Қоғамдық көліктердегі жол ақысына енгізілген сараланған тарифке қатысты

62
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Сіздер Bnews.kz көріп отырсыздар, менің есімім Даля Нәсіпова. Бұл студияда сарапшыдармен бірлесе өзекті тақырыптарды талқылаймыз. Жүргіншілер тасымалдау саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Енді қоғамдық көліктегі жолақы төлем әдісіне тікелей байланысты. Жолаушылар тасымалы саласында болып жатқан өзгерістер жайлы бүгін бізге «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов айтып береді. Сәлеметсіз бе!

Б. Игенбердинов. Сәлеметсіз бе, Даля!

Жүргізуші. Жолақы қанша болатыны және бұл өзгерістер немен байланысты екенін айтып бересіз бе?

Б. Игенбердинов. Әлеуметтік маңызды маршруттар бойынша жолақы транспорттық картаны қолдану кезінде бұрынғы деңгейде - 90 теңге болып сақталады. Ал қолма-қол ақша төлемі кезінде 180 теңге және тегін басқа автобусқа отыру опциясы сақталмайды. Транспорттық карта не үшін қажет? Біріншіден, ыңғайлы. Адам өзімен ақша алмайтын ол әлемдік практика. Біздің қалада опция бар, бир сағат ішінде басқа автобусқа ауысу тегін. Демек, егер адам бір сағат ішінде екі автобусқа отырса, онда әрбір сапар 45 теңгеден болады.

Жүргізуші. Бұрын, менің есімде болса, ауысып мінудің санына шек қойылмаған еді. Енді неге енгізді?

Б. Игенбердинов. Біз талдау жүргіздік. Әрбір сервис, әрбір опция қандай да бір талдауды қажет етеді. Біз бұл қаншалықты тиімді және қаншалықты экономикалық жағынан ойға қонымды екенін қарастырдық. Әрине кез келген адам тегін немесе ең төменгі құнмен жүргісі келетіні түсінікті. Бірақ ол қиындықты онда жеткізуші компания өз мойнына алады. Біз жеткізушілермен келісіп, бір ғана автобусқа ауысуды қалдыратын болып шештік. Қаланың өсіп жатқандығын, маршруттық желігің өзгеруін ескере отырып, біз адам қаланың бір шетінен екіншісіне жетуі үшін бағыттардан тізбектер бойынша ауысым ұйымдастыруға мәжбүр болдық. Ол опция сақталады. Жолаушыларды транспорттық картаға толық көшіріп болғаннан кейін қорытынды бойынша кіріп-шығу матрицасы түсінікті болады.  Қаланың маршруттық желісін қалыптастыру мен жетілдіру бойынша анық жұмыс істей алатын боламыз. Сәйкесінше, ары қарай адамда тек бір ғана ауысып отыру болуы үшін жұмыс істейміз.

Жүргізуші. Астаналықтардың қаншасы осы картаны қолданады? Былтыр олар қанша еді, статистика келтіре аласыз ба?

Б. Игенбердинов. Былтырғы жылмен салыстырғанда бізде өсті. Егер былтыр xалықтың 29-30% болса, ал биылғы жылы 36%. Жылдың соңына дейін 40% жетуді жоспарлап отырмыз және ары қарай кезең-кезеңмен. Ол әлемдік тенденция. Транспорттық мобильділік және көше жолдық желілердің жеңілденуі адамдардың қоғамдық көлікке көшу керектігімен байланысты. Автобуста шартты түрде 100 адам отыруы мүмкін және ол 100 адам 50 жеңіл автомобильде отыруы мүмкін. Сәйкесінше, олар жолда қанша алаңды алады, көше жол желісіне қанша ауырлық салады.

Жүргізуші. Қазіргі күні транспорттық карталар жеткілікті ме? Тұрғындар арасында ажиотаж жоқ па?

Б. Игенбердинов. Сатулар бойынга ажиотаж бар, себебі адамдар біліп, транспорттық карталарды жиі ағып жатыр. Карталардың саны жеткілікті. Біз тағы да жарты миллион карта сатып алдық. Мен жақын уақытта осы этапта шамамен 200-250 карта сатамыз деп ойлаймын.

Жүргізуші. Қайдан алуға болатыны және қандай тәсілдермен толтыруға болатыны жайлы айтып бересіз бе?

Б. Игенбердинов. Бүгінде қала бойынша 90 стационарлық нүкте жұмыс істейді. Ол ақпаратты біздің сайттан да көруге болады. Осы нүктелерде, сонымен бірге kiwi-терминалдарда, интернет-банкинг арқылы толтыруға болады.

Жүргізуші. Кiwi-терминал комиссия ұстамай ма?

Б. Игенбердинов. Кiwi-терминалдар келісімшарт бойынша жұмыс істейді және комиссия ұстамайды. Демек, өзінің транспорттық әмиянын толтыратын немесе тариф бойынша айлық жолжүру билетін алатын адам үшін комиссия - 0 теңге.

Жүргізуші. Азаматтарға арналған арнайы тарифтер бар. Олар қандай тарифтер екені жайлы айтып бересіз бе? Олардың айырмашылығы қандай?

Б. Игенбердинов. Бұрын бізде 7,10 сапарға арналған әртүрлі тарифтер болатын. Бірақ, азаматтарға қолайлығын талдасақ, ол - транспорттық әмиянның болуы. Бүгінгі күні біз мейлінше транспорттық әмиянға көштік. Адам әрбір сапары үшін кететін ақшаны әмиянға лақтырып отырады. 5 немесе 50 сапар болсын, жүрісіне қарай ақша жұмсайтын болады. Бүгінгі күні толықтырулармен проблема болмауы тиіс.

Жүргізуші. Автобус жүргізушілері тұрақты еңбекақы ала ма, әлде еңбекақылары олар тасымалдайтын жолаушылар санына байланысты ма?

Б. Игенбердинов. Әрине. Тасымалдаушылармен жасалған жаңа келісімшарт шарты бойынша бонустар мен айыппұл жүйесі бар. Демек, айыппұл - егер ол қандай да бір шартты орындамаса, мысалы бір аялдамаға тоқтамаса немесе соңғы аялдамаға бармаса - кез келген сапасыз қызмет көрсетуге байланысты сәттер. Бұл жерде тасымалдаушы мен жүргізуші сақтанады. Автобуста қаншалықты валидация көп жасалса, оның және консультанттың еңбекақысы соншалықты өседі.

Жүргізуші. Демек, бәрібір қанша жолаушы тасығанына байланысты ғой?

Б. Игенбердинов. Иә. Себебі осы валидациялар деңгейі Астана қаласы әкімдігі ретіндегі муниципалитет жүзеге асыратын субсидиялау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жүрзізуші. Енді кондукторлар жоқ. Ол адамдармен не болмақ? Қалалық маршруттарда олардың саны қанша еді?

Б. Игенбердинов. Олар ешқайда кеткен жоқ. Кәсіби қабілетсіздігінен, басқа да жағдайлардың әсерінен кетіп жатқандар бар. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын адамдардың бір бөлігі жол ақысы электрондық жүйесі бойынша консультанттар, бір бөлігі парктердің бақылау-желілік жүйесіне ауыстырылды.

Жүргізуші. Консультанттар тікелей автобустарда жүре ме?

Б. Игенбердинов. Иә. Олар тұрғындар валидация қалай жасау керек, валидаторларда балансты қалай тексеру керек, зонаны және тарифті қалай таңдау керек екендігін түсінгенше белгілі бір уақыт автобустарда жүреді.

Жүргізуші. Адам төледі ме, жоқ па деп бақылауды кім жүргізеді?

Б. Игенбердинов. Жүргізуші жасай алмайды және ол оның міндетіне кірмейді. Ол үшін транспорттық бақылау жүйесі құрылды. Кадрлар жинақталды және біз көлемге қарай штатты өсіреміз. ISOPA жөніндегі консультанттар конфликт болған кезде транспорттық бақылау қызметімен байланыста болады. Транспорттық бақылау қызметі шақырылған кезде, қызметкерлер келеді. Ал егер сұрақ билетсіз тасымал туралы болса, онда жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері шақырылып, xаттама толтырылады да, айыппұл салынады.

Жүргізуші. Ал айыппұл көлемі қандай?

Б. Игенбердинов.  2 АЕК.

Жүргізуші. Ал егер валидатор жұмыс істемей қалса ше?

Б. Игенбердинов. Әкімдіктің қаулысы бойынша біз дифференциалды тариф енгізген кезде егер валидатор жұмыс істемесе жолаушы тегін жүруге құқылы деп көрсеткенбіз. Егер автобус қозғалысы кезінде жүйе жұмыстан шықса, жүргізуші соңғы аялдамаға барады және жолшыбай жолаушылардың талабы бойынша әрбір аялдамада жолаушыларды түсіріп отырады.

Жүргізуші. Балаларға да карта сатып алу керек пе? Балалар тасымалымен не болады?

Б. Игенбердинов. Балаларға, әрине, алу керек. Бұл жұмысты біз бірінші жыл емес жүргізіп жатқанымызға. Қазіргі уақыт жаз екендігін ескеріп және ата-аталардан көп сұрақтар болғандықтан әкімдік балалар 1 қыркүйекке дейін карта болсын-болмағанына қарамастан 40 теңгемен жүреді деп шешті. Ол жеңілдікпен карта алу процесінің кейбір ерекшеліктері барымен және жаз уақытында қалаға әртүрлі аймақтардан балалардың көптеп келуіне байланысты. Рәсімдеу процесі тез емес. Біз сондықтан осындай опция жасадық.

Жүргізуші. 1 қыркүйектен кейін ше?

Б. Игенбердинов. 1 қыркүйектен кейін карта алмағандарда карта алуға мүміндік болады және олар қоғамдық көлікті қолданатын болады.

Жүргізуші. Ол жағдайда балалар жолақысы өсе ме?

Б. Игенбердинов. Жоқ. Транспорттық карта бойынша да солай.

Жүргізуші. Ал қысқа уақытқа келетін туристерге қалай жәнк оларға карта алудың қажеті жоқ қой?

Б. Игенбердинов. Егер ол өзінің келу уақытында Астана қаласында 10 ғана сапар жасайтынын алдын-ала білетін болса, онда бізде сатылымда басқа автобусқа 1 сағаттың ішінде тегін отыруға болатын мүмкіндік қарастырған 10 сапарлық транспорттық карта бар.

Жүргізуші. Жеңілдікпен жүретін, тегін жүретін адамдар категориясы бар ма? Солар жайында айтып беріңізші, өтініш.

Б. Игенбердинов. Азаматтар үшін 6 жеңілдік категориясы бар. Олар Астана қаласының маслиxатымен бекітілген. Олар шамамен 120 мыңдай, осы уақыт ішінде олардың 95 мыңы транспорттық карта алып үлгерді. ЗТМО арқылы тіркеуден өткен көшіп келушілер транспорттық картаны тегін алады.

Жүргізуші. Бұл акция біткеннен кейін қандай нәтиже күтесіздер? Сіздердің болжамдарыңыз бойвнша пайыздық қатынаста қанша адам қолдану керек?

Б. Игенбердинов. Былтырғы жылы бізде транспорттық картаны жалпы жолаушылар ағының 5% ғана қолданды. Қазір 60%. Жыл соңына дейін 95-98% дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл бізге парктерден көлеңкелі айналымды толықтай шығаруға мүмкіндік береді, тасымалдаушылардың табысы мен шығынын нақты және түсінікті қылып көруге және дұрыс субсидиялауға көмектеседі. Қалыптасатын барлық салық базасы Жол-транспорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталатын болады. Бұл біз жақын уақытта көретін көрсеткіштер.

Жүргізуші. Демек, бұл өтпелі кезең пайда көлемінің ұлғаюына ықпал ету керек пе?

Б. Игенбердинов. Иә, әрине.

Жүргізуші.Қаншаға ұлғаюды болжап отырсыздар?

Б. Игенбердинов. Әзірге нақты цифрларды атау қиын. Мен ресми түсімдерді 20-30%-ға, тіпті одан да жоғары өсімді көреміз деп ойлаймын.

Жүргізуші. Ал келесі жылы тарифті ұлғайтуды жоспарлап отырсыздар ма?

Б. Игенбердинов. Бұл біз үшін де, қалалықтар үшін де маңызды және кең ауқымды. Жыл соңына дейін, дифференциалды тарифті енгізу аясында жолаушылар ағыны, шығындар қандай, табыстар қандай болатынын түсінетін боламыз. Мөлдір ашық жүйе қоғамдық кеңеске шығарып қай жаққа қарай тарифтік саясатты өзгертуге керек екенін айта алатын қажетті талдауды бере алады. Біз қазір айтып жатқан маслиxатпен бекітілген 198,8 теңгелік есептік тариф әрбір сапарға 108,8 теңге субсидиялауға мүмкіндік береді. Бұның барлығы тасымалдаушының толық дәлелденген оның шығындары мен табыстары жөніндегі мәлімет ұсынған жағдайда. Келесі кезеңде біз муниципалитет тарапынан судсидияландыру көлемін өсіру немесе кеміту үшін есептік тарифті өзгерту қажеттілігі туралы сөйлесетін боламыз. Екінші бөлігі – біз базалық тариф бойынша қаншалықты өзгеріс енгізуді қарастырамыз. Бұл енді нақты және түсінікті мәлімет болады. Бұл жерде қалалықтар егер өзгеріс енгізілген жағдайда не үшін өзгеріс енгізілгенін түсінетін болады, барлық мәлімет ашық және қол жетімді болады.

Жүргізуші. Қалада жаңа маршруттар енгізу қажеттілігі жоқ па?

Б. Игенбердинов. Бұл жұмысты біз күн сайын жүргіземіз. Біз тасымалдаушы тарапынан мәліметтер аламыз. Автобустарда жолаушыларды есептеу етігі бар. Біз әлеуметтік сауалнамалар жүргіземіз, чат-боттар енгіземіз. Бұл жағынан аудандық әкімдіктер өте жақсы көмектеседі. Олар маңызды құрылыс жүріп жатқан, жаңа микроаудандар, тұрғын массивтері ашылып жатқан аудандармен тікелей келіссөздер жүргізеді. Біз қай жерде маршрут өзгерту керек, қай жерге маршрут ұзарту керек, қай жерге жаңа маршрут енгізу керек екенін пысықтаймыз. Қаланың қарқынды дамып келе жатқандығын ескере отырып, біз маршруттық жүйені жаңғырту бойынша жұмысты күн сайын жүргіземіз.

Жүргізуші. Қазір жақын уақыт аралығына ондай қажеттілік жоқ па?

Б. Игенбердинов. Қазір бізде бірнеше ұсыныс бар, біз оларды пысықтап жатырмыз. Негізінде, біз айына бір рет маршруттық жүйеге өзгеріс енгіземіз.

Жүргізуші. Ал тұрғындарды қалай xабарландырасыздар?

Б. Игенбердинов. Алдымен біз сауалнама жүргіземіз. Яғни, ол ауданның адамдары қай уақыттан бастап қай маршрут ұзартылады немесе жаңа маршрут енгізілетіндігін біледі. Жаңа аудан қаланың әртүрлі бөлігіне 2-3 ауысымсыз жету үшін 1 немесе 2-3 марштрутты талап етеді. Азаматтардың жеңілдік категориясындағы адамдарға дифференциалды тариы мәселесі қозғамайтынын айта кеткім келеді. Ол – зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар, 18 жасқа толмаған мүгедек балаларды сүйемелдейтін қамқоршылар, ардагерлер. Бастысы жеңілдік категориясындағы азаматтар транспорттық картаны алған кезде валидациядан өткізу керек. Себебі әкімдік ретіндегі мемлекет оларға қажетті жеңілдіктерді берді және олар картаны тегін алады. Егер ол валидациядан өтпесе, ол заң бойынша жолақысын төлеуден бас тарту деп есептеледі.

Жүргізуші. Былтырғы жылғы Алматыдағы Оңай картасымен болған жағдай қайталанбай ма?

Б. Игенбердинов. Ондай жағдайларды мейлінше азайту үшін бұл жүйені жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осыған байланысты біз қаулыда валидаторлармен проблема болған жағдайда жолаушылар тегін жүреді деп көрсеттік. lSOPA жөніндегі консультанттар тұрғындарды құлақдар етеді. Олардың түсіріп тастауға құқықтары жоқ. Олардың міндеттері жолақының электрондық жүйесінің жұмысы бойынша кеңестер беру. Олар транспорттық бақылау қызметін шақыратын болады және олар жағдайды рәсімдеу үшін қазір солай жасап жатыр.

Жүргізуші. Транспорттық бақылау қызметі қайда орналасқан?

Б. Игенбердинов. Олар әрқашан ауысып отырады. Қай аялдамада болады және қай кезде пайда болатынын ешкім білмейді. Күн сайын қайда және қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде бұйрық беріледі. Жергілікті полиция қызметімен бірлескен рейд шаралары біз тұрғындарды тәртіпке үйретпейінше жалғасатын болады. Біз бірнеше маршрутта алдыңғы есік бойынша отыруды енгіздік, болашақта тағы да бірнеше маршрутқа солай енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл есеп үшін де, бақылау үшін де ыңғайлы. Ол болашақта транспорттық бақылау қызметінің ролін төмендету үшін. Адам алдыңғы есіктен кіріп, валидация жасайды, оны жүргізуші көреді және ешқандай сұрақ туындамайды. Олар орта және артқы есіктен шығатын болады. Ол бірден және барлық мартшруттарға енгізілмеді, себебі біз қашан 90% деңгейге өткенде ғана бұл жүйе барлық автобустарда жұмыс істейтін болады. Бұл әлемдік тәжрибе және мен біздің азаматтар бұны толық түсінеді және уақыт өте келе осыған үйреніп кетеді деп ойлаймын.

Жүргізуші. Кейбір елдерде тіпті турникеттер орнатылған. Алдыңғы есіктен кіресің және ары қарай картаны қоймайынша ары қарай өте алмайсың.

Б. Игенбердинов. Бұл үлкен шығындар. Біз бұл жүйені судсидиялау деңгейін ал ертең жол-транспорттық инфрақұрылымды дамытуға алым деңгейін анықтау үшін енгізіп отырмыз. Әрине, келесі кезеңмен ары қарай дамитын боламыз. Турникеттер, жаңа сервистер, қоғамдық көліктің баламалы түрлері болуы да мүмкін. Әлемде жақсы шаралар көрсеткен жаңа ықтимал сервистер бізде де енгізілетін болады.

Жүргізуші. Жақсы, үлкен раxмет. Бүгін бізде «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов болды. Сау болыңыздар!

`