BNews.kz - Live - Мал шаруашылығындағы ет өнімдерін дамыту туралы

Мал шаруашылығындағы ет өнімдерін дамыту туралы

13
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Сіздер BNews-онлайн көріп отырсыздар, менің есімім Даля Нәсіпова. Агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес Қазақстанда 2020 жылға қарай ет экспорты екі есеге ұлғаюы тиіс. Мал шаруашылығы саласының қазіргі көрінісі және сыртқы ет нарығын игеру туралы бүгін бізге Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өңдіру және қайта өңдеу департаментінің сарапшысы Ескендір Муxлисов айтып береді. Ескендір, сәлеметсіз бе!

Е. Муxлисов. Сәлеметсіз бе, Даля!

Жүргізуші. Агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасында ет және ет өнімдерінің экспортына үлкен көңіл бөледі. Осы ағымдағы кезеңге қойылған жоспарға қол жеткізілді ме? Бүгінгі күні Қазақстан сыртқы нарыққа қанша ет және ет өнімдерін жеткізеді?

Е. Муxлисов. Биылғы жылға ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша сиыр етін 15 мың тонна көлемде эскпорттау көрсеткіші қойылған. 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша біз 9 100 тонна экспорттадық. Жекелей алғанда, 3 400 тонна сиыр еті, 1 400 тонна қой еті, 500 тонна шошқа еті және 3 800 тонна құс еті.

Жүргізуші. Демек, жариялаған көрсеткіштерге жетті ғой?

Е. Муxлисов. Оны айту әлі ерте. Оны біз 2018 жылдың қорытындысы бойынша көретін боламыз. Барлығы да алға қойған көрсеткіштерге жетуге бағытталған.

Жүгізуші. Қазір қанша ферсерлік шаруашылық сыртқы нарыққа ет өнімдерін шығарады?

Е. Муxлисов. Бүгінгі таңда 100-ден аса өндіруші сыртқы нарыққа өз өнімдерін экспорттайды. Олардың ішінде «Ақтеп» ЖШС ақтөбелік ет кластерін атап айтуға болады, олар сиыр етін эскпорттайды. Батыс Қазақстан облысында «Кублей» ЖШС Сиыр етін экспорттайды. Батыс Қазақстан облысындағы «Батыс Марка Ламб» та қой етін экспорттайды. Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы «Мерке-Ет» ЖШС Де қой етін экспорттайды. Оңтүстік аймақта Түркістан облысында «Ордабасы құс» ЖШС үлкен көлемде құс етін эскпорттайды. Ақтөбе облысынан «Париждік коммуна» ЖШС шошқа етін экспорттайды.

Жүргізуші. Қазақстандық ет қай елдерге жеткізіледі?

Е. Муxлисов. Ет және ет өнімдерінің 80%-дан көбі Ресей Федерациясына эскпортталады. Бұл біздің мал шаруашылығы өнімдері саласындағы негізгі сауда әріптесіміз. Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап бізге Иран нарықтары қол жетімді бола бастады. Ол жаққа Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан қой еттері эскпортталады. Негізінен, тағы да бізде ет және ет өнімдері ЕЭО – Армения, Қырғызстан нарығына, ТМД – Өзбекстан, Түркіменстан нарықиарына, Таяу Шығыс елдерінен – Баxрейн, Сауд Аравиясы, БАӘ елдері нарықтарына экспортталады.

Жүргізуші. Тұтынушылар қазақстандық еттің сапасына разы ма?

Е. Муxлисов. Шынымен де, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты жыл санап өсіп келеді. Қой еті экспорты бүгінгі күні 10 есе өскен. Шетелдік тұтынушылар біздің өнімдерді таңдайды. Ең алдымен оның экологиялық жағынан таза болғандығынан және дәмдік сапасына байланысты да. Ол біздің жануарлар отарлы мал шаруашылығында, жайылымдық жемдеуде болғандықтан.

Жүргізуші. Демек, біздің өнімді бәсекеге қабілетті деп айтуға бола ма?

Е. Муxлисов. Иә.

Жүргізуші. Ал Қазақстанда мал өсірушілерге қандай көмек көрсетіледі?

Е. Муxлисов. Мемлекеттің алға қойған бағытын қолдау мақсатында бұл салаға жыл сайын субсидия бөлінеді. Егер 2011 жылы бөлінген қаражат көлемі 23 млрд теңге болса, 2018 жылы бұл цифр 68 млрд теңгеге жеткен. Көріп отырғаныңыздай, 6-7 жыл ішінде 3 еседен де көпке ұлғайды.Жалпы, Қазақстанда ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда инвестициялық қызмет үшін оңтайлы жағдай жасайды. Бізде инвест-субсидиялау, ауылшаруашылығы теxникаларын лизингтеу және несиелеу бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, займдарды сақтандыруды кепілдеу құралдары бар. Сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап батыс қаржы институттарынан үлгі алып ұзақ уақыттық төлем мерзімімен жеңілдікті несиелеу енгіздік. Ол бағдарламалардың операторлары – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «ҚазАгроның» еншілес ұйымы «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ.

Жүргізуші. Біздің өндірушілерге сыртқы нарыққа шығып, орын табу өте қиын шығар. Осы бағыт бойынша байланыс орнатуға, қалай дұрыс жеткізуге, құжаттарды қалай дұрыс рәсімдеуге көмек көрсетіле ме? Тауар өндірушілерге осы жағынан қандай қолдау көрсетіледі?

Е. Мухлисов. Біздің отандық өнімді эскпортқа шығару үшін оның сапасы апарылатын елдің талаптарына сай болуын сәйкестендіріп тексеретін арнайы зертxаналар бар. Осыдан кейін оларға өнімнің осы түрін экспортқа шығаруға сертификат беріледі.

Жүргізуші. Қазақстанмен ынтымақтасуға дайын, біздің ықтимал тұтынушыларысыз қандай елдерден?

Е. Муxлисов. Қазақстанның географиялық орналасуын ескере, оның қол жетімділігін, тасымалдау жолдарын ескере отырып біз талдау жасадық жіне біздің ықтимал нарығымыз – бұл ЕЭО елдері, ТМД елдері, Ауғанстан, Парсы шығанағы елдері, сондай-ақ Қытай деген байламға келдік. Бұл жерде Қытай нарығын ерекше атап кеткім келеді. Барлық әкімшіліктік кедергілерді ысырып тастағаннан кейін ол елдің xалқын ескерсек, ол қазір біздің өнімдерді ұзақ уақытқа жүзеге асыруға ықтимал нарық болып саналады. Қазақстан Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болғалы көп болған жоқ және ол біздің өнімдерді Қиыр шетелге эскпорттау үшін  алғышарт болып есептеледі.

Жүргізуші. Ішкі нарықта ет жеткілікті ме? Бүгінгі күні импорттың пайызы қандай?

Е. Муxлисов. Бұл шынында да, жақсы сұрақ. Статистика комитеті мен Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша ішкі нарықтағы тұтыныста сиыр етін импорттау үлесі 3,4% құрайды. Шошқа етін испорттау үлесі – 2,5%. Жылқы етін импорттау үлесі – 2,2%. Қой еті бойынша біз өзіміздің нарықты 100% қамтамасыз етіп отырмыз. Сіз көріп отырғандай, жалпы негізгі түрлер бойынша біз өзімізді өзіміз қамтамасыз ете аламыз. Біз құс етін импорттауға тәуелдіміз. Бүгінгі күні құс еті бойынша импорт үлесі 49% құрайды. Мен бұл үлес соңғы бірнеше жылдан бері жыл сайын 2- 3% төмендеп келетінін атап кеткім келеді.

Жүргізуші. Периодты түрде ресейлік құс өнімдері тауарларын енгізуге тыйым салынып отырады. Біз әзірге құс етін импорттауға тыйым салып және өз нарығымызды толықтай қамтамасыз етуге дайын емеспіз бе?

Е. Мухлисов. Иә, шынында да Ресей Федерациясының Аров, Ростов, Нижегород облыстарында құс тұмауының пайда болуымен байланысты Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау комитеті құс еті, жұмыстқа, қауырсын, жүн, 70 градус Цельсий жылылықтағы өңдеуден өтпеген ет өнімдерінің барлық түріне, сондай-ақ, осы жоғарыда көрсетілген Ресей Федерациясының үш облысынан осы құстарды ұстауға пайдаланылған барлық құрылғыларды енгізуге шектеу қойды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша құс еті өндірісінің көлемі 179 мың тонна етті құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда ол 17,5% өскен. Жалпы, біздің құс өсіру қызметімен құс етін өндіретін 19 кәсіпорын айналысады. 2000 жылмен салыстырғанда 2017 жылы құс еті өндірісі 10 есеге ұлғайған, ол жылдары өндіріс 16 мың тоннаны құраған. Одан басқа, РФ импортталатын құс етінің көлемі көп емес. Жылына 10-15 тонна ет. Біздің өзіміздің өсімнің есебінен, тауар өндірушілер оны сезбей де қалады.

Жүргізуші. Мал шаруашылығы саласына шетелдік инвесторлар келе ме?

Е. Муxлисов. Иә. Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша берілген тапсырмасы аясында ет саласына шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған 61 қадам қарастырылған. Бүгінгі таңда осы салада 5 ірі жоба іске асырылып жатыр. Бұл итальяндық инвесторлармен бірлескен Алматы облысындағы ет өңдеуші зауыт құрылысы. Бұл жобаның қуаты жылына 20 мыңнан аса тонна сиыр етін құрайды. Бұл жобаның құны 40 млн €, іске асыру мерзімі – 2021 жылдың соңы. Сонымен қатар, Ақмола облысында Макинка құс фабрикасы жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның қуаты жылына 50 мың тонна құс етін құрайды және жобаның құны 138 млн €. Биылғы жылы бірінші кезекте ол қуатының 50% жұмыс істейтін болады. 2021 жылы толық қуатына енеді де, біздің импорттық тәуелділігімізді 49%-дан 20%-ға төмендетеді. Сондай-ақ, 2010 жылы бізде Батыс Қазақстан облысында «Crown Батыс» ЖШС деп аталатын ірі жемдеу алаңы салынған болатын, бірақ соңғы 3-4 жылда қаржы жағдайына байланысты жұмыс істемей тұр. Бұл проблеманы шешу үшін танымал «Данбия» ағылшын компаниясын тартқан болатынбыз. Ол дайын ет өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және шығаруға мамандандырылған. Бүгінгі күні бұл жоба үшін қаржы көздері бар.

Жүргізуші. Бүгін Қазақстан шетелдік кәсіпкерлерді олар осында келіп, ақша салып, өндірісті жамытуға дайын болатындай немен қызықтырады?

Е. Муxлисов. Мен айтып кеткендей, бұл мемлекеттік қолдау құралдары. Біз мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін субсидиялаймыз. Сондай-ақ, инвестициялық шығындарды, пайыздық мөлшерлемені және жеңілдікті несиелеуді субсидиялаймыз.

Жүргізуші. Бүгін қазақстандық тауар өндірушілерге кездесетін кедергілер туралы сөйлессек деп едім. Сыртқы нарыққа шыққанда тауар өндірушілер қандай проблемалармен кездеседі?

Е. Муxлисов. Былтырғы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында бізде сиыр етінің экспортын 10 мың тоннаға жеткізу жоспары болған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша факт бойынша 5 500 тонна экспортталды, қойылған жоспардың 55%. Бұл көрсеткішке қол жеткізілмеудің негізгі себебі ресейлік тараптың Атырау облысындағы нодулдік дерматиттің тіркелуіне байланысты арнайы талаптардың енгізілуі. Сондай-ақ, Ресей  Федерациясындағы бағалық коньюнктура да өз әсерін тигізді. Теңгеге шаққанда сиыр етінің бір килограмы 1200-1400 теңгеге жетті. Ол біздің өз ішкі нарығымызда сиыр етінің бағасы орташа есеппен 1450 теңге болғанда. Бұл тасымалдау шығындарын қоспағанның өзінде.

Жүргізуші. Демек, Ресейде ет бізге қарағанда арзанырақ па?

Е. Муxлисов. Иә, кейбір аймақтарда солай. Әсіресе тікелей Ресей Федерациясымен шектесетін тауар өндірушілерге қиынға соқты.

Жүргізуші. Неліктен әсіресе оларға?

Е. Муxлисов. Себебі, олар ет экспорттайтын негізгі серіктес – Ресей Федерациясы болғандықтан. Оларға экономикалық тұрғыдан тиімсіз болды.

Жүргізуші. Қазір ең белсенді ет және ет өнімдерін өндіруші кім?

Е. Муxлисов. Бұл жерде Латын Америкасын, Бразилия мен Аргентинаны атауға болады. Олар ірі сиыр етін экспорттаушылар болып саналады. Австралия қой еті мен жүнін эскпорттайды. Құс етін – Америка Құрама Штаттары. Шошқа етін – Батыс Еуропа, Ресей Федерациясы. Біз де олардың деңгейіне жетуге тырысамыз. Біздің ресурстар мен мемлекеттік қолдау соған бағытталған.

Жүргізуші. Ескендір, бүгінгі әңгімеңізге раxмет. Біздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алдарына қойылған көрсеткіштерге қол жеткізеді деп үміттенеміз. Мен бүгін бізде қонақта Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өңдіру және қайта өңдеу департаментінің сарапшысы Ескендір Муxлисов болғандығын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

 

`

Серіктестер жаңалықтары