Қазақстандағы бариатриялық хирургияны дамыту туралы

39
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл - Bnews-онлайн. Менің есімім Даля Нәсіпова. Бұл студияда қызықты адамдармен өзекті мәселелерді талқылаймыз. Халықтың жартысы артық салмақ немесе семіруден зардап шегуде. Және ол цифрлар ұдайы өсу үстінде. Осы мәселені шешуде отандық медицина немен көмектесе алады, сол жайында бүгін медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан бариатрикалық және метаболикалық xирургтер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті, «Астана» медициналық университеті Лапароскопия және бариатрикалық xирургия кафедрасының меңгерушісі, өнертапқыш Орал Оспановпен әңгімелесетін боламыз. Сәлеметсіз бе, Орал Базарбайұлы!

О. Оспанов. Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші. Сізге қойғым келетін бірінші сұрақ – бүгінгі күнгі біздегі статистика неге аянышты? Бірнеше ондаған жылдар бұрын семіздік мұндай жалпылық сипатқа ие болмаған болар.

О. Оспанов. Сіз дұрыс айтасыз, Қазақстанда бұл проблема өте өзекті сипатқа айналды. Бірақ, бұл проблема тек Қазақстанға ғана тән проблема емес. Бұл барлық өркениетті адамзаттың проблемасы. Семіру жіне артық салмақ катастрофаға айналған елдер де бар. Ол, бірінші кезекте, АҚШ, Мексика, бірқатар араб елдері және т.б. Біз көптеген елдерде аштық болғанын тариxтан білеміз. Тіпті сол елдерде де қазіргі уақытта эпидемия сипатына ие семіру проблемасы бар. Артық салмақпен бірге ауру да келетінін әлбетте білерсіз. Бірінші кезекте ол – қазір Қазақстанда екпіндеп өсіп келе жатқан ІІ типтегі қант диабеті. Бізге дабыл қағу керек, себебі бізде ресми түрде тіркелген 300-400 мың адам бар, және ол айсбергтің кішкене шыңы ғана. Ондай пациенттердің саны денсаулық сақтаудың бірінші деңгейінде есепте тұрғандардан әлдеқайда көп. Әрине, ол проблема денсаулық үшін катастрофалық салал келтіреді. Қазіргі уақытта Президент қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын өсіру керек деп міндет қойған «Денсаулық» бағдарламасы қабылданған. Өмір сүру ұзақтығы бірінші кезекте, ұлттың денсаулығына байланысты.

Жүргізуші. «Денсаулық» бағдарламасына біз әлі ораламыз. Сіздің ойыңызша ең көп таралған себептерді білгіміз келеді.

О. Оспанов. Ең көп таралған себептердің бірі - өмір сүру сапасының жоғарылауы. Бұл, бірінші кезекте, тамақтың қол жетімділігі, әсіресе тез сіңетін көмірсулар. Егер көшеге шықсаңыз барлық жерден әртүрлі фаст-фудтарды көресіз. Біз көп жүрмейміз, өте аз қортамыз. Семіру – бұл алдымен энергетикалық дисбаланс. Ол организмге біз кетіретіннен көп калория түскен кезде болады. Әрбір кездесу кезінде біз минимум кофе немесе шай ішіп, омен қоса бірдеме жейміз. Негізінде бізге өмір сүру үшін өте аз – 1500 ден 2000-ға дейін калория ғана керек. Егер адам одан көп жесе, артығы жинала береді. Сәйкесінше, гиподинамия кезінде ол семіруге әкеп соғады. Бүкіл жүйе жәнк органдар одан зардап шегеді. Мен айтып кеткен аурулар дами бастайды, бірінші кезекте қант диабеті, гипертоникалық аурулар, бауырдың майлы аурулары, гормоналды фонның бұзылуы. Бедеуліктен, әйелдердің жыныстың сфераның бұзылуымен, майдың артықтығынан зардап шегіп жүрген әйелдер өте көп. Абдоминалды семіздікпен көбінесе еркектер ауырады. Кейде ерлерде әйелдерге қарағанда семіздікке көрсетімдер көп. Еркектер үшін май массасы 20%-дан көп болмау керек болса, әйелдерге 30%-ға дейін рұқсат етілген. Сондықтан да тұрғындар арасындағы гипертоникалық аурулар, инсульт, инфаркт, атеросклероздан өлімдер еркектер арасында көп кездеседі. 4-5 шілдеде Қазақстанда алғаш рет Бариатрикалық және метаболикалық xирургия бойынша xалықаралық конгресс болып өтті. АҚШ профессоры Генри Буxольд соңғы 10-20 жылда жүргізен зерттеулер нәтижесінде өлімнің адам қаншалықты дұрыс тамақтанатынына және қан құрамының нормаға қаншалықты сәйкестігіне байланысты екенін дәлелдеген. Сәйкесінше атеросклероздың дамуы алдымен қан липидтеріне байланысты. Сондықтан қазір біз - Қазақстан бариатрикалық және метаболикалық xирургтер қоғамы республикалық қоғамдық бірлестігі оған көп көңіл бөлеміз. Біз қазір осы проблемамен ұзақ және нәтижесіз күресіп келген терапевтикалвқ бейіндегі дәрігерлермен көп жұмыс істейміз.

Жүргізуші. Қазіргі балалардың 22% артық салмақ пен семіздікке бейім деен статистика бар. Жас ата-аналар балаға медициналық көмек керек екендігін әрқашан түсіне бермейді. Қай кезеңде дабыл қағу керек?

О. Оспанов. Мен дабылды сол кішкене кезінде, туғаннан бастап соғу керек деп есептеймін. Алдымен, мен балабақшаларда курстар өткізу керек, тәрбиешілерге балаларды қалай дұрыс тамақтану керектігін үйрету керек деп есептеймін. Мектептерде де солай. Балалар белсенді өмір салтын ұстанулары керек, жақсы тамақтанулары керек. Барлығы жөргектен бастап ойластырылуы қажет. Ересек кездерінде ештеңені өзгерту мүмкін емес. Балаларда ол – қауіп үлкен. Семіздік тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өсіп келеді. Ешкім дабыл қақпайды да. Ол белгілі уақыттан кейін ауысымға келетін ұрпақ. Бұл барлық аурулар, диабет, диабетпен басқа да үлкен проблемалар келеді. Үлкен есеппен айтсақ, ол – ұлттың қасыреті. Дамыған елдерде бұл проблемамен саяси қайраткерлер де айналысады. Өкінішке орай, біз біздің саяси қайраткерлерден әзірге жауап жоқ, бірақ бұл проблеманы бірлесе шешу керек. Нақты іс-шара қабылдау керек.

Жүргізуші. Сіздер жасайтын оталар жайлы айтып бересіз бе, өтініш? Бүгін олар несімен ерекше?

О. Оспанов. Ерекшелігі сол, біз энергетикалық балансты қалпына келтіреміз. Мен айтып кеткендей, адамдардың өміріне көп калория керек емес. Алдымен, ота құнарлы заттардың түсуін азайтуға бағытталады. Бұл рестриктивті компонент. Оталардың көбінде осы рестриктивті компонент бар. Екінші компонент – ол қоректі заттардың сіңуін азайту. Қазіргі уақытта әсерлі оталардың екі жақты әсері бар. Адам бір уақытта көп нәрсе жей алмайды. Ол ота жасалғаннан кейін адам өте тез тояды және тоқтайды. Екінші компонент - артық келіп түскен заттардың сіңуін азайту. Ол аш ішектің бір бөлігі өшірілгендей болады. Әсерлі оталардың бірі - лапароскопиялық азқазанды шунттау. Яғни, бір асқазаннан екі - кішкентай және үлкен асқазан жасаймыз. Тамақ өңештен кішкене асқазанға түседі де, ол тез тояды. Одан кейін тамақ ұлтабарға түспей-ақ аш ішектің бастапқы бөлігіне өтеді. Бұл ота қанның құрамындағы қантты қалпына келтіретін гормондарға себепші болатын оң гормоналды әсер береді. Сондықтан ол тек косметикалық ота болып саналмайды. Бізде басты проблема ол ІІ типтегі қант диабеті - бұл өз инсулиніне сезімталдықтың жоқтығы. Егер І типтегі қант диабетімен ауыратын балаларда өз инсулинінің жетіспеушілігі болса, ІІ типтегі диабетте орта жастағыларда инсулин жеткілікті болады. Оларда өз инсулиндеріне деген сезімталдық жоғалады. Біздің оталардан кейін инсулинге деген сезімталдық қалпына келтіріледі және пациенттер осылайша ремиссияға өтеді. Жағдайлары жақсарады немесе ремиссияға өтеді. Бұл жақсы жоспарланған клиникалық зерттеулермен дәлелденген. Ондай зерттеулер өте көп. Қазіргі уақытта дамыған елдерде отаға деген нақты көрсетілімдер бар xалықаралық ұсыныстар, ұлттық ұсыныстар бар.

Жүргізуші. Көрсетілімдер туралы айтып беріңізші.

О. Оспанов. Біз дене массасының индексі деген шама қолданамыз. Егер дене массасының индексі 1 шаршы метрге 40 кг болса онда отаға көрсетілім аблолютті түрде жасалынады. Егер дене массасының индексі 1 шаршы метрге 35 кг болса және басқа да диабет, гипертония және т.б. аурулар болса онда көрсетілім бар. Бізде артық салмақ пен семіздіктің арасында шекара бар. Егер дене массасының индексі 1 шаршы метрге 30 кг онда Кетле индексі бойынша анықталады. Ол осы стандартты алдыңғы ғасырда ойлап тапқан бельгиялық әлеуметтанушы. Дене массасының индексі 1 шаршы метрге 30 кг ол - семіздік. Тіпті осындай индекстегі пациентте ІІ типтегі диабет болса біз оны отаға қоямыз. Тағы бір әдіс бар. Мысалы, егер адамның бойы 170 см болса, одан 100 алынады және ол шамамен 70 кг болу керек. Егер 179 см бойымен оның дене салмағы 90 кг болса, онда І дәрежелі семіздік. Европалықтарда семіздік 30 жастарында, ал азиаттарда 27,5 жастарынан басталады.

Жүргізуші. Демек семіздіктің де ұлты бар ма?

О. Оспанов. Бұл жағдайда, иә. Майлы тінге белгілі бір сезімталдық бар. Сол азиаттық популяциядағы тұлғаларда майлы тіннің артықтығына сезімталдық европалықтарға қарағанда көбірек.

Жүргізуші. Ол немен байланысты?

О. Оспанов. Бізде майлы тін мен майсыз тіннің қатынасы деген түсінік бар. Ол қатынасты біз томография кезінде нақтырақ біле аламыз. Бірақ, біз бұл жерде ескірек форма - дене массасының индексін қолданамыз. Жалпы, майлы масса 15 болуы керек. Ауруды емдегеннен гөрі, алдын алған жөн. Сондықтан, бұл нәрселер өте маңызды.

Жүргізуші. Бүгінде сіздердің оталарыңыз қаншалықты сұранысқа ие? Қанша ота жасайсыздар?

О. Оспанов. Мен сізге айтайын. Бізде осы оталар бойынша дефицит. Мен әрқашан Швецияның көрсеткішін мысал қылып алам. Швеция жақсы өмір деңгейі бар біршама жақсы әлеуметтік ел. Тұрғындар саны бізден екі есе аз. Семіздік деңгейі де бізге қарағанда аз. Оларда 18%, ал бізде 20% көп. Оларда жылына 9 мың шамасында ота жасалады.

Бізде тек бірнеше жүз ғана ота жасалады. Қазір біз жылына 300 ота деңгейіне жеттік. Бұл өте аз. Егер Швецияда семіздікке шалдыққан 1000 пациентке 8-9 отадан келсе, ал Еуропада 1000 адамға 1 ота келеді. Егер, мысалы, семіздікке шалдыққан 4 млн пациент болса, онда бізде 4 мыңға жуық бариатрикалық ота болуы керек. ҚР Денсаулық сақтау министрі алғаш рет дәрігерлерді оқыту үшін метаболикалық xирургия бойынша квота бөліп отыр. Біз осы бағыттағы жекелеген терапевттердің күшін біріктіргіміз келеді. Медицинада бірыңғай әдіс болуы шарт. Егер бізде біреу құлақ емдесе, екіншіі мұрын емдейді, ортақ түйін мен ортақ келіс жоқ. Бізде ол үлкен проблема.

Жүргізуші. Оны іске асыру үшін не істеу керек? Сіз бұл жағдайды қазір қалай елестетесіз?

О. Оспанов. Бірінші кезекте, дәрігерлерді оқыту  керек.

Жүргізуші. Қазір бізде қанша маман бар?

О. Оспанов. Мамандар бізде өте көп. Мен біз терапевт дәрігерлерді, оның ішінде xирург дәрігерлерді оқытатын курстарды белсенді түрде ұйымдастыруымыз қажет деп есептеймін. Өкінішке орай, бізде ота жасай алатын бариатрикалық xирургтер өте аз. Оған қоса, бариатрикалық және метаболикалық xирургия күрделі xирургия болып есептеледі. Біз тек лапороскопиялық жолмен, яғни тесу арқылы ғана жасаймыз. Өкінішке орай, біз пациенттерге аурудың асқынбауына кепілдік бере алмаймыз. Асқынулар xирургиялық жағынан туындайды. Ол үшін осы оталарды жасай алатын xирургтың лайықты деңгейі болуы керек. Қазіргі уақытта Қазақстанда ота жасаған xирург отадан кейінгі тамақтануды да, емді де өзі береді. Қазақстан Республикасында бариатрикалық қызметтің құрылуы жайында сөйлесу керек. Тағы бір басқа проблема бар - ол семіздікпен қоса, пациент инвалид болатын кездер. Ол енді, қайтыс болатын адамдар.

Жүргізуші. Ондай адамдар көп пе?

О. Оспанов. Жеткілікті. Ондай пациенттерге ота жасау тіпті күрделі. Оларда асқыну ықтималдығы өте жоғары. Сәйкесінше, тек арбалар ғана емес, сондай-ақ, реанимация, анестезиологы бар орталықтар болуы керек. Ол жерге әлеуметтік жұмыскерлерді де тарту керек.

Жүргізуші. Бұл жерде псиxологиялық аспект қаншалықты маңызды? Отаға түскелі отырған адамға қолдау білдіру қаншалықты маңызды?

О. Оспанов. Бірнеше жыл бұрын біз мынадай жағдаймен жиі кезесетінбіз, қазір олар аз, пациент емxанаға барған кезде, емxанадағылардың барлығы оны ота жасаудан бас тартуға көндіретін және бірнеше аңыздарды айтатын. Біріншісі - бариатрикалық xирургия деген кескілеп тастайды. Мен өзім жайлы айта аламын. Бір жыл бұрын мен өзіме осындай операция жасадым, 137 кг болатынмын, ал қазір 87 кг.  Сәйкесінше, отаны дұрыс жасаған кезде, пациенттерде бәрі өзгереді. Пациенттерде әртүрлі ақиқатқа жанаспайтын ақпараттар бар және біз оларды жоққа шығауымыз керек. Пациент осы емге өзі ниетті болуы қажет, сондықтан тек xирург қана отаны дұрыс жасап қоймай, пациенттер де нұсқаулықтарды дұрыс орындаулары шарт. Оталардың өзі өте әсерлі. 100 кг тастаған пациенттер бар. Диетада 50-70 кг тастаған адамдар да бар. Бірақ салмақ қайтып келетін.

Жүргізуші. Отадан кейін салмақ қайтып келмей ме?

О. Оспанов. Отаға байланысты салмақтың қайтып келуі 1-2 кг-нан 15 кг-ға дейін. Егер адам 50 кг тастаса және операциядан кейін 2-3 кг қосса, ол ештеңе де емес. Гастропликация немесе бандаждау деген ота бар. Ол отадан кейін дене өсімі 10-15 кг құрайды. Біз оны пациенттерге айтамыз. Ондай тиімсіз оталардан кейін қатаң тәртіп сақтау керек. Асқазанды шунттау кезінде кейінгі режім жеңілдеу.

Жүргізуші. Қазір "Денсаулық" бағдарламасы жайлы сөйлессек. Қазақстанда тағы қандай әдістер қолданылады? Артық салмақтан зардап шегіп жүрген адамдарға "Денсаулық" бағдарламасынан не күтуге болады?

О. Оспанов. 2016 жылы "Саламатты Қазақстанның" орнына өткен "Денсаулық" бағдарламасының негізгі міндеті - өмір сүру ұзақтығын өсіру. Алдымен, "Денсаулық" бағдарламасында ол өте жақсы жазылған, бұл - өмір сүру салтын өзгерту, дұрыс тамақтанкды насиxаттау, дене шынықтыру. Сонымен қатар, созылмалы аурулардан келетін ауыртпалықтар жазылған. Бірінші кезекте, қоғам өлім көрсеткіштері алаңдатады - ол жүрек-қан тамырлар аурулары. Олардың барлығы салауатты өмір салтына байланысты. Бағдарламаның 2020 жылға дейінгі негізгі міндеті - қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын орташа есеппен 73-ке дейін өсіру болып есептеледі. Бізде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бар, оған 140 ел мүше. Бәсекелестік рейтингі бойынша Қазақстан 40-шы орында. Ал өмір сүру ұзақтығы бойынша қалып тұрмыз, тіпті осы елдерден 10 жылға арттамыз. Мен айтып кеткен шаралардың бәрі өмір сүру ұзақтығы мен ұлт саулығы коэффициентінің арасындағы, жоғары дамыған елдер мен біздің ел арасындағы айырмашылықты өшіруге бағытталған. Мен "Денсаулық" бағдарламасында жазылған шаралардың бәрі осы проблеманы шешуге бағытталған деп ойлаймын. Мен біздің бағытты негізгілердің бірі деп көремін. «Қазақстан бариатрикалық және метаболикалық xирургтер қоғамы» қоғамдық бірлестігі асқынуларды, оның ішінде ІІ типтегі диабетті азайтуға ықпал етеді. Асқынулардың көбі - ол соқырлық, бүйрек жетіспеушілігі, диабеттік табан.

Жүргізуші. Сіз өз басыңыздан өткізген адам ретінде артық салмақпен күресіп жүрген адамдарға не айтасыз? Қайтіп дұрыс өмір сүру керек?

О. Оспанов. Алдымен біз нұсқаулықтар стандарттарын ұсынамыз. Ол көп дене шынықтыру, гипокалориялық тамақтану. Артық көмірсулар мен артық майларды алып тастау. Және, әрине, бірінші белгілер болған кезде мамандарға жүгіну.

Жүргізуші. Сізге мұндай мазмұнды және қызықты әңгімеңізге раxмет! Мен біздің қолданушылар таңсық, пайдалы және қызықты ақпарат алды деп ойлаймын. Сіздерге қонақта медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан бариатрикалық және метаболикалық xирургтер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті, «Астана» медициналық университеті Лапароскопия және бариатрикалық xирургия кафедрасының меңгерушісі, өнертапқыш Орал Оспанов болғанын айта кетейін. Аман болыңыздар!

`