1300-ге жуық маңғыстаулық жұмыспен қамтылады

11 қазан, 2017, 13:10 1691 Астана
1300-ге жуық маңғыстаулық жұмыспен қамтылады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы заң жобасын таныстырды. 

Ол қашықтығы 170 км болатын «Шетпе-Ақтау» учаскесін қайта жөндеуге қарыз туралы келісімге қатысты болды. Құжат 2013 жылдың 18 маусымында 371 млн. долларға қол қойылған және 2013 жылдың 26 желтоқсанында заңмен ратификацияланған.

Жоғарыда аталған жол учаскесін қайта жөндеу кезінде 159 млн. доллар үнемделді. Оның 73,3 млн. долларын көрші жатқан «Жетібай-Жаңаөзен» учаскесін қайта жөндеу үшін пайдаланылады деген шешім қабылданды.

2017-2021 жылдарға арналған құрылысқа 1500-ден астам жұмысшылар тартылады. Осыған ұқсас жобалардың тәжірибесі көрсеткендей, жұмыс орнының 85%-ына негізінен жергілікті тұрғындар (Маңғыстау облысы) тартылады. Тек білікті инженерлер мен арнайы көлік операторлары басқа аймақтардан келеді.

Сонымен қатар, келісімшартта мердігер жұмысқа Қазақстан ЖОО-ларының автомобиль-жол мамандығын бітірген түлектерін алуы және студенттерді өндірістік іс-тәжірибеге қабылдайтыны туралы шарт қарастырылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!