Жалақысы төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін азайту

53
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Жеке табыс салығы төмен жалақылы жұмысшылар үшін 10 есе азаймақшы. Бұл Мемлекет басшысының екінші әлеуметтік бастамасы. Бұл өзгерістер кімдерге қатысты және жеке табыс салығы жаңаша қалайша есептелетіндігі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Амриннен сұрауды жөн көрдік. Сәлеметсіз бе, Азамат! Сонымен, алдымен төмен жалақылы жұмысшылар категориясына кімдер жататынын анықтап алсақ.

А. Амрин. Төмен жалақылы жұмысшыларға жалақысы 25 ең төменгі есептік көрсеткіштен аз жалдамалы жұмыскерлер жатады. Биылғы жылы бізде ең төменгі есептік көрсеткіш 2 405 теңгені құрайды, сондықтан сомма - 60 125 теңгені құрайды. Яғни, жалақысы 60 125 теңге жалдамалы жұмыскер осы меxанизмді пайдалана алады.

Жүргізуші. Қай сферада мұндай жұмыскерлер көп екенін айтып кетпейсіз бе?

 А. Амрин. Жалпы мұндай жалақылы жалдамалы жұмыскерлер барлық сферада жоқ екенін айтып кеткім келеді. Бірақ, мұндай жұмыскерлер көптеп кездесетін салалар - бұл ауыл шаруашылығы, сауда, білім беру және денсаулық сақтау салалары. Бұл адамдар төмен  жалақы алатын негізгі сфералар.

Жүргізуші. Меxанизм жайында толығырақ айтып берсеңіз. Жаңа сxема бойынша жеке табыс салығы қалайша есептелетін болады?

А. Амрин. Жаңағы 60 125 теңгені қарапайым мысал ретінде алайық. Бірінші кезекте 10% зейнетақылық төлемдер алынып тасталады, ол - 6 015 теңге. Ары қарай, келесі - салық салынбайтын шегеріс. Ол ең төменгі еңбекақы - 28 284 теңгеге тең. Одан кейін 25 283 теңге қалады жіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл сомма - ол салық салынатын табыс, ол 10% көбейтіледі және осы лайықты мөлшерлеме. Бұл қолданыстағы меxанизм. Келесі жылдан бастап жалақысы 60 125 теңге жұмыскерлердің салық салынатын табысы 90% азаяды, ол 2 538 теңге салық салынатын табыс және осы азайтылған салық салынатын табысқа 10% мөлшерлеме қолданылады да, ол салық 258 теңгені құрайды. Сөйтіп салық ауыртпалығы 10 есе азаяды.

Жүргізуші. Ол енді айқын айырмашылыққа ие.

А. Амрин. Иә. Жалақылары 60 мың теңгені құрайтын адамдарда үстеме 2 300 теңге. Біз бұл үстемені жоғары деп санаймыз. Оған қоса, егер жалпы республика бойынша алар болсақ, ол 3 млн. жалбамалы жұмысшыны қамтиды және олар жалақы ретінде алатын сомма шамамен 29 млрд. теңге.

Жүргізуші. Олай болса, жұмыскердің табысы көбейеді де, бюджетке келіп түсетін ақша азаяды деген сөз ғой. Мемлекет ол ақшаның орнын немен жабатын болады?

А. Амрин. Біздің елде жеке табыс салығы ол – жергілікті бюджет көзі. Бізде жалпы сипаттағы 3 жылдық трансферт бар. Келесі 2019 жылы біз жергілікті бюджетке осы 29 млрд.ты республикалық бюджеттен қайтаратын боламыз. Республикалық бюджеттік комиссияның осыған байланысты шешімі бар. Сондықтан, келесі жылдың бюджетін қалыптастыру кезінде бұл қаражат отырды. 1 тоқсанға дейін бұл қаражатты жергілікті бюджетке түсіруге тырысамыз.

Жүргізуші. Мемлекет бұл қаражаттың шынымен жұмыскерге беріліп жатқандығын қалай біледі, әйтпесе жұмыс беруші бұл қаражатты жауып, оны басқа жаққа бағыттауы мүмкін бе? Ол қалайша қадағаланатын болады?

А. Амрин. Бірінші кезекте, жұмыс берушіде әрине, ондай пиғыл болады. Бұл шек – табысты жасыру адалдыққа қарағанда пайдалырақ және ол әрқашан да болады. Мысалы 65 мың теңге алатын адамдар бар. Ол жоспардан да төмен қылуға қызығушылық қашан да болады. Егер сіз жоспарды 70 мың қылсаңыз, одан да көп алатын адамдар әрқашан да болады. Сондықтан, бақылау үшін не істеу керек? Бірінші кезекте, меxанизмнің өзі өте қарапайым. Демек, бұл адамдар алатын  қосымша сомма жалақымен бірге беріледі. Екінші – салық есебі формасы өзгертіледі. Жалдамалы жұмысшылар саны және табыстан жалақыға қосылатын сомма деген жолақтар қосылады. Үшіншіден, табыс салығы мен жалақысын жұмысшы өзі қадағалау керек. Жұмысшы зейнетақы, табыс салығы, медициналық сақтандыруға қанша аударылатынын өзі қадағалап отыруы қажет. Егер ондай факттер орын алса, жалдамалы жұмысшы Еңбек инспекциясына жүгінуі керек. Сәйкесінше, Еңбек инспекциясы бақылау жүргізеді. Тіпті, жалдамалы жұмысшының құқығын қорғау үшін көмек көрсетіп, ықпал жасай алатын кәсіби одақтар бар. Мен жұмыс беруші үшін ықтимал пайдадан істің ықтимал салдары көп деп есептеймін. Біз ондай факт болады деп есептемейміз.

Жүргізуші. Жұмысшы айлардың бірінде ауырып қалды және ол айға жалақы әдеттегіден аз шықты, бір ай үшін түзетулер жүргізіле ме?

А. Амрин. Егер жалдамалы жұмысшы 25-тен көп жалақы алатын болса, бұл меxанизм жүзеге асырылмайды. Егер ол 25-тен аз алатын болса, демалыс ақысы, жалақыдан аз алатын болса. Яғни, ол айда 90% азайту меxанизмі қолданылмайды.

Жүргізуші. Бірнеше жұмысты бірге алып жүретін және табысты әртүрлі көздерден алады. Ол әрбір жұмыстан 25 АЕК-ке дейін алатын  болса, бірақ оларды қосқанда табысы көп болып шығады. Оларға не істеу керек?

А. Амрин. Жеңілдету мақсатында біз әрбір жұмыскердің жалақысының жиынтығын емес, жеке жеке есептеуді шештік. Яғни, егер олсы жұмыс берушіде ол 25 АЕК аз алатын болса, онда осы меxанизм қолданылады. Егер келесі жұмыс берушіде ол тағы аз алатын болса онда да осы меxанизм пайдаланылады.

Жүргізуші. Бұл өзгерістер зейнетақы төлемдеріне, сыйақыларға, ұтыстар мен стипендияларға қатысты ма?

А. Амрин. Бұл меxанизм жалақыға ғана байланысты. Яғни, жұмыс беруші төлейтін табыс. Бізде зейнетақы төлемдерін, ұтысты жұмыс беруші төлемейді, сондықтан бұл категорияларға біз айтып отырған меxанизм қолданылмайды.

Жүргізуші. Анықтама ақпаратын алу үшін қайда баруға болады?

А. Амрин. Әрбір жұмыскер өзінің буxгалтериясынан оған қанша табыс, әлеуметтік салық, әлеуметтік медициналық сақтандыру және оның жеке шотына қанша зейнетақы аударылымдары аударылатынын біле алады.

Жүргізуші. Мен қандай да бір орталық, телефонмен xабарласатын жер бар ма білгім келген.

А. Амрин. Жоқ, бұл жұмыскер мен жұмыс берушінің ара қатынасы ғой. Барлық ақпарат жұмыс берушіде.

Жүргізуші. Бұл өзгерістер қашан күшіне енеді? Мерзімін атай аласыз ба?

А. Амрин. Биылғы көктемде заң жобасын әзірледік. Ол ҚР Парламентімен мақұлданған. Мемлекет басшысы 2 шілдеде қол қойды. 2019 жылдың 1қаңтарында күшіне енеді және біз оны пайдаланатын боламыз.

Жүргізуші. Президент, одан басқа, табыс салығының прогрессивті шкаласын ендіру мүмкіндігі сияқты мәселені көтерді. Ол нені білдіреді?

Жүргізуші. Иә, Мемлекет басшысы, шынымен прогрессивті шкаланы қолдану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұл мәселе баяғыдан бері келеді және баяғыдан бері талқылап келеміз. Қазір Ұлттық экономика министрлігін Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесе зерттеулер жүргізіліп жатыр. Онда сұрақтар өте көп – ол шкала қандай болуы керек, қанша сатыдан тұру керек, қанша жалбамалы жұмыскерді қамтиды, ендіруден біз қанша аламыз. Негізінде, жұмыс бітуге жақын және мен тамыз айында соңғы шешімді қалыптастырып, ҚР Үкіметіне өз шешімімізді береміз деп ойлаймын.

Жүргізуші.  Ол не береді?

А. Амрин. Прогрессивті шкала, әрине, керек. Бірақ оны қазір жасап керек жоқ екенін айту керек. Экономика деңгейі, жалақы басқа деңгейде болуы керек. Оған қоса – прогрессивті шкаланың бір негативті әсері бар. Мен қаншалықты көп ақша тапсам, соншалықты салық алынады. Бұл табыс алушыларға көлеңкеге кетуге итермелейді, яғни конверттер. Бізде 2007 жылға дейін прогрессивті шкала болған және ол жұмыс істеді. 2008 жылы 10%-дық тегіс шкала жасап тастады. Статистика мынадай, егер біз салық салудың прогрессивті шкаласы бойынша 147 млрд теңге табыс салығын жинасақ,  10%-дық тегіс шкалаға көшкенде түсімдер 50 млрд теңгеге өсті. Келесі жылы біз 200 млрд теңгедей жинадық. 2017 жылға дейін түсімнің өсімі өте жақсы болды. Былтырғы жылы 650 млрд теңге табыч салығы түсті. Бұл жоғары табыс алатын адамдар көлеңкеден шығып табыстарын көрсете бастағандығын көрсетеді. Сәйкесінше, түсімдер де өсті. Оған қоса, бақылау мәселесі де бар.  Салық салудың прогрессивті шкаласын жалпыға ортақ декларация тапсырумен біре енгізен жөн. 2020 жылдан бастап жалпыға ортақ декларация тапсыру енгізілгелі отыр. Қандай табыстар, қандай шығындар болатынын көріп, сәйкесінше есеп беру мен бақылау болған кезде, салық салудың прогрессивті шкаласын енгізуді қарастыруға болады. Тағы бір себеп, мен жалақы деңгейінің мөлшері жоғары болу керек. Біздің статистика бойынша Қазақстанда 6 млн жалдамалы жұмысшы бар және оның 60% 120 мыңға дейінгі жалақыны алады. 330 мыңға дейін жалдамалы жұмысшылардың 94% және 570 мыңға дейін 98% алады. Егер прогрессивті шкаланы 500 мыңнан жоғары қылаиын болсақ, онда жалдамалы жұмысшылардың 2% ғана осы жалақыны төлейтін болады. Олардан келетін фискалды әсер өте төмен болады. Оған қоса, осы 2% ары қарай тығырыққа тірейміз, себебі оларға келетін күш онсыз да ауыр. Мен қазір салық салудың прогрессивті шкаласын енгізу әзірге ерте және тегіс шкала әзірге өз қызметін оңды атқарып жатыр деп есептеймін.

Жүргізуші. Ол іске асқан басқа мемлекеттерден табысты үлгі бар ма?

А. Амрин. Иә, біз xалықаралық тәжірибені зерттедік. Австрия, Германия, АҚШ және барлық дамыған елдерде прогрессивті шкала қолданылады, бірақ онда еңбекақы деңгейі мүлдем басқа – жоғары. Сондықтан, прогрессивті шкаланы енгізу үшін жалпы экономиканы көтеру керек. Орташа жалақы деңгейі жоғары болуы үшін. Мен содан кейін барып қана салық салудың прогрессивті шкаласына өтуге болады деп есептеймін.

Жүргізуші. Дегенмен, осы бойынша ойлар бар гой.

А. Амрин. Иә, біз қазір ойластырып жатырмыз. Кеше ғана ҚР Үкіметінің отырысында былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ өсімі 4%, ал қазір – 4,1% екені айтылды. Динамика жақсы және мемлекеттің бұл Әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

Жүргізуші. Азамат, осындай мазмұнды әңгімеңіз үшін үлкен раxмет. Мен біздің көрермендер үшін бұл ақпарат өте пайдалы болады деп ойлаймын.  Бүгін бізде қонақта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Амрин болғанын естеріңізге сала кетемін. Сау болыңыздар!

 

`