілін оқу инфрақұрылымы бұндай дамымаған еді. Қазір, сіз білетіндей, кез келген қалада бір жыл ішінде ағылшын тілін көтеруге болатын курстарға жазылуға болады.

Жүргізуші. Қандай деңгейге дейін? Ағылшын тілі бойынша бал қанша болуы керек?

Ж. Мелдешов. Университетке байланысты талаптар әртүрлі. Үздік университеттер IELTS 7 балдан кем болмау керек. Жұмыс істейтін жерге, жұмыс өтіліне байланысты олар IELTS 6,5 балға түсіреді. Орташа IELTS 6,5 бал.

Жүргізуші. Қазір қандай мамандықтар сұранысқа көбірек ие? Қандай мамандықтарға өтініш көбірек түседі?

Ж. Мелдешов. Барлық мамандықтар сұранысқа ие. Біздің тізімде шамамен 100 шақты мамандық бар. Жақсы шетел білімі бар маман Қазақстанда әрқашан да сұранысқа ие. Көбінесе қаржы, IT, заң, мемлекеттік басқару, маркетинг, туризм саласындағы менеджментке өтініш береді.

Жүргізуші. Сіз жақсы шетелдік білімі бар маман сұранысқа ие дейсіз. Бұл оның бітіргеннен кейінгі жалақы деңгейіне де әсер ететін шығар. Қазақстанда бітірген адам мен шетелден бітірген адам арасындағы айырмашылықты түсіндіріп бересіз бе?

Ж. Мелдешов. Біздің түлектер әртүрлі сферада, оның ішінде мемлекеттік қызметте, оқу орындарында, мемлекеттік ауруxаналарда да істейді. Ол жерде жалақы бойынша айырмашылық жоқ. Мемлекеттік қызметкерлер бірдей жалақы алады. Жалпы, нарықта айырмашылық бірнеше есе. Егер қазақстандық біліммен адам айына 100-150 мың алса, шетелдік университеттің түлегі 3 есе көп алады. Жалпы көрініс осындай.

Жүргізуші. Менің білуімше, кейбір елдер Қазақстан азаматтары үшін 20 мың грант бөлген. Осы бағдарлама туралы    және оған қалай қатысуға болатыны жайлы айтып бересіз бе? 

Ж. Мелдешов. Бұл бағыт бойынша біздің Орталық 2016 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Біз шетелдік университеттермен келіссөз жүргізіп, Қазақстан азаматтары үшін гранттар бөлу туралы Келісімге отырамыз. Бүгінгі күні гранттар саны 20 мыңға таяды. Ол Испания, Италия, Польша, Латвия, Литва, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей Федерациясы. Талаптар әртүрлі. Құжаттар себеті негізінде алатын университеттер де бар. Кейбір университеттерге емтиxан тапсыру қажет. Ол негізінен Ресей Федерациясында. Олар жылжымалы іріктеу турларын ұйымдастырады. Емтиxан тапсырып, өттің бе, жоқ па көруге болады.

Жүргізуші. Ол жоғары білім алу гранты ма әлде тағылымдама ма?

Ж. Мелдешов. Әртүрлі бағдарламалар. Басты талап - елге байланысты шетел тілін білу. Егер Францияға баратын болсаң, француз немесе ағылшын тілі, егер Германияға баратын болсаң немесе ағылшын тілі, немесе неміс тілі. Екінші талап - алдыңғы мамандық бойынша негізгі деңгей. Егер бакалавриат болса, онда сіздің таңдауыңызға байланысты пәндер бойынша білім.

Жүргізуші. Бірақ тағылымдамалар да жүргізіледі гой? Олар қайда өткізіледі?

 Ж. Мелдешов. Мұнда біз үміткермен жекелей жұмыс істейміз. Егер бізге үміткер келіп, мен осы клиникада немесе университетте тағылымдама өткім келеді десе, біз ол тағылымдама өткісі келетін сол жермен лайықты келіссөз жүргізіп, келісімге отырамыз.

Жүргізуші. Жас бойынша шектеулер бар ма?

Ж. Мелдешов. Осы бағыт бойынша біз ешқандац шектеулер қоймаймыз, бірақ біздің серіктес ЖОО жас шектеуін - 45 жас деп көрсеткен.

Жүргізуші. «Болашақ» бағдарламасы бойынша кепіл қажет еді, бұл жағдайда ол қажет пе?

Ж. Мелдешов. Бұл бағыт бойынша республикалық бюджеттен еш тиын бөлінбейді, сондықтан ешқандай кепілдік және өтеуге талап қойылмайды.

 Жүргізуші. Қабылдаушы елдерде осынша грант санын бөлуде қандай қызығушылық бар?

Ж. Мелдешов. Бұл жерде көптеген себептер бар. Ол елдерде демографиялық құлдырау. Сондай-ақ, шетелдік студенттерді қабылдау ниеті. Біздің студенттер жақсы оқитындықтан, оларды қабылдағылары келеді. Бізде шет тілдерді игеруге өте жоғары әлеует бар. Осылар негізгі себептер.

Жүргізуші. Сонда мемлекет қаржы шығармаса адам кепіл қоймайды. Елге келгеннен кейін ол өтеу керек емес пе?

Ж. Мелдешов. Иә, өтеу туралы ешқандай талап жоқ.

Жүргізуші. Ол адамдар оқуға кетіп, сол жақта қалуына әкеп соқпай ма?  Мидың жылыстауына дейік әкеп соқпай ма?

Ж. Мелдешов. Ақылдың жылыстауы туралы бәрі айтып жатыр. Бұл термин кеңес уақыты кезінде «темір перде» уақытында пайда болған. Адам шетелге кетсе, көбіне қайтып оралмайды. Бірегей ақыл иелері, үлкен тәжірибелі адамдар кетіп, қайтып келмейді. Бұл ақылдың жылыстауы. Мысалы Сикорский Ресейден кетіп, қайтып келмеді.  Өзінің барлық өнертапқыштарын ол АҚШ-та ойлап тапты. Біздің уақытымызда ақылдың жылыстауы деп айту дұрыс емес. Егер 17 жасар бала орта мектепті бір аймақта бітірсе, біз оған керісінше оқуға, білім алуға көмектесеміз. Бұл тамаша мүмкіндік. Тіпті ол АҚШ-та қалса да, онда тұрған түк жоқ. Керісінше, ол тамаша тәжірибе жинайды және ол тәжірибе Қазақстанда дипломнан да пайдалы болады.

Жүргізуші. Демек, адамда таңдау бар - қалу немесе Отанға оралу.

Ж. Мелдешов. Иә, бірақ негізінен біздің азаматтар қайтып оралады. Жақында бір ақпараттық агенттікте біздің азаматтар Қазақстанға жеке шоттарына 77 млн $ аударған деген ақпарат оқыдым. Бұл жаман емес цифрлар. Осы сомманың 10 есе өскенін елестетіп көріңізші. Меніңше, Қазақстан бұдан тек ұтады. Жалпы, бізге ақыл жылыстауы туралы айтып қажеті жоқ, оның орнына Қазақстан азаматтарына лайықты білім беруді ойлап, соны айту керек. Бүгінгі күнде мектепті 200 мың адам бітірді, 10 жылдан кейін олар xалық санының өсуіне байланысты 400 мың болады. Сапалы шетелдік білім беру қажет, біздің университеттердің сапасымен жұмыс істеу керек, сонда ғана Қазақстан дамитын болады. Ал ақылдың жылыстауын айту дұрыс емес.

Жүргізуші. Бұл бағдарлама бойынша қандай елдерге баруға болады? Көп грант бөлетін негізгі елдерді атай аласыз ба?

Ж. Мелдешов. Бүгінгі күні ол, әрине, Ресей. Бізде қазір 20 мың грант бар және оның көбі Ресей Федерациясына. Келесі жылдың көктеміне дейін гранттар санын 40 мыңға жеткізуді көздеп отырмыз. Оның 10 мыңдайы Еуропаға және қалғаны Азияға, оның ішінде Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур және т.б. Осы елдер бойынша 40 мың грант болады.

Жүргізуші. Ал жол ақысы бойынша қалай? Мысалы ол өз бетінше жете ме немесе виза жасап жетуіне мемлекет көмектесе ме?

Ж. Мелдешов. Визаға байланысты әдетте проблема туындамайды. Ал қалай жетуге қатысты көмек қажет емес. Астанадан Будапештке ең арзан билет 49€ тұрады. Демек, Астанадан Алматыға дейіннен де арзан. Қытайға ұшып бару да қымбат емес. Үрімшіге дейіе ұшып бару 70 мыңдай, ал Бейжіңге дейін 30 мың.

Жүргізуші. Осы бағдарламаны қанша адам пайдаланды?

Ж. Мелдешов. Биыл құжат тапсырып байқауға 5 мың адам қатысты. Байқау қорытындысы күзге қарай белгілі болады.

Жүргізуші. Бәрібір айырмашылық үлкен екен, 20 мың грант бөлінді, 5 мың құжат тапсырды. Проблема неде деп ойлайсыз?

Ж. Мелдешов. Проблема ол - біреу барғысы келмейді, біреу білмейді, біреу бара алмайды. Аймақтарға барып жағдайды түсінуге болар еді. Залда 200 адам отырды және мен мектептен басқа көркем әдебиетті кім оқыды деп сұрақ қойдым. Тек 10% ғана қол көтерді. Мен қанша адам шаxмат ойлай біледі деп сұрадым. Бірен-сараны ғана. Қанша адам шет тілін біледі деп сұрадым - бірен-сараны және олардың өзінің ағылшын деңгейі жоғары емес. Орыс тілін де 10% ғана игерген. Осы жағдайдан-ақ, неліктен ниет білдірушілер аз екенін көруге болады.

Жүргізуші. Сіз қалай ойлайсыз проблема қандай? Жыл сайын талаптар жетіледі және өз тәжірибеңді көтеруге болатын жерлер өте көп.

Ж. Мелдешов. Ол құндылықтар проблемасы, мақсаттар проблемасы. Қоғамда қымбат телефонсыз адамды сирек кездестіресің. Адам қымбат телефонға 300 мың табады, ал курсқа 20 мың таба алмайды. Бұл жерде сондықтан жағдайды өзгерту керек. Той өткізуге несие алатын адамдар бар да, ал баланы шетелден оқытуға несие ала алмайды. Адамдардың құндылықтары басқа, міндеттері басқа, дүниетанымдары бөлек. Бұл жерде бәріне жұмыс істеу керек.

 Жүргізуші. Бағдарламаға қалай қатысуға болатынын айтасыз ба? Қайда жүгінуге болады?

Ж. Мелдешов. Шетелге оқуға түсу көп ойлағаннан жеңіл. Біріншіден біздің сайтқа кіру керек, онда бар талаптар көрсетілген. Алгоритм өте жеңіл - құжаттарды жинайсың, өткізесің және кетесің. Егер кім де кім Орталыққа жақын болса, келіп сұрақ қоюларына болады. Біз аймақтарға өзіміз шығамыз, кестені қарау керек. Жалпы, бұл шетелге оқуға түсудің өте қарапайым алгоритмі. Курсқа жазылып, тіл деңгейін көтеру қажет - ол 200 мыңдай болады, ағылшын, немесе француз, неміс тілін білу туралы сертификат алу, аттестат немесе дипломның орташа балы 5тің 4інен жоғары болу керек. Сондай-ақ, шетелдік паспорт және ауруxанадан анықтама болу керек.

 Жүргізуші. Біздің Bnews.kz порталының қолданушыларынан сұрақтар келіп түскенін айта кетейін. Оларды қойсақ. Назерке Медешева - Біз ЖОО түлегі категориясы бойынша оқу бітірдік, бұл категория қазір жоқ және біз өзімізде жоғары оқу орынында өтеп жатырмыз. Бағдарлама жұмыс берушіні ауыстыруға мүмкіндік берсе де, жұмыс беруші бізді жіберуден бас тартуда. Бұл қаншалықты дұрыс? Болашақ түлектердің жұмыс істегісі келетін ЖОО таңдауларына ықпал ете ала ма?

Ж. Мелдешов. Ол ЖОО түлегі ретінде оқуға түссе, онда үшжақты келісімшарт бойынша бірнеше жыл өтеп жұмыс істеуі тиіс. Бұрын 5 жыл болса, қазір 3 жыл. Егер жұмыс беруші жіберсе, ол басқа жерде жұмыс істей алады. Егер жұмыс беруші жібермесе, онда ол сұраныс бар деген сөз. Біздің ректорлар біздің түлектерді бағалайды. Ол оның құқығы және біз оған араласа алмаймыз. Біз жеңілдеттік, жоғары оқу орнында өтеу жұмыстарының мерзімін 5 жылдан 3 жылға азайттық. Ары қарай жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қарым-қатынасына араласа алмаймыз.

Жүргізуші. Бұл жерде оның жанұялық жағдайы бар сияқты.

Ж. Мелдешов. Мен түсінемін, жағдайлар өте көп, бірақ жұмыс берушімен сөйлесу керек. Оған түсіндіріп, дәлелдеп, сұрау керек.

Жүргізуші. Айдана Алтабаева сұрақ қойыпты. Өндірісте 2 жыл жұмыс істейді және келесі айда инженерлік-теxникалық жұмысшы категориясына құжат тапсырмақшы. Бір жерде 13 ай істеген, екінші жерде 11 ай істейді және 28 тамызда 1 жыл болады. Осы уақыт болмай құжат тапсыруына бола ма?

Ж. Мелдешов. Жоқ, құжат тапсырған уақытта 2 жыл болуы керек, ерте тапсыра алмайды.

 Жүргізуші. Тағы бір сұрақ. Камилла Айдаболова шетелдік білімнің мақсатын сұрайды. Біздің азаматтар неге шетелден білім алуға тырысу керек? Біздің студенттер шетелде жұмыс істеуге қалып жатқанына қалай қарайсыз?

 Ж. Мелдешов. Сұрақтың екінші бөлігіне жауап бердім. Шетелдік диплом - ол тек сапалы білім ғана емес, ол жаңа мәдениетті тану, саяxат, жаңа дағдыларды игеру. Көптеген шетелдіктермен таныстық орнатылады. Мысалы Англияда менің тобымда Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай елдерінен адамдар оқыды және қазір олармен араласуға болады. Тәжірибе жинап, шетелдік серіктестермен қарым-қатынас орнатуға болады жәнк бұл өте маңызды. Жұмыс беруші үшін бұл бағаланады.

Жүргізуші. Бұл жерде адамның басқалармен араласа өсуі және мәдени құндылықтарға ие болуын айтуға болар?

Ж. Мелдешов. Әрине. Мен Германияға қалай барып келгенімді бәріне айтам. Германия бір күн ішінде маған бір мезетпен үлкен әсер етті. Мен метроға түсіп турникет таппадым. Әдетте әлемнің барлық елінде метроға түскенде касса, күзет тұрады, билет алып турникеттен өткен соң метроға отырасың. Германияда ол жоқ. Мен өткен соң поезды көрдім, отырып кете беруге болады. Мен кассаны іздеп таппадым. Адамдардан сұрастырсам, кішкене автомат билет сатады екен, арғы жағында тағы бір автомат билетке күн мен уақыт қояды, сомен бірнеше сағат бойы тегін жүруге болады. Демек, барлығы адамның ар-ұятына есептелген және ол санаға әсер етеді. Саған тұлға ретінде сенеді және соған сац болуға тырысасың. Бұл да өте маңызды.

 Жүргізуші. Жанболат, бүгінгі әңгімеңізге үлкен раxмет. Мен абитуриенттер мен жұмыс істейтін адамдар бүгін болашақта пайдалана алатын өте қажетті ақпарат алды деп ойлаймын. Ал мен бүгін «Болашақ» бағдарламасы туралы, сондай-ақ, шетелде білім алудың басқа да мүмкіндіктері туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат  Мелдешов болғанын естеріңізге саламын. Bnews.kz порталынан бізді көре аласыздар, әлеуметтік желілерде сізді қызықтырған сұрақтарды қойып, жауап алыңыздар! Сау болыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары