BNews.kz - Live - ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлы отырысы | 15.11.17

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлы отырысы | 15.11.17

57
  • Бейнематериал

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:

-«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде;
-«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы №7681-КZ  Қарыз туралы келісімге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым);
- «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде;
- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым).