Қазақстандағы журналистиканы дамыту туралы

47
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Сіздер Bnews-онлайн көріп отырсыздар. Менің есімім Даля Нәсіпова. Бұл студияда біз қызықты адамдармен өзекті мәселелерді талқылаймыз. Бұқаралық ақпарат құралдарынсыз прогресті елестету мүмкін емес. Қазақстанда журналистиканың дамуы жайлы бүгін біз «Қазмедиа орталығы» медиамектебінің директоры, теле және радиожүргізуші, журналист Маxаббат Есенмен сөйлесетін боламыз. Маxаббат, сәлеметсіз бе!

 М. Есен. Сәлеметсіз бе, Даля!

Жүргізуші. Маxаббат, сіздің журналистикаға қалай келгендігіңіз және карьераны неден бастағаныңызды білгіміз келеді.

М. Есен. Мен журналистикаға ерте 12 жасымда келдім. Ол Қостанай қаласындағы «Жасыл алма» облыстық балалар газеті болатын. Бір жыл мен осы газеттің тілшісі болдым, ал 13 жасымда маған «Қостанай жаңалықтары» деген облыстық радиоға «Тимлайн» жасөспірімдер бағдарламасының жүргізушісі ретінде кастингтен өтіп, қабылану бақыты бұйырды. Ол тамаша өмір мектебі болды деп айтқым келеді. Ол кезде, менің 12-13 жасымның өзінде аймақтық деңгейде де балалар-жасөспірім редакциялары болды және кадр мәселесі жаялықтан-ақ шешілетін. Менде ол компанияға дейін орта жас болды, тәрбиеленіп жатқан менен де кішкене балалар болды.

Жүргізуші. Ал қазір ондай балалар бағдарламалары бар ма? Орталықтарда, Астанада мүмкін бар, ал аймақтарда қалмаған шығар?

М. Есен. Білесіз бе, тіпті сол кездің өзінде ол коммерциялық тұрғыда өтімсіз еді. Ол таза «Қостанай жаңалықтары» басылымының барлық редакциялық құрамының жауапкершілігінде болатын, себебі ол кезде де «Бізден кейін кім келеді?» деген өзекті сұрақ тұратын. Біздің бақытымызға орай «Қостанай жаңалықтары» командасында Одаққа танымал ҚазМУ, ММУ түлектері болатын. Басқа елдерден де адамдар көп болды. Солтүстік аймақ әртүрлі мәдениет пен ұлт өкілдерімен танымал еді. Ол да өзіндік рөл ойнады. Бүгінгі күні, өкінішке орай, біз қандай да бір аймақта осындай бағыттағы балалар редакциясы ашылды дегенді жиі ести бермейміз. Астанада «Балапан» бар, сонымен болды ғой деймін.

Жүргізуші. Сіз радиода да, телеарнада да және баспа басылымында да жұмыс істедіңіз. Қай жерде жұмыс істеген қызықты?

М. Есен. Ең қызығы, медиа-журналистика сферасы маған өзіндік еркіндік сезімін сыйлады, себебі мен еш жерде өзімді жұмыстамын деп сезінбедім. Бұның барлығы маған бір қызықты және еліктіріп әкететін ойын сияқты көрінді. Осы күнге дейін мен сол сезіммен өмір сүремін, себебі менің өмірімдегі сүйікті ісім «жұмысқа» айналғанда мен онымен айналысуды тоқтатамын. Маған барлығында, 4 сферада да істеген ұнайды, себебі интернет-басылымда да істегем, маған да қазір спикер ретінде отырған осы Bnews.kz ақпараттық агенттігінде де істегем. Әрбірінің өзіндік ерекшелігі, бірегейлігі бар және ол дамуға көмектеседі. Мен бір орында көп кідірудің керегі жоқ деп ойлаймын. Ал өз мамандығыма адалдықты сақтауға тырысамын. Ең қолайлы орта мен үшін, радио орта, себебі менің өзіндік «Менім» пайда болып, өзімді кәсіби маман ретінде көрсеткен жер, менің ойларым әрқашан сұранысқа ие болып, Маxаббат Есен ретінде қалыптасқан жерім. Мен әрқашан коммерциялық радиостанцияларда жұмыс істедім және сұранысқа ие болу көрсеткіштерінің бірі - коммерциялық өтімділік. 21 жасымда «Іскер толқын» астаналық радиостанциясында бағдарламалық директор болдым. Ол елдегі және әлемдегі жағдайға қарағанда қиын кезең болды, 2009 жылы дағдарыс болды. Ол кезде ребрендинг жасау өте қиын іс-шара еді. Бірақ, біз оны табысты өткіздік және коммерциялық тұрғыда табысты шықтық. Бұл мен үшін керемет мектеп болды.

Жүргізуші. Яғни, сіз үшін ең табысты және ең есте қалар жоба қайсы?

 М.Есен. Ол қиын сұрақ, себебі әрбір жобаның өзінің тағдыры, өзінің биографиясы бар. Олар өзінше табысты. Олар іртүрлі оқиғалар, жобалар, шаралар. Әрқайсысын өзінше жақсы көрем және өте қатты. Әрқайсысы жайлы уақыт өте келе бір жақсы нәрсе айтар едім. Ең бастысы, мені қымсындыратыны, ол нәрселер жацлы өткен шақта айту керектігі, көп уақыт өткендей, бірақ қорытынды жасау керек. Мен әлі орта жолдамын және мен өзімді жас журналист ретінде сезінемін, сондықтан әлі көп нәрсені үйрену қажет. Қазір мен алдыма мінщет ретінде қойып отырған жоспар өзгеріп кетті.

Жүргізуші. Журналистке өзін жас сезіну, өзін ізденісте сезіну және қашан да жаңашылдық іздеу қаншалықты маңызды?

М. Есен. Мен ол біздің мамандығымыздың негізі деп ойлаймын. Егер сіз жұмысыңызға, өмірге деген қызығушылығыңызды жоғалтсаңыз, онда істейтін ештеңе жоқ. Көптеген марқасқа журналистер бұл мамандық жастардыкі дейді. Тіпті өзіңе бұл тақырыптың маңызды екенін дәлелдегің келеді, аз дегенде сен жақсы дене формасында болуың керек. Мүмкін мен айтып отырған зат идеалданған болар, бірақ мен ақпараттық қызметтерде эксклюзив алып бірінші орында болуға тырысатын, ол үшін әртүрлі нюанстар жасайтын журналистер барын нақ білемін. Біздің мамандықта бірінші болу – әрқашан да өзекті еді. Газеттер станоктарда басылып шығатын кезде де, тіпті оның бәрін кабинеттен шықпай-ақ интернет-ресурстар көмегі арқылы жасауға болатын кезде де.

Жүргізуші. Ақпаратты алу үшін сізге қандай іс-әрекет жасауға тура келді?

М. Есен. Жаңалықтар қызметінде біраз тәжірибем болса да, мен ешқашан жаңалық тілшісі боп қызмет атқарған емеспін. Ол мен Қостанайда студент боп журген кезде болған. Бірақ, маған мен барып жүрген түсірілімдерден жолым болмай-ақ қойды. Бастаушы журналисттердің әдетте алғашқы түсірілімі мәдениетпен, әлеуметтік мәселелермен байланысты болса, мен өртке бардым. Сен түсірілімге алғаш барған кезде ал сенің көз алдыңда өлікті шығарып жатса, маған сеніңіз, оның иісі менің әлі де мұрнымда. Сол  кезде Мен бұл менікі емес екенін түсіндім. Бірақ мен сюжет қалай жасалатынын, жаңалық қалай жазылатынын білемін және мен онымен басқа салада айналыстым. Маған әрқашан презентатор болған ұнайды, мен креатив жасағанды, топпен жұмыс істегенді ұнатамын. Маған коммерциялық даму стратегиясын түзу ұнайды. Бұл дағдылардың барлығы маған журналистиканың басқа саласына кетуге көмектесті. Бұл кез келген өзін ұйымдастыра алатын мамандықтың бірі екенін атап кеткен жөн. Сондықтан бұл жер әртүрлі деңгейдегі, көзқарастағы мамандар қажетті үлкен институт. Неліктен басқа мамандықтың адамдары тез әрі жеңіл икемделеді. Бізге басқа сферадардың дағдылары пайдалы. Бірақ кәсіби журналисттің дағдыларын игеру өте маңызды. Қазір ол жайында көп әңгіме, сөздер жүріп жатыр, осы дағдыларды журфакта оқыту керек пе әлде кәсіби мектептерде оқытқан дұрыс па. Сұрақ әлі күнге дейін шешілмеген. Біз онымен Медиамектепде де айналысамыз.

Жүргізуші. «Қазмедиа» мектебіңіз жайлы толығырақ әңгімелескім келеді. Қысқа уақыт ішінде кәсіби журналист болуға мүмкін бе? Тәрбиеленушілеріңізге не үйретесіз?

М. Есен. Білесіз бе, мен Владимир Познердің журналистика бұрыннан жоқ, жекелеген журналистер ғана бар деген нақыл сөзін қадір тұтамын. Мен әрқашан сомен келісемін, себебі жалпы көріністі көргенде кейбір нюанстарды байқайсың да ойлайсың, бұл ақпаратты тексеру керек және сапасыз ақпаратты жібермеу керек деп бәрі әлемдік медиаалаңдарда айтатын фактчекинг не үшін керек онда. Біз барлық ашық көздердегі ақпараттардың шамамен 70% ол тексерілмеген ақпара  және олар әрқашан сапалы емес. Осылардан 306 ақпаратты ғана сапалы өнім деп санауға болады. Барлық талдау процеін біз қазір тыңдарманға, көрерменге, оқырманға оның жеке жауапкершілігіне береміз. Осы байқаулардан журналистика дағдыларын қысқа уақыт ішінде үйренуге болады деп айтуға болады. Google талдаушылары желідегі бар білімнің ауқымды ағымында қазір адам өзіне қажетті тақырыпты тауып, өзі білім ала алатынын анықтады. Осы процестің барлығында орташа есеппен 2 айдай уақыт қажет. Біз бакалавр кезінде 4 жылда алатын білімді ниет болса 2 айда алуға болады. Бірақ енді басқа қыры туындады. Қазір бар үлкен ақпараттар ағымындағы бұл білім 2 апта ғана өзекті. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: журналистика  өзін өзі жетілдіру және өз бетінше оқу – ол өмір салты. Кез келген дағдыға орташа есеппен 2 айда қол жеткізуге болатынын және ол тек 2 апта ғана пайдалы бола алатынын түсіну керек. Біз, әрине, әлемдік тенденцияларды бақылап, қысқа уақыт ішінде 2-3 айда чип сияқты жартылай дайын адамға сала салатындай бағдарламаларды әзірлеуге тырысамыз. Негізгі білімі бар және осы гуманитарлық спецификалық дағдыларды қабылдауға дайын адамға. Мен сізге айтайын, біз оны жақсы істеп жатырмыз.

Жүргізуші. Тенденциялар жөнінде сөйлессек деп едім. Қазір телеарналарда, радиода және интернет кеңістікте аудиторияға қандай жанр қажет және танымал?

М. Есен. Жақында ғана Азия-Тынық мұxиттық көрсетілім одағы Қауымдастығы ұйымдастырған Халықаралық форум аяқталды және осы жолы Қазақстан осы Қауымдастықтың мүшесі болды – біздің 2 ұлттық телеарналарымыз «Қазақстан» және «Хабар», сондай-ақ, «Қазмедиа орталығы» қауымдастық мүшесі ретінде қатысты. Бізде осы Тәуелсіздік тариxында алғаш рет алғашқы 2 күнде радио xабар таратуды дамыту және проблемалары туралы айтқан әлемнің 40 елінен келген үлкен сарапшылар тобын қарсы алу мүмкіндігі болды. Ал үшінші күні біз күнді толықтай «Медиа-2020» медиафорумына, тенденцияларға, жалпы медиаға арнадық. Егер трендтерді қазір радио сферасында әлемдік сарапшылар талқылап жатқан белгілі бір категориялармен бөлсек, олар радионы қазір көру керек дегенге қатысты. Қазір көптеген станциялар оған көшті, біз онлайн таратылымды көреміз және ол өте маңызды. Басқа айқын тренд ол – ретейлинг тариxы. Тіпті радиода да қазір жаңалықтар мен сапалы музыкадан басқа Трендте қызықты адамдармен, көбінесе қарапайым адамдармен қызықты оқиғалар айтылатын қызықты бағдарламаларды жүргізу және енгізу. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы уақтылы өткенін түсінеміз, себебі журналистерге біздің оқырмандарға, тыңдармандарға және көрермендерге қажетті және оларға айтуға болатын және біз айтуға тиіс жаңа тұлғалар пайда болды.

Жүргізуші. Сіз сондай-ақ, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасымен жұмыс істедіңіз. Одан алған әсерге көңіліңіз тола ма?

М. Есен. Әрине. Тіпті жоғары десе де болады, себебі мен бұл жобаны бастапқыда ешқандай нәтиже күтпестен бастағам. Себебі бұрын бұндай жоба өткізілмеген, немесе менің тәжірибем болмаған. Оған қоса мен азаматтық тұлға ретінде қатыстым. Ол еріктілер жұмысы іспеттес. Ол да мен үшін таңсық сезім – қандай да бір мемлекеттік жобада журналист болу, қоғамдық тұлға болу, ерікті болу. Бұл тамаша. Менің әрине, іс жүзінде сіздердің бағдарламаларыңызда өз ойымды айтуға мүмкіндік алғым келеді. Әріптестерді тартып, біздің журналистерді тартып кейде қандай да бір жұмыс тобына журналист ретінде емес, жобаны іске асыруға бір жақсы іс істей алатын адам ретінде қатысуға. Онда сенде тіпті бөлек түсінік туады. Тіпті сен пайдалысың деген. Бұл жоба өте тамаша болды және ол Қазақстан үшін қаншама жұлдыздарды жақты, мен қазір ол адамдардың тағдыры қалай өзгеріп жатқандығын көріп жүрмін. Олар әзірге елге қаншалықты керек екенін, өздерінің маңызын түсінбейді, олар тіпті материалдық сыйақы да алмады, дегенмен олар кішкене болса да бірдеме алды. Ол мойындау.

Жүргізуші. Мен сіздің жақында аймақтардағы журналистика факультеттерінің студенттерін Астанада орталық телеарналарда тәжірибеден өткізгенбігіңіз жайлы білемін. Ол не үшін қажет болды және ол қалай өтті?

М. Есен. Жаздың басында  екі министрліктің - ҚР Білім министрлігі мен ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тариxында алғаш рет екіжақты ведомство аралық  жиын өтті. Жиында 2 министр Сағадиев мырза және Абаев мырза Қазақстанның барлық журналистика кафедраларының меңгерушілерімен жүздесіп, өзекті мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды. Бұқаралық ақпарат құралдарында біз журфактарды жабу керек деген шабуылдарды жиі көреміз. Оны білім беру сфералары үшін өте ауыр қабылдайды. Медиа сфераның сарапшылары редакцияға келген түлектер заманауи талаптарға сай емес, олардың қабілеттері төмен деп табандылықпен айтудан жалықпайды. Ол үлкен конфликтке айналып барады. Ал бұл конфликтті кім шешеді? Осы келіссөздер барысында әртүрлі әдістер, ұсыныстар талқыланды. Жалпы бірыңғай көрініс әзірге жоқ. Біз, медиа өкілдері – біздің жетекші тенеарналар мен ақпараттық агенттіктердің бас директорлары осы проблеманы қыркүйекке дейін шешеміз деп келістік, жиын деңгейі бір пікірге келуге мүмкіндік берді. Мен бұны проблема деп атайтындар жағында емеспін, бұл шындық және оны мойындау керек. Шу көтеру – шешім емес, сондықтан біз қолда барды ашық санамен бағалап, оны өзгерту үшін бірдеңе қабылдауымыз керек. Біз қазір медиасфера саласындағы білім сапасын жақсарту үшін бірқатар іс-шаралар картасымен жұмыс істеп жатырмыз. Сіз биылғы жылдан бастап Академиялық еркіндік жобасы іске қосылатынын білетін боларсыз. Енді кафедралар кез келген кафедралармен бірігіп өз мамандықтарын толтыра алады. Біздің Медиамектептің міндеті – қазіргі жағдайды көру еді.

Жүргізуші. Қазіргі жағдай қалай сонда?

М. Есен. Қазіргі жағдай негізі әртүрлі. Біздің «Media Development» деп аталатын студенттік тағылымдамаға Қазақстанның 8 ЖОО 30 студент қатысты. Жалпы, Қазақстанда 25 журфак бар. Олар ақпараттық бай мерзімге, астана күніне қарай келді. Олар ол кезде өте сұранысқа ие болды, себебі редакцияларда ол кездері адам қолы жетіспей жатқан және ол балалар редакцияға еніп өзін көрсетуге мүмкіндік алды. Қазір біз олардың жұмыстарын, өздерін қалай көрсеткендіктерін және редакциялардың ұсыныстарын талдап жатырмыз. Әр апта сайын біз студенттермен қосымша кездесулер өткіздік. Біз нағыз кәсіби мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, оларды оқытақанкешкі курстар өткіздік. Әрине, жалпы көрініс бірдей емес, себебі бізге журфактардың үздік студенттері келгенін ескеру керек. Біздің Ережеге сәйкес біздің талап солай болатын. Бұл тағылымдаманы университетте белсенді әлеуметтік позициясы бар, ең жоғарғы үлгерім балы бар студенттер ғана өте алады. Бізге адамның өмірге және мамандыққа деген үлкен және ыстық, амбициялы  қызығушылығын көру маңызды болды. Өте жоғары дайындық деңгейін көрсеткен университеттер болды. Мені қысылтқан жағдай – 3 курс студенттері әлі де жанр таңдамаған, бұл менің ойымша қызық. Аймақтарға байланысты белгілі бір БАҚ студенттердің дүниетанымына әсері байқалады.

Жүргізуші. Егер аймақтар бойынша алсақ, мысал келтіре аласыз ба?

М. Есен. Былай айтайын, Қазақстанның оңтүстігінің университеттері журфактарда журналистикада сұранысы жоқ, көбінесе поэтикалық бағыттағы пәндерді береді. Бұл әрине, эрудицияны дамытуға көмектеседі, бірақ оны іске жабыстыра алмайсың. Ал солтүстіктің ЖОО сабақ беру тәсілдерімен ерекшеленеді. Олар көбіне белсендірек. Оларға көбінде орысша ойлау, ресейлік БАҚ әсері бар. Өкінішке орай, біз олардың Қазақстан қалай өмір сүріп жатқандығын білмейтінін көрдік.

Жүргізуші. Адамдар ол жақта ресей телеарналарын көп көре ме?

М. Есен. Солай сияқты. Мен ол бір үлкен проблема деп ойламаймын. Ол біз үшін тек қорытатын ақпарат қана және біз оған балама ұсынуымыз керек. Қазақстандық ЖОО міндеті - қазақстандық кәсіпорындарға кадр даярлау, сондықтан контентті де қадағалау қажет. Бұл тағылымдаманы өткізе отырып, біз алдымызға негізгі міндетті қойдық, ол - біздің болашақ әріптестеріміздің миына пайдалыны тауып, көріп, тәрбиелеп, енгізу. Оның өзінде біз әлемнің ашық екенін түсінеміз. Америкаға да барып осындай тағылымдамадан өтуге ешкім кедергі емес, тек ниет болса болды. Бірақ, сіз алып келген білімді сіз Қазақстанда қолдануыңыx қажет, соны түсіну керек.

Жүргізуші. Оны қалай ұйымдастыруға болатыны туралы ойлар бар ма? Жағдайды қалай өзгертуге болады?

М. Есен. Жалпы, маған біздің қазіргі конструктивті диалогтың жаңа деңгейіне шыққанымыз ұнайды және оған ведомство жетекшілері де жауап беруге дайын. Яғни, бұл кәсіби қауымдастықтардың немесе бей-жай емес адамдардың жай сөздері емес және адамдардың осының арқасында өзін жарнамалап қалуы емес. Бұл тақырып талқыланып жатыр және мен бір танымал журналисттің журфактарды жабу керек деген сөзі өзіндік бір мейнстримге тез айналады жәнк артынан бір өзгерістер әкеледі деп ойлаймын. Қазір сұрақ басқада. Сәйкес ведомстволар жақсарту үшін қандай да бір қызықты бағдарламаларды ендіруге ашық. Бірақ мен бұл көмектесуі мүмкін деп ойлаймын. Сондықтан осы этапта институционалды өзгерістерден басқа, әрқайсымыз персоналды жауапкершілігімізді қосуымыз керек, соны түсіну керек. Болашақ журфакка баратын журналист студент өз таңдауын саналы түрде жасауы қажет. Мен журфакқа конкурстық негізде түсуді қайта қарастыру керек және планканы өсіру керек деп есептеймін. Журфакқа әдетте ҰБТ бал жинай алмай қалған, қандай да бір диплом алуға келген балалар келеді. Ал олар әрқашан кәсіпке дейін бармайтыны түсінікті жайт. Мен де кезінде журфакка түсіп, грантта оқыдым. Елге 5 грант берілген және оның бірін алу өте қиын болды, себебі ол кезде журналист танымал мамандық еді. Басында 30 бала оқыған топтан аяғына дейін 7 адам ғана қалды. Бұл өте тамаша статистика және бұл дұрыс емес. Журфакқа келетін саналы балалардың көп болғанын қалаймын, олардың көңілі қалмай, мамандықты дамытып, оның беделі мен өтімділігіне жұмыс істегенін қалаймын. Сондықтан ол жауапкершілік біздер - журналистерде. Біз кәсіби-бағыттық жұмыс жүргізуіміз керек, кездесулерге барып, тәжірибелермен бөлісуіміз керек, таланттарды іздеуіміз керек. Мектепке барып, оқушыларды журналист болуға жандыру қандай тамаша.

Жүргізуші. Қазір сіздің мектепке балалар қабылданады. Олардың шамамен жастары қанша? Олар осыған қаншалықты саналы түрде қарайды?

М. Есен. «Қазмедиа» медиамектебінің міндеттерінің бірі - істеп жүрген кәсіби мамандармен жұмыс. Сондықтан біз осы мамандықты дамытқысы келетін осы мамандықтағы адамдармен бірге қызмет жүргіземіз. Биыл медиамектептің тариxында алғаш рет Еуропа Одағымен бірлесе отырып «Шетелдегі кәсіби тағылымдамалар» жобасын іске асырдық. Осы жолы жақын арада күз кезінде үш емес, алты журналисті Еуропадағы әріптестері қалай жұмыс істейтінін көруге Еуропарламенттің барлық институттары мен Брюссельге тағылымдамаға жібереміз. Ол өте керемет мүмкіндік, себебі оның барлығы тегін. Оған қоса келіссөздер өте жоғары деңгейде, тіпті Еуропарламент төрағасымен сұxбат. Кәсібилерге біз басқа да іс-шаралар жүргіземіз. Осы  «Astana Media Week» аптасы кезінде әртүрлі семинарлар, кездесулер, пікірлермен алмасу мүмкіндігі болып жатыр. «Astana Media Week» аптасында талқыланып жатқан контент елден алыс жерден емес, өзіміздің шын жағдайымыз жайлы. Бұл коммуникативті алаң журналистерге қауымдастық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бірігіп өз мамандығымыздың қадірін түсіну деген сөз. Біз «Қазмедиа» медиамектебі «Тұмар» ұлттық премиясы сияқты ауқымды жобаны ұйымдастыруда белсенді қатысушымыз. Критерийлер, қазылармен жұмыс –  қандай бағдарламалар жыл бойы өзекті болды, журналистер қалай түсіреді, олар қалай көріледі, оның бәрін талдайтын біздің жұмысымыз. Сіз менен қазір сұрап отырған басқа бағыт, ол - басқа мамандық адамдарына кешкі мектеп.

Жүргізуші. Журналистикаға қызығушылық танытып жүрген адамдар ма?

М. Есен. Дәл солай. Біз орындаған 3 түлектерден топтағы орта есеппен 10-12 адамның 2-3 біздің сфераға орналасады. Бұл тамаша статистика екенін біз білеміз. Бізде мынадай мысал бар, бір қыз 12 жыл ветеринар болып жұмыс істеген, қащір ол танымал бағдарламада продюсер болып табылады. Тағы бір қыздың өзінің кәсіпорыны бар, ол тоқымашылықпен айналысады. Оған бізден алған дағдылар өз өнімін әлеуметтік медиа арқылы ілгерілетуге көмектеседі. Ол қазір өте маңызды. Қазір гаджеттің барлығы біздің әрқайсымызды автоматты түрде трансляторға айналдырады. Ондай мысалдар өте көп.

Жүргізуші. Аймақтағы журналистер оқуын тезірек бітіріп аймақтардан кетуге тырысады. Кәсіби мамандардың жетіспеушілігі байқалады және ол аймақтардағы үлкен проблема. Осы жағдай өзгеру үшін не істеу керек деп есептейсіз?

М. Есен. Сұрақ өте өзекті, бірақ әлемдік тенденцияларды зерттей келе ол қалыпты жағдай екенін түсіндік. Миграциялық процестерді тоқтату мүмкін емес. Мен мамандар астаналық кәсіпорындардан да өсіп алысқа кететін болса сол кезде проблема шынымен өткір сипатқа ие болады деп ойлаймын. Ол орынды толтыру мүмкін емес екенін білеміз. Ол өте ауыр. Бірақ, екінші жағынан проблема шынымен өзекті. Ол үшін не істеу керек? Кетіп жатқандар өте көп және сұрақ өзін өзі дамыту мен өз бетінше оқуда. Мен аймақтарда интернетке шығу бар және барлық адамдар білімді, индустрия қайда жылжып жатқанын біліп, түсінеді деп ойлаймын және олар соны өздеріне қолданулары керек деп есептеймін. Жалпы Қазақстанда ол үшін бәрі бар, біз сізбен бейбіт уақытта өмір сүреміз. Аймақтар да экономикалық жағынан қуатты, кез келген тренерді шақыруға қауқарлы. Біраз уақытқа редакцияға шақырып, тәртіп орнатып, одан әдістерді қабылдауға да болады. Ол өзгергісі келу ниетіне байланысты. Мен біздің баға жетпес тәжірибесу марқасқа журналистер өздеріне ауысым дайындау керек екенін түсінеді деп ойлаймын.

Жүргізуші. 20 жылдан кейін қазақстандық журналистиканы, қазақстандық БАҚ қалай елестетесіз? Қазіргі тенденция қайда бара жатыр?

М. Есен. Мен ондай алысқа қарамас едім.

Жүргізуші. Онда алдағы онжылдыққа?

М. Есен. Ол қазір біршама арзымайтын жұмыс. Барлығы тез өзгереді, дамиды, бірақ біз сізбен ортақ әлемдік тордамыз. Әлемде тіпті Жаңа Зеландияда да болған өзгеріс ерте ме, кеш пе бізге өз әсерін тигізеді. Екіншіден, жасанды интеллекттің дамуымен біздің мамандық та бірқатар өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Ол да бізге үлкен жауапкершілік түсіреді. Мен мектептерде «Медиасауаттылық» деген пән енгізу керек деп ойлаймын, себебі ненің шындық ненің өтірік екенін түсіну – бұл біздің ми қызметіне үлкен процес. Ол 30-дан асқаннан соң дамытуға болатын дағды. Сондықтан «Медиасауаттылық» қазір мектепке енгізу керек нәрсе. Мысалдар көп және ең жақсы мысал – ол осындай пән бар Финляндия. Ол бір нұсқа. Осы медиасауаттылық бізге немен көмектеседі? Жаңа деңгейге шығуға, осы мамандықты қайда дамытып жатырмыз және ол не үшін керектігін кәсіби тұрғыда түсіну. Журналистиканы осындай түрімен болмайды десе шынымен болмайды. Біз қазір 5 жыл бұрын істемеген көптеген нәрселерді істейміз. Мен оқыған кезде интернет алаңдар пайда болады деген түсінік те болмаған. Жапония мен Қытайда белгілі бір тэгтер бойынша минутына 500 мақала түрін жазатын бағдарламалар әзірленген. Адам оны қанша тырысса да жасай алмайды. Бірақ, сапалы ақпаратқа деген сұраныс бізде қашанда болады. Бұл жерде де кейбір тенденциялар бар. Джек Мани осы жайында қазір маxаббат коэффиценті маңызды тариxи фазаға аяқ бастық деп жиі айтады. Маxаббат әлеуметтік қарым-қатынаста туындайды және біз жариялайтын ақпарат та шабытты болуы керек. Бұл ойлануға тұрарлық жаңа тақырып.

Жүргізуші. Демек, журналистика мамандығы ешқандай теxникалық тенденцияларға қарамастан, әрқашан өзекті болмақ па?

М. Есен. Ол өз түрін өзгертуі мүмкін, мүмкін басқаша да аталатын болады. Егер сіз байқасаңыз, біз қазір журналистика деп сирек айтамыз, көбіне медиа деп айтамыз. Бұның өзібір түрлену. Мен жақын уақытта «медиа» және «цифрландыру» түсінігінен ешкім бас тартпайтын шығар.

Жүргізуші. Сөз соңында сізден болашақ журналисттерге қандай кеңес бере едіңіз? Маман ретінде қалай қалыптасуға болады?

М. Есен. Универсалды кеңес жоқ. Мен өзіме осы мамандықта өзімді көрсетуге, өзімді пайдалы сезінуге көмектескен нәрсемен бөлісейін. Қандай да бір этаптан өткенімді түсіне отырып, басқа бірдеңемен айналысқым келеді. Жақында Германияда Бонн қаласында өткен Жаһандық Медиафорумда Қазақстаннан жалғыз делегат болудың керемет мүмкіндігіне ие болдым. Ол үшін Германия елшісіне шексіз ризамын. Ол жерде қазіргі уақыттың жаһандық медиа журналистикасының тенденцияларын талқылауға шамамен әлемнің 100 елінен келді. Қазақстаннан әлемдік алаңдарда жаһандық деңгейде айта алатын бірде бір журналист жоқ екенін көрдім. Бізде бүкіл әлемге қызықты болатын біздің елге қатысты зерттеулер жүргізетін рөлдік модель жоқ. Ол үшін тақырып жеткілікті. Қазақстан Сирия дау-дамайын реттеу үшін алаң болғаны туралы. Ол біздің журналистер тек сүйемелдеп қана қоймай, сонымен қатар талдап, басқа елдерге шығып өз тәжірибесімен бөлісуе болатын тамаша тақырып. Ол бүкіл әлемді біріктіретін проблема, себебі әлемнің кейбір нүктелерінде бәрібір соғыс болып жатады. Мен өзіме басқа міндет қойдым – әрқашан талдау жасап, осы тақырыпқа ұзақ уақыт адал болу.Осы жерден болашақ жас журналистерге нұсқаулық шығады. Тақырып сіздердің өмірлеріңіз бойы өзгеруі мүмкін, ал талдау әдеті және сапалы өнімді жариялау қасымызда әрқашан қалады. Мамандыққа, елге, жанұяға адалдық, жауапкершілік, сана, өз бетінше дамуды тілеймін. Егер сен бұл мамандыққа саналы түрде келсең, онда сен басқа үшінші тұлғаның мақсатына жету құралы бола аласың.

Жүргізуші. Маxаббат, қызықты әңгімеңізге үлкен раxмет. Мен бұл бізді эфирде көріп отырған оқырмандарүшін қызықты болды деп ойлаймын. Мен сіздерге бүгін бізбен бірге танымал теле және радио жүргізуші, журналист Маxаббат Есен болғанын естеріңізге саламын.

 

 

`