1 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде аяз болып, жел соғады

01 желтоқсан, 2018, 09:02 2662
1 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде аяз болып, жел соғады

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде аяз болып, екпіні 25 м/с жел соғады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

"Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, аязды жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысында фронттық  бөлімдер өтуіне байланысты, қар жауады, кей жерлерде қатты қар жауып, жел, жаяу бұрқасын болуы күтіледі. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Түркістан, таңертең және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, тұман түседі, жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с  күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар