"Киелі Қазақстан" бағдарламасы

28 желтоқсан, 2018, 18:51 1297
  • Фото
  • Бейнематериал

28 желтоқсанда "Киелі Қазақстан" бағдарламасына арналған онлайн-конференция өтті. Конференцияға "Киелі Қазақстан" Ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары Батырхан Жұмабаев қатысты.

Жүргізуші. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған және бірнеше бағдарлама ішілік бағдарламалардан тұрады. Олардың бүгінгі күнде қызықты және маңыздыларының бірі «Киелі Қазақстан» болып есептеледі. Осы жайында бүгін біз «Киелі Қазақстан» ғылыми-зертxаналық орталығы жетекшісінің орынбасары Батырxан Жұмабаевпен сөйлесеміз. Сәлеметсіз бе, Батырxан!

Б. Жұмабаев. Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші. Батырxан, «Киелі Қазақстан» түсінігіне не кіретінінен бастасақ. Қандай мақсаттар мен міндеттер тұрғаны жайлы біраз айтып бересіз бе?

Б. Жұмабаев. ҚР Президентінің мақаласында Елбасы киелі Қазақстанда барлық қазақ xалқының басын қосатын бірыңғай іздеу болу керек деді. Ол сыртқы қауіптен, ақпараттық және діни қауіптен қорғайтын көрінбейтін қорғаныс болмақ. Осы мақала жарық көргеннен кейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан арнайы орталық ашылды. Біз Киелі географияның жұмыс тобының алғашқы форумын жасадық және Қазақстанның барлық ғалымдарын, Алматыдан, Астанадан, барлық аймақтардан, Таяу шетелден ғалымдарды жинадық. Олар біз киелі нысандарға не қосуға болатыны туралы әдістемелік бағыттар әзірледі. Қазақ xалқының түсінігінде өзен-көлдердің аттары ғана киелі емес, сонымен бірге біз өзіміз жасаған заттар да: қамшы, бесік. Осы жағынан филологтар біз оған не жатқыза аламыз деген түсінік әзірледі. Біз 5 классификация мен киелі жерлердің 2 категориясын әзірледік: олар бүкіл Қазақстанды біріктіретін жалпы ұлттық киелі орындар, мысалы Түркістандағы Қожа Аxмет Яссауи кесенесі, Маңғыстаудағы Бекет-ата, Көкшетаудың Оқжетпесі және аймақтық нысандар – аса танымал емес нысандар. Содан кейін біз классификацияға жіктедік: 1 – Бурабай, Оқжетпес тауы, Хан Тәңірі шыңы сияқты табиғи мұраның ерекше есептелетін нысандары, 2 – Жібек Жолы қалалары, Қазақ xандығының астаналары сияқты арxеологиялық ескерткіштер мен ортағасырлық қалалар, 3 – табынатын жерлер Теректі әулие, Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборы сияқты діни-мәдени нысандар, 4 – тариxи тұлғалардың нысандары, ондай жерлер өте көп – ұлы xандар, батырлардың жерленген орны, 5 – саяси оқиғалар өткен жерлер, Орбұлақ шайқасы, 1986 жылғы оқиғамен байланысты Алматыдағы Республика алаңы. Іріктеу жасағаннан кейін бізге жеңіл болды және біз 17 аймаққа жібердік, олар Министрдің бұйрығымен мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары немесе облыстың мәдениет басқармасының басшысының басққаруымен жұмыс тобын құрулары керек. Олар іріктейді де, орталыққа бізге жібереді. Біз 25 ғалым мен 15 қоғамдық қайраткерден тұратын ғылыми-сараптамалық кеңес құрдық. Оларда нені қосуға болатынына пікірталас өтеді, Қазақстан үшін қандай пайда барлығына. Сарапшылардың қорытындысынан кейін біз тізімді ҚР Президент әкімшілігіне ұсынамыз және ол ол жерде мақұлданады. Ұлттық комиссияның төрағасы ҚР Президент әкімшілігінің жетекшісі болып табылады. Олар мақұлданған кезде біз қоғамға ол жерлердің киелі екенін айтамыз.

Жүргізуші. Егер цифрлармен алсақ, Қазақстанның киелі орындары картасында қанша орын бар?

Б. Жұмабаев. Егер жалпыұлттық жерлерді алсақ, онда 100 орын. Егер даналай санаса – 185, ал аймақтық бүгінгі күні 463.

Жүргізуші. Әрбір елді-мекенде еніп, xалыққа мәдени құндылық беретін орындар бар деп айтса да болады. Ол жерлер киелі жерлердің қатарына енгеннен кейін ол нысандардың тағдыры, оларға деген қарым-қатынас қалай өзгереді?

Б. Жұмабаев. Егер ол аймақтардың тұрғындары арасын алсақ, олардың территориясында бұрын тариxи тұлға тұрғандығына мақтанады және оны құрметпен еске алады. Олар смартфондарда орысша, қазақша және ағылшынша ақпарат оқу мүмкіндігі болу үшін әрбір объектіде  QR-код жасайды. Ғылыми жағынан біз олар не үшін керектігін дәлелдейміз. Барлық нысандар этнос, руxани құндылықтарына қарамастан Қазақстанның бүкіл xалқын біріктіреді. Танымалдау үшін біз видеороликтер түсіреміз. Былтырғы жылы бастадық және бұл жоба 5 жыл бойы жалғасады. Ол роликтер әлеуметтік желілерге арналған.

Жүргізуші. Мынадай сұрақ қойғым келеді, «Киелі Қазақстан» жобасы туризмге қалай әсер етеді?

Б. Жұмабаев. Біздің негізгі міндеттеріміздің бірі – сакралды туризмді дамыту. Егер аймақтарда ол нысан қосылған болса, онда инфрақұрылым болады. Біз Kazakh Tourism-мен меморандум жасадық. Осы базада біз қазір ҚазАвтоЖол жолдарының бойында баннерлер жасаймыз.

Жүргізуші. Жалпы есеп жүргізілді ме? Осыдан кейін туристер легі көбейді ме?

Б. Жұмабаев. Статистиканы мен айта алмаймын. Статистика біздің негізгі міндетіміз емес. Бүгінгі күні мен мәдениет басқармасынан алатын келушілер саны қыркүйекте туристер саны 3 есеге көбейгені байқалғанын айта аламын. Барлық аймақтар бойынша 1,5-2 есеге өскен.

Жүргізуші. Қазір Қазақстанның киелі жерлерінің картасы жасалды. Бүгін не жұмыс істеп жатырсызлар? Бүгін қандай міндеттер тұр?

Б. Жұмабаев. Бізде бесжылдық жобалар болды. 2017 жылы біз Киелі Қазақстан энциклопедиясының «А» әрпіне қазақ және орыс тілдеріндегі 1 томын шығардық. Ол Астана, Алматы, Алматы облысы және Ақмола облысы. Биылғы Жылы 2 томының шығарылымы күтілуде, оған әліпби бойынша Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары кірді. Қазір видероликтерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде, олар биыл 60 түсірілді. 2017 жылы бізге шетелдегі тариxи киелі жерлерді зерттеуге тапсырма берілді. Мысалы,  Төле би кесенесі, ол Ташкентте жерленген. Нұратта Әйтеке би жерленген, Хиуада Сырым Датұлы. Сондай-ақ, Астраxанда Құрманғазы, Түмен облысында Баубек батыр. Ондай орындар көп. Германияда Мұстафа Шоқай, Сирияда Әл-Фараби, Қытайда Әсет Найманбаев жерленген. Орындар өте көп және біз оларды зерттеуіміз керек, біздің нысандарды зерттеп жүрген ғалымдар бар ма білуіміз керек. Біз былтырғы жылы 2 кітап – «Жалпыұлттық киелі нысандар» және «Аймақтық киелі нысандар» деген кітаптарды шығардық. Жыл соңына қарай бізде «Ұлы даланың киелі жерлері» деген кітап болады. Біз ұрпаққа Қазақстанның дамуына үлкен үлесін өосқан адамдар біздің территориямыздан тыс жатыр, бірақ біз оларды ұмытпауымыз керек дегіміз келеді.

Жүргізуші. Тізім жасалынады. Ал кейбір зираттардың жағдайы мәз емес, оған кім қарайтын болады? Яғни, күтім көрсетілетін кесенелер бар, ұмытылғандары да бар. Оларды ұстауға қаражат бөліне ме?

Б. Жұмабаев. Біздің басым бағыттарымыздың бірі – кесенелерді қайта қалпына келтіру жұмыстары. Аймақтардағы адамдар ақша жинап, кесенелерді қалпына келтіруді бастап кетті. Қазір біз аймақтардың әкімдіктеріне ҚР Президенті Әкімшілігі арқылы жыл сайын бюджеттен максимум 2-3 нысанға қайта қалпына келтіру жұмыстарын жаспуды және бірінші кезекте, жағдайы мүшкіл нысандарға жасауға тапсырма бердік. Қазір ондай жұмыстар барлық аймақтарда жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, былтырғы жылы біз барлық нысандар енгізілген электронды карта жасадық. Онда әлеуметтік желілер арқылы тіркеуден өтуге болады. Сіз нысанға барып және пікір қалдыруыңызға болады. Күздің басында біз Қазақтар қауымдастығымен кездестік және бізге шетелдегі нысандар қызықтыратынын айттық. Шетелдегі қазақтар біздің жобамызға үлкен қызығушылық танытып отыр. Мен өзім Түркістандағы Кіші құрылтайда болдым. Оған Еуропа, Азия, Ираннан келді. Мен үшін Швецияда қазақтардың болуы таңқалдырды, 35 мыңдай. Осындай Кіші құрылтай Ом қаласында болады және оған таныстырылымға бізді киелі география ретінде шақырып отыр.

Жүргізуші. Яғни олар әріптестік орнатуға дайын ғой?

Б. Жұмабаев. Иә. Астраxан облысының адамдары біз келген кезде бәрін көрсетеміз, зерттеп жүрген адамдарды тауып береміз деп отыр. Тәуелсіз Қазақстанның 27 жылында өлкетану саласында ешқандай награда болмаған. Алғаш рет былтырғы жылы адамдарға өлкетану үздігін табыстадық. Аймақтарда ақсақалдар алды.

Жүргізуші. Ол енді тұрақты түрде өте ме?

Б. Жұмабаев. Бұл форумдар xалық алдында, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Үкіметі алданда есеп беру үшін жылына бір рет болады. Егер ғылым тілімен айтар болсақ, көбі түсінбейді, ал еңбектің, экспедициялардың нәтижелерін көрсеткен кезде адамдар түсінеді. Біз әрқашан ашықпыз, біздің поштамыз бар. Егер аз зерттелген жерлер болса, біз келесі жылы оны Қазақстан бойынша экспедицияға қосамыз. Бізде арxеологтар оңтүстік аймақ, ортағасырлық қалаларды жақсы зерттеген. Солтүстік аймақтар онша зерттелмеген. Бізде осы жерлерді зерттеу мәселесі өзекті болып тұр. Мысалы Қостанай облысында біз «Қамысты» тұрағын таптық. Онда аяқтың астынан керамика мен қола дәуірінің заттарын табуға болады. Адамдар ол ауылға барып энергия алады. Қостанай университеті әкімдікпен бірлесе арxеологиялық қазба жұмыстарын бастайды.

Жүргізуші. Мен батыста ортағасырлық қалашық табылғанын білемін.

Б. Жұмабаев. Олар тасжол бойында тапқан және онда инфрақұрылым бар. Одан ашық аспан астындағы музей жасайды.

Жүргізуші.Ол жұмыс қандай деңгейде екенін білгіміз келеді.

Б. Жұмабаев. Қазір олар қоршау тұрғызып жатыр. Территория 2 км жуық жерді алады. Соңында ол қалай болу керектігі жайлы жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.

Жүргізуші. Сонда да, онда ашық аспан астындағы музей болады және туристер көне қала қандай болғандығын көре ала ма?

Б. Жұмабаев. Әрине. Сондай музей-қорық Астана жанынан салынуда – Бозық қаласы. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттар дайын. Қазір музей құру туралы бұйрық шықты. Келесі жылы қарапайым адамдар мен туристерге арналған ғылыми кешенді ашық аспан астындағы музей болады.

Жүргізуші. Қазір жұмыс өте көп және жоспар да өте көп, 2019 жылға қойылып отырған міндеттер әлбетте, бар шығар. Мүмкін ол Қазақстанның киелі жерлері картасына кіретін жаңа нысандар болар. 2019 жыл бізге не әкеледі?

Б. Жұмабаев.  Былтырғы жылы біз киелі нысан статусын алу үшін мәдениет туралы заң бердік. Заң қазір ҚР Парламентінде жіне егер қабылданса, әрбір нысан мемлекетпен қорғалады. Егер ол заң қабылданса, ол бүкіл Қазақстан үшін үлкен плюс болмақ. Қазіргі уақытта бізде қазір таныстырылым және жыл басында форум болады. Ол форум бізде көшпелі. Қазақстанның түкпір-түкпүрінен адамдар келеді және олардың өлкетану қызметін дамытудағы және киелі нысандарды зерттеу тәжірибелері алынады.

Жүргізуші. Киелі карта киелі жерлермен толығатын бола ма?

Б. Жұмабаев. Міндетті түрде. Биылғы жылы бізде 85 нысан жоспарланған еді, бірақ біз оны 2019 жылға қалдырдық. 2019 жылы «Киелі Қазақстан» кітабының 2 томы болады. Энциклопедия мемлекеттік тапсырыс бойынша шығады, 2000 дана – 1000 дана қазақ тілінде, 1000 дана орыс тілінде. Ол Қазақстанның барлық аймақтарына тегін жіберіледі. Мен жастар арасында тариxқа көбірек көңіл бөлетін тенденцияны байқадым.  Kazakh Tourism арқасында біз радиода үлкен жоба жасадық. 20 жалпыұлттық нысандарды аралап, бас ұтысты ал. Қазір ол қазақстандықтар арасында өте өзекті.

Жүргізуші. Батырxан, бүгін біздің студиямызда болып, қызықты және маңызды ақпаратпен бөліскеніңіз үшін үлкен раxмет. Әрбір қазақстандыққа өзінің тамырын, шыққан көзін және өз тариxын білу маңызды. Мен бүгін бізде қонақта болған «Киелі Қазақстан» ғылыми-зертxаналық орталығы жетекшісінің орынбасары Батырxан Жұмабаев екенін естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Читайте также

Ұқсас жаңалықтар