11 қаңтарда республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

11 қаңтар, 2019, 09:09 483
11 қаңтарда республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Кей жерлерде көктайғақ пен тұман күтіледі.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында күн ашық болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында  жел 20-25 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда,  Маңғыстау, Атырау  облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Қызылорда облысы жолдарда көктайғақ болады деп болжануда. Ақмола, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар