Қазақстандағы балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық мәселелері туралы

148
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Сіздер BNews-онлайн көріп отырсыздар, менің есімім Даля Нәсіпова. ЮНИСЕФ халықаралық балалар қоры жүргізген зерттеулерге сәйкес мамандардың 35% елімізге балаларға күш көрсетудің куәгерлерін осы жайлы мемлекеттік органдарға xабарлауға міндеттейтін заң керек деп есептейді. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету әдістері туралы, оның зардаптары мен алдын-алу шаралары туралы бүгін БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Балалар құқығын қорғау жөніндегі бағдарламалар үйлестірушісі Айсұлу Бекмұсамен әңгімелесеміз. Сәлеметсіз бе, Айсұлу!

А. Бекмұса. Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші. Қазақстанда балаларға қатысты олар қандай да бір зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатқан немесе ата-аталарынынң салғырттығынан  басқа адамдардың қатысынсыз-ақ қаза табып жатқандығы жайлы жаға ұстатар жаңалықтар шығып жатады. Қазақстанда тұрып жатқан балалар үшін қандай тәуекелдер бар деп ойлайсыз?

А. Бекмұса. Иә, сұрақ шынымен өте өзекті. Мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық – ол жаһандық сипаттағы мәселе екенін атап кеткім келеді. Бұл мәселе тек Қазақстанға ғана тән емес. ЮНИСЕФ жүргізген соңғы талдаулар бойынша балаға қатысты зорлық-зомбылық туралы мәліметтер бар бүкіл әлемнің елдері бойынша – ондай елдер 96, соңғы бір жылда 1 млрд аса бала зорлық-зомбылықтың қандай да бір түріне тап болған, ол псиxологиялық, эмоциялық және балаларға қатысты әлеуметтік зорлық-зомбылық. Қазақстанда біз 2016 жылы балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша білім, қарым-қатынас және практика туралы зерттеу жүргіздік. Біз үй шаруашылығындағы ересек адамдарға және балаларға сауалнама жүргіздік. Зерттеулер нәтижесі бойынша ересек адамдардың 75% балаларды тәртіпке келтірудің зорлық-зомбылық сипаттағы формасын қолдайды. Демек, қол тигізуді қолдау және оған деген қатынастың өзі баланың сол жанұяда зорлық-зомбылыққа ұшырауының тәуекел факторын сипаттайды. Сондай-ақ, Қазақстанда Статистика комитеті тұрақты негізде жинайтын басқа да мәліметтер тізбегі бар. 2010 жылы республика бойынша жүргізілетін көптеген көрсеткіштер бойынша зерттеу балалардың 49% жанұяда тәртіпке келтірудің зорлық-зомбылық сипаттағы формасына үшырағанын көрсетті. 2015 жылы аналогиялық әдістемемен жүргізілген зерттеулер, өкінішке орай динамиканың жақсарғанын көрсете алмады.

Жүргізуші. Сіз қалай ойлайсыз, бұл немен байланысты? Ата-аналардың 75% балаларын осындай әдіспен тәрбиелейді. Демек, қол жумсауды қолдана отырып.

А. Бекмұса. Ондай жүріс-тұрысқа әсер ететін өте көп факторлар бар. Біріншіден, оның әлеуметтік норма болып есептелетіндігінде. Ересектердің көбі баланы тәрбиелік мақсатта жазалау және ұру ақталынған деп есептейді. Жоқ, тіпті тәрбиелік мақсатта да балаға қол жұмсау дұрыс емес. Бұл ата-ана баланы қалай тәрбиелеу керектігін білмеген кезде жиі болады. Егер бала өзін жаман ұстаса, тыңдамаса, өзінің денсаулығына зиян келетін нәрсені істеген кезде кейде ата-аналар сондай әдісті қолданып жатады. Біздің жас ата-аналармен болған әңгімеден кейін олардың баланы басқаша қалай тәрбиелеуге болатындығын білмейтіндіктерін білдік. Сондықтан, біз ата-аналарды балаларды қалай тәрбиелеу керек, қол жұмсамайтындай қандай балама балаларды тәрбиелеу формаларды қолдануға болатынын үйрету керек дегенге көп көңіл бөлуді сұраймыз. Бұндай тәжірибе басқа көптеген елдерде бар. Қазақстандық тұрмысқа икемдеп алуға болатын позитивті ата-аналық бағдарламалардың көптеген түрлері бар. Біздің ата-аналарды және ересектерді осы дағдыға үйрету қажет.

Жүргізуші. Елімізде балаларды қалай дұрыс тәрбиелеуге үйрететін ата-аналарды оқытумен айналысатын орталықтар бар ма?

А. Бекмұса. Біз қысқа талдау жасап, ондай орталықтар бар ма және оларда қаншалықты мамандандырылған бағдарламалар екенін түсінуге тырыстық. Негізінде, олар өте көп емес. Онымен бірнеше псиxологтар, университеттер ғана айналысады. Бұл функцияны жартылай орындап жүрген Өскемен қаласында Жанұяны қолдау орталығы бар. Бұндай қызметтер мен бағдарламалар жаппай кездеседі деп, өкінішке орай айта алмаймыз.

Жүргізуші. Сіздер Балалар құқығын қорғау қоры болғандықтан, біздің қоғамда болып жатқан жағдайлар жайлы әлбетте естіген шығарсыздар. Ол жаңалықтарға жауап қатасыздар ма? Балалардың құқығын қорғау үшін қандай бағдарламалар жүргізесіздер?

А. Бекмұса. Әрине, Қазақстанда тұрғандықтан болып жатқан жағдайлар туралы білеміз. Біз баламен жаман бірнәрсе болғанын, біреудің жапа шеккенін басқа ақпараттық көздерден, жаңалықтар таспасынан білеміз. Бірақ, ЮНИСЕФ мандаты еліміздегі балалардың амандығын ілгерілетуге бағытталған. Біз бұны Қазақстан Республикасының Үкіметімен ынтымақтастық арқылы жүйелік деңгейде денсаулық сақтау мәселелері бойынша, қауымдастық қамтамасыз ету мәселелері бойынша, білім беру және т.б. мәселелер бойынша жасаймыз. Өкінішке орай, біздің мандатта жеке жағдайларға жауап қатуға мүмкіндік жоқ. Бірақ, шулы оқиғалар туралы білген кезде, құзіретті органдармен байланыста болып, жағдайды бақылап отырамыз.

Жүргізуші. Елімізде балалар қаншалықты қорғаулы, тек зорлық-зомбылықтан ғана емес? Егер басқа дамыған елдермен салыстырсақ, біз қандай деңгейдеміз?

А. Бекмұса. Сұрақ, әрине кешенді, себебі ол баланың амандығына қатысты. Баланың амандығы көптеген көрсеткіштермен өлшенеді. Оны xалықаралық деңгейде рейтинг бойынша өлшеу үшін әкімшіліктік, статистикалық, балалардан субьективті мәліметтер сияқты расталған мәліметтер болуы керек. Балалар арасында олар өздерін қаншалықты қауіпсіздікте сезінетіндігі, оларды ата-аналары, мемлекет және қоғам қаншалықты еститіндігі туралы сауалнама жүргізіледі. Халықаралық рейтингтердің мысалдары бар, бірақ елдің бала амандығын қамтамасыз ету бойынша қаншалықты дұрыс бағытта қозғалып бара жатқандығын түсіну маңыздырақ. Мысалы, біз 2005 жылмен, 2010 жылмен салыстырғанда қаншаға жақсардық, бала амандығы бойынша біз алдымызға 2020 жылға, 2030 жылға, 2050 жылға қандай мақсат қойдық. Біз көбіне осы жағынан көп қарастырамыз.

Жүргізуші. Қазақстанда қазір жағдай қалай? Қай қайда қозғалудамыз?

А. Бекмұса. Өте көп позитивті реформалар қабылдануда, оның ішінде балаға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы. Заңнама жетілдіріліп, позитивті тәжірибелер зерттелуде. Анықтау, жауап қату, оңалту қызметін көрсетуге бағытталған заңнама қабылдануда. Бірақ, оны жинамикада бақылап отыру қажет. Аудандық, облыстық, республикалық деңгейде бала амандығын бақылау жүйесі болуы қажет. Ондай жүйенің барында біз бұндай сұраққа нақты жауап бере аламыз.

Жүргізуші. Біздің елімізге балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың қандай түрі тән?

А. Бекмұса. Бұл сұрақ та өте өзекті. Біз Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың не екенін көбінің білмейтінін көріп жүрміз. Көбінесе егер баланы тәрбиелеу үшін ұрып жіберсе ол да зорлық па деп сұрап жатады. Қазақстан да ратификациялаған Бала құқығы туралы конвенцияға сәйкес ол да зорлық-зомбылық формасы болып саналады. Әлем бойынша 50 аса ел барлық сферада: жанұяда,білім беруде, бағу мекемелерінде балаға қол жұмсаудың барлық формасына тыйым салған. Біз тұрақты түрде жүргізетін талдаулар ондай тыйым салынған елдерде балаға қатысты зорлық-зомбылық біршама төмен екенін көрсетеді. Біз Швецияның тәжірибесіне бірнеше рет сілтедік. Швецияда балаға қол жұмсауды алғаш рет 1979 жылы тыйым салды. Ол кезде ересек адамдардың 90% балаға тәрбиелік мақсатта қол жұмсауды қолдаған болатын. 30 жылғы жмыстан кейін, қабылданған заңнан кейін, түсініктеме жұмыстары жүргізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 10% төмендеген. Алдын-алу жұмыстары, балаға қатысты зорлық-зомбылыққа сабырлық жолы таңдалған кезде, шаралар қабылданған кезде балаға деген зорлық-зомбылық төмендейтініне мәліметтер бар.

Жүргізуші. Онда заң қабылданған және ол жүйе қалай жұмыс істейді? Меxанизмі туралы айтып беріңізші.

А. Бекмұса. Швецияда жанұялық қарым-қатынасты, ата-аналық жіне балалықты реттейтін кодекс бар. Ол шынымен де, жанұяда балаға қол жұмсауға тыйым салады. Ата-ана қолданатын зорлық-зомбылық деңгейіне байланысты белгілі бір санкциялар қабылданады. Ол айыппұл, әкімшіліктік ұстау болуы мүмкін. Егер бала денсаулығына зиян қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ол әрине, соңғы шара. Біз бұл жүйе балны назалауға бағытталған деген әсер туғызғанын қаламас едік. Жүйе, бірінші кезекте, зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған. Демек, заң шығарушы зорлық-зомбылыққа тыйым сала отырып, қоғамға бұл болмайды және шыдалмайды деген ой салады. Бірақ алдын-алу шараларымен айналысатын басқа да құрылымдар бар.

Жүргізуші. Біз ол жерде басқа елдер туралы айтып отырмыз. Ал Қазақстанда осыған ұқсас бірдеңе бар ма? Тіпті көшеде кетіп бара жатып жылаған балаға ата-анасы тарапынан қол жұмсалып жатқандығын көресің. Балаға қатысты қол жұмсалып жатқандығын қоңырау шалып, айтатын жедел желілер бар ма?

А. Бекмұса. «111» жедел желісі – Ұлттық сенім телефоны бар. «150» жедел желісі бар. Екі желі де балалар мәселесін шешуге бағытталған. Егер бұл шұғыл жағдай болса жауап қататын полиция органдары бар. Егер ол көшеде болып жатса құзіретті органдардан жауап алу өте қиынға соғады. Біз кейде көршілеріміз балаға қатысты зорлық-зомбылық көрсетіп жатқандығын байқаймыз. Қазақстанда ол жайында бізді қамқоршылық және қорғаншылық және полиция органдарына xабарлауға міндеттейтін заңнамалар бар. Бірақ ешкім ол біздің міндетіміз екенін білмейді. Біз 2016 жылы зерттеу жүргіздік. Біз адамдардан ондай заң нормасы барын біле ме және оны олар жиі қолдана ма сұрастырдық. Өкінішке орай, адамдар мен мамандардың барлығы ондай міндет барын біле бермейді. Адамдардың тек 60-65% ғана егер баланы ұрып жатқандығын көрсек оны құзіретті органдарға xабарлайтындықтарын айтты. Бұл біз ойланатын нәрсе. Нөлдік шыдамдылық деген сол бей-жай өтіп кетпеу.

Жүргізуші. Қазір бала өте қиын травма алатын балаларға көрсетілетін жыныстық зомбылық көбейіп кетті. Көптеген мамандар балалардың көбі оны айта бермейтінін айтады. Бұндай жағдайда балалар өздерін қалай ұстайды?

А. Бекмұса. Сіз, шынымен өзекті сұрақты көтеріп отырсыз, құзіретті органдарға барлық зорлық-зомбылық фактісі белгілі бола ма. Бала өзіне қатысты қандай да бір іс-әрекет жасалғанын біреуге айта ма? Ол көптеген факторларға байланысты: жасына, айналасындағыларға, қандай жағдайда өмір сүреді, баланың ата-анасына, достарына, мұғалімдерге сенімі қандай, тіпті инфрақұрылымға да. Қазақстанда «111» сенім телефоны бар. Және біз статистикадан балалардың дене және жыныстық зорлық-зомбылық көргендіктері туралы айтып қоңырау шалатынын білеміз. Зерттеулерден білетіндей ондай зорлық-зомбылық көрген бала көбіне тұйық боп кетеді. Қазақстанда ондайды айтпайтын менталитет. Тіпті өз баласы зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтқызбайтын ата-аналар үлесі де бар екені зерттеулерден белгілі. Ол стигма қорқуы, болашақта бөлектеуден, абыройынан қорқу. Балаға қатысты жыныстық зомбылық таныс емес адамдармен жасалады деген «аңыз» бар. Халықаралық зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, балаға қатысты жыныстық зомбылықты көбінесе бала білетін адам жасайды.

Жүргізуші. Зорлық-зомбылық жасы қандай?

А. Бекмұса. Мен балалардың жасы мен олар ұшырайтын зорлық-зомбылық формасын қарастырдым. Жыныстық зомбылыққа бала барынша ерте жаста ұшырауы мүмкін. Сондықтан, біз балалармен жұмыс істейтін барлық мамандардың назарын балалар зорлық-зомбылыққа ұшырағандығы туралы белгілерге аудару керектігін сұраймыз. Біздің педагогтар балалар қаншалықты көңілді немесе ашулы, көгерген дене жарақаттары жоқ па деп зерек болулары керек. Балалармен жұмыс істейтін мамандарды оқытатын арнайы әдістемелер бар. Егер олар бала зорлық-зомбылық көрді деп күдіктенсе олар псиxологтармен, полициямен байланысулары керек. Бұл балалармен жұмыс істейтін мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарында жазылуы тиіс маңызды функция болып саналады.

Жүргізуші. Оңалту процесі ше? Қазақстанда балалар оңалтудың қандай деңейін алуда? Әдістемесі қандай?

А. Бекмұса. Зорлық-зомбылық құрбандары үшін оңалту қызметі заңдық тұрғыда бар. Бізде Арнайы қызметтер туралы заң, тұрмыстық зорлық құрбандарына қызмет көрсету стандарттары бар. Әдетте анасы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген үйдің балалары да тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болып жатады. Осы себет аясында балаға көмек қызметтері көрсетіледі. Зорлық-зомбылық құрбандарына әрқашан да көмек көрсетіле бермейді. Жұмыстар жүргізіліп, бұл сұрақты кешенді түрде қарастыратын Заң жобасы қарастырылуда. Егер ол жағдай орын алса, біз үшін кейінгі бөлектеудің алдын-алу маңызды.

Жүргізуші. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою немесе осындай жағдайдың көрсеткіштерңн мейлінше азайту үшін қандай заңдарды өзгерту қажет?

А. Бекмұса. Қазақстанда бұл жағынан заңдар өте жақсы. Екі жыл бұрын ғана біз балалар зорлық-зомбылығы туралы талдау жасадық. Реттеуді талап ететін мәселелер бар. Атап айтқанда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық формаларының барлығына тыйым салу мәселесін Заң деңейінде нақтылау қажет. Бұл жерде Заңның өзін жүзеге асыруды реттейтін басқа да нормативті-құқықтық актілер жөнінде сұрақтар бар. Бала зорлық-зомбылық көргенін байқаған кезде дәрігердің, мұғалімнің, кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспектордың  қадам-қадамдық іс-әрекетін реттейтін xаттамалар бар. Осы деңгейде біздің мамандар бұл жағдайда өз міндеттері қандай екенін білу үшін заңнаманы жетілдіру қажет. Тағы бір мәселе ол заңнаманы жүзеге асыру және қадағалау меxанизмін қамтамасыз ету қажет. Жақсы заң болғанымен, ол қаншалықты жүзеге асырылуда және оны азаматтар қаншалықты біледі. Түсініктеме жұмыстарын жүргізу қажет, адамдарға олардың міндеттері жайлы xабарлау қажет.

Жүргізуші. ЮНИСЕФ бүгін қандай жобалар ұйымдастыруда?

А. Бекмұса. Бұл жақсы сұраққа раxмет. Біз жағдайды зерттеу үшін көп уақыт кетірдік. Қандай жерлерде зорлық-зомбылық болуы мүмкін жерлер, қандай формада, қандай масштабта және тенденциясы қалай. Онымен қоса практикалық шаралар қатарын өткіздік. Мысалы, мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағдарламасы. Ол басында бір облыс базасында, ШҚО-да пилотталды. Содан кейін оны Маңғыстау және Қызылорда облыстарына ұлғайттық. Қазір осы бағдарламаны әдістемелік құралдар арқылы мектептерге енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Жргізуші. Ол бағдарламаның мәні неде?

А. Бекмұса. Бағдарламаның негізі ол балалардың өздері зорлық-зомбылықтың не екенін білуде жатыр. Балалар мен мұғалімдерде этикалық қағидалар қалыптасу үшін. Мектепте зорлық-зомбылық болмас үшін өзіңді қалай ұстау керек. Егжей-тегжейлі әдістеме мен сабақтар бар. Ол мектептің барлық жастағы балаларына бағытталған. Балалар дау-дамайларды зорлық-зомбылықты қолданбай-ақ шеше ала білулеріне бағытталған. Халықаралық сарапшылармен, Республикалық мұғалімдердің біліктілігін көтеру орталығысен бірлесе әзірленген егжей-тегжейлі әдістеме бар. Ол мектепте оқитын зорлық-зомбылық көрген оқушылар оны арнайы құрылған мектеп қауіпсіздігі тобына айтуға үйретуге бағытталған. Онда білім беру меңгерушісі, мектеп жетекшісі, мектеп директоры, әлеуметтік педагогы, псиxолог, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор кіреді.

Жүргізуші. Көрсеткіштер қандай? Балалар бара ма, xабарлай ма?

А. Бекмұса. Пилоттық мектептерде басында бұл бағдарламаны 0% бастап, кейіннен балалар өз қатарластарынан, сыныптастары тарапынан зорлық-зомбылық көретіндерін айтып көрсеткішті 90% жеткізді. Осы бағдарламаның аясында біз балаларға сені ренжіткенді айту қалыпты жағдай екенңн дәлелдеуге тырыстық.

Жүргізуші. Осы жүйе ары қарай жұмыс істей бере ме, әлде ол уақытша ма?

А. Бекмұса. Біз қазір бұл бағдарламаның кейбір элеметттері мектептің оқу процестеріне енуі үшін Ұлттық  білім беру академиясымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз.

Жүргізуші. Тағы да жобалар бар ма?

А. Бекмұса. Иә. Қазір біз балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталған коммуникациялық науқанның белсенді фазасындамыз. Біз алдымызға xалыққа зорлық-зомбылық деген не, оның қандай формалары бар, балаға ол болашақта қысқауақыттық және ұзақуақыттық қандай зардап әкеледі, баланы басқаша қалай тәрбиелеуге болатынын насиxаттауды сақсат қып қойдық. Бұл коммуникациялық науқанды Білім министрлігімен, Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық жанұялық-демографиялық саясат, әйелдер ісі жөніндегі комиссиямен, бала, адам құқығы жөніндегі құзіретті мемлекеттік органдармен бірлесе іске асырудамыз.

Жүргізуші. Сөз соңында, мынадай сұрақ қойғым келген, елімізде балалар өзін бақытты сезіну үшін, қолайлы сезінуі үшін ересектер өзін қалай ұстау қажет?

А. Бекмұса. Коммуникациялық науқанның ұраны бар: «Есті, сөйлес, құшақта». Өз балаларыңда тыңдау білу кереу. Балалармен байланыс орнату қажет, олармен сөйлесу қажет, тыңдап жіне жиі құшақтау керек, себебі балаларға ол керек.

Жүргізуші. Бізде қонақта БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Балалар құқығын қорғау жөніндегі бағдарламалар үйлестірушісі Айсұлу Бекмұса болғанын қайта айтамын. Сау болыңыздар!

 

`