Жұмысшы мамандықтарын даярлау туралы

352
  • Фото
  • Бейнематериал

Жүргізуші. Бұл Bnews-онлайн, менің есімім Даля Нәсіпова. Еңбек нарығында бүгін жұмысшы мамандықтарының өкілдері жетіспейді. Кадрлар дефицитін қалай толтыру жайлы бүгін бізге «Кәсіпқор» Холдингі» төрағасының орынбасары Асима Бимендина айтып беретін болады. Сәлеметсіз бе!

А. Бимендина. Қайырлы күн!

Жүргізуші. Бүгін жұмысшы мамандықтарының өкілдері қаншалықты қажет екені жайлы айтып беріңізші.

А. Бимендина. Ең алдымен, кез келген болашақта даму жоспары бар мемлекетте және бастысы Қазақстан әлемнің отыз бәсекеге қабілетті елдері тізімінде болу керектігінен, бастысы бұл білім беру және жастар мәселесі екенінен бастағым келеді. Бүгін колледж немесе жоғары оқу орнын бітірген әрбір жас ары қарай өз мамандығы бойынша жұмыс тауып, өмірде өз орнын анықтауы керек. Осыған байланысты бүгінгі күні сіз өте дұрыс айтып кеттіңіз, еңбек нарығында жұмысшы  мамандықтардың қатарына үлкен сұраныс пен қажеттілік бар. Ол электрогаз дәнекерлеушісі, ол штукатурка шеберлері, ол сылақшы шеберлер, ол қоғамдық тамақтану мамандары мен мұнай-газ құбырларын эксплуатациялау бойынша техниктер. Бүгінгі күні әрбір аймақта аймаққа қажетті мамандықтардың талдауы бар. Осыған байланысты, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары осы статистикаға сәйкес жұмыс істейді. Олар талдаулары қажет және мемлекеттік органдармен бірлесе бес жылдан кейін қандай мамандықтар қажет болатынын білулері қажет. Бүгін колледж қабырғасынан енді шыққан мамандарға деген жұмыс берушінің талаптары көп. Біріншіден, жұмыс берушіге белгілі бір дағдылар мен біліктілікке ие мамандар қажет. Осыған байланысты «Кәсіпқор» Холингі» ҚР Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіби білім беру департаментінің тапсырмасы бойынша біз дайындайтын түлектер мен мамандар қазақстандық стандарттарға, сонымен бірге, халықаралық стандарттарға сай болуы үшін Техникалық және кәсіби білім берудің барлық жүйесінің мазмұнын жаңартумен жұмыс істеп жатыр. Осы жағдай бойынша бүгінгі күні не істелді? Біріншіден, бұл біз жүргізетін білім беру бағдарламасы. Бүгінгі күні Холдинг әзірлеген білім беру бағдарламалары жұмыс берушінің талаптарын ескереді. Олар бағдарлама әзірлеу кезінде бізге кеңес береді. Одан басқа, біз халықаралық тәжірибені қолданамыз және консультанттар ретінде техникалық пәндердің оқытушыларын тартамыз. Осындай бірлесе істеген жұмыс бізге болашақта студенттердің оқуы кезінде және білім алуы кезінде біздің студенттерге белгілі бір біліктілік дағдыларын беретін бағдарламаны әзірлеуге мүмкіндік береді. Олар өздеріне жұмыс таба алады және жұмыс берушілер қанағаттанады. Ол тек бағыттардың бірі ғана.

Жүргізуші. Мен білетіндей, студенттер өз дағдыларын жұмыс орындарында алатын «дуалды білім беру» деген түсінік бар. Ол бағдарлама қаншалықты тиімді?

А. Бимендина. Ол жұмыс Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша 2012 жылы басталған. Шамамен 6 жыл уақыт өтті және өте көп нәрсе жасалды. Жақында ғана 8-9 қазанда Европалық білім беру қоры ұйымдастырған Халықаралық семинар өтті. Оған көптеген елдер қатысты. Қазақстанның дуалды білім беруді енгізу туралы тәжірибесі осы семинарда оң жағынан ғана бағаланды және осы тәжірибе зерттеуге тұрарлық тәжірибе ретінде бағаланды. Дуалды білім берудің негізгі мақсаты – ол біздің оқушы студент таңдап алған профессияға сәйкес белгілі бір дағдыларды үйренуге дағдылану. Әрине, тәжірибенің 60% ол теориялық алған білімді қолданған кезде беріледі. Одан кейін колледж бітіргеннен кейін ол оны тәжірибеде қолдана алады. Осы семинарда тақырыпты жұмыс орнында қарастырдық. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда нормативтік- құқықтық база біздің елде көптеген мәселелерді қарастырады. Дуалды білім беру жүйеге кіргенін айта кеткен жөн.  Мекемелердің 100% осы жүйеде жұмыс істейді деп айта алмаймыз. Бірақ, бүгінгі күннің өзінде жақсы көрсеткіштер мен дуалды білім беруді қолданудың мысалдары бар және барлық білім беру мекемелері дерлік осыған дайын және осы бағытта жұмыс істеп жатыр.

Жүргізуші. Кадрлар дефициті неліктен бар деп ойлайсыз? Студенттерді тарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде, білім берудің шарттары мен сапасы көтерілуде. Онда проблема неде?

А. Бимендина. Бүгінгі күні мен жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру бойынша жұмыстар жеткіліксіз жүргізілуде деп ойлаймын. Бәрібір кәсіби бағдарлау жұмысы бала оған не ұнайтынын біле алатын, оның неге икемі мен қабілеті барын біле алатын 6-7 сыныптан бастап жүргізілуі тиіс. Осы жағынан педагогтар мен ата-аталар көмектесулері керек. Ол жұмыс жеткіліксіз. Екінші кез – ол бұқаралық ақпарат құралдары. Біздің барлық интернет-ресурстар, телеарналар, радио жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру үшін толық қолданылулары керек. Бүгінгі күні осындай кең ауқымды жақсы шаралардың бірі WorldSkills International қозғалысы. Ол қозғалыс 1950 жылы ашылды. Осының негізінде біз WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатын өткіземіз. Бүгінгі күні бұл қозғалысқа 79 мемлекет қатысады. Қазақстан бұл қозғалысқа 2014  жылы қосылды және 2015 жылы алғаш рет 7 мамандық бойынша WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты өтті. Ағымдағы жылы WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты 30 уәкілет бойынша 1 мен 8 желтоқсан арасында өткізіледі. Яғни, белгілі бір мамандықты таңдаған балалар жарысқа түседі. Қазір үлкен даярлық жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы қозғалысты қолдайды, аймақтық чемпионаттар өткізілді. Біздің Қазақстаннан топ 29 ел қатысқан Будапештте өткен EuroSkolls қатысты. Әлемдік чемпионат келесі жылы Ресей Федерациясында Қазанда өтеді. Мен біздің балалар Будапештте 23 уәкілет бойынша 25 қатысушымен қатысты. 29 елден Қазақстан жалпы топтық оныншы орынды иеленді. Ең бастысы, қазір біз осы қозғалыстың стандарттарын оқу процестеріне енгізіп жатырмыз. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде біз оның барлығын маманға болашақта ол сұранысқа ие, жоғары білікті және бастысы еңбекке жарамды болуына көмектесуі үшін көңіл бөліп зерттейміз. Астанада «Көрме» көрмелік кешенінде WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты төртінші рет өтіп жатыр және оған қатысатын жастар басқаларға үлгі болады. Мен Астана қаласының мектептерінде оқитындар, колледж студенттері, жұмыс берушілер оған барады деп ойлаймын. Ол үш күн бойы өтеді және 7 желтоқсанда жабылу салтанатын өткіземіз. Жеңімпаз болған балаларды біз қабылдап, қолдап, жоғарыға көтеруіміз қажет, себебі олар жұмысшы мамандықтарын таңдады.

Жүргізуші. Қазыларда кім отырады, кім балалардың жұмысын бағалайды? Жұмысқа тұрған жағдайлар болды ма?

 А. Бимендина. WorldSkills Kazakhstan, ең алдымен өзінің ережелері бар екенін айтқым келеді. Осы чемпионатты өткізудің халықаралық ережелері бар. Біз деңгейін халықаралыққа жақындатуға тырысамыз, себебі біздің балалар келесі жылы халықаралық чемпионатқа қатысады. Бұл, біріншіден. Екіншіден, өздерінің мамандықтарында жастар мен студенттерге осы байқауға қатысуға көмектесетін біздің әлеуметтік серіктестер мен демеушілер үлкен көмек көрсетуде. Бас сарапшылар чемпионатқа дайындық жұмыстарымен айналысуда, бас сарапшылар кімнің жеңімпаз болатынын анықтайды. «Кәсіпқор» Холдингі» оператор болып табылады. Негізгі ұйымдастырушылық жұмысты біз жүргізіп жатырмыз және Ұлттық чемпионатта үш күн бойы қатысатын барлық жұмыс берушілер мен қазақстандықтар чемпионатқа қатысып қана қоймай, бізге көмектесіп жүрген ұйымдар жайлы білетін болады.

Жүргізуші. Жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру үшін және мектептер мен колледждердің түлектерін тарту үшін тағы қандай шаралар қабылдануда?

А. Бимендина. Бүгінгі күні «Кәсіпкер» Холдингі» Техникалық және кәсіби білім беру жүйесі бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша мазмұнды жаңарту бойынша жұмыстар істеп жатыр. Былтырғы жылы біз қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірледік. Яғни, түлек кіші техник болып бітірген кезде, ол ары қарай жоғары білім алуға мүмкіндігі бар. Ол қолданбалы бакалавриат бағдарламасын өтеді және болашақта жоғары оқу орнына түсе отырып, ол колледжде оқымаған пәндерді ғана өтеді. Қазір біз европалық жүйені зерделей келе – ол біздің студенттер өткен барлық кредиттерді, барлық пәндерді қайта тапсыру. Егер біз келесі жылы әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлейтін болсақ, онда қолданбалы бакалавриат балалары үшін ол білім беру уақытының қысқаруы мен есебімен жоғары білім алу мүмкіндігі. Бұл колледж мамандарының беделі үшін. Бұл жұмысшы біліктілігінің беделін көтеру бойынша бағыттардың бірі.

Жүргізуші. Демек, бұндай түлектер үшін жоғары білім алу мерзімі қысқара ма?

А. Бимендина. Иә. Себебі жүйе барлық кредиттерді қайта тапсыруға мүмкіндік береді. Ол өте күрделі жұмыс, бірақ біз оған келдік. Біз Білім және ғылым министрлігі бұл жағынан бізді қолдайды деп ойлаймыз және оны сәйкестендіруге мүмкіндік болады.

Жүргізуші. Бізде бүгін жұмысшы мамандықтардың мамандарын бітіртетін колледждер жеткілікті ме?

А. Бимендина. Бүгінгі күні шамамен 800 бар екенін айтқым келеді. Әрбір колледж жыл сайын қандай мамандарды бітіртетіндіктерін ойлап және стратегиялы жоспарлау керек. Қазір барлық колледждер нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін жұмыс істеуде. Ол үшін бүгін жаңа білім беру бағдарламасы бар, ол қолданыстағы типтік бағдарламалардың өзектелгені, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты елдердің шетелдік оқу әдебиетінің аудармасы. 2016 жылы біз техникалық пәндер бойынша, әртүрлі мамандықтар бойынша, әдебиетті оқытушылар мен студенттер қолдану үшін Холдинг әзірлеген бағдарламалар бойынша 100 оқулықты аудардық. Ол әдебиетте бүгінде әлемде бар ең жаңа құрылғы. Ол әдебиет өте пайдалы болып шықты. Одан басқа, ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша былтырғы жылы біз орыс тілінен мемлекеттік тілге 400 оқулық аудардық, себебі мемлекеттік тілде мамандар дайындайтын колледждер көп. Осы оқулықтарды оқытушылардың өздері таңдап алды. Бұдан басқа, біз колледждердің инженерлік-педагогикалық жұмысшыларының біліктілігін көтерумен айналысамыз. 2016-2017 жылдарда біз он мың шамасында адамды оқыттық. Министрлік бұл жағынан бізді қатты қолдайды. Сонымен қатар, біліктілікті көтеру курстарын бітіргендердің ішінде барлық тақырыпты білуге тиіс жетекшілер де бар. Бұл шаралардың барлығы студенттердің колледждерге түсуіне көмектеседі. Ең бастысы – ол Президенттің «Тегін техникалық кәсіби білім беру» жобасы. Бұл жастар оқитын және жұмысшы мамандықтарын алатын белгілі бір бағдарламалар. Ол үшін бюджеттік қаражат бөлінген. Ол беделін көтеруге арналған өте маңызды шаралар. Біз ешқашан еңбек династияларын ұмытпауымыз керек. Ол осындай жанұялар үлгілеріне қошемет көрсететін форма. Ол мамандыққа 20-30 жылдан аса өмірін арнаған адаммен көзбе көз жүздесу деген адами фактор.

Жүргізуші. Осындай ауқымды жұмыс істелуде және ол өз жемісін береді, белгілі бір уақыттардан кейін кадрлар  жетіспеушілігі қалпына келеді деп үміттенеміз. Бүгін бізбен болғаныңызға үлкен рахмет. Мен сіздерге бүгін қонақта бізге «Кәсіпқор» Холдингі» төрағасының орынбасары Асима Бимендина келгенін естеріңізге сала кетемін. Сау болыңыздар!

`