15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

15 Декабря, 2018, 10:21 2760
15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы  |  | BNews.kz

Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстандағы циклонға және атмосфералық фронттарға байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жауын-шашынды, тек оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Республика бойынша кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Aтырау, Маңғыстау, Aқтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарында күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Aқмола облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады, түнде кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Aлматы облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13925

Похожие новости