16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

16 қаңтар, 2019, 09:28 1723
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ пен бұрқасын болады.

Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашынмен өтетін тұрақсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі сақталады, шығыста бұрқасын болады деп болжануда.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде Түркістан облысының кей жерлерінде жел  15-20 м/с жетеді.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болжануда.  Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып,  жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар