18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

18 қаңтар, 2019, 09:13 2506
18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін елімізідің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қазақстанның басым облыстарында тұрақсыз ауа-райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын - шашын күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел екпіні күшейеді.

Түркістан облысында кей жерлерде тұман, күндіз желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, желдің 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Актөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Атырау облысында кей жерлерде көктайғақ болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар