Парламент Мәжілісінің пленарлы отырысы | 20.02.2019

20 Февраля, 2019, 09:19 541
  • Видео

1. «Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан
Республикасы мен Исмаилиттер Имаматы арасындағы Орталық Азия
Университетін құру жөніндегі шартқа хаттаманы ратификациялау
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен жұмысты
жалғастыру жөнінде.
Баяндаушы - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің
төрайымы
Гүлнар Мұстахымқызы ИКСАНОВА
2. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Қазақстан
Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістер мен
толықтырулар жөнінде.
Баяндамашы - Халықаралық істер, қорғаныс және
қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Құдайберген Төлепұлы ЕРЖАН
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы
ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген
өзгерістер мен толықтырулар жөнінде.
Баяндамашы - Халықаралық істер, қорғаныс және
қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Құдайберген Төлепұлы ЕРЖАН
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).
Баяндамашы - Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің депутаты
Ерсұлтан Өтеғұлұлы БЕКТҰРҒАНОВ
Қосымша - баяндамашы
Халықаралық істер, қорғаныс және
қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Михаил Владимирович ЧИРКОВ
5. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі арасындағы Энергетика саласындағы
ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы негіздемелік келісімді
ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
жөнінде.
Баяндамашы - Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қанат Алдабергенұлы БОЗЫМБАЕВ
Қосымша - баяндамашы
Экология мәселелері және табиғат
пайдалану комитетінің мүшесі
Ахмет Сейдарахманович МУРАДОВ

Новости партнеров
Loading...

Похожие новости