Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу туралы

300
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл Bnews-онлайн, менің есімім Даля Насипова. Қарашада бүкіл әлем бойынша Екінші реттік қайта өңделген қоқыс күнін атап өтеді. Осы тақырыпты толығырақ бізге «Оператор РОП» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс бойынша жобалар жетекшісі Азамат Аяйбергеновпен қозғайтын боламыз. Сәлеметсіз бе!

А. Аяйбергенов. Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші. Қазір бізде Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу жұмыстары қалайша жүзеге асырылатынын айтып бересіз бе?

А. Аяйбергенов. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда қайта өңдеудің 9% жүзеге асырылады. Оған «Оператор РОП» өз үлесін қосты. Біз, ең алдымен, қаптау қалдықтарын жинайтын, сұрыптайтын, қайта өңдейтін және жоятын ұйымдарды субсидиялауды жүзеге асырамыз. Әзірге жағдай мәз емес, бірақ біз дамып келеміз. Мен алдағы уақытта қандай да бір деңгейге шығу үшін бізге бірнеше жыл қажет деп ойлаймын. Бізде Қазақстан Республикасының Жасыл экономикаға өту бойынша тұжырымдама бар және онда біз қол жеткізуге тиіс индикаторлар қойылған. Мен оларға қол жеткіземіз деп ойлаймын.

Жүргізуші. Бүгін жағдай неліктен олай? Проблема неде?

А. Аяйбергенов. Біз осы саланың дамуының бастапқы кезеңіндеміз. Қазір аймақтар мен басқа елді-мекендер, сонымен бірге республикалық маңызы бар қалалар осы бағытта дамып жатыр, бірақ Қазақстан Республикасында 30-40% қайта өңдеу жоқ. 9% деген цифр біздің әлі жетер жеріміз бар екендігін және неге ұмтылу керектігін көрсетеді.

Жүргізуші. Бізде жалпы еліміздің территориясында қанша қайта өңдеу кәсіпорыны бар?

А. Аяйбергенов. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша шамамен 130 кәсіпорын тікелей оператормен жұмыс істейді. 49 кәсіпорын қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау, қайта өңдеу және жою бойынша жұмыстармен айналысады.

Жүргізуші. Олар бар көлемді орындай алып жатыр ма? Немесе тағы да зауытқа қажеттілік бар ма?

А. Айябергенов. Иә, қажеттілік бар. Біздің сатып алуларға қатыспайтын аймақтар әлі бар және олар оператормен келісімшартқа отырмаған. Мен келесі жылдан бастап ол аймақтар да бізбен әріптестік орнатады деп ойлаймын.

Жүргізуші. Олар қазір қоқысты қалай қайта өңдейді?

А. Аяйбергенов. Оператордың сатып алуларына қатысу үшін, барлық құжаттамалар дұрыс болуы керек. Бірінші есептік құжаттар «Оператор РОП» ұсынылуы қажет. Ешқандай құжатсыз тек жинап және сатумен айналысатын ұйымдардың көптігі проблема болып тұр. Ол «көлеңкелі нарық» деп аталады.

Жүргізуші. Қандай елдердің тәжірибесіне сүйенеміз? Қазақстан бұл бағытта қандай жолмен келе жатыр?

А. Аяйбергенов. Мен «Оператор РОП» кәріс әріптестермен, Белорусь Республикасымен, Испаниямен меморандумға отырғанын атап кеткім келеді. Біз олардың тәжірибесін қолданудамыз. Олар бізге көптеген сұрақтар бойынша кеңес береді. EXPO-2017-ге қатысқан және Мемлекет басшысының көзіне түскен «Syctom» кәсіпорыны бізді Астана қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтардың органикалық фракциясын қайта өңдеу бойынша технологияларды таңдауға көмектеседі. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, Астанада қордаландыру технологиясы бойынша органиканы қайта өңдеу жоспарлануда. Ол біздің климатты ескере отырып. Яғни, біз жұмыс істейміз, кеңес аламыз және тәжірибені қолданамыз.

Жүргізуші. Демек, ол органикалық. Ал органикалық емес ше? Кейбір аулаларда жеке контейнерлер тұр. Жинақтау қалай жүзеге асырылатынын айтып бересіз бе?

А. Аяйбергенов. Жинақтау былай болады, әрбір аймақ қазір өзінше дамып жатыр. Мысалы, Астана қаласында 2019 жылдың 1 тоқсанына дейін 6 276 ҚТҚ құрғақ фракциясына арналған контейнер орнатылатын болады. Ол қағаз, әйнек, пластика, металл және басқа да ҚТҚ басқа да пайдалы фракциясы. Қалғандары қайта өңделмейді, бірақ ҚТҚ органикалық фракциясын қайта өңдеу бойынша бекітілуге жөнелтіледі. Мысалы, Петропавлда екі фракциялық бөлектеп жинау. Қостанайда да фракциялық бөлшектеп жинау, бірақ қазір олар пластика, қағаз және әйнекке арналған қосымша контейнерлер орнатуда. Көптеген аймақтарда, әдетте, осы бөтелкелерге арнайы себет қояды. Әрбір аймақ өзінше дамиды. Ақтөбеде, мысалы, сұрыптау сызығы орнатылған, бөтелкелерге арналған себеттер қойылған. Бөлшектеп жинаумен 100% қамту бірінші кезекте, Астана қаласында жоспарлануда.

Жүргізуші. Халық қалай қарауда? Адамдар қаншалықты қоқысты сұрыптайды?

А. Аяйбергенов. Сондықтан да, адамдарға жеңіл болу үшін нақты екі фракция жасадық. Ең алдымен, үгіттеу жүргізу қажет. Ол, ең алдымен, халыққа байланысты.

Жүргізуші. Мүмкін халықты ынталандыру қажет болар?

А. Аяйбергенов.  Мен болашақта европалық елдердің тәжірибесіне өтеміз деп ойлаймын. Басқа елдердегі сияқты әкімшіліктік жауапкершілікті енгізу әлі ерте. Кейбір кәсіпорындар әйнекке, пластикаға және басқа да қалдық түрлерін қабылдау пункттерін ашуда. Олар бұл үшін қаржылық қаражат алады. Бізде 20 млн дана көп айналымдық бөтелкені жинау және тасымалдауға келісімшарт жасалған. Яғни, аймақтарға байланыссыз, олар бір бөтелкені 7-ден 15 теңгеге дейін қабылдайды.

Жүргізуші. Ондай қабылдау пункттері Астанада да бар ма?

А. Аяйбергенов. Иә. Жыл соңына дейін шамамен 23 ашу жоспарлануда.

Жүргізуші. Олар қай жерлерде орналасады?

А. Аяйбергенов. Тұрғын үйлерге жақын. Қазір ПИК келісіліп жатыр.

Жүргізуші. Қайта өңделген қоқыс қайда барады? Одан бүгін не жасалынады?

А. Аяйбергенов. Қазақстан бойынша бес шыны зауыты бар. Екі зауыт тікелей банкілер алады, ал қалған үшеуі бөтелке жасайды. Олардың технологияларында қираған әйнек болуы керек. Бірінші шикізатта ол қымбат болады. Олардың технологиясы бойынша 30% дейін қираған әйнекті пайдалануға болады. Біздің барлық шыны зауыттарымыз өз өндірістерінде қираған әйнекті пайдаланады.

Жүргізуші. Әйнектен басқа не өндіреді?

А. Аяйбергенов. Пластмасса, негізінен үй тұрмысы үшін. Мысалы, платсмассалық қалдықтардан тегене, қоқысқа арналған мөшек, сыпыртқы жасалады. Сонымен қатар, Қостанайда одан жол құрылысында қолданылатын геомембрана жасайды. Макулатураға қатысты, ол картон қаптамасы, сүргілер, дәретхана қағаздары. Екінші шикізатта толықтай жұмыртқаларға арналған лоток жасалады. Металмен түсінікті, метал қаптамалар балқытылады да, бірінші өнім алынады, негізінде, бүгінде екінші шикізат бағалы, ештеңе де ысырап болмайды.

Жүргізуші. Қоқыс шығаратын компаниялар қандай проблемаларға тап болады?

А. Аяйбергенов. Ең алдымен, қоқыс шығаратын компаниялардың өздерінің айтулары бойынша, ол төмен тариф – бұл бірінші. Екінші, ескірген материалды-техникалық база. Яғни, ескі қоқыс шығарушылар, техника, кейбіреулері адамдар қоқысты сұрыптамайды дейді, олардың сөздері бойынша оларда осындай проблемалар бар.

Жүргізуші. Олардың проблемаларын шешуге қалай ықпал етесіздер?

А. Аяйбергенов. Қоқыс шығарушы ұйымдарға келсек, біз ҚТҚ қаржыландырмаймыз. Біз пластик, макулатура, шыны және метал қаптамаларды субсидиялаймыз. Егер ол бөлшектеп жинауды дамытқысы келсе, оған «Оператор РОП» көмектеседі.

Жүргізуші. Мен табиғатта қауіпті қалдықтар да барын білемін. Олар қалайша жойылады және омен кім айналысады?

А. Аяйбергенов. Біздің қызмет сферамызда өндірушілердің кеңейтілген міндеттері тізіміне, ең алдымен, сынабы бар лампалар кіреді. 2017 жылы біз жергілікті атқарушы органдардың мекенжайына біз 2300 сынабы бар лампалар мен батарейкаларға арналған контейнерлер сатып алып, жеткізіп бердік. Заңнама бойынша, оларға қызмет көрсетуге жергілікті атқарушы орган жауапты. Яғни, біз оларға толықтай инфрақұрылымды әкеп бердік, ал олар оларға қызмет көрсету бойынша тендер жариялайды. Тендерді ұтқан компания қызмет көрсетеді, қайта өңдейді және ол үшін қаражат алады. Әрбір дерлік аймақта осы қайта өңдеумен айналысатын компания бар.

Жүргізуші. Жақын арада Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер енгізу көзделуде. Ол сіздердің қызметтеріңізге қалайша әсер етеді?

А. Аяйбергенов. Біз жыл басында тендер жариялаған кезде, жергілікті атқарушы органдардың мекенжайына жергілікті компаниялар «Оператор РОП» тендеріне қатыссын деп жазған болатынбыз. Ең бастысы, өзінің материалды-техникалық база жергілікті атқарушы органмен келісімнен өтеді. Барлық аймақтар жауап қатпады. Қазір, жылдың соғында қалалардың, облыстардың белсенділерінен бөлшектеп жинауға арналған контейнерлер ұсыну өтінішімен хаттар легі келіп түсіп жатыр. Бірақ, біздің қаржылық құралдарымыз шектеулі. Өзіміздің қаржылық құралдарымызды біз тендерлер нәтижесі бойынша жұмсаймыз. Біз тендерлерде қатысып, қайта өңдеушілерді тарту үшін жергілікті атқарушы органдардың қатысуын сұраймыз. Жалпы келісімшарттың 30-40-% cоммасын біз инфрақұрылымдық дамуына, контейнерлерге, қоқыс шығарушыларға береміз. «Оператор РОП» ондай қаржылық мүмкіншіліктеріне ие емес. Кімнің жұмыс істегісі келеді, мархабат, біздің тендерлерге қатысыңыздар!

Жүргізуші. Азамат, бүгін студиямызға келіп, Қазақстанда қайта өңдеу жұмыстары қалай жүзеге асырылып жатқандығын айтқаныңызға үлкен рахмет!

А. Аяйбергенов. Рахмет!

`