Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы

67
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл Bnews-онлайн, менің есімім Даля Нәсіпова. 19 мыңнан аса қазақстандық Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің мүшесі болып табылады. Бұл қандай жүйе және білімге ақшаны қайдан алуға болатындығы жайлы бүгін бізге «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының вице-президенті Шолпан Мұратбаева айтып береді. Сәлеметсіз бе, Шолпан!

Ш. Мұратбаева. Сәлеметсіз бе!

Жүгізуші. Сіздердің бүгін қандай бағыттар бойынша жұмыс істеп жатқандарыңыз жайлы айтып бересіз бе?

Ш. Мұратбаева. Қаржы орталығының бүгінгі қызметі 4 бағытта жүзеге асады. Бұл мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, жас мамандардың жұмысқа орналасуын қадағалау. Бұдан басқа, Қаржы орталығы бұрын берілген мемлекеттік білім несиелерін қайтарып алумен, ал былтырғы жылдан бастап Қаржы орталығы білім беруді қаржыландыру жүйесін дамытумен айналысады.

Жүргізуші. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы толығырақ білсек деп едім. Ол қандай жүйе және оның шарттары қандай?

Ш. Мұратбаева. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – бұл 2013 жылы қабылданған жүйе. Бұл біздің азаматтар өз балаларының білім алуына қаражат жинау мүмкіндігін беретін құрал болып саналады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының 19 мыңнан аса азаматы бұл жүйенің салымшылары болып саналады. Біздің жүйенің әріптестері 5 банк -  Halyk Bank, Forte Bank, ВТБ Банкі и Цеснабанк. Биылғы жылы біз Tengry Банкімен біріктік. Жақын арада олар да бұл жүйеде белсенді жұмыс атқарады. Біз сондай-ақ, білім беру жинақтау жүйесі елімізде жинақтау мәдениетін тәрбиелеу элементі болып саналатыны жайлы айтып отырмыз. Демек, біз азаматтарымызда өз балаларының болашағын болжап және жоспарлай алулары үшін құралдары болғандығын қалаймыз. Ал бүгін біз адамдардың балаларының жоғары білімі жайлы олар тек мектеп бітіргенде ғана ойлайтынының куәсіміз. Сондықтан біз бұл инструментімізді алдын ала қолдануға шақырамыз. Бұл өнімді қолдана отырып, біз ата-аналар балаларына ақша жинау қалай екенін көрсеткенін қалаймыз.

Жүргізуші. Сіздердің жүйелеріңізге қатысу мен ақшаны депозитке жинаудың айырмашылығы неде?

Ш. Мұратбаева. Біздің жүйе мемлекеттік бағдарлама болғандықтан, мемлекет тарапынан сыйақы қарастырылған. Осылайша мемлекет xалыққа білім беру депозиттерінің салымдарына сыйақы тағайындау арқылы xалықтың жағдайын ойлауда. Бүгінде ол басымдылыққа ие xалық табы үшін 5% және 7%. Одан басқа, біздің білім беру салымшылары мемлекетпен қорғалған. Демек, олар 10 млн теңгеге дейін депозиттердң кепілдендіру қорымен кепілденеді. Сондай-ақ, былтырғы жылдан бастап біздің салымдарды үшінші тұлғаның талаптануынан қорғайтын норма жүзеге асты. Демек, бұл салымдарға үшінші тұлғалардың бұғақталуы салынбайды.

Жүргізуші. Егер бірнеше жыл ішінде ақша жинап келе жатқан абитуриент грантқа түссе немесе оқуын жалғастырудан бас тартса ше? Ол қаражатпен не болады? Адам оны шеше ала ма?

Ш. Мұратбаева. Иә, әрине. Бұл ақша қаражаты салымшының жеке меншігі бодып есептеледі. Бала егер гранттық білім беруге ие болатын болса, ол жағдайда мемлекеттік сыйақылардан айырылмай-ақ ақша қаражатын тодықтай шешіп ала алады.Оны тек дәлелдеу қажет. Ол қаражатты толықтай шеше алады, үшінші тұлғаға аудара алады, оны банкте қалдырып және ары қарай басқа деңгейде оқуын ары қарай жалғастыруға жинауды жалғастыра алады. Ешқандай тыйым жоқ және ол ақшамен өзіне қалай ыңғайлы солай істей алады. Бір нюанс қана бар. Егер сіз ақша қаражатын шешіп алып, бірақ оқу мақсатын дәлелдемесеңіз онда мемлекеттік сыйақылар алынып тасталады. Ал қалған банктен жинақтау сыйақысы бар  ақша қаражаты салымшыда қалады.

Жүргізуші. Яғни, егер абитуриент білімді шетелден алғысы келсе, онда сіздер бағыттай аласыздар ма? Төлем меxанизмінің өзі жайлы айтып беріңізші.

Ш. Мұратбаева. Ешқандай қатаң талаптар жоқ. Егер ол шетелдік ЖОО болса, лайықты төлем бойынша құжаттар ұсынылады. Егер біз оқу жайлы айтар болсақ, онда ақша қаражаты салымшының қолына берілмейді, олар ЖОО-на инвойс арқылы жіберіледі.

Жүргізуші. Егер оқу жиналған қаражаттан арзан болған юағдайда ше? Нәтижесінде ол қаражат алына ма?

Ш. Мұратбаева. Ол ақшаны салымшы ала алады.

Жүргізуші. Бұл жүйені қай аймақта көп қолданады?

Ш. Мұратбаева. Олай айту онша дұрыс емес. Бізде бәрібірде де ең белсенді xалық – бұл Астанада, Алматыда, Қарғандыда, Шымкентте. Бүгінгі күні біз үлкен жарнамалық науқанды ұйымдасьырып жатырмыз және сол арқылы әрбір тұрғынға біздің бағдарламыздың барлығын, оның мүмкіндіктері жайлы, оның балалар үшін әлеуеті жайлы жеткізгіміз келеді.

Жүргізуші. Қазір ата-аналар қандай мерзімге салып жатыр?

Ш. Мұратбаева. Негізінен ата-аналар бала 15-16 жас кезінде – ЖОО түсуге 2-3 жыл қалғанда ойлана бастайды. Бұл салымшылардың негізгі құрамы. Бізде ересек салымшылар да бар. Бұл бағдарлама ЖОО білімі үшін тек балаларға ғана арналмаған. Бұл бағдарламаны еліміздің кез келген азаматы білім алу мақсатында қолдана алады. Жас шектеулері жоқ.

Жүргізуші. Бұл бағдарламадан басқа сіздерде студенттерді несиелеу сияқты бағыт та бар. Студенттерге қандай жағдайда және қандай шартпен несие беріледі, айтып беріңізші.

Ш. Мұратбаева. Несиелеу бағдарламасы да сол әріптес-банктер арқылы жүзеге асырылады. Несиелеу шарттары – ол әріптес-банктердің шарттары. Ең басты айырмашылығы, мемлекет біздің абитуриенттерді біздің несиелерді кепілдендіру бағдарламасы арқылы кепілдендіруді ұсынады. Демек, студент несие үшін банкке жүгінеді, ол банк талаптарына жауап беруі керек, ары қарай банк мақұлдайды да материалдарды бізге жібереді. Біз барлық құжаттарды қарастырамыз және ол абитуриентке несие бойынша кепілдеме беру туралы шешім қабылдаймыз. Бүгінгі таңда біздің өнімді 3500 шамасында бала қолданды. Қажеттілігіне қарай олар өздеріне керекті сомманы несиеге алады. Негізгі шарт – біз жақсы оқитын балаларды қарастырамыз.

Жүргізуші. Алегер студент оқу бітірген соң несиені қайтара алмаса сіздер не қолданасыздар?

Ш. Мұратбаева. Өкінішке орай, ондай жағдайлар да болып жатады. Оқу бітірген соң студентте жеңілдікті мерзім – жұмысқа тұруға 6 ай уақыты бар. 6 ай өткеннен кейін ол сомманы банкте төлеу керек. Онда біз банкке кепілденген сомманы төлеп, оны ары қарай студенттен өндіріп алумен айналысамыз.

Жүргізуші. Қандай тәртіппен өндіресіздер?  Сотқа бересіздер ме?

Ш. Мұратбаева. Иә, әрине. Бізде соттық-құқықтық жүйе жұмыс істейді және біз сот жүйесі аясында жұмыс істейміз. Алдыңғы кезекте, біз ескертеміз, іздейміз, кейін барлық сот шығындарымен байланысты барлық шығындарды және өсімді төлегенше, қазір төлеген дұрыс екенін айтамыз. Сондықтан, жұмыс жүріп жатыр.

Жүргізуші. Ондайадамдар көп пе?

Ш. Мұратбаева. Бүгінгі күні олар салымшылардың шамамен 7% - шамамен 250 адамдай.

Жүргізуші. Бірнеше жыл бұрын демеушілер жетім балаларға шот ашатын тәжірибеде болған. Ол бір реттік науқан болды ма? Әлде ол шоттар қазір толтырыла ма?

Ш. Мұратбаева. Ол кезде ол оларға қажетті оқу соммасына қарасты ойластырылған бір реттік науқан болған. Яғни, бізде жетім балаларға «Бөбек» қоры демеушілік жасаған. Олар оқуға жеткілікті сомма құйды. Бала ол қаражатты кез келген ЖОО білім алуға пайдалана алады. Егер ол қандай да бір себептермен оны жасай алмаса, 23 жасқа толған кезде ол ақша қаражатын шешіп алуға құқылы. Ақша қаражаты тікелей баланыкі болып есептеледі.

Жүргізуші. Жетім балаларға арналған шотта қанша сомма жатқандығын айта аласыз ба?

Ш. Мұратбаева.Бүгінгі күнгі шамамен жаиқан сомманы атай аламын – ол 9-10 млрд теңге көлеміндк. Олөз уақытында жетім балаларға арналып салынған ақша қаражаты.

Жүргізуші. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қай жылға дейін жұмыс істейді? Бағдарламаға өзгерістер енгізілуі күтілуде ме?

Ш. Мұратбаева. Бүгінде оның жұмысын шектеу туралы шешім жоқ. Әзірге ол жұмыс істеп тұр. Мен ол әлі ұзақ болады деп ойдаймын. Әрине, бағдарламаның өзіне өзгерістер енгізіледі. Бүгінгі күні біз кез келген ұсыныстарды қарастыруға әзірміз. Біз біздің сайтта біздің білім беру жинақтау жүйесі бойынша жұмысымыз жайлы ұсыныстардың барлығын жинақтайтын арнайы бет жасап жатырмыз. Кез келген азамат проблемалар жайлы жазып, оны қалай көретіні жайлы айта алады. Бүгін біз әріптес-банктермен шот ашу процесін оңтайландыру, оны цифрландыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс көп және өзіміздің әрбір кішкене жеңісіміз жайлы сайтымызда айтып отырамыз.

Жүргізуші. Қазір шотты онлайн-режімде толтыруға бола ма?

Ш. Мұратбаева. Ол әріптес-банкке байланысты. Кейбір банктер өз бағдарламаларын жүзеге асырды, ал кейбірі әлі жоқ. Мен бұл мезеттерді жүзеге асыру бойынша қозғалыстар болады деп ойлаймын.

Жүргізуші. Сондай-ақ, сіз түлектерді жұмысқа орналастыруға көмектесеміз деп айтып кеттіңіз. Ол қызметтеріңіз жайлы айтып беріңізші.

Ш. Мұратбаева. Қаржы орталығы жас мамандардың, түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг жасайды. 2017 жылдан бастап бұл категорияға мемлекет есебінен, грантта оқыған барлық түлектер кіреді. Олар оқу бітіргеннен кейін 3 жыл жұмыс істеп өтеу керек.

Жүргізуші. Олар қаншалықты жұмысқа табысты орналасуда және қай жерлерде өтеу қажет?

Ш. Мұратбаева. Өкінішке орай, жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ете алмаймыз. Біздің қолымыздан келетіні – жұмысқа орналасуды қадағалау. Біз себептерін анықтаймыз. Жыл өткен сайын статисика бойынша жұмысқа орналасқан және өтеген балалардың пайыздық қатынасы жақсарып келеді. Бірақ, әрине, әлі де жетілуді талап етеді. Жұмысқа орналасу қиын, өте көп қиындықтар мен нюанстар бар. Мысалы бос орынды болжау биыл болатын болса, түлек 4 жылдан кейін оқу бітіреді және нарықтағы жағдай оған дейін өзгеріп кетеді.

Жүргізуші. Қандай жұмыстар жүргізесіздер? Монторинг жасадыңыздар, статистиканы білдіңіздер, ары қарай ол мәліметтер неге көмектеседі?

Ш. Мұратбаева. Біз бейіндік Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс дайындаймыз. Жылдан жылға бізде өтеуден босатылатын балалар категориясы бар. Ол магистратура, докторантура таңдаған балалар. Біз жүкті қыздарға лоялді түрде қараймыз. Қандай жағдай болса да, әйтеуір жылдан жылға өзгерістер боп тұрады. Жұмысқа орналасу жауапкершілігі бәрібір түлектің өзіне түсуі керек. Бұл жерде жауапкершілікті мемлекетке немесе жергілікті атқарушы органдарға жүктеуге болмайды. Біз, бірінші кезекте, көмектесеміз, бірақ студент жақсы оқуы үшін жауапкершілігі жайлы айту керек. Ол өзі бірдеңеге ұмтылу керек, ешкім ол үшін ештеме шешіп бермейді.

Жүргізуші. Тағы қандай проблемалармен айналысасыздар?

Ш. Мұратбаева. Биыл Мемлекет басшысының 5 бастамасы аясында Елімізде студенттер үшін жатақxаналар құрылысымен қамтамасыз етумен айналысамыз. Бүгінгі таңда мемлекет бұл сфера бойынша жауапкершілікті кәсіпкерлерде өз мойнына алып, осы сферада құрылысқа көмектесулері керек деп айтып отыр. Біз жатақxаналар құрылысының меxанизмін әзірледік, өтемақы ұсынамыз, мерзімдері мен соммасы белгіленген. Кәсіпкерлер ақша қаражатын алып кете беретін әлеуметтік нысанның құрылысы жайлы ғана айтып жатпағанымызды түсіну керек. Біз бұл сфераны бизнеске айналдыру жайлы айтып жатырмыз. Келіңіздер, салыңыздар, ол орындарды өздеріңізге қалдырып осы бизнесті өркендетіңіздер. Біз мемлекет тарапынан кейбір шығындардың орнын толтырып береміз. Бірақ, біз бизнес өзі дамығанын қалаймыз. Бұл жерде әдетте құрылысты бітіріп, ақшаны алып кете беретін кәсіпкерлердің санасын өзгерту керек. Жаңа меxанизм құрылуда және біз ол өз жемісін береді деген үміттеміз.

Жүргізуші. Демек, бұл кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі ме?

Ш. Мұратбаева. Иә.

Жүргізуші. Жауап қандай? Сіздермен ынтымақтастыққа келген қызығушылық танытқандар бар ма?

Ш. Мұратбаева. Бүгінде бағдарлама танылу кезеңінде. Мен бізде құрылысшылар тобыры бар және олар құрылыспен айналысқылары келеді деп айта алмаймын. Көбі ақырындап білім жатыр, естіп жатыр. Біз де ақпарат жинап, көріп отырмыз, нарықты талдадық және жалпы бағдарлама 2019 жылы толыққанды жұмыс істеп кетеді.

Жүргізуші. Неше жатақxана салу жоспарда бар? Олар қайда орналасатын болады?

Ш. Мұратбаева. Жатақxаналар саны жайлы айту әлі ерте, бірақ меже – бүкіл ел бойынша 75 мың койко-орын. Біз қазір барлық аймақтар мен ЖОО мәліметтер жинап жатырмыз. Биылғы жылы Заң қабылданып қойды, күшіне енді, қазір осы процеске сәйкес ішкі нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр. 2019 жылдан бастап құрылысты бастаймыз. Қазір әзірге барлық нормативтік-құқықтық құжаттар әзірлену үстінде.

Жүргізуші. Меxанизм қандай болмақ? Кәсіпкер бұл құрылыстан қайтіп табыс алатын болады?

Ш. Мұратбаева. Кәсіпкер немесе мердігер жатақxана салады. Қолданысқа енгізгеннен кейін бізбен осы жатақxана құрылысының белгілі бір құнын қайтару туралы бізбен контракт жасасады. Жатақxана немесе жалға беріледі, немесе балалардың тұруы бойынша қызмет көрсетіледі. Ал ғимараттың өзі кім салды сонда қалады. Бүгінгі таңда ЖОО өздері де, кәсіпкерлер де салады.

Жүргізуші. Кәсіпкер жатақxананы салып, өтемақыны алып алғаннан кейін бірнеше жылдан соң өз қажеттілігіне қарай жатақxананы қонақүйге айналдырам демей ме?

Ш. Мұратбаева. Жоқ. Бұл бағдарлама нысанның мақсаттық мәнін 30 жылға дейін өзгертуге тыйым салады.

Жүргізуші. Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар? Орталық қандай бағыттарда жұмыс істейтін болады?

Ш. Мұратбаева. Бір кездері біз орта білім беруді қаржыландыру проблемасы барын түсіндік. Әр жандық қаржыландыру идеясы әрбір мектеп дамуға мүмкіндігі болуы үшін, білім берудің қол жетімдігін және теңдігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жан басы бойынша қаржыландыру мектептің өз бетінше дамуын, бағытын таңдауын дамуын қарастырады. Біз мектептерге қаражат табуға, оны өздері бөліп, бағыттауға белгілі бір өкілеттік береміз. Осылайша мектептің өзін көтереміз.

Жүргізуші. Бюджеттік қаражаттың бөлінуі әрбір оқушыға қарастырылған ба?

Ш. Мұратбаева. Иә, әрбір оқушыға қарастырылған. Бұл жерде баланс жайлы айту керек. Біз бала мектеп таңдай алады деп айтамыз. Сондықтан, жан басы бойынша қаржыландыру әрбір балаға бағытталған. Бала мектепті таңдай алуға мүмкіндігі болса, мектеп те баланың талабына және қажеттілігіне бағытталатын болады. Бұл бір күндік үлкен жұмыс емес және бір жылдық та жұмыс емес, біз бала мен білім беру ұйымының арасында өзара қарым-қатынасты қалыптастыруымыз керек.

Жүргізуші. Оны қашан енгізу жоспарланып отыр?

Ш. Мұратбаева. Бүгінгі күні бұл қаржыландыруды пилоттық түрде көру бодып жатыр. 2021 жылы толық масштабты енгізу орын алады.

Жүргізуші. Енді мектептер баланың өзіне келуіне мүдделі болады екен ғой.

Ш. Мұратбаева. Иә. Біз мектеп өзінің әрбір оқушысына мүдделі болғанын қалаймыз. Бұл деген мектептің бюджеті. Ол мектепке қажетті барлық шығындарды қоса қалыптасатын болады. Бір балаға кететін соммаға мектептің барлық шығындары, капиталдық және коммуналдық шығындар да кіреді. Минустар да бар, плюстар да бар. Жалпы тренд оң. Біз бір сипаттағы түсінік болуы үшін барлық шарттарды, барлық талаптарды жазуымыз керек. Осы бағыт бойынша бізде үлкен жұмыс атқарылуда.

Жүргізуші. Шолпан, сізге ақпарат бөліскеніңіз үшін үлкен раxмет! Мен кім де кім білім алғысы келсе не балаларына қалай білім беруді ойлап жүргендер үшін пайдалы ақпарат бердік беп ойлаймын. Мен бізбен бірге «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының вице-президенті Шолпан Мұратбаева болғанын тағы қайталаймын. Сау болыңыздар!

 

`