16 желтоқсанда Қазақстанның барлық жерінде жауын-шашын болады

16 желтоқсан, 2018, 09:28 2440
16 желтоқсанда Қазақстанның барлық жерінде жауын-шашын болады

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі, сондай-ақ жел күшейеді.

Атмосфералық циклонның және онымен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика бойынша барлық жерде жауын-шашын болады, Қазақстанның оңтүстік-батысында, күндіз кей жерлерінде қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі, сондай-ақ жел күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжауынша, Ақмола, Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын, Жамбыл, Қызылорда, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, Жамбыл облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Түркістан, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.       

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар