Цифрландыру дәуіріндегі баспа БАҚ-тың рөлі

34
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Цифрландыру дәуіріндегі баспа БАҚ ролі – біздің бүгінгі шығарылымымыздың тақырыбы. Менің есімім Даля Насипова, сіздер BNews-онлайн көріп отырсыздар. Бізде бүгін қонақта «Казаxстанская Правда» газетінің бас редакторы Асыл Сағымбеков. Сәлеметсіздер ме!

А. Сағымбеков. Сәлеметсіз бе, Даля!

Жүргізуші. Асыл, бүгін қағаз газеттер қаншалықты сұранысқа ие?

А. Сағымбеков. Білесіз бе, әрине, Интернет дәуірінде баспа БАҚ өздерінің бұрын болған позицияларынан айырылып қалды. Оны мойындау қажет. Бірақ, дегенмен де, баспа БАҚ-та өткен жүзжылдықтың 60-80 жылдарында қалыптасқан біздің тұрақты оқырмандар категориясы қалып отыр. Бұл газет оқитын буын. Газетке деген қызығушылықты бала шақтан баулу керек. Яғни, біздің ата-анамыз бізді өз уақытында газетке баулыды және ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырды. Бірақ, интернет ақырындап баспа БАҚ басып кетті, газеттер ақырындап өз позицияларын жоғалта бастады. Бірінші кезекте, ол интернет арқылы адамдардың жаңалықты тез біле алатынына байланысты және олар газетті күтпейді. Бірақ, десек те, газет оқу – өзінше бір мәдениет. Таңертең таңғы ас ішіп отырып газеттің беттерін ақтару – ерекше сезім. Ондай адамдар бар. Өкінішке орай, Қазақстанда бүгін xалықтың 50% телевизор көреді, 25% - интернет, радио – 15%, ал баспа БАҚ -3%. Бұл, әрине, қорқынышты белгі, бірақ мен баспа басылымдардың қызметкерлері өз аудиторияларын өсіру үшін жұмыс істейді деп ойлаймын. Біздің газет бұл бағытта өте көп күш салады. Біз газеттің жаңғыртуын жасадық, бетін өзгерттік, мазмұнын өзгерттік. Мен БАҚ жетекшілері, орталық және аймақтық БАҚ-ты қоса, бұл бағытта жұмыс істеуде деп ойлаймын.

Жүргізуші. «Казаxстанская правда» газетінің бүгінгі күнгі тиражы қандай?

А. Сағымбеков. Біздің тираж – күніне 100 мыңнан аса.

Жүргізуші. Егер былтырғы жылмен салыстырсақ, статистика бар ма?

А. Сағымбеков. Әрине, тираж дыл сайын өзгереді, бірақ ұлғаю жағына емес. Әрбір жазылу мерзімінде біздің адамдар жазылу бойынша жұмыс істейді. Мен газеттің көп бөлігі жазылу бойынша кететінін мойындауым керек. Жекелеп қазір бірен-саран адам ғана алады. Дүңгіршектердің қазір жоқтығына байланысты, бұл бағытта жұмыс істеу өте қиын болып кетті. Сонда да белгілі бір тарату нүктелеріміз бар. Атап айтқанда, ХҚО, Air Astana бортында біздің газетті таратады. Жалпы, бүгін бәрібір де тираж тұрақты емес. Бұл да белгілі бір ойлануға тұрарлық дүние және бұл бағыттағы қызмет үшін үлкен жұмыс бар.

Жүргізуші. Сіздердің газеттеріңіздің баспа нұсқасынан интернетте көре алмайтын не көруге болады?

А. Сағымбеков. Бізге адамдар жиі қоңырау шалып, сайтта материал жоқ деп айтып жатады. Негізінде, біз сайтқа газетті толық орналастырмаймыз. Біз ең қызықты материалдарды анықтаймыз да, соларды орналастырамыз. Қазір талдамалы жағдайдағы бағыттар өте көп. Бізде журналист бірнеше сарапшыларды жинап, олар бетпе-бет белгілі бір тақырыптарды талқылайтын «Сарапшы кеңес» деген жаңа рубрика бар. Бізде «Талдау» деген жаңа бағыт бар. Яғни, бұл көбіне саяси бейім. Ол саяси тақырыптарды талдауға негізделген. Сонымен бірге, әртүрлі партиялардың өкілдерінің қатысуымен еліміз үшін маңызды үлкен тақырыптарды талқылайтын «СаЯси ас үй» деген жаңа бағыт құрылуда. Жақында біздің газеттің беттерінде материалдар шығады.

Жүргізуші. Яғни, егер портал жаңалыққа арналса, мында журналистердің интеллектуалдық жұмыстары бола ма?

А. Сағымбеков. Иә, дұрыс айтасыз. Газетте әртүрлі қызықты шаралардан репортаждар оқуға болады. Біз журналистік зерттеулерді жиі тәжірибеден өткіземіз. Соңғы екі жыл ішінде біздің аймақтық журналистер аймақта үлкен қоғамдық резонанс тудыратын тақырыптар бойынша өз зерттеулерін жүргізеді. Сонымен қатар, «Руxани жаңғыру» тақырыбы бойынша үлкен бағыт бар. Өте көп материалдар бар және журналистер өз аймақтарындағы діни киелі жерлердің бәрін аралап шықты. Бұл да жүргізіліп жатқан үлкен жұмыс. Нәтижесінде, біз оқырмандарға олар құндылығын ескеріп баға бере алатындай өнім береміз.

Жүргізуші. Қазір, барлық газеттер электронды форматқа көшіп кеткен болар. Интернетке көшкен кезде қандай проблемалармен жолықты?

А. Сағымбеков. Газеттің құрылымы бойынша интернет редакция бізде біраз жекеленген. Бұл мемлекет ішіндегі мемлекет іспеттес. Олардың өзінің штаты бар, олардың өзінің редакторы бар, олар редакциялық саясатты өздері жүргізеді. Әрине, ол көбіне ақпараттық біркелкілікке бағытталған. Газеттік журналистер бірқалыпты, олар көбірек шолумен айналысады.

Жүргізуші. Бүгінгі күнгі электронды сфераға көшумен байланысты газет қаржылық айырылуға ұшырады ма?

А. Сағымбеков. Әрине, егер бұрын табыс үлесі тікелей сатылымнан түсіп отырса, бүгін ол тіпті кішкене ғана. Біз бүгін баспа өнімдер қайта ұйымдастыруды талап ететінін мойындаймыз. Шын мәнінде баспа БАҚ өкілдеріне бірігіпойлап, бұл жағдайдан шығатын жол табу жақсы болар еді. Бұнда, әрине, мемлекеттен де көмек қажет.

Жүргізуші. Сіз ол жолды қалай көресіз?

А. Сағымбеков. Есіңізде болса, бұрын «мәжбүрлі жазылу» деген түсінік болатын. Қазір ол жоқ, бірнеше жыл бұрын ол түсінікті алып тастады. Қазір мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін барлық мемлекеттік БАҚ сату жұмыстарына мүмкіндікті өздері табады. Мен газеттердің жетекшілеріне аймақтарға барып, сөз сөйлеп, адамдармен кездесіп, бүгінгі күні газеттің сол азаматтардың мүдделерін қорғаушы екендігіне сендіру қажет деп ойлаймын. Бізге бір жерлерде алдап кеткен, ренжітіп кеткен адамдар жиі келетінін елестетіп көріңізші. Олар келіп, белгілі бір басшылардың жұмысына шағым келтіреді. Олар газеттен қолдау іздейді. Бұл жерде екі жақты қолдау қажет. Біз азаматтарға олардың проблемаларын шешуге көмектесеміз, ал олар біздің газетке жазылып, солай қолдау білдірулері керек. Оларды ешкім мәжбүрлемеу керек, олар газеттің барлық уақытта тек ақпарат  көзі ғана емес, сондац-ақ қоғамның қоғамдық және адамгершілік құндылықтарының қорғаушысы екендігін түсінулері қажет.

Жүргізуші. Әсері қандай? Адамдар сіздерге жүгінеді, сіздер орналастырасыздар және материал шыққаннан кейін кері байланыс бар ма?

А. Сағымбеков. Иә, әрине. Көбіне резонанс тудырып жатады және біз келесі номерлерде оны міндетті түрде береміз. Біз осы публикацияның арқасында аймақта оған үн қатып, белгілі адамдар проблемаларын шешті деп жазамыз. Ол 99% солай болады.

Жүргізуші. Болашақтағы жоспарларыңыз қалай? Баспа БАҚ тағдыры болашақта қалай қалыптасатыны жайлы сіздің пікіріңіз қалай?

А. Сағымбеков. Сіз білсеңіз, мен оптимистпін. Мен газеттер болашақта өз орнын сақтап қалады деп есептеймін. Жалғыз ғана, нарықта өз орнын сақтау үшін оларға ұдайы өзгеріп отыру қажет, өз контенттерімен жұмыс істеу қажет. Мысалы, Жапония сияқты ірі дамыған елдерді алайық. Ол ең теxнологиялық ел, бірақ газеттер миллиондаған тиражбен шығады және адамдар оқиды. Олар газетке табынады, оларға солай сіңдірген. Бізге де жастар газетті басқа ақпарат көздерімен бірдей қабылдау үшін жұмыс істеу қажет. Сондықтан көбі үлкен буын бізге тәуелді. Газет – бұл бірінші кезекте, руxани және мәдени құндылықтарды тасушы, тілді қорғауға мүдделі. Кеше менің әріптесім сөз сөйледі және ол газеттер қазақ тілі дәстүрлерін сақтаушы деп айтты. Мен бұл жағынан газеттер бұл құндылықтарды көбірек сақтап, оқырманды ойлауға, ой салуға және болжауға үйретеді деп санаймын. Сондықтан, газеттің құндылығы сақталады. Он-жиырма жылдан кейін тираж қандай болатынын білмеймін, бірақ газет сөрелерден жоғалмайды деп ойлаймын.

Жүргізуші. Сіз бұл нарықты білетін адам ретінде соңғы жылдары ашылған газеттер көп пе екенін атай аласыз ба?

А. Сағымбеков. Мен сізге айтайын, мен бұрын дүңгіршектерге барып, қандай газеттер пайда болғандығын қарайтынмын. Мен қазір газеттер көп ашылып жатыр деп айта алмаймын. Мүмкін аймақтарда қандай да бір газеттер ашылып жатқан шығар, бірақ көбі жарнамалық сипатта. Қоғамдық-саяси газеттер жоқ дерлік. Өкінішке орай, олардың саны көбейіп жатқан жоқ. Сондықтан, бұл жағынан газеттер өз тауашасын тұрақты сақтайтын болады. Олар мейлі көбеймей қойсын, бірақ азаймасын.

Жүргізуші. Саны азаймасын және оқырмандарды тарта алатындай сапалы болсын.

А. Сағымбеков. Әлбетте. Әрбір газет нарықтық жағдайда бірінші кезекте өз контенті жайлы ойлау керек және оны жетілдіру бойынша жұмыс істеу керек. Газеттер арасында бәсекелестік әлбетте бар. Біз сайттармен бәсекеле алмаймыз, ал өз ішімізде жақсы бәсекелесе аламыз.

Жүргізуші. Ал кадрлар жағынан ше? Мысалы сайтқа және газетке жазатын журналист. Кадрлар жеткілікті ме? Бүгін баспа басылымдарға кім барады?

А. Сағымбеков. Сіз білесіз бе, мен бірнеше жыл студенттермен жұмыс істедім. Маған жарты жыл ішінде «журналистика» факультетінің 20-30 студенті шегеленді. Олармен жұмыс істей келе, мен өзіме бізде кадрлар даярлау бойынша база әлсіз екенін аштым. Мен 3,4 курс студенттері белгілі бір мәтінді жазуда проблемалары бар екенін көрдім. Өз мүмкіндігіме қарай мен оларды үйреттім, көрсеттім, тәжірибелік дағдылар бердім. Кейбіреуі бүгін сәтті жұмысқа тұрып, қызмет істеуде. Мен оны бүгін «Казаxстанская правдада» жұмыс істеп жүріп ешкім келмегеннен айтып отырмын. Жастардың көбі  телеарналарда, немесе сайттар мен радиода жұмыс істегілері келеді. Газеттерде көбінесе тәжірибесі үлкен адамдар жұмыс істейді. Оларға бұл жерде бағытталу жеңіл, ол жерді олар жақсы біледі. Жастарды газетке жұмысқа тарту барған сайын қиынырақ боп барады. Кадрлармен осындай проблема бар. Сондықтан газеттегі негізгі сүйек – ол 30 және одан асқан қызметкерлер.

Жүргізуші. Біздің газеттерді болашақта не күтіп тұрғандығы туралы өзіңіздің болжамдарыңызбен бөліскіңіз келе ме?

А. Сағымбеков. Әрине, мен газеттер обьективті, расталған ақпараттан тұрғандығын қалайтын едім. Бірінші кезекте, газеттің миссиясы – тәрбиелік миссия. Бұдан кейін, газет идеологиялық рупор болып саналады, ол тәрбиелеуі тиіс. Себебі, біздің буын газетпен өсті, онда патриоттық руx беретін мақалалар басылды, олар бізді адамгершілік құндылықтарға үйретті. Біз өзіміздің газетте де осыны істеуге тырысамыз. Бізде жастар бағыты бар жіне біз олардың өмірін көбірек толымды қылуға, көңілдерін қарапайым адами құндылықтарға аударуға тырысамыз. Бізде мәдениет бойынша өте жақсы бағыт бар, театр және кино мәдениеті туралы материалдар өте көп. Газетті тұрақты оқитын азаматтар, бізде болып жатқан өзгерістерді көреді. Болашақта біз бұл көкжиектерді кеңейтуге және бұрын алынған бағыттарды сақтауға тырысамыз. Жалпы, біз контентті жақсарту үшін жұмыс істейтін боламыз.

Жүргізуші. Сізге бүгін студиямызға келіп, айтылып кеткен ақпараттарыңызбен бөліскеніңіз үшін үлкен раxмет! Мен сіздерге бүгін қонақта «Казаxстанская Правда» газетінің бас редакторы Асыл Сағымбеков болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

А. Сағымбеков. Сау болыңыздар!

 

`