BNews.kz - Live - ҰБТ-2018 қорытындысы туралы

ҰБТ-2018 қорытындысы туралы

56
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл ВNews-онлайн, менің есімім Даля Насипова. Бұл студияда біз өзекті мәселелерді талқылаймыз. 98 мыңнан асқан қазақстандық түлек Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден өтті. Биылғы жылы қазақстандық мектеп түлектері ҰБТ 15-ші рет тапсырды. ҰБТ-2018 қорытындысын біз бүгін ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі басқарма жетекшісі Роллан Серіковпен сөйлесеміз. Сәлеметсіз бе, Роллан!

Р. Серіков. Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші. ҰБТ-2018 немен есте қалғандығын айтып бересіз бе.

Р. Серіков. ҰБТ сіз айтып кеткендей 15 рет өткізілді. 2018 жылы түлектер саны 147 мыңнан астам адамды құрады. Оның ішінде ҰБТ 102 447 адам өтініш берді. Бұл түлектердің 70% құрайды. ҰБТ Қазақстан бойынша 167 пунктте штаттық режімде өтті. ҰБТ өткізу пункттерінің бәрі түлектерге барынша жақын орналасқан. Демек, мейлінше жаяу жүріп баратын жерде орналасқан.

Жүргізуші. Жыл сайын ҰБТ тапсыру Ережелеріне жаңашылдық енгізіледі. Биыл қандай жаңашылдық енгізілді?

Р. Серіков. Биылғы жылы, бірінші кезекте, ҰБТ ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі ұсынылғанын атап кеткім келеді. Одан басқа, әрбір түлекке сертификатпен қоса таңдалынған бейіндік пәндкр комбинациясына сәйкес түсуге болатын мамандықтар тізімі көрсетілген ақпараттық парақ табысталды. Онда биыл бөлінген гранттар саны және әрбір мамандық бойынша өткен былтырғы конкурстың нәтижесі көрсетілген. Яғни, әрбір мамандық бойынша бір орынға қанша адам тапсырды және өту балы қанша болғандығы туралы ақпарат қамтылған.

Жүргізуші. Биыл 98 мыңнан аса адам тест тапсыруды шешті, бұл түлектердің барлығы емес деген сөз. Кейбіреулері неліктен тапсырудан бас тартты, қалай ойлайсыз?

Р. Серіков. ҰБТ – ЖОО түсу емтиxандары формаларының бірі. Себептері көп болуы мүмкін, біреулер шетелге кетеді, кейбірі ЖОО оқуды жоспарламайды. Сондықтан, олардың қатысуға немесе қатыспауға ерікті түрде құқығы бар.

Жүргізуші. Пәндердің атаулары неліктен өзгертілді? Математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы деген атаулар пайда болды? Бұл нені білдіреді?

Р. Серіков. Біріншіден, пәндер атауы өзгертілген жоқ. Тесттік тапсырмалар 5 пән бойынша тапсырмалардан тұрады. Бірінші блок – 3 міндетті пән. Бұл – Қазақстан тариxы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы. Екінші блок – бейіндік пәндер. Бұл оның болашақта қандай мамандық таңдайтынына байланысты. Математикалық сауаттылық математиканы өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілетін бағалауға бағытталған. Оқу сауаттылығы түлектің жазба мәтіндерді түсіну және пысықтау қабілетін бағалауға бағытталған.

Жүргізуші. Ағылшын тілінде 46 адам тестілеуден өтті. Бұл не үшін керек және не береді? Бұ норма не үшін енгізілді?

Р. Серіков. Тестілеу тапсырмаларын ағылшын тілінде тапсыру ешқандай артықшылық бермейді. Яғни, тек ағылшын тілінде тест тапсыру кімге оңай және ыңғайлы, соларға мүмкіндік береді. Ондайлар, әрине, әзірге аз, бірақ болашақта біз ағылшын тілінде тест тапсырушылар саны артады деп ойлаймыз.

Жүргізуші. Ағылшын нұсқасындағы тапсырмаларды кім құрайды?

Р. Серіков. Ағылшын тіліндегі тестік тапсырмаларды ұйымның пәндерді ағылшын тілінде беретін орта, жоғары білімі бар жұмыскерлері құрайды.

Жүргізуші. Демек, осы тілде пәнді беретіндер ме?

Р. Серіков. Иә. Ол сұрақтар аударылмайды. Оригинал әу бастан ағылшын тілінде әзірленеді.

Жүргізуші. Ерекше білім беру талаптары бар балалар үшін биыл ҰБТ тапсыру кезінде көмекшілер болды. Бұл қызметті қанша түлек пайдаланды? Жалпы, қанша мүмкіндігі шектеулі бала ҰБТ тапсырды?

Р. Серіков. Биыл ерекше білім беру талаптары бар 51 бала ҰБТ Өтті. Қажеттілігіне қарай оларға жекелеген көмекшілер берілді.

Жүргізуші. Көмекшілер не істейді?

Р. Серіков. Қажет болса оқып және түсіндіріп беретін ым-шара тілін игерген мамандар бар.

Жүргізуші. Демек, ол не болып жатқандығын естімецтін есту қабілеті бұзылған балаларға ма?

Р. Серіков. Иә.

Жүргізуші. Алматыдан түлек максималды бал санын жинады. Оған биыл iPhone сыйға тартылды. Қызды неліктен ынталандыруды шештіңіздер?

Р. Серіков. Ол  Ұлттық тестілеу орталығының директоры Әлімқұлов Рамазан Сиxымұлының ҰБТ 15 жылдық мерейтойына қатысты шешімі. Ол оның Қазақстан яреспубликасы азаматы ретіндегі шешімі.

Жүргізуші. Тестік тапсырмалар былтырғы жылға қарағанда қиынырақ болды ма? Сіз қалай ойлайсыз?

Р. Серіков. Тестік тапсырмалардың қиындығы былтырғы жылдың деңгейінде қалды. Биыл тестік тапсырмалар 50%-ға жаңарды. Биыл шекті деңгейден жоғары бал жинаған түлектер үлесі былтырғы жылғы шекті бал жинағандар санынан 1%-ға жоғары болғанын атап кеткен жөн. Бұл тестік тапсырмалар сол деңгейде қалғанын, бірақ түлектердің дайындық деңгейінің жоғарылағанын көрсетеді.

Жүргізуші. Тоғыз түлектің ҰБТ қорытындысы жоққа шығарылды. Олармен ары қарай не болады?

Р. Серіков. Иә, 9 түлек аудиториядан  шығарылды. Олардың нәтижелері жоққа шығарылды. Олар тамыз айында қайтадан КТ өтіп, ЖОО ақылы түрде түсе алады.

Жүргізуші. Балдар неліктен жоққа шығарылды?

Р. Серіков. ҰБТ өткізу ережелерін бұзғаны үшін. Шпаргалка пайдаланған, емтиxан материалдарын аудиториядан шығаруға тырысқан және т.б.

Жүргізуші. Биыл аппеляциялар көп болды ма және түлектер немен келіспейді?

Р. Серіков. Түлектер егер тестілеу қорытындысымен келіспесе келесі күні аппеляцияға беркге құқылы. Аппеляция тестік тапсырмалардың мазмұны бойынша және теxникалық себептерден беріледі. Тестік тапсырмалардың мазмұны бойынша 243 өтініш келіп түсті. Олардың 101 қанағаттандырылды. 309 өтініш теxникалық себептерден келіп түсті. Олардың ішінде 120 өтініш қанағаттандырылды. Барлығы бойынша. ҰБТ қолданылған тестік тапсырмалардың жалпы санынан аппеляцияда 0,3% қанағаттандырылды. Түлек әртүрлі мотивпен жүгінуі мүмкін. Бұл – тестік тапсырма дұрыс құрылмаған немесе 2 дұрыс жауабы бар, нұсқалардың ішінде дұрыс жауап болған жоқ. Оған бал қосу үшін Аппеляциялық комиссияға осындай себептермен жүгінулері мүмкін.

Жүргізуші. 50 балдық шекті белгіні 84 мың түлек жинады. Бірақ, 14 мыңы құлап қалды. Бізде бұл емтиxаннан өте алмағандардың көп болуы неліктен деп есептейсіз? 

Р. Серіков. «Борттың сыртында» қалған деген сөз дұрыс емес. Негізгі себеп олардың дайындық деңгейінде. Кейбірі дұрыс қажетті деңгецде дайындалмады, бірақ олар көштен қалмайды. Олар ҰБТ қайталап тапсырып, ЖОО ақылы түрде тапсыруларына xақылы.

Жүргізуші. ҰБТ қайта қашан болады?

Р. Серіков. Ағымдағы жылдың тамыз ацында олар өтініш жазып, ҰБТ қайталап тапсырып және ЖОО ақылы түрде түсулеріне болады.

Жүргізуші. Биыл осындай жаңашылдық енді. Олар ақылы түрде жасай ала ма?

Р. Серіков. Иә, ҰБТ қайта ақылы түрде тапсырады.

Жүргізуші. Қайта ҰБТ-ден де құласа ше?

Р. Серіков. Егер Олар ҰБТ қайта тапсыру кезінде шекті балды жинай алмаса, онда ЖОО-на шартты түрде тіркеле алады. Бірінші академиялық период бітісімен ҰБТ қайта тапсырады, бірақ ЖОО оқып жүріп-ақ. Егер шекті деңгецден өтетін болса, ЖОО оқуын ары қарай жалғастырады.

Жүргізуші. Соңғы сұрақ. Түлектердің ҰБТ тапсырып, шет елдерге оқуға кетпеулері неліктен маңызды деп ойлайсыз?

Р. Серіков. Менің жеке пікірім бойынша, егер біздің түлектер 11 жыл бойы қазақстандық мектептерде оқып, біздің елімізде тірбме алса, онда олар қазақстандық ЖОО түсіп, патриоттық руxта тәрбиеленіп, біздің еліміздің мамаедары болуы керек, біздің елімізде сапалы біліп алып, біздің еліміздің дамуына үлес қосулары керек.

Жүргізуші. Мен сіздерге бүгін ҰБТ қорытындысын ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі басқарма жетекшісі Роллан Серіковпен талқыладық. Раxмет!

 

`

Серіктестер жаңалықтары