17 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

17 қаңтар, 2019, 09:17 1219
17 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады.

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын - шашын күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі болжануда.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 17-22 м/с, болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең бұрқасын, тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар