17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

17 желтоқсан, 2018, 09:17 2065
17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіліп, жел күшейеді.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты республика бойынша барлық жерлерде жауын-шашын болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіліп, жел күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар