Қазақстандағы базалық зейнетақыны ұлғайту туралы

43
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Сіздер BNews – онлайн  көріп отырсыздар, менің есімім Даля Нәсіпова. Бұл студияда біз өзекті мәселелерді талқылаймыз. Шілденің басынан бастап базалық зейнетақы төлеу меxанизмі өзгерді. Енді қазақстандық зейнеткерлер зейнетақы төлемдерін қалай алатындығы жөнінде бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Жадыра Дәулетxанова айтып береді. Сәлеметсіз бе, Жадыра!

Ж. Дәулетxанова. Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші. Базалық зейнетақыны аудару әдістемесі қалай өзгергені туралы айтып бересіз бе?

Ж. Дәулетxанова. Дұрыс айтасыз, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемдерінің әдістемесі өзгерді. 2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Президентінің Жолдауында 1 шілдеден бастап барлық зейнеткерлер базалық зейнетақы төлемдерін жаңа мөлшерде алады деп айтылған болатын. Бұл үшін министрлік үлкен ауқымды жұмыс атқарды. 1 шілдедегі жағдай бойынша барлық іс қайта тексерілді, жұмыс өтілі есептелінді. Базалық зейнетақы төлемдерінің әдістемесі екі параметрден құралған – бұл ынтымақты зейнетақы төлем үшін есептелетін 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілі. Ынтымақты зейнетақы төлемдері әйелдер үшін – 20 жыл, еркектер үшін – 25 жыл. Екінші параметр – ол Жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын міндетті зейнетақы аударымдары бойынша есептелетін 1998 жылдан кейінгі жұмыс өтілі. Мысалы, егер 1 шілдеге дейін зейнеткерлердің барлығы жұмыс өтіліне тәуелсіз базалық зейнетақы төлемдерін бірдей мөлшерде ең төменгі күн көріс деңгейінің 54 % – 15 274  теңге алып келсе, енді 1 шілдеден бастап олар жұмыс өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқандығына байланысты алатын болады. Егер 1998 жылға дейін әйелдерде 20 жыл жұмыс өтілі болса және 1998 жылдан кейін оның жинақтаушы зейнетақы өтілі 10 жыл болса, екеуін қосқанда базалық зейнетақы  төлемін есептеу үшін жалпы жиынтық өтілі 30 жылды құрайды. Қазіргі уақытта ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 90%. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс 28 284 теңгені құрайды. Егер азаматта жұмыс өтілі 10 жыл немесе 10 жылдан аз болса, онда базалық зейнетақы төлемі сол қалпы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде қалады. Әрбір жыл сайын 2% қосылып отырады. 100% ең төменгі күнкөріс деңгейі үшін жиынтық жұмыс өтілі 33 жыл және одан да көп болуы керек.

Жүргізуші. Демек ол тікелей жұмыс өтіліне байланысты ма?

Ж. Дәулетxанова. Иә.

Жүргізуші. Адам қанша алатынын қай жерден білуге болады?

Ж. Дәулетxанова. Олар алатын базалық зейнетақы төлемінің мөлшерімен танысу үшін біздің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің  облыстық территориялық департаменттерінен білуге болады. Оларға тікелей сол жерге жүгінулеріне болады. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы да аудан орталықтарында орналасқан. Ол жерде азаматтар оның 1998 жылға дейін және одан кейінгі қанша жұмыс өтілі есептелгенімен таныса алады. Сонымен қатар, егер азаматта электронды цифрлық қолтаңба болса, онда ол еGov порталы арқылы анықтама ала алады.

Жүргізуші. Базалық зейнетақылық төлемдерді аударудың жаңа меxанизмін ескерсек, Қазақстанда енді ең төменгі және ең жоғарғы зейнетақы қандай?

Ж. Дәулетханова. Осыған дейін бізде ең төменгі зейнетақы 49 019 теңгені құраған – ол 33 745 теңге ең төменгі базалық зейнетақыдан және 15 274 теңге базалық зейнетақы төлемінен тұрады. Егер адамда 33 жылдық жұмыс өтілі болса, сәйкесінше осы 33 745 теңгеге 28 284 теңге қосылады. Қазір, базалық зейнетақы бірдей көлемде емес, әрбір адамға жекелей тағайындалатындықтан базалық  төлемнің орташа мөлшері 26 мың теңгені құрайды, ал ең төменгі 15 мың теңге және ең жоғарғы 28 мың теңге көлемінде қалады.

Жүргізуші. Демек, барлығы жиынтық жұмыс өтіліне байланысты гой?

Ж. Дәулетханова. Иә.

Жүргізуші. Егер біз шекті ең жоғарғы жұмыс өтілін және шекті ең жоғарғы базалық зейнетақыны алсақ, есептер қандай болмақ?

Ж. Дәулетxанова. Әркімнің ынтымақты зейнетақысы оның еңбек өтіліне байланысты болғандықтан және оған қарай еңбекақы ұсынылғандықтан және 1998 жылға дейін біршама жұмыс өтілі бар, мысалы 20-25 жыл, 1998 жылдан кейін жұмыс істемеген адамдар да бар. Осындай азаматтардың 10% зейнетақы аударымдары жоқ, және олар сәйкесінше ең төменгі зейнетақыны алады. Осы зейнетақыға сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейінің 30% мөлшеріндегі ең төменгі базалық төлем қосылады.

Жүргізуші. Егер аймақтар бойынша қарастырсақ, қай аймақта ең төменгі немесе ең жоғарғы зейнетақы алатын зейнеткерлер көп?

Ж. Дәулетханова. Жалпы біз аймақтарға бөлмейміз. Негізі базалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% алатын Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары, себебі олар Семей полигоны экологиялық апаты зонасында тұрған. Олардың 1998 жылға дейінгі ынтымақты өтілі Семей ядролық полигоны туралы заңға сәйкес есептеледі, осы полигон аймағында жұмыс істеген азаматтар үшін ол 1:1 емес, 1 жыл 1,5 жылмен есептеледі. Сәйкесінше, егер ол адамда 1998 жылға дейін өтілі 20 жыл болса, ол жоғары болып есептеледі. Сондықтан осы аймақтар жоғары алады.

Жүргізуші. Ал ең төменгі көрсеткіштер бар ма?

Ж. Дәулетxанова. Егер азаматтар жұмыс істемесе, бірақ еңбек өтілі болса, оларға жыл сайын Республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін кепілденген базалық зейнетақы тағайындалады.

Жүргізуші. Өзгерістер 1 шілдеден бастап күшіне енді. Зейнеткерлер өзгерістермен жаңа зейнетақыларын алды ма?

Ж. Дәулетханова. Иә. 1 шілдегедейін зейнеткер боп тұрған зейнеткерлер зейнетақы төлемдерін жаңа мөлшерде алды.

Жүргізуші. Зейнеткерлер қалай қарсы алды? Пікірлер қандай?

Ж. Дәулетxанова. Пікірлер әркімде әрқалай. Егер олар 15 274теңге алса, ал ең жоғары 28 284 болғанда 13 200 теңге айырмашылық – базалық пенсияға қосылатын ең жоғары қосылым.

Жүргізуші. Зейнеткерлер риза ма?

Ж. Дәулетxанова. Пікірлер әрқалай. Кейбірі одан да көп күткен. Оларда 40 жыл жұмыс өтілі бардейді, ал біз кімде 33 жыл немесе одан жоғары бірдей ең төменгі күнкөрістің 100% алады дейміз.

Жүгізуші. Қазақстандық зейнеткерлер келесі зейнетақының көтерілуін қашан күтеді?

Ж. Дәулетxанова. Зейнетақылық қамтамасыз ету туралы заңға сәйкес жеңілдікті зейнетақы төлемдері ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес көтеріледі, 2018 жылдың 1 қаңтарында ынтымақты зейнетақы төлемдері 8% көтерілді. Базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты әр жыл сайын өсіп отырады. Енді 2019 жылдың 1 қаңтарында өсу күтілуде.

Жүргізуші. Менің білуімше, болашақта адам өзі жинаған зейнетақылық аударымдардан зейнетақы алады деп жоспарлануда. Ол өзгерістер қай уақытқа жоспарлануда және ол немен негізделген?

Ж. Даулетxанова. Ынтымақты зейнетақы төлемдері аяқталуға шақ қалды. Ынтымақты зейнетақы төлемдері адамдардың 1998 жылға дейінгі жұмыс өтіліне байланысты және 1995 жылдан бастап кез келген қатарынан 3 жылға ұсынылған табысына байланысты. Биыл 1 шілдеден бастап 1960 жылдың бірінші жартыжылдығында туған әйелдер шығатындықтан, сәйкесінше олардың 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілі 20 жылдан кем болады. Оларға ынтымақты зейнетақы жұмыс өтілдеріне қарай толықтай тағайындалмайды. 1970 жылы туған әйелдер зейнетке шыққан кезде олардың 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілі 10 жылдан аз болады. Ал 1980 жылдары туғандардың 1998 жылға дейін жұмыс өтілі болмайды. Ал 1998 жылдан кейін барлық азаматтар зейнетақы тағайындауға керекті параметрлердің жоқтығынан ынтымақты зейнетақыны жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ғана алатын болады.

Жүргізуші. Неге 1998 жыл алынады?

Ж. Дәулетханова. Себебі 1998 жылы зейнеттік қамтамасыз ету реформасы болды және жинақтаушы зейнетақылық жүйе енгізілді. Егер 1998 жылға дейін адам еңбекақысынан аударымдар жасамаса, 1998 жылдан бастап біз Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы салымдарын жасай бастады. Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін азамат жинаған аударымдарынан зейнетақы алатын болады.

Жүргізуші. Елімізде зейнеткерлікке шығатын әйелдер жасының ақырындап өсуі болып жатыр. 2018 жылы сіздердің болжамдарыңызбен қанша әйел зейнетке шығады?

Ж. Дәулетханова. Зейнетақылық қамтамасыз ету тұжырымдамасын жаңғыртуға сәйкес 1 қаңтардан бастап бірнеше өзгерістер енгізілді, оның ішінде әйелдердің зейнеткерлік жасын өсіру де бар. Бұл дегеніміз 1960 жылдың 1 жартыжылдығында туған әйелдер 58 жаста емес, 58 жас 6 айда шығады деген сөз. Мысалы, 1960 жылдың 15 қаңтарында туған әйел зейнеткерлік жасқа қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2018 жылдың 15 шілдесінде шығады. Параметрлер өзгермеді. Онда сондай-ақ, 20 жыл жұмыс өтілі және зейнетақылық төлемдер мөлшерін аударатын еңбекақысы болуы керек. Сонда 1960 жылы 1 жартыжылдықта туғандар 2018 жылдың 2 жартыжылдығында шығады.

Жргізуші. Әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту қандай жасырын проблемаларды анықтады? Қандай да мәселелер мен проблемалар әлбетте бар шығар?

Ж. Даулетxанова. Ондай сұрақтар жоқ. Бұл жаңашылдық 2013 жылы Зейнетақылық қамтамасыз ету туралы заң күшіне енген кезде енгізілген. Барлығына олар зейнетке қашан шығатындығы және қандай құжаттар қажеттілігі туралы түсіндірілген. Қазір зейнеткерлік жасқа жетпей тұрып барлық азаматтарға зейнетке шыққан кезде проблема болмас үшін өз құжаттарын тексеру қажет. Әр жыл сайын нормалар мен талаптар өзгермейді, тек зейнеткерлік жас қана өзгереді.

Жүргізуші. Ауыр дене еңбегімен айналысатын әйелдерге ерте зейнетке шығу үшін қандай құқықтық меxанизмдер қарастырылған?

Ж. Дәулетxанова. Бізде 2014 жылдан бастап ауыр немесе ерекше ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар үшін міндетті кәсіби зейнетақылық аударымдар енгізілген. Жұмыс беруші олар үшін Зейнетақы қорына 5%-дық кәсіби зейнетақы аударымдарын жасайды.Бұл әйелдер жинақтаушы зейнетақы аударымдары жеткілікті болған жағдайда 50 жас 5 айда зейнетке шыға алады. Олардың жасы да ұлғаятын болады және 2027 жылға дейін ол 55 жас болады.

Жүргізуші. Демек, жинақтың болуы – міндетті шарт. Қандай сомма болу керек?

Ж. Дәулетxанова. Қандай сомма болу керек, өкінішке орай, мен сізге айта алмаймын. Ол жыл сайын өзгереді. Бүгінгі күні ол 12 млн. теңге шамасында.

Жүргізуші. Ал басқа әйелдер категориясына ерте зейнетке шығу үшін қандай сомма қажет?

Ж. Дәулетxанова. Бізде мындай параметр бар – ол көп балалы ана, 5 және одан да көп бала туған, тәрбиелеген және асыраған аналар. Ол әйелдер 53 жасында зейнетке ерте шығуға құқылы.

Жүргізуші. Жинақ соммасының көлеміне қарамастан ба?

Ж. Дәулетxанова. Иә. Басты шарт – 5 және одан да көп баланың болуы. Тіпті жұмыс өтілі 20 жыл болмаса да біз 53 жасында толық емес жұмыс өтілі бойынша зейнетақы тағайындаймыз. Бұл зейнетақы жалпыға бекітілген жаспен ынтымақты зейнетке шыққан азаматтармен бірдей. Бұл зейнетақы, сондай-ақ, индекстеледі, өседі.

Жүргізуші. Сіздерге бүгін бізде қонақта Қазақстан Республикасы Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Жадыра Дәулетxанова болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

`