Мемлекеттік фукцияларды  бәсекеге қабілетті ортаға табыстау

292
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінде мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру туралы заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұл заң жобасы қабылданған күнде Қазақстанда не өзгеретіні жайлы бізге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Асқарбек Ертаев  айтып береді. Сәлеметсіз бе!

А. Ертаев. Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші. Бұл жұмыс қандай деңгейде екендігін айтып бере аласыз ба, өтініш.

А. Ертаев. Бұл заң жобасын былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіне қарауға енгізген болатын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің былтырғы жылдың 20 қыркүйегінде қабылданған қаулысы бар. Қазіргі уақытта оны Мәжілісте жұмыс тобы қарастырып және талқылап жатыр. 13 маусымда біз бірінші оқылымнан өттік және ол Мәжілістің пленарлық отырысында Мәжіліс депутаттарының қолдауын алды. Қазіргі кезде заң жобасы екінші оқылымға дайындалып жатыр. Заң жобасы өзінше бірқатар заңнамалық актілерге – Әкімшіліктік процедуралар туралы заңға, Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйақылар туралы заңға, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заңға өзгерістер енгізуді қарастырады. Заң жобасының өзінде функцияларды бәсекелестік ортаға қалай өткізудің базалық әдістерін, сондай-ақ нарық субъектісі мен мемлекеттік органдардың арасындағы өзара қатынас қалай қалыптасу керектігін қарастырады. Жалпы, заң жобасын әзірленбестен бұрын ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы арнайы құрылған комиссия қарастырған және бастапқы базалық әдістер сонда әзірленді.

Жүргізуші. Бұл заң жобасы қабылданғаннан кейін қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

А. Ертаев. Заң жобасының өзі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97 қадамын жүзеге асыру үшін әзірленген. 97 қадамның негізінде мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді бәсекелестік ортаға өткізу есебінен ықшам үкімет қалыптастыру тұжырымдамасы жатыр. Бұл жерде біз заң жобасы функцияларды жүзеге асыру деңгейі мен сапасын көтеруге мүмкіндік береді деп күтудеміз. Екінші – бәселестік ортаны жетілдіру.  Яғни, мемлекеттік органдардың функциясын ала отырып олар өз жұмыстарын жетілдіреді. Үшінші – заң жобасы мемлекеттік аппаратты оңтайландыруды қарастырады. Демек, функцияларды бәсекелестік ортаға өткізу арқылы біз ықшам үкіметтің қалыптасуын ойлауымыз қажет. Азаматтар үшін, ең алдымен, мемлекеттік органдардың функцияларынығ жүзеге асу деңгейі мен сапасы көтеріледі. Бұл заң жобасы азаматтарға өзін-өзі реттеуші ұйымдар арқылы шешім қабылдауға және сұрақтарды талқылауға араласуға жол береді. Заң жобасы өткізудің 5 әдісін қарастырады және олардың бірі өзін-өзі реттеуші ұйымдар болып саналады.

Жүргізуші. Ол функцияларды кім орындайды? Оларды кімге өткізеді?

А. Ертаев. Олар кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға – нарық субъектілеріне беріледі. Ол ниет білдірген кез келген кәсіпкерге функция беріледі дегенді білдірмейді. Бұл жерде бір жайт бар, функцияны бермес бұрын, біз нарықтың дайындығына талдау процедурасын жүргізуге тиіспіз. Яғни, функция бәсекелестік ортаға егер бәсекелестік орта дайын болған жағдайда ғана беріледі. Ол үшін талдау жүргізіледі, «Атамекен» Ұлттық палатасы тартылады және талдау қорытындысы ол функцияны бәсекелестік ортаға беруге болатын-болмайтынын көрсетеді. Егер біз бәсекелестік орта ол функцияны жүзеге асыра алмайтындығын көрсек, онда ол функцияны мемлекеттік органға қалдыру туралы нұсқаулық беріледі.  Егер, керісінше, кәсіпкерлік ортаның белсендігін көрсек, онда функция жүзеге асырылу үшін бәсекелес ортаға берілуі мүмкін. Бұл нұсқаулықтардың барлығы Үкімет жанындағы комиссияда әзірленеді. Комиссия кұрамына Мәжіліс депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Ол алаңда бәсекелес ортаның, депутаттардың және ҚР Үкіметінің пікірі ескеріліп, талқыланатын болады.

Жүргізуші. Бүгінгі күні қауымдастықтар мен жеке сектор өзіне осындай жауапкершілікті алуға және функцияларды орындауға қаншалықты дайын?

А. Ертаев. Бірінші кезекте, қазір біз Заң жобасын әзірлей отырып, нарықты зерттеуді, оның даярлығын талдауды қатар жүргіздік. Ол үшін біз бірқатар функцияларды бәсекелес ортаға ұсынып, оны жүзеге асыруға ала алатындықтарын білдік. Функциялар бірнеше топтарға жіктелінді. Бірінші топта нотариалдық қызмет, адвокаттық қызмет, бағалау қызметіне бағытталған және туризм бойынша шамамен 38 функция болды. Қазір бірінші топтан бағалау қызметі толықтай бәсекелестік ортаға берілді, өзін-өзі реттеуші ұйымдар құрылды. Бұл сфера функцияны бәсекелестік ортада жүзеге асыруда. Нарықтың даярлығы талдау нәтижесі бойынша ғана анықталады. Қазір, даярлық 100% деп айту екіталай. Әрбір функция өзіндік ерекшелікке, өзіндік артықшылыққа ие және ол үшін басқа қызмет түрлері нарықта қандай деңгейде екенін түсіну қажет. Ол функцияны бере отырып біз мониторинг процедурасын өткіземіз және ол функция қалай жүзеге асып жатқандығын бақылаймыз, сәйкесінше біздің процедуралармен бәсекелестік ортаға оны әрі қарай жүзеге асыруға көмектесеміз. Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс бойынша белсенді жұмыс істейді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы біртұтас салалық заң бар және қазір үкіметтік емес ұйымдардың қызметі бұл тапсырысты жүзеге асыру барысында өте қарқынды. Бұл жерде ескеретін бір жайт – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдар тек әлеуметтік бағыты бар әлеуметтік бағдарламаларға бағытталған функцияларды ғана жүзеге асырады.  Бұл жерде мен 5 әдіске қайта оралғым келеді, және егер нақты айтар болсақ, кімге қандай функциялар беріледі, біз заң жобасында функцияны берудің 5 әдісін қарастырдық. Бірінші – ол аутсорсинг. Біз жаңа аутсорсинг-функция деген жаңа түсінік енгіздік. Бұл жерде функция отырылған контракт аясында тек жүзеге асырылуға беріледі. Яғни, мемлекеттен ол толықтай көшпейді. Бәсекелестік орта оны тек орындау үшін алады және қалай сапалы орындайды, солай сәйкес төлем алады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тек әлеуметтік бағдарламаға бағытталған. Үшінші әдіс – ол мемлекеттік тапсырма. Бұл жерде бар функциялар қатары мемлекеттік тапсырма аясында жүзеге асырылуы мүмкін екендігі айтылады. Тағы екі әдіс бар – ол функция толықтай мемлекеттен алынып, бәсекелестік ортаға берілетін кездегі қолданушылар есебінен. Ол енді мемлекеттік функция болмайды, оны бәсекелестік орта жүзеге асыратын болады. Жеке және заңды тұлғалардың өзі осы функцияны жүзеге асыра бастайды. Қарапайым белгілі мысал – ол бұрын ІІМ жүйесінде болған, уақыт өте келе оны біз бәсекелестік ортаға берген техникалық бақылау және ол нарықта қазір әртүрлі ұйымдар жұмыс істейді. Техникалық бақылау қазір автомобилдері бар барлыұ азаматтарға ұсынылады. Бесінші әдіс міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеу деп аталады. Бұл, функциялардың бір тобы өзін-өзі реттеуші ұйымдарға берілген кезде. Ол жерде функция толықтай мемлекеттен беріледі және ары қарай бәсекелестік ортада жүзеге асырылады. Өзін-өзі реттеуші ұйымдарға мемлекеттен лицензиялаумен, квалификациялық талаптармен және т.б. байланысты функцияларды алу тартымды. Бұл жерде ескере кететін бір жайт – бәсекелестік орта барлық функцияларды жүзеге асыруға құлықты емес. Оларға табыс түсіруге болатын функциялар тиімді әрі тартымды. Кез келген кәсіпкерлік орта, функциялар тізімін көрмес бұрын, өз тарапынан олар үшін қандай пайда болатынын зерттеуге тырысады. Нарықты талдаудың дайындығы кезінде, бірінші кезекте, мемлекет үшін, тұтынушы үшін және ықтимал функция атұарушылары үшін тиімділік мүмкіндігіне көңіл бөлінеді. Осы талдаудың нәтижесі бойынша біз қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдар белгілі бір функцияларды жүзеге асыра алуға дайын ба, жоқ па айта аламыз.

Жүргізуші. Мемлекет тарапынан қандай да бір бақылау бола ма? Ол функциялар қалайша орындалатын болады?

А. Ертаев. Заң жобасында білдей бөлім – мониторинг қарастырылған. Мониторинг деп функцияны жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік орган мен бәсекелестік ортаның өзара іс-әрекеті болатыны. Яғни, мемлекеттік орган функцияны өткізсе де ол салаға толықтай жауап береді. Мемлекеттік органға, сонымен қатар, функция бәсекелестік ортада қалай жүзеге асырылатыны маңызды. Мониторинг нәтижесі комиссияда қарастырылады. Егер мониторинг нәтижесі бойынша біз функцияның сапасыз жүзеге асырылуын немесе азаматтар тарапынан шағымдардың ұлғаюын көрсек, онда ол сұрақ комиссияда қарастырылады. Егер біз бәсекелестік орта жүзеге асыра алмағанын көретін болсақ, функцияны қайтадан мемлекеттік органға қайтару мәселесі көтеріледі.  Қатты бақылау деген болмайды. Ол мониторинг процедурасы болады. Мониторинг сигналы ретінде азаматтың, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдардың жүгінуі болуы мүмкін.

Жүргізуші. Бұл барлық меxанизм мемлекеттік қызмет жүйесін оңтайландыру дегенді білдіреді. Яғни, көптеген қызметкерлердің саны жұмыссыз қала ма? Олар не істейді? Ол оңтайландыру неге әкеп соғады?

А. Ертаев. Ондай деген жоқ, қызметкерлердің көбі жұмыссыз қалады деген болмайды. Әрбір әкімшіліктік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында бір-бірден ғана функция жазылмаған. Егер біз мемлекеттік қызметкерден 2-3 функцияны алсақ, оның жұмыс ауыртпалығын азайтамыз. Бұл жерде де талдау жүргізетін боламыз. Заң жобасы ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынатын есептерді жүргізуді қарастырады. Қандай шығындар оңтайландыратындығы және қандай функция өткендігі және әкімшіліктік мемлекеттік қвзметкерлерде қандай ауыртпалық қалғандығы есебімен ол мемлекеттік қызметкерді басқа жұмыс участігіне ауыстыру немесе ол штаттық есепті қысқарту мәселесі қарастырылады. Біз мәселе бәсекелестік орта арқылы жүзеге асырылатындығын түсінеміз. Мен үлкен оңтайландыру болмайтынын атап кеткім келеді. Басқа жағдайда қайта бөлу болады.

Жүргізуші. Функциялардың өту меxанизмінің ашықтығы қалайша қамтамасыз етіледі? Азаматтар ол процесті бақылай ала ма?

А. Ертаев. Бізде Ұлт Жоспарының 5 бағыты бойынша ашықтықты көтеруге бағытталған бірқатар қадамдар барын ескере отырып, біз ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ функцияларын өткізетін салалық мемлекеттік органдар өз материалдарын міндетті түрде сайттарда орналастыруды қарастырдық. Одан басқа, біз берілген функциялардың бөлек тізімінің болуын қарастырдық. Барлық қабылданатын шешімдер, нұсқаулықтар, мониторинг қорытындыларын біз көрсетілген мемлекеттік органдардың сайттарында орналасуын заң жүзінде бекітуді ұсынып отырмыз. Кез келген азамат Заң құрылымымен танысып, оны қайда көруге болатынын көріп, Ұлттық экономика сайтына кіріп, функцияларды берумен байланысты бөлімге кіріп, бәсекелестік ортаға қандай функциялар ұсынылатындығын көре алады. Сонымен бірге, ол мониторинг нәтижелері қалай болып жатқандығымен таныса алады.

Жүргізуші. Мерзімі жайында білсек деп едік, соңғы көшу қашан жоспарланып отыр?

А. Ертаев. Біз қазір Мәжілістегі жұмыс тобында қарашаның аяғы мен желтоқсанның басында екінші оқылымға дайындаламыз деп талқыладық. Одан кейін біздің Заң жобасы Парламент Сенатына қарастырылуға жіберіледі және Сенат мақұлдағаннан кейін Президент әкімшілігіне бағытталады, одан барып Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. Келесі жылдың бірінші тоқсанында Мемлекет басшысы бекітеді және бәсекелестік ортаға берілуі мүмкін функциялар бойынша белсенді жұмыс басталады деп күтудеміз. Біз бәсекелестік ортаның өзі мемлекеттік органдарға қандай функцияларды ала алатындықтарын айтып жібереді деп ойлаймыз. Бізде қазір ондай жүгінімдер бар.

Жүргізуші. Бүгін біздің студиямызға келіп және маңызды әрі қызықты аұпаратпен бөліскеніңізге рахмет айтамын.

А. Ертаев. Сізге рахмет!

Ведущая. Мен сіздерге бүгін студиямыздың қонағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Асқарбек Ертаев  болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

`