Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу туралы

62
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл Bnews-онлайн, менің есімім - Даля Нәсіпова. Бұл студияда біз өзекті тақырыптарды талқылаймыз. Екі жылдан кейін Қазақстан азаматтары және сондай-ақ, біздің еліміз аймағында жылжымайтын мүлкі барлар өз табыстары мен шығындары туралы декларация тапсыруға міндетті болады. Бұл не үшін қажет және одан кім ұтады, осы жайлы бүгін бізге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаменті Жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының жетекшісі Дина Құсайынова айтып береді. Сәлеметсіз бе, Дина!

Д. Құсайынова. Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші. 2020 жылы жалпыға ортақ декларациялау енгізілу басталады. Бұл не деген сөз және ол не үшін қажет?

Д. Құсайынова. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның бар азаматы өз мүлкіміз бен табыстарымызды декларациялайтын боламыз. Сіз білетін болармыз, әлемдік практикада бұрыннан бері, тіпті кейбір елдерде 100 жылдан астам уақыттан берң жалпыға ортақ декларациялау жүзеге асырылуда. Біз бұған ақырындап, кезең кезеңмен келе жатырмыз және Салық Кодексінде біздің 2020 жылдан бастап өз табыстарымыз бен активтеріміз жайлы декларация тапсыру керектігіміз жайлы жазылған. Ол не үшін қажет? Көлеңкелі экономикамен және коррупцияға қарсы күрестің шынайы құралы болуы үшін. Әлемдік практикада ол күрестің шынайы құралы боп танылған және Қазақстан да одан қалыс қалмауы қажет. Біз бұл шынымен жұмыс істейтін болады деп ойлаймыз.

Жүргізуші. Өз табыстары туралы декларацияны азаматтардың қай категориясы тапсыруға міндетті?

Д. Құсайынова. Біріншіден, Қазақстан азаматтарының барлығы ұсынуға тиісті. Қазақстан азаматтарына елімізде тұратын кәмелетке толған тұлғалар, активтері бар кәмелетке толмаған тұлғалар,  оралмандар және Қазақстан территориясында мүлкі бар шетелдік азаматтар жатады.

Жүгізуші. Демек, кәмелетке толмаған балалар да өз табыстарын декларациялай ма? Ол қалай жұмыс істейтін болады? Егер декларация уақытында тапсырылмаса қандай жауапкершілік шаралары қарастырылады?

Д. Құсайынова. Кәмелетке толмағандар егер мүлкі немесе қандай да бір табыстары болса тапсыратын болады. Кәмелетке толмаған тұлғалар үшін олардың заңды өкілдері тапсыратын болады. Демек, оның ата-анасы, асыраушысы, күтушісі. Декларация формасында қандай тұлға үшін тапсырып жатқандығы және кімнің заңды өкілі болып саналатындығын көрсететін жолақ болады.

Жүргізуші. Декларацияны кеш тапсырған немесе тапсырмаған тұлғаларға қандай жауапкершілік шаралары қарастырылған?

Д. Құсайынова. Әкімшіліктік құқық бұзушылық кодексінде мәліметтерді тапсырмауға, дұрыс тапсырмауға әкімшіліктік жауапкершілік қарастырылған. Егер декларация тапсыруға міндетті тұлға мәліметтер нормасын бұзса оған ескерту жасалады. Егер ол Әкімшіліктік кодекс нормаларын қайталап бұзатын болса, онда оны 3 АЕК көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшіліктік шараға тартады.

Жүргізуші. Кәмелетке толмағандар мен олардың өкілдеріне де осы шаралар қолданыла ма?

Д. Құсайынова. Әкімшіліктік шара кәмелетке тодмағандарға емес, олардың заңды өкілдеріне қолданылады. Кәмелетке толмағандар үшін декларацияны оның заңды өкілдері тапсыруға міндетті.

Жүргізуші. Балаларға рәсімделген мүлік салық салуға қатысты ма?

Д. Құсайынова. Жоқ, ол салық салуға жатпайды. 2020 жылы біз 2019 жылдың 31 желтоқсаны жағдайында бізде болған активтер мен табыстар туралы декларация тапсыратын боламыз. Егер Қазақстан азаматында сол уақытта бұл мүлік болатын болса, ол оны 250-формада көсетуі керек. Келесінде ешқандай қозғалыс, мүлік болмағандар тапсырады. Олар оңтайланған 260 декларацияны тапсыратын болады. Кімде актив, мүлік бойынша қозғалыстар болса онда ол кеңейтілген 270 форманы тапсыратын болады.

Жүргізуші. Оңтайланған форма нені қарастырады?

Д. Құсайынова. Тек табысты қарастырады, бірақ ол 2021 жылға. Ал 2020 жылы біз 2019 жылдың 31 желтоқсаны жағдайында бізде болған активтер мен табыстар туралы декларация тапсыруға міндеттіміз.

Жүргізуші. Ал егер адам табыс таппайтын болса. Мысалы, жұмыс істемейтін, щаруашылықпен айналысатын үй шаруашылығындағы әйел. Осындай адамдарға декларация тапсырып қажет пе?

Д. Құсайынова. Иә, бәрібір де 250 бастапқы кіріс декларациясын салық органдарынан ұсынуы қажет.

Жүргізуші. Мерзімі туралы және қалай жүзеге асырылатыны жайлы айтып бересіз бе?

Д. Кұсайынова. Салық кодексінде салық төлеушілер салық есебінің формасын қағаз бетінде де, сондай-ақ, электронды түрде де тапсыруға құқылары бар деп қарастырылған. Осыған байланысты декларация тапсырудың 2 кезеңі болады. Қағаз түрінде тапсыратындар үшін – 15 шілде. Егер есеп электронды түрде болса онда 15 қыркүйек.

Жүргізуші. Зейнеткерлер мен мүгедектер категориясы да тапсыра ма?

Д. Құсайынова. Иә, мен айтып кеткендей олар да тапсыратын болады. 2020 жылы 250 форманы Қазақстанның барлық азаматтары тапсырады.

Жүргізуші. Қанша жасқа дейін?

Д. Құсайынова. Жас бойынша шектеу жоқ.

Жүргізуші. Ал ауылдық жерлердегі тұрғындар декларацияны қалай тапсырады? Бізде күшті интернет барлық  аймақта жоқ қой.

Д. Құсайынова. Біріншіден, ауылдық жерлерге барып жүрген мобилді ХҚО бұрыннан жұмыс істейді. Декларацияны солар қабылдайды. Сонымен бірге, ауылдық жерлердің әкімдіктері, Қазпошталар қабылдайды. Яғни, біз адамдар өз міндеттерін толық орындауға көмектесу үшін барлық шараларды жасаймыз.

Жүргізуші. Адам өз табысы жайлы мәлімет тапсырғандығы неге әсер етеді? Ол ақпарат не үшін қажет және ол ары қарай қалай өңделеді?

Д. Құсайынова. Ары қарай бізде автоматты камералды бақылау болады. Егер шығындар алып отырған табыстан асып кетсе, егер ол заңсыз табыстар алатын болса соны анықтайтын боламыз.

Жүргізуші. Ол азаматтарға қатысты қандай іс-шаралар қолданылады?

Д. Құсайынова. Бұзушылық шараларына байланысты. Біріншіден, салық төлеушіге анықталған құқық бұзушылық туралы камералды бақылау нәтижесі келеді. Содан кейін салық төлеуші  өз бетінше оларды жояды.

Жүргізуші. Қазақстан азаматына шетелдегі табысы мен мүлкін көрсету қажет пе?

Д. Құсайынов. Иә, міндетті түрде.

Жүргізуші. Оны қалай тексеруге болады? Егер адам басқа елде жылжымацтын мүлкі барын көрсетуден бас тартса?

Д. Құсайынова. Қазір барлық мемлекеттік органдар автоматталған өзара байланысқа көшуде. Қазақстан шеткері тұрып қалған жоқ. Осыған байланысты Халықаралық келісімдерге қол қойылды. Сұраныстар мен жауаптар автоматты түрде алынатын болады.

Жүргізуші. Менің білуімше, енді үйде 12 млн теңгеден аса сомманы сақтауға болмайды. Неге болмайды?

Д. Кұсайынова. Жоқ, ешкім де тыйым салмайды. Бірақ, дұрысы – ақша әрқашан жұмыс істеу керек. Заң деңгейінде ешкім ақша сақтауға тыйым сала алмайды. Бірақ, дегенмен де қауіпсіздік мақсатында оны банкте сақтаған абзал. Декларацияны толтыру ережелерінде сіз 500 айлық еңбекақыдан аспайтын қолма-қол ақшаны көрсете аласыз деп жазылған.

Жүгізуші. Мысалы, азамат декларация толтырған кезде тек 12 млн теңгені көрсетеді ме? Онда одан көп екенін көрсетпей ме?

Д. Құсайынова. Иә, ол ол сомманы көрсету керек.

Жүргізуші. Егер ол көрсетпеген сомма табылса, қандай шаралар қолданылады?

Д. Құсайынова. Әкімшіліктік шаралар қолданылмайды. Адамның үйінде миллиард жатуы мүмкін емес. Ертең ол жылжымайтын мүлік алар кезде бұл ақша қайдан келді деген сұрақтар туындамас үшін оның артық соммасы банк шотында жатқаны абзал. Менің білуімше, банк жүйесінде адамдар қосымша табыс табуға болатын әртүрлі депозиттер түрлері қарастырылған. Мен қазіргі уақытта ақшаны банк шотына салған тиімді деп есептеймін.

Жүгізуші. Осы өзгерістерге байланысты штаттың ұлғаюы қарастырылған ба?

Д. Құсайынова. Қарастырылмаған. Бізде декларациялар электронды түрде қарастырылған және оны автоматты түрде өңдеу бойынша ақпараттық жүйе әзірленді. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдарында штаттың ұлғаюы болмайды.

Жүргізуші. Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі? Мысалы, белгілі бір адамдар санына ғана қол жетімді ақпарат. Бұл қандай да бір тәуекелге әкеп соғуы мүмкін.

Д. Құсайынова. Мемлекеттік қызметкердің өзінің міндеттері бар. Ол өзінің басқаға айтуға болмайды деген өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы керек. Қандай да бір ақпарат жайылса онда ол үшін жауапкершілікке тартылады.

Жүргізуші. Мүмкін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қандай да қосымша шаралары бар шығар?

Д. Құсайынова.  Декларациялар кейбір адамдарға ғана қол жетімді. Мемлекеттік органдардың барлығында бұл ақпаратқа қол жетімділік болмайды.

Жүргізуші.Бұл өзгерістер азаматтардан жиналатын салықтар санын көбейтуге әкеп соғады деген сөз емес пе?

Д. Құсайынова. Біз жалпыға ортақ декларациялауда көлеңкелі айналымды азайтады деп жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты, адамдар өздерінің шынайы табыстарын көрсетіп, заңнамаға сәйкес салық төлейтін болады. Әрине, еліміздің кірістік бөлігі өседі.

Жүргізуші. Қазір мемлекеттік қызметкерлер ғана декларация тапсырады. Ал 2020 жылдан бастап бұл жүйе қалай жұмыс істйді? Мысалы, мемлекеттік қызметкер жеке тұлға ретінде тапсыра ма, әлде мемлекеттік қызметкер ретінде ме? Немесе меxанизм өзгере ме?

Д. Құсайынова. Ол да барлық Қазақстан азаматтары сияқты 250 форманы тапсырады. Ол бұрын тапсырған 230 форма 250 формаға айналады.

Жүргізуші. Декларация тапсыру бойынша қарыз барын және толық ақпаратты қайдан алуға болады?

Д. Құсайынова. Есептілікті тапсыру бойынша кез келген ақпаратты Салық төлеушілер кабинетінен көруге болады. Адамдардың барлығы оны баяғыдан бері қолданады. Сондай-ақ, өз тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларынан біле алады. Одан басқа жалпыға ортақ декларациялау eGov электронды үкіметі арқылы ұсынылатыны Үкімет деңгейінде шешілген болатын. Ол жерде де салық төлеуші өзі ұсынатын декларациясын көре алатын жеке тұлғалар кабинеті қарастырылатын болады.

Жүргізуші. Бұл жүйе 2020 жылы енгізіледі. Қазір бұл жұмыс қандай дәрежеде жүргізілуде?

Д. Кұсайынова. Бүгінгі күні ол толықтай 250 декларациясы eGov-та ұсыну бойынша функционалды дамыту жұмыстары жүріп жатыр. Біз ағымдағы жылдың соңына дейін 250 декларациясын eGov-та ұсыну мүмкіндігін толықтай іске асыруды жоспарлап отырмыз. Декларация алдын ала толтырылатын болады. Қазір біз мемлекеттік органдармен сіздің мүлкіңіз бен активтеріңіз туралы ақпарат декларацияда болуы үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Сіз бар ақпаратты тексеріп, электронды цифрлы қолтаңдаңызбен қол қоясыз. Бұның бәрі мейлінше ыңғайлылық тудыру үшін. Біздің Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында барлық заңнамалық база, жиі қойылатын сұрақтар, салық есептілігінің формалары орналасқан.

Жүргізуші. Бұның бәрі азаматтарда үлкен сұрақтар тудырып жатқан болар. Жиі қойылатын сұрақтар қандай?

Д. Құсайынова. Декларацияны кімдер тапсырады, кәмелетке толмағандар декларация тапсыра ма деген. Сіз қойған сұрақтарды Қазақстан азаматтары да қоюда. Бізде сіз декларация тапсыру керексіз бе, жоқ па тексеруге болатын функционал болады.

Жүргізуші. Ресми табыстары жоқ өз бетінше жұмыс істейтін азаматтар табыс көзін қалай көрсетеді?

Д. Құсайынова. 250 кіріспе декларация – бұл алғашқы нүкте. Сіз жинағандарыңыздың бәрін сол жерде көрсетесіз. Әрине ары қарай 2021 жылдан бастап декларация тапсыру кезінде сұрақтар туындауы мүмкін. Егер ол 2020 жылы машина алса, бірақ онда табыс болмады деп көрсетсе, әрине оған сұрақтар туындайды – ол машинаны қандай көздерден алғандығы туралы.

Жүргізуші. Мысалы, ауылдық жерде әйелдің жеке шаруашылығы болады, оны сатып жинайды.

Д. Құсайынова. Салық төлеушілер тек жылжымайтын мүлік, табыстар мен ақшаны ғана емес, сондай-ақ, биологиялық активтерді, құнды заттарды да көрсетуге құқылары бар. Сәйкесінше, ол биологиялық актив деп 10 сиырын көрсететін болса, ары қарай да оның табысы болып солар саналады. Сондай-ақ, кредиттік, дебиторлық қарыздарды да көрсету қарастырылған.

Жүргізуші. Декларацияда адам банктен алған кредиті жайлы көрсету керек пе?

Д. Құсайынова. Жоқ. Біздің республикада банктен алған кредитті көрсетіп қажеті жоқ. Бізде банктермен байланыс болады және біз декларация тапсыру кезінде алған кредиттер жайлы ақпарат ала аламыз.

Жүргізуші. Үлкен раxмет! Мен бүгін сіз Қазақстан азаматтарына ғана емес, Қазақстан территориясында мүлкі бар шетел азаматттары үшін де маңызды өзекті сұрақтарға жауап бердіңіз деп ойлаймын. Мен бұл ақпарат біздің порталдың қолданушылары мен көрермендеріне көмектеседі деп ойлаймын.

Д. Құсайынова. Солай деп үміттенеміз. Қоңырау шалыңыздар, xабарласыңыздар. Мемлекеттік кірістер органдарының барлығы кез келген сұраққа жауап береді.

Жүргізуші. Бұл Bnews-онлайн болды. Бүгін қонақта  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаменті Жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының жетекшісі Дина Құсайынова болғанын естеріңізге саламын. Сау болыңыздар!

 

`