Мобильді құрылғыларды тіркеу

336
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл Bnews-онлайн, менің есімім Даля Насипова. 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан азаматтары өздерінің мобильдік құрылғыларын тіркеуге міндетті. Осы жайында толығырақ, ол не үшін қажет және қалай тіркеуге болатыны жайлы бүгін бізге Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс саласындағы бақылау басқармасының жетекшісі Бауыржан Тәжібаев айтып береді. Сәлеметсіз бе, Бауыржан!

Б. Тәжібаев. Қайырлы күн!

Жүргізуші. Тіркелу не үшін қажет екенін айта кетесіз бе?

Б. Тәжібаев. Сіз білесіз, Байланыс туралы заңға ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын белгілі бір тіркеуін қарастыратын белгілі бір түзетулер енгізілген болатын. Бүгінгі күні Ұялы телефондарды тіркеу тәртібі ережесі қабылданды. Ол ағымдағы жылдың 13 мамырында болған №226. Ол Заңның талаптарына сәйкес барлық азаматтар өз абоненттік құрылғыларын IMEI код бойынша тіркеуге міндетті. Барлық тіркелмеген абоненттерге жаңа жылдан бастап ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс қызметін көрсетпейді. Бұл нормалар мобильді телефондарды ұрлауды қысқарту мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесе ІІМ енгізілді. Егер қысқаша тоқталып кетсек, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары периодты түрде жүргізіліп жатыр. Біз әрқашан ашықпыз. Ұялы байланыс операторлары өз тараптарынан оны қалай жасау керектігін түсіндіруде.

Жүргізуші. Қалай тіркеуге болады?

Б. Тәжібаев. Ережеге сәйкес, ұялы телефонды тіркеу үшін үш компонент  - IMEI код, ЖСН және абоненттік номер. Осы үш компонент өзара байланыста болуы міндетті. Мәліметтер базасында сәйкес келмеген жағдайда, ол құрылғыларға қызмет көрсетілмейтін болады. Тіркеу тегін жүргізіледі. Көптеген адамдар қандай құрылғылар тіркеуге жатады деп сұрауда. Ережеде роуминг-абоненттен басқа, барлық абоненттік құрылғылар тіркелуі тиіс деп нақты көрсетілген. Яғни, егер сіз шетелдік оператордың абоненті болсаңыз, телефонды тіркеудің қажеттілігі жоқ. Егер шетел азаматы біздің оператордың қызметін қолданғысы келсе, онда ол міндетті түрде номер алады және телефонын дереу тіркейді. Егер ол роумингте жүрсе, онда регистрация міндетті емес. Ұялы телефон абоненттері ғана, сим-карталар салынатын usb-модемдер, планшеттер, смарт-сағаттардың барлығы тіркелуге жатады. Операторлардың абоненттік бөлімдеріндегі дүрлікпеден құтылу үшін Ережеде жыл соңына дейін онлайн тіркелу қарастырылған. Сізге, қазірдің өзінде өз операторыңызға ЖСН беру жайлы смс хабарламалар келіп жатқаны сөзсіз. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір оператор – Кар-Тел, KCell, Mobile Телеком Сервис бойынша ақпарат орналасуда. Олардың бәрінде тіркеудің өз әдістері бар. Оны смс-хабарлама жіберу арқылы, қысқа номер арқылы, жеке кабинет арқылы және абоненттік бөлімге келу арқылы жасауға болады.

Жүргізуші. Егер мысалы, басқа елден турист келді және ол уақытша картаны қолдана ма?

Б. Тәжібаев. Ол тіпті біздің қазақстандық операторлардың қызметін 2-3 күн ғана қолданғысы келсе де, ол өзінің абоненттік құрылғысын тіркеуге міндетті.

Жүргізуші. Оны осы карталарды сататын жерде істеуге бола ма?

Б. Тәжібаев. Мысалы, сіз супермаркетте жаңа телефон сатып алдыңыз делік, операторға барғыңыз келмес үшін, барлығын сол жерде істеуге болады. Бастысы, IMEI код ешкімнің атына тіркелмеген болуы керек. Сіз телефонға сим-картаңызды саласыз және жүйе телефон сатып алынғандығын көреді. Оператор ол телефонды автоматты түрде сізге тіркейді. Енді 15 желтоқсанға дейін біз телефон тіркелген бе, жоқ па, соны тексеріп, көруге болатын интернет ресурсты іске қосамыз. Мысалы, сіз телефон сатып алғыңыз келді, сіз IMEI кодты енгізіп тіркелген-тіркелмегенін көре аласыз. Егер жүйе ол базада бар екенін көрсетсе, онда ондай құрылғылардан аулақ жүрген абзал. Егер сіз өз телефоныңызды сатқыңыз келсе, алдын ала тіркеуден алып қоюға болады.

Жүргізуші. ЖСН сияқты осындай ақпаратты операторларға беру әрқашан да қауіпсіз емес. Кейбір адамдарда күмән пайда болады. Жүйе қаншалықты қауіпсіз?

Б. Тажібаев. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтарының мәліметтер базасына Мемлекеттік республикалық радио жиілік бойынша қызмет жауап береді. Ол біздің министрліктің қоластындағы ұйым. Ол үшін Заңда «Персоналды мәліметтерді қорғау туралы» жауапкершілік қарастырылған. Барлық мәліметтер заңмен қорғалады. Сіз ұялы байланыс операторының абоненті болған кезде, бұқаралық келісімшарт шарттарына қосыласыз және персоналды мәліметтерді өңдеуге келісім бересіз. Операторға, негізінде сіздің ЖСН белгілі.

Жүргізуші. Қанша абонент тіркелгендігі жайлы мәлімет бар ма?

Б. Тәжібаев. Егер статистикаға жақындасақ, Статистика комитетінің мәліметі бойынша 26 млн 10 мың тіркелген белсенді абоненттер бар. Олардың шамамен 50% абоненті тіркелген. Біз осы жағдайды апта сайын мониторнгтен өткіземіз. Жыл соңына дейін  барлық ұялы байланыс операторлары тіркеуге сөз беріп отыр.

Жүргізуші. Мысалы, 2019 жылдың 1 қаңтарынан кейін, тіркелмегендердің телефоны өшіп қалады. Содан кейін оған тіркеуден өтуге қанша уақыт қажет?

Б. Тәжібаев. Мен айтып кеткендей, тіркелу тәртібін біздің Абоненттік құрылғыларды тіркеу ережесі анықтайды. Ереже мәліметтері жыл соңына дейін онлайн түрде тіркелуге мүмкіндік береді. Жаңа жылдан кейін, егер сіздің телефоныңыз өшіп қалса, онда операторлық бөлімге баруға тура келеді. Яғни, жаңа жылдан кейін онлайн түрде тіркеу болмайды. Сондықтан біз барлығынан өз номерлеріңізді дұрыс рәсімдеуді алдын ала ойластыруларыңызды сұраймыз. Егер номер сізге дұрыс рәсімделген болса, онда сұрақтар болмайды.

Жүргізуші. Ол жүйені онлайн қылып неге қалдырмасқа? Бұл адамдар үшін жеңіл болатын еді.

Б. Тәжібаев. Қазір жүйе телефондарды тіркеуге мүмкіндік береді. Бізде қайталанатын IMEI кодтар бар. Операторлар талдау жасап, бізге елде бірдей IMEI кодтары бар телефондар бар екенін хабарлады. Біз әзірге оларды тіркейміз. Ал жаңа жылдан кейін егер сіз өзіңіздің қайталанатын телефоныңызды тіркеп үлгермесеңіз, ол тіркелуге жатпайды. Жүйе тіркемейді, себебі ондай IMEI кодпен телефон жүйеде болады. Тағы да көп адамдар неше телефон тіркеуге болады деген сұрақты қояды. Егер сізде бір номер және сізде бірнеше телефон болса, онда сіз кезекпен симка орнатып бірнеше рет тіркей аласыз. Және керісінше, егер сізде бірнеше симка және бірнеше телефон болса, тағы да солай жасайсыз. Кәмелет жасқа  14 жасқа дейінгілерге қатысты, олар абоненттік құрылғыларын ата-аналарына тіркейді, 14-18 жастағылар өз аттарына, заңды өкілдерінің келісімімен тіркей алады.

Жүргізуші. Бұл өзгерістер нәтижесінде неге әкелуге тиіс?

Б. Тәжібаев. Бұл жаңашылдықтардың барлығы ұялы телефондардың ұрлануын бірнеше ретке қысқартуы тиіс. Себебі ұрлықшы басқа адамның құрылғысын қолдана алмайды. Сіз симка ауыстырған кезде жүйе қызмет көрсетпейтін болады. Сонымен бірге, жаңа жылдан кейін тіркеуден өтсе де, Ережеде ол максимум 4 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін. Шын мәнінде, тезірек болады. Қызмет көрсетілмейді, бірақ абонентте шұғыл қызметтерге қоңырау шалу мүмкіндігі сақталады. База мәліметтерді барлық үш оператордан тексергенше, тәжірибеде екі сағат шамасында уақыт кетеді.

Жүргізуші. Сіз телефонның тіркелгенін тексеруге болатын қосымша әзірленетін болады деп айттыңыз. Қазір телефонның тіркелген-тіркелмегендігін тексеру мүмкін бе?

Б. Тәжібаев. Мен сізге әрбір оператор бойынша қосымша ақпарат беремін. Ешқайда барудың қажеті жоқ, бұйрықтар көмегімен тексеруге болады. Ұялы байланыс операторларының сайтында бар, немесе тіркеу бойынша нұсқаулық бар. Онда USSD бұйрықтары бар және сол арқылы телефон тіркелген бе, жоқ па білуге болады. Демек, егер абонент номерді өзіне дұрыс тіркесе, ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ.

Жүргізуші. Сіз қазір кәмелетке толмағандарды ата-аналары тіркейді деп айтып кеттіңіз. Сонымен қатар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар сияқты азаматтар категориясы бар. Олар қалай болмақ?

Б. Тәжібаев. Шалғай елді-мекендерде, біз, мысалы Қазпоштаны тарттық. Пошташы хат таратқан кезде, оның тұрғындардың телефонын тіркеу мүмкіндігі болады.

Жүргізуші. Мен біздің азаматтарға қаншалықты проблемалы болатынын уақыт көрсетеді деп ойлаймын.

Б. Тәжібаев. Кез келген жағдайда, ол Заң талабы және біз оны орындауға міндеттіміз. Онымен қоса, дүрбелең туғызбау үшін біз жұмысты мейлінше жүргізіп жатырмыз.

Жүргізуші. Рахмет, Бауыржан! Бұл жаңашылдықтардың барлығы оң өзгерістер әкеледі және, шынымен де, мобильді телефондар ұрлығының саны азаяды деп үміттенемін.

Б. Тәжібаев. Рахмет!

Жүргізуші. Мен сіздерге бүгін қонақта болған Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс саласындағы бақылау басқармасының жетекшісі Бауыржан Тәжібаев екенін естеріңізге сала кетемін. Сау болыңыздар!

 

`