Студенттерге арналған жатақхана құрылыс туралы

27
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл Bnews-онлайн, менің есімім Даля Насипова. Қазақстандық студенттерге жатақxаналар жетіспейді. Мемлекет басшысы студенттерге арналған тұрғын үй құрылысы бойынша бағдарлама бастамасын көтерді. Бұл жұмыс бүгін қандай деңгейде екенін бізге «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының департамент директоры Біржан Әлімжанов айтып береді. Сәлеметсіз бе, Біржан!

Б. Әлімжанов. Қайырлы күн!

Жүргізуші. Ел бойынша елімізде қанша студенттік жатақxана жетіспейтіндігі жайлы айтып бересіз бе?

Б. Әлімжанов. Сізге белгілі, Мемлекет басшысының Үшінші әлеуметтік бастамасымен студенттік жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша міндеттер белгіленген. Бүгінгі күні егер қажеттіліктер жайлы айтар болсақ, қажеттілік бүкіл Қазақстан аймақтарында бар. Бүгінгі күні жалпы саны шамамен 89 мың койко-орынды құрайды. Ең үлкен жетіспеушілік Астана, Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалаларда байқалады.

Жүргізуші. Қанша жатақxана салу жоспарланған және жатақxаналар құрылысы қашан басталады?

Б. Әлімжанов. 2022 жылдың соңына дейін 75 мыңнан кем емес жаңа орынды қолданысқа енгізу керек деген міндет тұр. Бүгінгі күні қолданысқа енгізу кестесі қабылданған және оған сәйкес жұмыстар кезең кезеңмен жүргізілетін болады. Бірінші жылы - 2019 жылы 5 мың орын енгізу жоспарланған. Келесі 2020 жылы 15 мың орын, 2021 жылы - 25 мың орын және 2022 жылы 30 мың орын енгізу жоспарланған. Нәтижесінде, 2022 жылдың соңына дейін 75 мыңнан кем емес жаңа орын енгізу қажет.

Жүргізуші. Қай қаладан бастап құрылыс басталады?

Б. Әлімжанов. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру меxанизмінің өзі біршама жаңа екенін атап кету қажет. Яғни, ол білім мекемесі, немесе инвестор, жеке кәсіпкер және басқа қаржы институты ретінде түсетін салушы шығындарын бөліп қайтаруды қарастырады. Егер меxанизмі жайлы айтар болсақ, нысандар құрылыс арқылы немесе қайта қалпына келтіру арқылы беріледі.  2 нұсқасы бар. Бүгінгі таңда Астана, Алматы және Семей сияқты бірқатар аймақтармен жасалған келісімшарттар бар. Ағымдағы жылдың 15 қазанында нәтижесінде шамамен 4 мың орынды енгізуді қамтамасыз ететін алғашқы келісімшарттарға отырдық. Олардың 2822 койко-орны 2019 жылы енгізіледі. Жалпы Қазақстанның барлық өңірлері белсенділік танытуда.

Жүргізуші. Қанша өтінім түсті? Өтінімді салушы-кәсіпкерлер өздері беру керек пе?

Б. Әлімжанов. 3 нұсқа бар. Бірінші жағдайда салушы ретінде білім беру мекемесі түседі. Егер білім беру мекемесі құрылыс немесе қайта қалпына келтіру жобасын өз қаражаты есебінен жүргізетін болса, онда ол бірінші нұсқа. Екінші нұсқада білім беру мекемесінде жоғарыда айтылып кеткен аналогиялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржының бір бөлігі бар. Ол жағдайда ол қосымша коммерциялық банктер немесе басқа қаржы институттары тарапынан қарыз тарта алады. Үшінші нұсқа - ол инвестор нысанның құрылысы және қайта қалпына келтіру бойынша жобаны 100% толықтай өзі қаржыландыратын кезде. Егер бүгінгі күні операторға келіп түскен өтінімдердің мазмұнына келер болсақ, бұл жоғарғы оқу орындары артықшылыққа ие. Бүгінгі күні туындаған 7 өтінім, 7 келісім шарты ол - нысандарды салған, құрылыс жүріп жатқан немесе қайта қалпына келтіру толықтай білім беру мекемесінің  қаражаты есебінен жүргізілуде. Бір жағынан жеке кәсіпкерлер тарапынан да бұл меxанизмге қызығушылық пайда болып жатыр. Бүгінгі күні белсенді кеңес беру, бұл меxанизмді қайта пысықтау кезеңі жүруде.

Жүргізуші. Бүгінгі таңда жасалған 7 келісімшарттың қайсысы жеке немесе мемлекеттік ЖОО?

Б. Әлімжанов. Біз келісімшарттық қатынасқа түскен 7 жоғары оқу орнының 4 – мемлекеттік, 3 – жекеменшік, 6 құрылыс жобасы және біреуі қайта қалпына келтіру жобасы.

Жүргізуші. Демек, бұл жерде ондай бөлу жоқ қой?

Б. Әлімжанов. Іріктеу кезінде, өтінімді қарастыру кезінде шарттар бірдей, ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарамастан, ол жекеменшік пе әлде мемлекеттік ЖОО ма, оған қарамастан талаптар бірдей. Аймақтық  қағида бойынша және басқа да ерекшеліктеріне қарай артықшылық беру деген жоқ. Кез келген білім беру мекемесі талаптарын жабуға мүдделі болулары керек. Егер нақты инвестор іздеу жайында айтсақ, онда бұл тізімдегі бірінші агент – ол білім беру мекемесі. Мемлекет өз тарапынан  белсенділік танытқан жағдайда, бұл жобаны нақты жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік тапсырыс меxанизмі жолымен шығындарды қайтаруға кепілдік береді.

Жүргізуші. Егер бұрын салынған студенттік жатақxаналарды қазіргілермен салыстырса, қазіргілер басқа форматта болар? Салушыларға қандай талаптар бар?

Б. Әлімжанов. Мұнда мынадай меxанизм – орналастырылатын тапсырыс әрбір студентпен ілеседі. Яғни, инвестор немесе білім беру мекемесе нысанды қолданысқа жібереді және мемлекет мемлекеттік тапсырысты әрбір студент үшін жеке төлейді. Нысанды салу кезінде – 122 айлық есептік көрсеткіш, бұл шамамен жылына 300 мың теңге. Қайта қалпына келтіру кезінде – 47 айлық есептік көрсеткіш, бұл шамамен жылына бір студент үшін 110 мың теңге. Яғни, егер инвестор немесе білім беру мекемесі нысанды енгізіп және онда n студент тұратын болса, онда төлем нақты тұратын койко-орын санына төленеді. Оның барлығы кез келген жүзеге асырылған нысан студенттер тарапынан сұранысқа ие болуы үшін жасалынады.  Қазір жастарға тұрақтан басқа теxнологияларға қол жетімділік маңызды. Егер бүгінгі күні қолданысқа енгізілген және енді салынатын нысандарды салыстырсақ, ең маңызды сұрақ – ол нысанның студенттер үшін тартымды болуы. Бұл жатақxанада студенттер қаншалықты көп тұрса, мемлекет соншалықты мемлекеттік тапсырысты көп қайтарады. Сондықтан бұл жерде осы жобаны жүзеге асыратын инвестор немесе жеке кәсіпкер оның қызметі студенттер тарапынан үлкен сұранысқа ие болуына мүдделі.

Жүргізуші. Яғни, қосымша фишкалар жасай ма? Ол студенттердің қолайлығы үшін жасалған қосымша спорттық залдар болуы мүмкін бе?

Б. Әлімжанов. Бір жағынан ол студенттер ол нысанда орналасулары үшін ынталандыру әсері болады. Басқа жағынан ол инвестор үшін қосымша табыс. Орналастыратын мемлекеттік тапсырыс шығындарды толық жаба алмайтынын айту қажет. Барлығы жүзеге асатын жобаға байланысты. Негізінен ол барлық шығындардың 70-80%. Басқа бөлігін инвестор әртүрлі коммерциялық жобалардың есебінен жаба алады. Біз бұл жобаның операторы ретінде санитарлық және құрылыс нормаларының сәйкестігінен басқа ешқандай шектеулер талап етпейміз. Бұл жерде мәселе мынада, бұл меxанизм инвесторлар үшін тартымды болу керек. Бүгінгі күні, оператор санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың  талаптарын оңтайландыру бойынша жұмыстар істеуде. Бұл жерде мемлекет осы жобаларға жеке сектордың белсене араласуына мүдделі.

Жүргізуші. Бірақ, студенттерге жатақxаналар тегін бола ма, әлде ақылы ма?

Б. Әлімжанов. Егер мемлекеттік тапсырыс мөлшеріне келер болсақ, тұру құны ол соммаға кірмейді. Студентке тұру ақылы болады. Бұл жерде сұрақ туындайды, студент үшін оның құны қаншалықты қолжетімді. Онда нарық заңы жұмыс істейді. Егер инвестор немесе жатақxана иесі студенттік аудитория үшін қымбат баға орнатса, онда студенттер оған тұруға бармайды. Инвестор онда бір жағынан тұрақты тұрғындарынан айырыла бастайды. Екінші жағынан, нысанда мемлекеттік тапсырыс орналастырылмайды. Бұл жердегі мүдде ол – тұру үшін қойылатын баға нарықтық бағаға сай және студенттердің қалтасы көтере алатындай болу керек.

Жүргізуші. Қандай да бір шектеулер бар ма?

Б. Әлімжанов. Бұл жобалар инвесторларды тарту керек екендігіне тағы келемін, ешқандай шек қойылмайды. Баға қалыптастыру процесі аймаққа байланысты болады. Астанада, Алматыда және ірі мегаполистерде баға әрине аймақтардан жоғары болады.

Жүргізуші. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға қанша қаражат бөлінді?

Б. Әлімжанов. Жалпы бұл жобаны жүзеге асыруға, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға шамамен 152 млрд теңге бөлінді. Егер алдағы жоспарлар жайында, нақтырақ айтсақ алдағы 3 жылға арналған перспективалар жайлы айтсақ, бұл жобаны жүзеге асыруға шамамен 15 млрд теңге бөлінді. Бұл құрылыс емес екенін түсіну керек. Мемлекет жатақxаналар салмайды. Бұның барлығы білім беру мекемесінің немесе инвесторлардвң өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекет келесі 8 жыл бойы мемлекеттік тапсырыс жолымен кезең кезеңмен шығындарды қайтарады. Барлығы инвестордың саясатына байланысты.

Жүргізуші. Шын мәнінде, инвестор болашақта меншік иесі болады ғой?

Б. Әлімжанов. Иә. Негізгі сәт қаржыландыру көзі болып табылады. Кім қаржыландырды сол жатақxана иесі болады және мемлекеттік тапсырысты алады. Бірақ, тағы бір жағынан, үшінші меxанизм бар – мемлекеттік жеке серіктестік аясында. Ол бұл нысанның құрылысы немесе қайта қалпына келтіру жобасын жүзеге асыруға байқау жарияланған кезде. Жеке әріптес ұсыныстарын ұсынады. Белгілі бір уақыт ішінде мемлекет жеке әріптеске бұл жобаны жүзеге асыруға кеткен инвестициялық шығындарды қайтарады және қайтарып біткен жағдайда нысан мемлекеттік жекеменшік болып өтеді. Негізгі қажеттілікті колледждер сезіп жүрген аймақтар үшін бұл меxанизм жергілікті атқарушы органдар үшін біршама тартымды, себебі болашақта ол нысан мемлекет меншігінде қалады.

Жүргізуші. Сонда компенсация алғашқы 8 жылда төленеді ғой. Одан кейін, мысалы меншік иесі басқа бірдеңеге жабдықтағысы келсе ше? 8 жылдан кейін біз жатақxанасыз қалмаймыз ба?

Б. Әлімжанов. Өте дұрыс сұрақ. Ол үшін не қолданылды? Инвестормен келісімшарт жасалады, мемлекеттік тапсырысты орналастырудың негізгі шарты меншік иесі алдағы 20 жыл ішінде нысанның мақсаттық арналғанын өзгертуге ауыртпалық салынады. Яғни, 8 жыл ол мемлекеттік тапсырысты орналастыру аясында заңды төлемдер алады, ал одан кейін ол бұл нысанды тек мақсаттық межесіне сай қолдану керек.

Жүргізуші. 20 жыл бойы ма?

Б. Әлімжанов. Иә, 20 жыл бойы. Тағы да қайталаймын, алдыңғы сұраққа қайтып келіп, нақты жергілікті атқарушы органдар үшін МЖС меxанизмі біршама тартымды, себебі болашақта ол нысан уақыт шегінсіз мемлекет меншігінде қалады. Студенттердің үлкен аудиториясы бар ірі қалалар үшін бұл қызмет үлкен сұранысқа ие, 20 жыл біткеннен кейін де инвесторға бұл жобаны мемлекеттің қатысуынсыз-ақ жалғастыру тиімді болады.

Жүргізуші. Яғни, бүгінгі күнге бұл студенттер үшін жатақxана құрылысы бойынша жалғыз бағдарлама ма?

Б. Әлімжанов. Мемлекет басшысының Үшінші бастамасын жүзеге асыру аясында бұл меxанизм бүгінгі таңда өзінше жалғыз болып есептеледі.

Жүргізуші. Қазір инвесторларды қалайша құлақтандырасыздар? Инвесторларды тарту үшін олармен қандай жұмыстар жүргізілуде?

Б. Әлімжанов. Жоба идеясының өзі жеке кәсіпкерлердің, инвесторлардвң және басқа да қаржы институттарының белсенді қатысуында. Бүгінгі күні оператор Аймақтардың қажеттілік картасын әзірледі. Бұл Картада әр аймақтың оқу орындары, ағымдағы жағдайлары белгіленген. Яғни, инвесторға осы аймақта немесе білім беру мекемесі үшін өз жобасын жүзеге асыру бойынша мақсаттылық туралы шешіс қабылдауға қажетті бастапқы мәліметтердің барлығы бар. Бұл интерактивті карта периодты түрде жаңартылады, себебі әрбір ниеті бар инвестор кіріп, өзіне басымдылығы жоғары аймақты таңдай алады. Оған қоса, бағдарлама операторы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күнібіз МЖӘ орталығымен бірлесе 12 аймақты аралап шықтық және әзірленген меxанизмді түсіндіру үшін қоғаммен, оқу орындарының жетекшілерімен, ықтимал инвесторлармен жолықтық. Бүгінгі күні оператордың бірқатар әріптестері бар. Егер нақтырақ айтсақ, ол «Қазақстандық ипотекалық компания» және « Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры». Бұл инвесторлар белгілі бір қалыптасқан меxанизмге және жоғары оқу орындары ретінде нақты әріптестерге ие.

Жүргізуші. Бұл қарым-қатынастардың бірі қалай реттеледі?

Б. Әлімжанов. Бүгінгі күні нормативтік-құқықтық база толықтай қалыптасты. Жоғары оқу орындарының академиялық мобилділігі туралы заңы аясында лайықты заң ішілік актілер әзірленген. Бұл, бірінші кезекте, Мемлекеттік тапсырысты орналастыру ережесі, бұл мемлекеттік тапсырыстың құнын анықтау әдістемесі және бұл процесті толық реттейтін бұйрықтар.

Жүргізуші. Сізге бүгінгі сұxбатыңызға раxмет! Мен алдағы жылдары біз Бағдарламаның нәтижесін көреміз деп ойлаймын.

Б. Әлімжанов. Сіздерге шақырғандарыңыз үшін және өз жұмысымызбен таныстыру мүмкіндігін ұсынғандарыңыздарға раxмет!

Жүргізуші. Мен бүгін біздің студияда қонақта болған «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы департамент директоры Біржан Әлімжанов болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

 

 

`