12 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде боран болады - Жаңалықтар | BNews

12 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде боран болады

12 қаңтар, 10:02 1640 Қазақстан жаңалықтары
12 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде боран болады

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің көп аймағында қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін жоғары биіктік циклонмен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Көптеген жерлерде қар жауып, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аудандарында боран, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда батыс және солтүстік-батыс желдері болады. Сондай-ақ, кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, желдің соғу қарқыны күшейіп, боран болады.

Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Шығыс-Қазақстан облыстарында желдің қарқыны 15-20 м/с-ге жетсе, түнде Ақмола облысында желдің екпіні 25 м/с болады, кей жерлерде боран соғады.

Қостанай облысының кейбір аймақтарында тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды облысында түнде басым бөлігінде, ал күндіз кей жерлерде желдің қарқыны 15-20 м/с-ге жетіп, боран болады.

Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында желдің соғу қарқыны – 15-20 м/с, тұман түсіп, көктайғақ, боран болуы ықтимал.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің қарқыны – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кейбір бөлігінде де тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.

Айта кетейік, кеше де еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соққан болатын. Күшті соққан боран кесірінен Астанадағы автокөліктерге зақым келіп, шатырлар ұшып кетті. Қатты жел автокөліктер, автотұрақтар, тұрғын үйдегі балкондар, балалар алаңы мен бағдаршамдарға зақым келтірген. Мұның бәрін қала тұрғындары фото және видеоға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары