14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

14 қаңтар, 2019, 09:11 1073
14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Кей жерлерде жел екпіні күшейіп, бұрқасын күтіледі. 

Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ пен тұман күтіледі, кей аймақта жел екпіні күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Түнде республиканың басым бөлігінде жел екпіні күшейеді, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді, Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Күндіз Павлодар облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#ауа райы #тұман

Читайте также

Похожие новости