"100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Құрманғазы атындағы консерватория ректоры болды - Жаңалықтар | BNews

"100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Құрманғазы атындағы консерватория ректоры болды

13 маусым, 16:47 2395 Астана

Жәния Әубәкірованың орнына оқу орнының жаңа ректоры болып Арман Жүдебаев тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Әділханұлы Жүдебаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай өкімге Мемлекет басшысы қол қойды.

Күні кеше Қазақстан Президенті Жәния Яхияқызы Әубәкірова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметінен босатты. Ол Аталған оқу орнын 1997 жылдан бері басқарып келген.

Арман Жүдебаев ұзақ уақыт бойы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижёрі болған. Осы жылдың басында Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижёрі болып тағайындалды. "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары