"Жасыл технологияларды" енгізу туралы

25 желтоқсан, 2018, 14:59 1245
  • Фото
  • Бейнематериал

25 желтоқсанда жасыл технологияларды енгізуге арналған онлайн-конференция өтті. Конференцияға "жасыл" экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Асхат Сүлейменов қатысты.

Жүргізуші. Бұл BNews – онлайн, менің есімім Даля Насипова. Бүгін біз Жасыл технологиялардың дамуы туралы сөз етеміз. BNews.kz порталының студиясында «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясының атқарушы директоры G-Global Асхат Сүлейменов қонақта. Сәлеметсіз бе, Асхат!

А. Сүлейменов. Қайырлы күн!

Жүргізуші. Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында «Жасыл» экономика тақырыбы көп қозғалып жүр. Бүгінгі таңда аталмыш экономиканың Қазақстандағы шынайы халі қандай?

А. Сүлейменов. Қазақстан жасыл экономиканы дамытуды қолға алған сәттен бастар болсақ, 2013 жылы елді жасыл экономикаға көшіру туралы концепция қабылданды. Сол уақыттан бері 5 жыл өтті және келген істің байыбына жету үшін салыстыру керек. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, Оңтүстік Корея, Жапония, Германия, Дания және Швеция сияқты елдер жасыл экономикаға көшу концепциясы 2000 жылы қабылданған. Қазір олар 100% нәтижеге қол жеткізіп отыр. Швеция мен Дания энергияны толықтай қайта өңделген энергия көздерінен алады. Оңтүстік Кореяда ынталандырудың бірнеше түрлері бар. Бір жағынан, бұл жағдайды сәттілік ретінде қарауға болады, ал басқа жағынан, географиялық орналасу да жасыл экономиканың дамуына ықпал етеді.  Қазақстанда Менделеев кестесіндегі барлық дерлік элементтер бар, оған қоса, көмір, мұнай, газ қоры бойынша алдыңғы қатарларда. Егер көмірді қазіргі қарқынмен өндіретін болса, көмір 500 жылға жетеді. Сонымен бірге, зерттелмеген көмір қорлары да бар. Кейбір сыншылар неге көмір, мұнай мен газды пайдалана бермеске деген сауал қойып жатады. Біз, өз тарапымыздан, керісінше көзқарасты дәлелдеуге талпынудамыз. Біріншіден, Қазақстандай ел әлемдік трендтерден кенде қалмауы керек. 2015 жылы барлық елдер Париж климаттық келісімін ратификациялаған кезде де Қазақстан тыс қалмады. Оған қоса, біз БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын қабылдадық. Олар бізге кей тұстарда жасыл экономиканы енгізуге міндеттейді. Келісімге қол қойғаннан бастап біз көмірқышқыл газы қалдықтарын азайтып, Жасыл экономикаға қатысты әлемдік трендтерге сәйкес бола білуім керек.  Париж климаттық келісімне сәйкес 90-жылдармен салыстырғанда қазіргі кездегі қалдықтарды 15-20% азайту керек. Ең алдымен, ол үшін үлкен өнеркәсіптік кәсіпорындар өз технологияларын модернизациялау керек. Осылайша, біз ел ретінде жасыл экономиканың дамуына, елдің экологиялық дамуына өз септігін тигізу керекпіз. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін «Жасыл экономика», «Жасыл технологиялар» көмектеседі. Сондықтан, Париж келісімін ратификациялаған екенбіз, оның шарттарын орындауға тиіспіз. Екіншіден, келер ұрпаққа таза жер мен табиғи кендерді қалдырғымыз келсе, бүгінгі күнде әлемдік трендтерден артта қалмауымыз шарт. Мысалы, оңтүстік аймақтарды толығымен күн энергиясымен қамтамасыз етуге болады. Ал, жел барлық аймақтарда бар, бұл тұрғыда аса қиындық жоқ. Су энергиясына келсек, бізде кеңес заманынан келе жатқан таза энергия көздері болып саналатын гидро-электр станциялары бар. Осы салада Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстан жақсы дамыған, себебі оларда таулы аймақтар көп. Бізге де дамытуға болады. Биоэнергетика – Қазақстанның үлкен перспективаларының бірі. Өйткені біздің елде 7000 астан ауыл бар. Ауылда бәрі үйде мал ұстайды. Әрбір үй қажетті энергия, электр энергиясы мен газ өндіре алады. Кішкентай биогаз қондырғысын орнатып, үлкен бір үйді электр энергиясымен қамтамасыз етуге болады. Қазіргі таңда біздің көрсетіп отырғанымыз да осы. Германия да электр энергиясын күн және жел станцияларынан электр энергиясын пайдаланып, сатудың арқасында әлдеқайда ілгерілеп кетті.

Жүргізуші. Сонымен қатар әрбір аула өзін энергиямен қамтамасыз ете алады десек те артық болар, дегенмен өзін газбен және энергиямен қамтамасыз ету аз шығынды талап етпейді.

А. Сүлейменов. Жасы экономиканы сөз еткенде, оның арзан еместігі қоса айтылады. Бастапқыда әрине арзан іс емес, бірақ тиімді іс дер едім, мысалы, кішкентай үйге биогаз қондырғысын орнату 500-600 мың теңге тұрады. Электр энергиясының бір жылдық төлемі мен айыппұлды есептеп көруге болады. Біз биогаз қондырғысын пайдаланудың ең тиімді түрлерін ұсынамыз, оған қоса, одан газ сипатында энергия аласың және тыңайтқыш ретінде пайдалануға болатын көң аласың. Биогаз қондырғысынан бір айдан кейін дайын тыңайтқыш алуға болады. Яғни, ішіне отын салып, бір айдан кейін таза тыңайтқыш алып, оны бақшалар мен бақтарда пайдалануға болады. Биогаз қондырғысымен қысқы күндерде де газ алып, сол арқылы жылыжайды жылытып, бизнесті дамытуға болады.

Жүргізуші. Айыппұл туралы сөз еткен екенбіз, 2019 жылы тексерістер бола ма және айыппұл салына ма?

А. Сүлейменов. 2019 жылдан бастап органикалық қалдықтарды қаттауға тыйым салынған. Бұл тек үй шаруашылықтарына ғана емес, жалпы бизнеске қатысты. Қазір біз тек биогаз құрылғысы туралы ғана сөз қозғадық. Қазірде іске қосылатын көптеген технологиялар бар. Қазақстанда азаматтарға жасыл технологияларды пайдалану тәсілін көрсететін 7 орталық жұмыс істейді. Мысалы, күн коллекторлары, күн панельдері. Бұл технологиялардың көмегімен суды, энергияны сақтап, еңбек шығынын азайтуға болады. Осы технологияларды пайдалансақ, сәйкесінше ол өнімнің бағасына әсер етеді. Сондықтан өнімдердің соңғы бағасы басқалармен салыстырғанда арзандау болады. 

Жүргізуші. Осы құрылғылар қазір қаншалықты қол жетімді. Оларды қайда сатып алуға болады және қазіргі нарықта табыла ма?

А. Сүлейменов. Осыдан 5-6 жыл бұрын бұл технологиялар қол жетімсіз болатын. Қазір өзіміздің өндірушілер шығарады. Су жылуда пайдалануға болатын күн панельдерін шығарумен айналысатын «KunTech» компаниясының негізін салушы новатор Дияз Байсеитовты атап өтуге болады. Альберт Болотов есімді академик өз құрылғыларын тек қана Қазақстанда емес, әлемнің 15 елінде қойды. Оның құрылғылары Қазақстанда 90-100 шаруашылықта пайдаланылады. Қостанайда «Золотой фазан» орталығы Болотовтың құрылғысын пайдалана отырып, 40% энергиясын қосымша энергия көздерінен алып отыр. 

Жүргізуші. Демек, бұл өндірістік көлемде қойылған ба? Егер ертең 100 адам бірден алғысы келсе, бәріне жете ма?

А. Сүлейменов. Сол үшін порталымыз жұмыс істейді. Соны ашып, барлық ақпаратты алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, біз күн панельдерін шығаруды да ұмытпаймыз. Егер адам саналы түрде келіп, пайда табуды көздесе қытай құрылғыларына тапсырыс беруіне болады. Егер жаппай орнатқысы келсе, шетелдік құрылғыларды пайдалануға болады.

Жүргізуші. Студиямызда қонақ болғаныңыз үшін көп рахмет, Асхат. Бүгінгі қонағымыз «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясының атқарушы директоры G-Global Асхат Сүлейменов  болғанын естеріңізге саламын. Амандықпен жүздескенше.

 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Читайте также

Ұқсас жаңалықтар